- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
Өсімдік майларын әртүрлі өсімдіктерден алуға болады. Бізге белгілі зығыр, күнбағыс, күнжұт, арахис, мақсары, кокос жаңғағы сияқты майлы өсімдіктерден басқа да экзотикалық: джоджоба, гваюла, рапс, эквалипт, копайба, малмейро, бобассо жаңғақтары сияқты көптеген өсімдіктер болады. Осы өсімдіктерден алынатын майлар көптеген мемлекеттерде кеңінен пайдаланылады. Алайда бұл өсімдіктерден алынатын майларды энергия көздері ретінде пайдалану үшін, оларды өндіруге кеткен шығынды есептеу қажет. Егерде бір литр май өндіру үшін екі литр жанар-жағар майы шығындалатын болса, оның тиімділігі болмайтыны белгілі. Мұнда осы мақсатта қандайда бір өсімдіктерді өсірудің негізгі бағамы (критерийі) ретінде, олардың өнімділік көрсеткіштері, яғни бір гектардан алынатын май мөлшері мен оған кеткен шығын көлемі есептелінеді.
Өндірісте пальма ағашы майынан алынатын жанар-жағар майы, қант немесе құрамында крахмалы көп өсімдіктерді өңдеу арқылы алынатын этил спиртінен дайындалған өнімдерден анағұрлым артық келеді. Атап айтар болсақ, пальмадан майды жыл бойына алуға болады, майды алу технологиясы өте оңай, қоршаған ортаға зияны жоқ және қалдықтарынан құрамында ақуызға өте бай малазықтық жем өндіріледі. Өндірісте неғұрлым осы мақсатта өсірілетін өнім толықтай пайдаға асса, солғұрлым оны өсіру тиімді болатыны белгілі.
Өсімдік майларын таза күйінде де немесе жанар-жағар майларға қосынды ретінде де пайдалануға болады. Бірақ та, егер бұл майларды этил немесе метил эфирлеріне дейін өңдеп пайдаланса, олардың тиімділігі жоғарылап, машинаның пайдалану ұзақтығының артатыны анықталған. Көптеген өсімдіктердің құрамында көмірсутектері мол екендігі белгілі және оларды бірден жанар-жағар май немесе химиялық өнім ретінде пайдалануға болады. Бұлардың ішінен каучук алынатын hevea brasilensis өсімдігін атап өтуге болады. Химиялық тұрғыдан көмірсутегі ең тиімді элемент болып табылады, өйткені оларды ешқандай микробиологиялық немесе термохимиялық өңдеусіз тікелей пайдалануға болады. Ғалымдар табиғатта осындай каучук тектес, құрамында көмірсутектері мол, өсімдіктерді табу мақсатында ізденіс жұмыстарын жүргізген. Мұндай ізденіс жұмыстары негізінен құрамында латекс сөлі бар өсімдіктерді іздестіру бағытында өрбіді. Бұл өсімдіктер құрамында сүтке ұқсас 30%-көмірсутекті эмулсия бар, каучук дайындау үшін пайдаланылатын өсімдіктер болып табылады.
Халық шаруашылығында көмірсутектері мен майларды жанар-жағар май ретінде, оларды бөліп алып, химиялық жолмен этирификациялағаннан кейін ғана пайдалануға болады. Сол себептен өсімдіктер құрамындағы қанттарды микробиологиялық жолмен өңдеп, олардан этил спиртін дайындау бүгінгі күндегі өндірістік жолмен жанар-жағар май дайындаудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ та, бұған кедергі болатын негізгі мәселелері қатарына, оларды өндірудің әлі де төмен көлемде жүргізілуі және қанттың тамақтық маңызының зор болуы жатқызылады. Сондықтан, бүгінгі таңда ашу өндірісінде тек осы мақсатта пайдалануға жарамды деп табылатын өнім ретінде лигноцеллюлозаны айтуға болады (ағаш құрамындағы). Қазіргі таңда осы өнімді сұйық күйге дейін жеткізіп, оны ары қарай ашыту үдерістерін жетілдіру бүгінгі күнгі биотехнология саласының жанар-жағар май өндірудегі негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.
