- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
Ақуыз синтезінде жиі қолданылатын бір жасушалы қарапайым ағзалар ішінде ашытқылардың маңызы өте зор. Бұл олардың химиялық құрамы ерекшеліктеріне байланысты. Ашытқы ақуыздары өздерінің амин қышқылдары құрамы бойынша, мал ақуыздарына жақын теңестірілген түрде болып келеді. Тек қана микроорганизмдер өндіретін ақуыз құрамында амин қышқылдарының бір түрі – метионин ғана мал ақуызынан 2-3 есе кем болады. Дайын ашытқы ақуыздарына 0,35-0,5% метионин қосса, протеиннің сіңімділігі артады. Құрамында салыстырмалы түрде метионин аз болғанымен, ашытқы ақуыздары бағалы болып саналып, ақуыз концентраттарын, жасанды тамақ өнімдерін және табиғи тамақ өнімдері құрамын (нан, ұн, тары және т.б.) байыту мақсатында кеңінен пайдаланылады. Ақуыздан басқа, ашытқы құрамында әртүрлі маңызды элементтер – көміртекті заттар, гармон тәрізді қосындылар, ферменттер мен дәрумендер болады. Олар негізінен В тобындағы және Д дәрумендерінің бай көздері болып табылады. Атап айтсақ, дәрумендер өндірісінде ашытқылар Д дәруменін шығару үшін кеңінен қолданылады.
Мал шаруашылығында жасанды ақуыз көздерін пайдалану олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, берілетін жем құрамына 1 тонна ашытқыларды қосу – қосымша 800 кг шошқа етін өндіруге мүмкіндік жасаса, құс шаруашылығында бұл көрсеткіш 2200 кг дейін жетеді. Сиыр шаруашылығында олардың рационына ақуыз-дәруменді қоспаларды араластыру, малдардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақуыз өндірудегі ашытқылардың негізгі кемшілігі ретінде, олардың құрамында көп мөлшерде, яғни 6-12% нуклеин қышқылдарының болуын айтуға болады. Және бір кемшілігі – ашытқылардың қабықшаларының өте берік болуы себепті, мал ағзасында қортылуы өте қиынға түседі. Олардың қабықтарының тез бүлініп, мал ағзасында толық қортылуына мүмкіндік жасау үшін, көбінесе актиномицеттің бір түрінен алынатын ферменттер қолданылады.
10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
Патогенді емес бактериялар ақуыз өндіруде басқа да, осындай мақсатта қолданылатын микроорганизмдерден біршама басымдылыққа ие болып саналады. Өйткені, біріншіден – олардың көбею қарқындылығы басқалардан біршама жоғары болса, екіншіден – олардың құрамында ақуыз бен метионин көбірек кездеседі. Сонымен бірге бактериялардан ақуыз алудың кейбір кемшіліктері де бар. Атап айтар болсақ, олардың құрамында рибонуклеин қышқылы өте көп болса, ал өте бағалы болып табылатын амин қышқылы – лизин мөлшері салыстырмалы түрде аз кездеседі. Олардың ішінде ақуыз өндірудегі болашақтық маңызы бары қатарында, сутегін суға дейін тотықтыра алатын – сутекті бактериялардың маңызы зор деп есептелінеді. Осы үдеріс барысында бұл бактериялар сутегін суға тотықтыру кезінде босайтын энергияны, органикалық заттарды синтездеуге пайдаланады. Бұл реакцияны қысқаша түрде төмендегі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
36Н2 + 12О2 + 6СО2 → С6Н12О6 + 30Н2О
10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
Микроскопиялық саңырауқұлақтар қоршаған ортаның әртүрлі қышқылдық, тұздылық немесе температуралық жағдайларында өсіп-өнеді. Ғалымдардың пікірінше көптеген микроскопиялық саңырауқұлақтардың азықтық маңызы бар. Микроскопиялық саңырауқұлақтардан дайындалған дәрмектерді сабағы жуан әрі қатты болып келетін малазықтық шөптерді жұмсартып, олардың қортылуын жақсартуға және құрамын әртүрлі биологиялық белсенді заттармен байыту мақсатында пайдалануға болады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың құрамында аз ғана мөлшерде, яғни 2% көлемінде нуклеин қышқылдары кездеседі. Саңырауқұлақтар өнімдері мұнан басқа да кейбір артықшылықтарға ие. Мысалы, олардың құрамында хош иісті заттардың болуы себепті, жақсы иіс шығарады. Амин қышқылдарының құрамы бойынша саңырауқұлақтық ақуыздар еттің ақуыздарына жақын болады. Олардың құрамына 0,2% метионин қосылса, сіңімділгі 100% дейін артады. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықтары өте жұқа болуы себепті, қосымша өңдеуді талап етпей, ас қорыту мүшелерінде тез қорытылады. Саңырауқұлақ өнімдерімен қоректендіру нәтижесін тексеру, олардың мал ағзасына ешқандай зиянын тигізбейтіндігін көрсеткен.
Микроскопиялық балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы. Мал шаруашылығына қажетті азықтық ақуыз өндіруде микроскопиялық балдырлардың да маңызы да бар. Мысалы, Жапонияда тұщы суда бір жасушалы балдырлар – хлорелланы өсіру нәтижесінде 1 га су беті аумағынан 16 тоннаға дейін ақуыз өндіруге қол жеткізілген. Мұның тиімділігінің дәлелі ретінде 1 га жерге егілген арахис өсімдігінен тек қана 471 кг ақуыз алуға болатынын келтіре кетеміз. Италияда полиэтиленнен жасалған арнайы құбырларда су балдыры – спирулинді өсіру нәтижесінде, оның 1 м2 аумағынан тәулігіне 20 гр дейін құрғақ ақуыз алынған. Бір жылда осындай әдіспен егілген 1 га плантациядан, 1 га соя өсімдігі егілген жерге қарағанда 10 есе артық ақуыз алуға болатыны анықталған. Ғалымдар бір жасушалы теңіз балдырларын өсіру мақсатында фитобиологиялық реакторлар жасап шығарған. Қарапайым түрде бұл реакторлар шыны немесе пластмассадан жасалған құбырға ұқсас болады, ал оның үстінде белгілі бір балдыр түрі өсіріледі. Су балдырларының қалың орналасуы ЭЕМ (электронды есептеуіш машина) мен компютерлер арқылы реттеліп отырылса, биомасса шығымы күн сәулесінің түсу деңгейіне байланысты болады. Осындай реактор арқылы қосымша көп мөлшерде крахмал алуға, және оны биотехнологиялық жолмен өңдеп, жанар-жағар май ретінде қолданылатын этил спиртіне айналдыруға болады.
