- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
Силостеу мақсатында тиімді малазықтық заттарын, мысалы жүгеріні пайдалануға болады. Силосты барлық мал түрлерін, әсіресе ірі қара малын азықтандырғанда кеңінен қолданады. Көптеген түйнекті және бақша өсімдіктерімен салыстырғанда, силос құрамы каротинге бай келеді. Сиырлардың 100 кг салмағына есептеп, 8 кг силос беруге болады.
Силостың негізгі құндылығы қатарына оның құрамындағы қоректік заттарының салыстырмалы түрде жақсы сақталатынын (силостағанда 15-21% ғана жоғалтылса, шөпте ол 30% жетеді) және дайындау жұмыстарының қандай болмасын ауа-райы ерекшеліктеріне қарамай жүргізілетіндіктерін айтуға болады. Силостеу барысында оның құрамындағы ақуыз мөлшерін арттыру мақсатында, бұршақ тұқымдас (жоңышқа, бұршақ, маш және басқалар) өсімдіктерін, жақсылап ұсақталған жүгерінің жасыл массасымен араластырып силостайды. Туралатын өсімдік сабақтарының ұзындықтары 4-тен 2 см дейін және олардың ылғалдылығы төмен болған сайын, неғұрлым қысқа болғаны ләзім.
Шошқа мен құстарға арнап аралас құрамды силостар дайындалады. Негізгі массасы 75-85% түйнекті өсімдіктерінен (қант қызылшасы, сәбіз, картоп) және бақша өсімдіктерінен (мал азықтық қарбыз немесе асқабақ) құралған силосқа, шикі азықтық бидайын, бұршақ тұқымдас немесе дәнді дақылдарының жас сабақтары қосылады. Түйнекті өсімдіктерді майдалағанда бөлінетін су мөлшерін азайтып, силостың қажетті ылғалдылығын (65-75%) сақтау мақсатында, оның құрамына осы суды өзіне сорып алатын шөп ұнын қосады. Қосылатын құрамдас бөліктер әртүрлі ластайтын заттардан (топырақ және басқа қажетсіз элементтер) мұқият тазартылуы қажет. Силостауға кіретін барлық өсімдіктер, арнайы майдалап-жаныштайтын қондырғылар арқылы ұсақталынады. Силостық өсімдіктер алдын ала дайындалып, жан-жағы жалтырланып, тегістелген арнайы орындарға (траншея, бассейн тәрізді көмбе) салынып, тапталады.
Силостеудің химиялық мәні, өсімдік құрамындағы қанттардың сүтқышқылы бактерияларының көмегімен, сүт қышқылына айналуы. Барлық қышқылдар тәрізді, сүт қышқылы да бактерияларды жойып жіберу қасиетіне (бактериоцидтік) ие болғандықтан, өсімдіктердің шіріп кетуіне жол берілмейді.
Сүтқышқылы ашуын тудыратын бактериялар, анаэробты, яғни оттегінсіз ортада тіршілік ете алады. Сондықтан оттегінсіз ортада сақталған силостық өсімдіктер массасында сүтқышқылы мөлшерінің көбеюі салдарынан, ондағы басқа микроорганизмдер жаппай қырылады. Қышқылдық ортаның белгілі бір концентрацияға (РН) жетуі кезінде, сүтқышқылы бактериялары да өздерінің тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Оттегі сүтқышқылы ашу үдерісін тоқтатумен бірге, өсімдік құрамындағы қоректік заттарының тотығуын үдетеді де, нәтижесінде оның азықтық құндылығы төмендейді. Сондықтан жақсы нығыздалмаған өсімдік массалары қатты қызып кетеді.
Атмосфералық ауа құрамында көптеген микроорганизмдер болады. Жақсы тығыздалмаған силостық өсімдіктер арасында ауамен бірге қалып қойған осы микроорганизмдер, ақуыздардың шіріп-сасуы мен майларды ыдырауға ұшыратып, силостың бұзылуына алып келеді.
Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады:
Силостеуге құрамында оңай ашитын көміртектік заттарға бай жүгері, күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал.
Силостеу үдерісінің жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, силостелетін өсімдіктер массасын жақсылап нығыздау арқылы, оның арасындағы оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.
Силосты бағалауда оның иісі өте үлкен маңызға ие. Жүгері немесе жүгері-күнбағыс қосындыларынан жақсы дайындалған силостан – жемістің хош иісі (жібіген алма) аңқып тұрса, қос жарнақты өсімдіктер мен бұршақ тұқымдас өсімдіктерінен дайындалғандарынан – жаңа піскен нанның иісі шығып тұрады. Құнды силостың түсі сарғыш-жасыл келеді және өсімдіктердің құрылымдық өзгеріске ұшырамағандары байқалып тұрады. Егер де силостан сірке қышқылы немесе нәжіс иісі мүңкіп тұрса, түсі қара-сары немесе қап-қара және собықтары мен жапырақтарын зең саңырауқұлақтары басқан болса – силостың сапасы төмен екендігін көрсетеді.
Силостың жақсы дайындалмау себептері қатарына келесі факторларды жатқызуға болады:
жасыл массасын дайындау мен оны арнайы орындарға төсеуге кеткен көп уақыт айырмашылықтары;
силостелген масса құрамына басқа заттардың (топырақ, ластайтын заттар) түсіп кетуі;
силостау уақытының ұзарып кетуі;
жасыл массасының жақсылап нығыздалмауы;
оның бетінің ауа кірместей етіп (герметизация) жабылып, сақталмауы.
