
- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
Жасушаларды клондау
Жасушаларды клондау жұмыстары – денелік (сомалық) жасушаларының ядросын тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз, құрамында ересек жасушалардан алынған генетикалық материал болғанымен, өздерін эмбриональдық діңгек жасушалары сияқты көрсете алатын жасушалар шығару технологиясына қол жеткізу болып табылады. Осы үдеріс ұрықтанған аналық жасушасы мен ересек ағзадан алынған денелік жасушадан басталады. Мұндағы басты шарт – ұрықтанған аналық жасушасы мен денелік жасуша алынған донорлардың иелері бір тұлға болмауы керек. Жұмыстың барысында ұрықтанған аналық жасушасының ядросы алынып тасталып, орнына денелік жасушаның ядросы қондырылады. Денелік жасуша ретінде қандай да болмасын жасушалар, яғни сүйек кемікшесіндегі жасушалардан бастап, тері қабатының жасушаларына дейін алынуы мүмкін. Осындай жолмен құрылған (бөгде генетикалық материал енгізілген) аналық жасушасы зиготаға дейін өсе береді, ал эмбриональдық діңгек жасушаларының желісі болса, басқа да эмбриональдық діңгек жасушаларының дамуы сияқты – бластоциттерден пайда болады. Теория бойынша, құрамында ересек дене жасушасының ядросы бар аналық жасушасын жатырға бекіту арқылы, дәл денелік жасуша иесі сияқты, бүтін ағза өсіріп шығаруға болады деген пікір жасалынған болатын.
Содан бастап ғалымдар денелік жасушалардың ядросын тасымалдау жұмыстарын хайуандармен жүргізе бастады. Сөйтіп, 1996 жылы ересек ағзадан алынған денелік жасуша ядросы аналық жасушасына (яйцеклетка) енгізіліп, одан дамыған алғашқы клонды жануар – доли атты қой дүниеге әкелінді. Осы уақыттан бастап белгілі технологияны пайдаланып мыңдаған ірі қара малының, тышқандардың және басқа да хайуандардың клондары алынды.
АҚШ-дағы Гарвард университетінің ғалымдары 2005 жылдың тамыз айында денелік және эмбриональдық жасушаларды қосу арқылы тұрақты жасуша желілерін алғандары туралы хабарлады. Бірақ, бұлардың алған жасуша желілерінде, денелік және эмбриональдық жасуша желілерінің екеуінің де ДНҚ-ы кездеседі. Бұған қарамастан ғалымдар алынған жаңа жасуша желілері ағзада кездесетін барлық ұлпаларды түзуге қатынасатынын анықтаған. Бұл жетістік нәтижесі, біршама уақыттардан кейін, оны адамдар жасушалары желісінде әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолдануға болады деген сенімге жетелейді.
Жоғарыда аталған технологияның клондаудан айырмашылығы неде деген сұраққа жауап беретін болсақ, ең негізгісі – аналық жасушаның ядросының алмастырылуы мен модификацияланған жасушаның аналық жатырына ендірілуі себебінен, одан денелік жасуша алынған ағзаның толықтай көшірмесі дамып шығатынын айтуға болады.
Денелік жасушалардың ядросын тасымалдау жұмыстарының жалпы схемасы келесі 8-ші суретте берілген.
8-сурет. Денелік (сомалық) жасуша ядросын ауыстыру
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Терапиялық мақсатта эмбрионалдық діңгек жасушаларын пайдалану мүмкіндігі өте жоғары. Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін тікелей емделетін ауыру адамның денелік жасушаларын қолдану арқылы да алуға болады. Теория бойынша, осындай жолмен дайындалған эмбриональдық діңгек жасушаларын, науқас адамның ауру мүшесіне егу арқылы, оның қайта қалпына келуін қамтамасыз етуге болады. Болашақта эмбриональдық жасушаларын пайдалану мүмкіндігі кеңейіп, адам ағзасына қажетті мүшелерді толықтай өсіріп шығару бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады деген болжамдар жасалынуда. Осындай жолмен дайындалған мүшелердің пациенттің денелік жасушаларынан дамуы себепті, иммундық жауап реакциясының туындауына ешқандай мүмкіндік туылмайды. Алайда бүтіндей бір мүшені өсіріп шығару деңгейіне жету үшін, жасушаның мамандану үдерістері жөнінде түпкілікті зерттеулер жүргізіліп, толықтай мәліметтер алынуы қажет. Сонымен бірге, егерде науқас адам бір аурудан тұқым қуалаушылық қабілетке ие болса, одан дайындалған эмбрионалдық жасушалардың да сол кеселді қайтадан ағзаға апару мүмкіндігі де сейілмейді.
Денелік жасушалар ядросын тасымалдау технологиясын пайдаланудың өзіндік шектеулері мен кемшіліктері де бар. Мысалы, денелік жасушалардың ядросын тасымалдау технологиясын қолдану арқылы жасалынған клондардың, эмбрионалдық даму кезеңдерінің соңғы мерзімдерінде, түсік тасталу қауіпі немесе әртүрлі кемістердің туылу мүмкіндіктері де жоғары келеді. Сонымен бірге, мұндай технологияны адамдарға қолдану мүмкіндігінің туындауы себепті, қоғамдағы пікірлердің қалыптасуы мен оның моральдық-этикалық тұстары да ескерілуі қажет.