
- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
Көмір өндірісінде қолданылуы
Биогеотехнологиялық әдіспен көмір құрамын күкіртті заттардан тазарту үшін тионды бактериялар көптеп қолданыла бастады. Қоңыр және тас көмірлері құрамында бірталай мөлшерде күкірт болуы мүмкін. Бұлардың құрамындағы күкірттің жалпы көлемі 10-12%-ға дейін жете алады. Осындай көмірлерді жаққан кезде олардың құрамындағы күкірттер – күкіртті газға айналып, ауаға тарайды да, ондағы сутегілерімен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Атмосферадағы күкірт қышқылы кейіннен «қышқыл жауын» дейтін атпен белгілі жаңбыр ретінде жерге жауады.
Алынған мәліметтерге қарағанда кейбір Батыс Европа елдерінде жылына 1 гектар жерге, жаңбырмен бірге, 300 кг-ға дейін күкірт қышқылы түседі екен. Мұндай мәліметтерден күкірт қышқылы жаңбыры адамдардың денсаулығына, оның шаруашылығына және жалпы қоршаған ортаға қандай зиян келтіретінін айтпасада түсінуге болады. Бұдан басқа, құрамында күкірті мол көмірлер нашар кокстелетіні себепті, оларды түсті металлургияда пайдалануға жарамайды. Сондықтан, мамандардың пікірі бойынша, көмір құрамынан күкіртті заттарды микробтар арқылы тазарту экономикалық жағынан тиімді болғандықтан, болашақта «қышқыл жауын» мәселесін шешуде оған басты маңыз беріледі.
Көмір құрамынан микроорганизмдерді пайдаланып күкірттерден тазарту бағытындағы алғашқы жұмыстарды 1959 жылы орыс ғалымдары 3. М. Зарубин, Н. Н. Ляликова және Е. И. Шмук жасаған болатын. Олардың Th. ferrooxidans бактерияларын пайдаланып 30 күн бойына жүргізген тәжірибелері нәтижесінде көмір құрамындағы күкірттердің 23-30%-ы тазартылған болатын. Сәл кейінірек, көмірлерді микробиологиялық жолмен күкірттерден тазарту жөніндегі бірнеше жұмыс нәтижелерін америкалық зерттеушілер де жариялаған еді. Олар, өз жұмыстарында тионды бактерияларды қолдана отырып, төрт тәулік ішінде тас көмір құрамындағы пиритті күкіртін 50%-ға азайта алған. Бұл әдіс көмір құрамында кездесетін түрлі металдарды сілтісіздендірумен ұштасып отырады. Көмір құрамында әжептеуір мөлшерлерде германий, никель, бериллий, ванадий, алтын, мыс, кадьмий, қорғасын, мырыш, марганец элементтері болады. Сондықтан, көмірді сулфиттерден тазарту барысында одан ілеспе өнім ретінде бағалы металдарды алу, қосымша табыс көзі болып табылады және осы саланың экономикалық тиімділігін арттырады.
Қазіргі таңда көмір құрамындағы пиритті күкіртін микробиологиялық жолмен тазарту мәселесімен көптеген елдердің ғалымдары айналысуда. Соңғы мәліметтерге қарағанда, зертханаларда жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, микробиологиялық жолмен сілтісіздендіру әдісімен 5 тәулікте көмір құрамындағы күкірттерден 100% тазартуға қол жеткізілген. Сондықтан микробиологиялық сулфидсіздендіру әдісінің болашағы зор деп саналады.
3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
Көмірлі жер қойнауларында немесе көмірлері өндірілген шахталарда көп мөлшерде, атап айтқанда 1 тонна көмірге шаққанда, жүздеген кубометр метан газы жиналуы мүмкін. Тағы бір айта кететін нәрсе, көмір пласты неғұрлым терең орналасқан сайын, солғұрлым оның құрамында метан газы мол болады. Жер асты көмірін өндіру барысында көмір қойнауындағы метан газы босаған кеңістіктер арқылы шахта ауасына таралады. Сондықтан осы газдың шахтада жиналып қалуы оның жарылып кету мүмкіндігін арттырып, адамдар өміріне қауіп туғызып отырады.
