Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Aubakirov-Biotehnologia.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.04 Mб
Скачать

4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу

Өсімдік шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер өздерінің табиғи даму үдерістерінен, адамдар тарапынан олардың ішінен ең дәмді, жоғары өнімді және өсіруге ыңғайлыларын таңдап ала бастағаннан бастап айрылған болатын. Адамдар өздеріне қажетті белгілерін дамыту мақсатында, табиғи заңдылық үдерістерін өте жылдам қарқында өзгертуде. Көп жағдайда, соңғы нәтижесінің байыбына толық жетпей жатып, бактерия гендерін өсімдіктерге немесе бір өсімдіктің генін басқа бір түрдегі өсімдіктерге ендіру жұмыстары да өз жалғасын табуда. Сондықтан, биотехнология жетістіктерін табиғатқа қарқынды түрде ендіру нәтижесінде, болашақ ұрпаққа қатты өзгерген әлемді қалдыру қауіпі туып отыр.

Қазіргі кезде генетикалық модификациланған (ГМ) өсімдіктер әлемдік ауылшаруашылығында өндірілетін өнімдердің бірталай бөлігін құрайды және мұндай технология үдерістері әрі қарай дамуда.

Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер деп – ағзасына жат ген, яғни трансген ендірілген өсімдіктер айтылады.

Өздерінің жапырақтарында, тамырлары немесе дәндері құрамында дәрілік заттары бар, көптеген улы (гербицидтер) заттарға төзімді, зиянды жәндіктер жемейтін өсімдік сұрыптары шығарылуда. Әрине мұндай өсімдіктердің пайдасы мен зияндылығы туралы сұрақтың туындайтыны хақ. Бұл сұраққа біржақты пікір айту үшін, оның қандай технологиямен, қалай жасалғаны және құрамы жөнінде толық мәлімет алу қажет болады*.

*Қазіргі кезде дүние жүзінде ГМ- ағзалары бар өсімдіктер көптеген аумақтарда егілгенімен (әлемде 120 түрлі трансгенді өсімдік сұрыптары 110 млн. гектар жерлерге егіледі), мұндай технологияның зиянсыздығы және халықаралық ЮНЕП ұйымының 1995 жылы биотехнологияның осы мәселелері жөніндегі қарарларының сақталуы туралы сұрақтар туындауда. Бұл мәселе бойынша ғалымдардың пікірлері қарама-қайшылық тудыруда. Бір тарапы – өзіндік құны төмен, яғни тиімділігі жоғары ГМ өнімдерінің адам ағзасына ешқандай зияны жоқ десе, екіншілері – ДНҚ технологиясы арқылы жасалынған геномның адам ағзасына тигізер әсері әлі де белгісіз, сондықтан мұның салдары мен қоршаған орта мәселелеріне қатты алаңдаушылықьтарын білдіруде. Бұдан, ГМ ағзалы және одан жасалынған тағамдарды кең көлемде пайдалану үшін, өндірушілерден өнім құрамының биологиялық және экологиялық жағынан зиянсыздығы туралы толықтай мәліметтер берілуі талап етіледі. 2007 жылы 12 желтоқсанда Евроодақ қабылданған заңнама бойынша, егерде өнім құрамында ГМ заттары оның салмағының 0,9% асса, өндірушілер ол жөнінде тұтынушыларды құлақтандыру мақсатында сыртқы қорабында жазу керек болады. Егер де бұл көлемнен аспаған жағдайда, ол жөнінде жазбаса да болады.

ГМ өсімдіктерін жасау өте көп қаражаттарды талап етеді. Сондықтан ғалымдар тарапынан, бұл өсімдіктердің ең көп таралған, яғни жүгері, соя, мақта, канол сияқты түрлерін шығару жұмыстары қолға алынған еді. Жер шарында сояның 50%, мақтаның 20% көлемінде генетикалық модификацияланған түрлері өсіріледі. АҚШ-да өсірілетін барлық сояның (90%), жүгерінің (75%) және мақтаның жартысына жуығы ГМ өсімдіктері болып табылады. Бұдан басқа маңызды ГМ-өсімдіктері қатарында канола, жертүйнек, асқабақ және папайя өсімдіктерін айтуға болады. Қазіргі кезде кофе мен күнбағыстың ГМ түрлерін шығару жұмыстары өз жалғасын табуда.

Ғалымдар тарапынан құндылығы жоғары тамақ өнімдерін шығару жұмыстары одан әрі дамытылуда. Қытай мемлекетінде трансгенді өсімдіктер алу технологиясы кеңінен қолданылуда Олардың мәлімдеуінше осындай өсімдіктердің 141 түрі алынып, 65-де дестелік жағдайда тәжірибелік жұмыстары жүргізілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]