
- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
Өсімдіктердің өсуі және олардан мол өнім алу үшін азотты элементтерінің аса қажет екені белгілі. Ал ауа құрамында 78% дейін химиялық инертті күйіндегі (N2) азот бар және оның өсімдіктер үшін осы күйінде пайдасы жоқ. Ауа құрамындағы осы көп мөлшердегі азотты өсімдіктер сіңіре алуы үшін оларды нитрат және аммоний күйіне айналдыру қажет болады. Сондықтан диқандар ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін топырақ құрамына азот тыңайтқыштарын себеді. Жоғарыда аталған элементтің тапшылығын жоюдың бір биотехнологиялық жолы ретінде – ауа құрамындағы азотты өздерінде ұстай алатын бактерияларын қолдануды атауға болады. Бұларға бұршақ тұқымдас өсімдіктермен симбиозда тіршілік ететін Rhizobium туысына жататын түйнекті бактериялар немесе жеке тіршілік ететін Azotobacter түрлері жатады.
Ризосфераның аталған микроорганизмдермен жылдамырақ толықтырылуы үшін, денесінде осындай азотты ұстай алатын бактериялары мол тыңайтқыштар дақыл егілетін жерге араластырылуы қажет. Ауылшаруашылығында осындай тыңайтқыштар ретінде көбінесе бұршақ тұқымдас өсімдіктерге симбиоздық қабілет танытатын, құрамында түйнекті бактериялары бар тыңайтқыштар себіледі. Гендік инженерия әдісімен осындай түйнекті бактериялардың азотты өте жоғары деңгейде өз денесіне сіңіре алатын мутанттары шығарылған. Қазіргі кезде астық тұқымдас өсімдіктермен бірлесе тіршілік ете алатын осындай бактериялар түрлерін шығару бағытындағы ізденіс жұмыстары өз жалғасын табуда. Сонымен бірге өсімдіктерді фосформен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін бактериалды дәрмектер (препараттар) де қолданысқа ие болған.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
Мал шаруашылығында биотехнологиялық әдістерінің қолданылуына сүт қоректілерінің төменде келтірілген биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді:
Малдар гаметасының биологиялық банкі. Малдар гаметасының биологиялық банкі гонадаларында жинақталған. Гаметалардың морфогенетикалық потенциалының мүмкіндігі соншалық, мысалға алғанда, жаңа туылған ұрғашы қозының аналық безінде 700 мыңдай аналық жұмыртқасы (фолликулалар) болса, жыныстық жетілу кезеңіне дейін олардан 12000-86000 дана кішігірім және 100-400 дана аралықтарындағы ірі және жетілетін аналық жұмыртқалары болады. Ооциттердің осындай динамикасы басқа да сүт қоректілерінің ұрғашы жыныстарында байқалады. Еркек даралардың аталық жұмыртқаларында сперматозоидтардың мұнан да көп саны кездеседі. Жыныстық жетілген мерзімдерінде, орта есеппен, бір аталықтан бөлінетін спематозоидтардың саны 280-450 трлн. құрайды екен. Осындай көп жыныс жасушаларынан табиғи жағдайда орта есеппен жалғыз төлді малдарда 5-10, ал көп төлділерде 40-80 жұп гаметалары (аналық жұмыртқасы мен спематозоидтар) ғана іске асырылады екен.
Эмбриондардың имплантацияға дейінгі дамуы. Ұрықтанғаннан кейін эмбрион зиготадан гаструла кезеңіне (стадия) дейін сүт қоректілердің жыныс мүшесінде (жатыр түтікшесінде) біршама уақыт бос (еркін) күйінде болады. Ұрықтанған жерден (жатыр түтікшесі) имплантацияланатын жерге (жатыр) дейін орта есеппен шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7 және сиырларда 7-8 тәулік кетеді. Имплантацияға дейін эмбрион пеллюцид аймағы (zone pellucid) деп аталатын, биологиялық тұрғыдан мықты, қабықты болып табылатын аналық жұмыртқасында дами береді. Осы ерекшеліктер сүт қоректілер эмбриондармен in vitro жағдайында әртүрлі манипуляциялар жасауға мүмкіндік береді.
Жалғыз төлді малдарда бір аналық жұмыртқасынан дамитын егіздердің туылуы. Бір аналық жұмыртқасынан дамыған егіздер (үшем немесе одан да көптері сирек кездеседі) имплантацияға дейінгі жыныс мүшесінде бос (еркін) күйінде болған кезінде пеллюцид аймағының (zone pellucid) бұзылуы себебінен, эмбрионның бөлінуі жүзеге асып, ажыраған бөліктер жеке-жеке дамуы нәтижесінде пайда болады. Мұндай егіздердің бастамасы (ұрықтанған бір аналық жасуша) бір болғандықтан, егіздер түр-түсі және барлық генетикалық, биохимиялық көрсеткіштері бойынша бір-біріне айнымай ұқсайды. Осындай ерекшеліктің арқасында асыл тұқымды мал шаруашылығында өте маңызды көп жасушалы организмдер деңгейіндегі биологиялық көшірмелерді (биокопия) алу мүмкін болды.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жетілдіру. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал тобы мен тұқымы жақсартылуы қажет топтарға бөлінетіні белгілі. Асыл тұқымды малға жату үшін ол малдардың дені сау, көбею қабілеттіліктері мен өнімділіктері жақсы, бағалы генотипті және ұрпақ сапасы бойынша бағаланған болуы шарт. Биотехнологиялық зерттеулерінде бұларға донорлар мен жақсартушы аталықтарды жатқызады. Асыл тұқымды мал шруашылығындағы көбею үдерістерінде қолданылатын терминология бойынша донор дегеніміз – генетикалық тұрғыдан бағалы ооциттар мен эмбриондар алынатын ұрғашы дара болса, жақсартушы аталық – ұрғашы донорды ұрықтандыруға арналған еркек мал. Сондықтан жоғарыда аталған мал тобының (плем. ядро) санын көбейту мақсатында донорлар мен жақсартушы аталықтар белсенді қолданылады.
Тұқымы жақсартылуы қажет мал тобы, генотипі бойынша бағалылығы төмендеу болғанымен, физиологиялық тұрғыдан дені сау және көбею қабілеттіліктері де жақсы болуы қажет. Бұл топқа реципиенттер жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда реципиент дегеніміз – құнды мал ұрпағын өз ағзасында (жатырында) өсіріуге арналған, генетикалық жағынан басқа (жат) аналық.
Жалпы алғанда, ауылшаруашылық малдарының биотехнологиялық мүмкіндіктері осы сүт қоректілерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Түрге тиесілі биологиялық ерекшеліктері тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні белгілі. Сондықтан, биотехнологиялық мақсатта пайдалану үшін генетикалық мүмкіндіктердің анықталуы – биотехнологиялық қор (ресурс) деп аталады.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, қолданылуына байланысты биотехнологиялық қорды шартты түрде үш класқа бөлуге болады:
Молекулалық қор – гендердің құрылымы мен қасиеттері арқылы көрінеді.
Физиологиялық қор – гаметалар банкі, имплантация алдындағы эмбриондар дамуы (тотипотенттілік) арқылы байқалады.
Селекциялық қор – асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жаңа мал тұқымдарын шығаруға байланысты.