Көмір шахталарындағы жиналып қалатын метан газымен күресудің бұрыннан қалыптасқан әдістері (желдету, вакуумды сору, көмір қойнауларын сумен шылап отыру), қазіргі көмір өндірісін интенсифтендіру мен шахталардың өте терең жер қойнауына бойлап кетуіне байланысты, жоғары қарқынмен көмір өндірумен бірге қауіпсіздік шараларын да қажетті деңгейде қамтамасыз ету сияқты маңызды істерге қосарлай жауап бере алмайды. Сондықтан бұл мақсатта жаңа технологияларды қолдану қажеттігі – заман талаптарынан туындаған болатын.
Осы мақсатта метан газын тотықтыратын бактерияларын пайдалану идеясын алғаш рет 1939 жылы орыс ғалымдары А. 3. Юровский, Г. П. Капилаш және Б. В. Мангуби ұсынған болатын. Бұл әдістің мазмұны, көмір қойнауы мен одан босаған кеңістіктерінде жиналып қалатын газдарды метан тотықтыратын бактерияларының өзіне сіңіріп алу қабілеттіліктеріне негізделеді. Ғылымның қазіргі кездегі даму деңгейіне байланысты, бұл әдіс көмір өндіру жағдайындағы температуралық ортада метан молекуласын ыдыратудың жалғыз әдісі болып тұр.
Табиғатта метан тотықтыратын бактерияларының көп таралғанымен, көмір қойнаулары мен оларға жақын орналасқан аймақтарында бұлар кездеспейді. Сондықтан, осы мақсатқа қажетті метан тотықтыратын бактерияларын, ферментерлер деп аталатын, арнаулы қодырғылырында өсіріп, оларды сұйық күйінде көмір қойнаулары мен ашық тұстарына жібереді. Жіберілетін суспензиялық сұйықтығы шахтаның өзінде дайындалады. Арнаулы дайындалған метан тотықтыратын бактерияларының биомассасы, жеткілікті мөлшерде көмір рудасына арналған суға араластырылып, оған қосымша бактериялардың тіршілігіне қажетті минералды тұздар қосылады. Әдетте бұл тұздар азот пен фосфордың минералды қосындыларынан тұрады. Дайын суспензия көмірлі қойнауға жер үстінен, немесе босатылған алаңқайлардан, арнайы бұрғыланған тесіктер арқылы, насостармен үрленіп, үлкен қысым арқылы жіберіледі. 1 тонна көмір 20-40 литр дайын суспензияны қабылдай алады. Көмірлерде микроорганизмдер жарықшақтанған сызаттар мен майда тесіктер арқылы таралып кетеді. Көмірді метан тотықтыратын бактериялармен толтыру жұмыстары осылай атқарылады. Бірақ та көмір қойнауларында аталған бактериялардың дамуына қажетті оттегі болмайды. Сондықтан метан тотықтыратын бактериялармен толтырылған көмір қойнауларына, баяғы скважина бұрғысы жасаған тесіктер арқылы, компрессормен тұрақты түрде ауа жіберіліп тұрылады. Осындай жағдай туғызылған кезде аталған бактериялар көмірдегі метан газын қорытуы себепті, көмір кені осы газдан арыла бастайды.
Метанмен күресуде микроорганизмдерді пайдалану әдісі көмір кені шахталарында бірнеше рет сынақтан өткен болатын. Олардың нәтижелері көмір қойнауы мен босаған алаңдарындағы метан шығымы, орта есеппен, 2 еседей кемитінін көрсеткен. Басқа бірдей жағдайларда бұл әдісті қолдану арқылы көмір өндіруді 1,5 есеге арттыруға болады.