
- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
Мал шаруашылығы биотехнологиясын – молекулалық және жасушалық биотехнология әдістерін қолданып, генотипін «түзету» арқылы қарқынды өсіп-жетіле алатын, резистенттілігі мен өнімділік қасиеттері жоғары малдарды шығару тәсілдерін зерттейтін ғылым деп айтуға болады.
Малдардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру мақсатында мал шаруашылығында молекулалық биотехнология, жасушалық және көбею биотехнологиялары пайдаланылады.
Көбею биотехнологиясы деп – малдың генетикалық потенциалдарын арттыру мақсатында асыл тұқымды малдардан көп ұрпақтар алудың қорларын (ресурстарын) ұтымды пайдалану әдістері айтылады.
Көбею биотехнологиясы мал шаруашылығында өз төлінен көбеюін қамтамасыз етіп, асылдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көбею биотехнологиясы әдістерін қолдана отырып біздер популяция құрамына әсер ете аламыз.
Көбею биотехнологиясының зерттеу аясы ретінде малдардың көбею қабілеттіліктері алынатын болса, зерттеу зерзаты ретінде:
Гипоталамус, гипофиз бен гонадалар арасындағы өзара әрекеттілік нәтижесінде көбею гормондары арқылы мал ағзасында көрініс беретін гормональді статусы.
Көбею мүшелерінің морфологиялық және физиологиялық жағдайы бола алады.
Көбею биотехнологиясында келесі әдістер қолданылады:
Суперовуляция – ұрғашы донорда қосымша фолликулалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ету мақсатында гормональді әсер ету (егу).
Қолдан ұрықтандыру – мал тобының генотипін қарқынды түрде өзгерту мақсатында жоғары өнімді аталық ұрығымен аналықтарды жаппай ұрықтандыру жұмыстары. Генетика мен қолдан ұрықтандыру технологиясындағы қол жеткен жетістіктердің арқасында, мал тұқымын жақсарту бағытында үлкен мүмкіндіктер ашылды, атап айтқанда, жоғары өнімділікті және генетикалық потенциалы бар аталықтарды таңдап алу мен қолдану нәтижесінде, бүтіндей популяциялардың генетикалық құрылымын жедел өзгертуге қол жеткізілді. Сондықтан мал тұқымын жақсартуда аталықтардың ролі артты. Қазіргі кезде қолдан ұрықтандыру нәтижесінде генетикалық құнды бір аталықтан алынатын ұрпақ саны бірнеше мыңдаған басқа дейін жетеді.
Эмбриондар тасымалдау (трансплантация) – эмбриондарды аналық-донордан (жоғары өнімді, құнды аналық эмбриондарын) аналық-реципиетке (құндылығы төмендеу, яғни басқаша айтқанда, суррогаты ене жатырына) тасымалдау әдісі. Мал шаруашылығындағы эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты – жоғары өнімді аналықтардың генетикалық мүмкіндігін (резервін) толығынан пайдалану.
Эмбриондар тасымалдау әдісінің арқасында, жоғары өнімді малдардың аналық бездерінде көптеген аналық жасушаларының қоры болатындықтан, оларды пайдалану арқылы, ұрғашы даралардың биологиялық ерекшелігін мейлінше пайдалану мүмкіндігі артты. Сондықтан, генетикалық потенциалы бар малдарды толықтай пайдалану мақсатында, жоғары өнімді аналықтың эмбриондарын олардың дамуының ерте сатыларында өнімділігі төмен болғанымен, көбею қабілеттіліктері жақсы малдар жатырына тасымалдап қондыру әдістері зерттелді.
Осындай технологияның арқасында:
жоғары өнімді аналықтың ұрпақ санын жедел арттыруға;
организмдерді (зиготаларды) гамета және эмбриондар түрінде тасымалдау мен сақтау мүмкіндігіне;
гаметалар мен эмбриондарды іріктеу нәтижесінде керек жынысты және қажетті физиолого-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтар алуға қол жеткізіледі.
Жалпылай алғанда мал тұқымын көбейту технологиясында атқарылатын жұмыстарды келесі кезеңдерден тұрады деп айтуға болады: донорларды, ұрықтық аталықтарды және реципиенттерді іріктеу, донорлардың суперовуляциясын шақыру және донор мен реципиент араларында күйге келу мерзімдерін синхронизациялау, донорды ұрықтандыру (табиғи жолмен немесе қолдан), эмбриондарды шайыу жолымен (смыв) бөліп алу, шайылып алынған эмбриондардың сапасын бағалау, дайын эмбриондарды реципиент жатырына орналастыру.
Қазіргі кезде малдарды көбейтуге бағытталған биотехнологиялық әдістер молекулалық және жасушалық биотехнология салаларымен өте тығыз байланыста.