Силостайтын өсімдіктер құрамы өте ылғалды (80%-дан жоғары) болса, силос өте қышқыл болуы мүмкін, ал оны ұсақтап бастыру кезінде құрамындағы сөк-нәрлері көп шығып кетеді. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болған жағдайда, оны нығыздау қиынға соғады. Сондықтан ең қолайлы деп 70-75% ылғалдылық саналады. Кейбір жағдайларда ылғалдылықты төмендету мақсатында жасыл массаны азғана дегдітіп алады, немесе оған сабан араластырады.
Пішенжем (Сенаж). Пішенжемді ылғалдылығы 45-55%-дейін дегдітілген, бұршақ тұқымдас (бобовые), бұршақ-дәнді және дәнді өсімдіктерінен дайындайды. Осындай ылғалдылықтағы және ұсақталған өсімдіктер арнайы орындарға нығыздалу арқылы оның құрамындағы оттегілерінен аластатылады.
Пішенжемнің жай шөппен силосқа қарағанда құндылығы жоғары. Осы жолмен сақтау барысында, азықтың құндылығының небары 3-4% ғана жоғалады. Пішенжем арқылы дайындау кезінде өсімдіктің өте құнды болып табылатын гүлдері, жапырақтары сияқты бөліктері жақсы сақталады. Төменгі ылғалдылық ашу үдерісінің жүрмеуіне, яғни силостеу кезіндегідей көміртекті заттарының жоғалмауын қамтамасыз етеді.
Пішенжемді дайындау кезінде оны жақсылап нығыздаудың маңызы зор. Нығыздаудың жақсы өткенін сенаж массасындағы температура арқылы бағалауға болады. Егерде темрература 37°С жоғары көтерілген болса, нығыздаудың жеткілікті дәрежеде болмағандығын байқатады.
25-сурет. Пішенжем сақтауға арналып темірден құрастырылған герметикалық мұнаралар
Ауылшаруашылығының көптеген саласында сонымен бірге хайуандар өнімдерінен алынатын малазықтық заттар да көптеп қолданылады. Бұлардың қатарына сүт және оны өңдеуден қалған қалдықтары, ет және балық өндірісінің қалдық заттарынан дайындалатын өнімдер жатады.
Сүт – өз құрамында жас малдың өсуіне қажетті, және ағзаға тез сіңетін барлық заттар бар, өте құнды азық түрі екендігі белгілі.
Көк сүт (обрат) – сепаратордан өткізіліп, құрамындағы майлары бөлініп алынған сұйық сүт. Бұның құрамында ақуыз, қант, минералды заттар болғандықтан, әлі де құнды азықтық маңызы бар. Көк сүт құрамындағы жас төлге өте қажетті, майда ерігіш А және D дәрумендері сепараторды тартқан кезінде маймен ілесіп шығып кетуі себепті, кездеспейді. Сондықтан көк сүт бұзаулар мен торайларға ацидофилин түрінде беріледі, өйткені ол астың қортылуына өте жақсы әсер етеді және ішек қуысында кездесетін ірің бактерияларын жоюға оң әсер етеді.
Ірімшік және сыр дайындаудан қалатын сүт сарысуының көк сүтке қарағанда құнарлығы төмендеу келеді.
Пахта – қаймақтан май айыру кезінде бөлініп қалады. Құнарлығы бойынша көк сүттен сәл төмендеу келеді.
Сүйек-балық ұндары – протеинге (1 килограмында 300-500 г) және тез айнып кететін майларға өте бай келеді. Сондықтан сүйек-балық ұндарының ұзақ сақталуы үшін, арнайы зат – сантоквинмен өңдейді. Сүйек-балық ұндары шошқалар мен құстарға беріледі.
Мұнан басқа ауылшаруашылығы малдарына техникалық мақсатта өсірілетін әртүрлі өсімдік қалдықтарынан қалған, құрамында қоректік заттар бар – барда, күнжара (шрот), сығынды (жом) сияқты көптеген азықтар қолданылады.
Қазіргі кезде метионин, треонин, триптофан және әсіресе, лизин жетіспейтін өсімдік тектес жемдерге амин қышқылдарын көп мөлшерде қосады. Егер де малдар ақуызы құрамында лизин мөлшері 7-9% көлемінде болса, бидай ақуызында ол 3% -дай ғана кездеседі. Жем құрамына 0,3% лизин қосудың өзінде, мал азығын 20%-ға үнемдеуге қол жеткізуге болады. Тек соңғы 8-10 жылдар көлемінде жемге қосылатын амин қышқылдарының мөлшері 14 есеге артқан деген мәлімет бар. Көптеген елдерде жемге, ақуыздық қосымша ретінде қолданылатын соя ұнына, метионин қосылады. Сондықтан аминқышқылдарының негізгі қолданылатын бағыты – жем құрамын байыту болып табылады. Өндірістік жағдайында өндірілетін барлық амин қышқылдарының 66% жем құрамын байыту, 30% тағам өндірісінде және 4%-ға жуығы медицина, косметика мен химиялық реактивтер ретінде пайдаланылады. Амин қышқылдарынан, негізінде, глюкозадан 150 есе тәтті болып келетін жасанды шырыны – метилді эфир L-аспартил-L-фенилаланин жасалынады.