Жасушалық биотехнология – жасушалармен әртүрлі микроманипуляциялар жасау нәтижесінде, бағалы биологиялық қасиеттері бар организмдерді алуға бағытталған ғылым саласы. Бұл мақсатта мал шаруашылығында пайдаланылатын негізгі зерттеу зерзаты ретінде ағзаның көбеюге арналған жасушалары (гонадалар) алынады.
Мал шаруашылығындағы жасушалық биотехнологиясы өз құрамында бір-бірін толықтырып тұратын екі ғылыми бағыттан құралады:
Эмбриокультуральдық зерттеулер – бөлініп алынған жасушалардың (гаметалар мен эмбриондар) тіршілігі мен ары қарай өсіп-дамуына қажетті жағдайларды толықтай қамтамасыз етуге бағытталады. Эмбриокультуральдық зерттеулердің негізгі міндеттеріне:
А) гаметалар мен эмбриондарды өсіру (культивирование),
Б) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру,
В) гамета мен эмбриондар банкін жасақтау,
Г) қоректік орталар жасау мен оларды жетілдірулер кіреді.
2. Жасушалық технологиялар – бағалы, яғни генотипі «құрастырылған» малдар шығару мақсатында ядро мен жасушалық деңгейінде атқарылатын жұмыстар.
Жасушалық технологиялардың мал шаруашылығындағы негізгі міндеттері қатарына:
А) денелік жасушаларын (соматикалық) гибридтеу;
Б) клондау;
В) химерлі жануарлар жасау жұмыстары жатады.
Молекулалық биотехнология – мал организмінде жаңа генетикалық бағдарламалар алу мақсатында тұқым қуалаушылық белгілеріне молекулалық деңгейде «түзетулер» енгізу. Мұндағы негізгі зерттеу зерзаты ретінде нуклейн қышқылдары (ДНҚ және РНҚ молекулалары) алынады. Молекулалық биотехнология екі бөлімнен құралады:
Генетикалық инженерия – тек қана жекелеген генге (немесе гендерге) қатысы бар. Генетикалық инженерияның негізгі міндеттері қатарына мыналар жатады:
А) гендерді синтездеу немесе бөліп алу мен модификациялау;
Б) рекомбинантты молекулаларды құрастыру және клондау;
В) генотип банкін (геном библиотекасын) жасақтау.
2. Генетикалық трансформация – гендерді тасымалдауға негізделеді. Бұл жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
А) реципиентке генді ендіру;
Б) трансфоранттарды іріктеу мен сараптау;
В) гендер интеграциясы мен экспрессиясы;
Г) бағалы заттарды продуценттеушілерді және трансгенді хайуандар жасау жатады.
Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық жұмыстарының орындалу реті жоғарыда аталған үш әдістердің (суперовуляция, қолдан ұрықтандыру мен эмбрион тасымалдау) тығыз байланыстылығы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, малдардың генетикалық жағынан бағалы эмбриондарын алу үшін, көбейтуге бағытталған биотехнологиялық әдістері (суперовуляция, ұрықтандыру мен эмбрионды шайып алу) қолданылғаннан кейін, алынған эмбриондар сұрыптаудан өткізіліп, кейіннен молекулярлық (трансгеноз) және жасушалық (клондау) микроманипуляцияларына ұшыратылады. Кейіннен «құрастырылған» эмбриондарға in vitro жағдайында «реанимациялық» жағдай туғызылып, сапалық белгілері бойынша бағаланғаннан кейін (жасушалық селекция), соңғы кезеңі – генетикалық бағалы ұрпақ алу үшін дайын эмбрионды реципиент аналығының жатырына қондырылуымен (трансплантация) аяқталады.
Сонымен, молекулалық биотехнология, жасушалық биотехнология мен көбею биотехнологиялары, мал шаруашылығында малдардың гаметаларында, эмбриондары мен ағзаларында жинақталған биотехнологиялық қорларын анықтау мен пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа ғылыми бағыттарының – эмбриоинженерия, эмбриокультура мен эмбриотрансплантацияларының пайда болуына алып келді.
Эмбриоинженерияны – генетикалық жағынан «құрастырылған» және экономикалық тұрғыдан тиімді организмдерді алу мақсатында, молекулалық және жасушалық биотехнологияларының тәсілдерін қолдану арқылы мал организміндегі генетикалық ресурстарын алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыратын биотехнологиялық әдіс деп қарауға болады.
Эмбриокультураны – малдардың гаметасы мен эмбриондарынан физиологиялық қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыратын және олардың тіршілігінің сақталып қалуы мен in vitro және in vivo кездерінде қолайлы жағдайлар тудыруға бағытталған мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдісі деп айта аламыз.
Эмбриотасымалдау (трансплантация) – бағалы генотипті малдарды барынша тез көбейту мақсатында, жануарлардың репродуктивті жүйесінен физиологиялық қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыруға бағытталған мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдісі.