
- •Пікір жазғандар:
- •Биотехнология және оның басқа ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
- •Биотехнология ғылымының бастауы – гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
- •Гендік инженерия әдістерінің мазмұны
- •Гендік инженерияны қолдану әдістері
- •4.1 Рекомбинантты днқ молекуласын конструкциялау
- •3.2 Рекомбинантты днқ молекуласын (рДнқ) жасушаға ендіру
- •3.3 Гендік инженерияның практикалық маңызы
- •4. Биологиялық инженерия және оның маңызы
- •Жасушалық инженерия негіздері
- •Жасушалық инженерияның пайда болуы
- •Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
- •3. Денелік (сомалық), ұрықтық және діңгек жасушалары
- •3.1 Денелік жасушалары
- •3.2 Ересек діңгек жасушалары
- •3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
- •3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
- •Жасушаларды клондау
- •4.1 Адам және жануарлар жасушаларын биотехнологияда пайдаланудың маңызы
- •4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы және даму бағыттары
- •Іі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері Ақуыздар құрылымы
- •2. Ақуыз фолдингі
- •3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
- •Ақуыз типі мен оның қызметі
- •5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету
- •Ііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Инженерлік энзимология және иммунология негіздері
- •Иммобильденген ферменттер дайындау
- •Иммундық жүйе туралы түсінік
- •Антигендер мен антиденелер
- •4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
- •5. Антисарысу (антисыворотка) және нанодене (нанотело) алудың маңызы
- •6. Антидене кітапханасын жасақтау
- •Іv тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •V тарау өнеркәсіптік биотехнология негіздері
- •Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
- •Органикалық қосылыстар трансформациясы және оның өнімдері
- •3. Микроорганизмдерді дақылдау принциптері
- •4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
- •5. Халық шаруашылығында қолданылатын биореакторлардың түрлері
- •Ферментерлердегі ауаның микроорганизмдерден тазартылуын қадағалау
- •Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын селекциялау
- •Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
- •8.1 Этанол және лимон қышқылдарын алу
- •Сүтқышқылының ашу үдерісі және оның өнімдері
- •9.1 Сүтқышқылы ашу үдерістерінің негізі
- •9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге қойылатын талаптар
- •9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
- •Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
- •10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер штаммдарының тұрақтылығы
- •10.2 Микроорганизмдерден ақуыз өндірудің практикалық маңызы
- •10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
- •10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
- •10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
- •Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің құнарлығын арттыру
- •V тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vі тарау биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы
- •Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
- •Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
- •2.1 Дәрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
- •2.2 Ферменттер өндіру
- •2.3 Жасушалық ферменттер ішінен қажетті биореагенттерді анықтау
- •2.4 Ферменттер модификациясы және оларды алу әдістері
- •2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
- •3. Рекомбинантты днқ өнімдерінің медицинада қолданылуы
- •3.1 РДнк-технологиясы арқылы бактериальды, ашытқы және сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу әдістері
- •4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері
- •4.1 Ақуыз терапиясы және ақуыздардың қате фолдингі
- •4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
- •4.3 Адам эмбрионының днқ реттілігін анықтау
- •4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
- •4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар днқ-ын анықтау
- •5. Трансгенді хайуандардан алынатын дәрмектік өнімдер
- •6. Трансгенді өсімдіктерден дәрмектік өнімдер дайындау
- •Vі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vіі тарау биотехнология жетістіктерінің ауылшаруашылығында пайдаланылуы
- •Биотехнология әдістерін өсімдіктер селекциясында пайдалану
- •Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту
- •Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
- •3.1 Ұлпалық және жасушалық дақылдарды пайдалану
- •3.2 Протопластарды біріктіру
- •Жасушалық, генетикалық және хромосомалық инженерияның өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығарудағы маңызы
- •4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруда қолдану
- •4.3 Геномдық және хромосомалық инженерия әдістерін фитобиотехнологияда қолдану
- •4.4 Генетикалық модификацияланған (гм) өсімдік өнімдерін алу
- •Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
- •5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
- •5.2 Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін арттыру
- •5.3 Өсімдіктердің патогендерге және дақылды өсімдіктердің жалпы төзімділік қасиеттерін арттыру
- •5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
- •5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
- •6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
- •Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
- •Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен қауіпті тұстары
- •4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау әдістері
- •5. Микрохирургиялық әдіс арқылы ірі қараның монозиготалы егіздерін алу әдісі
- •6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
- •Vіі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Vііі тарау биотехнология жетістіктерінің энергия көздерін толықтыру мақсатында қолданылуы
- •Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін пайдалану
- •2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
- •3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
- •Биогаз өндірудің маңызы
- •Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
- •Биогаз алуға арналған қондырғылар
- •Vііі тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- •Металлургияда қолданылуы
- •Көмір өндірісінде қолданылуы
- •3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы метан газынан арылтуда пайдалану
- •4. Мұнай өндіруде қолдану
- •Экологиялық биотехнология
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
- •Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс және тұрмыстық қалдық суларын тазартуда пайдалану
- •Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
- •Ғарыштық биотехнология
- •Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен болашағы
- •Х тараубойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Соөж тақырыптары
- •Тест сұрақтары
- •B) калий, кальций, мыс;
- •C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
- •Терминдер сөздігі
- •Қысқартылған сөздер анықтамасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров биотехнология
3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
Эмбриональдық діңгек жасушаларын арнайы қоректік ортада өсіру мүмкіндігі болуы себепті, ересек діңгек жасушаларына қарағанда үлкен артықшылыққа ие.
Эмбриональдық діңгек жасушалары дегеніміз – шарананың дамуының ерте кезеңінде оның ағзасынан алынатын жасушалар. Оларды құрамында бластоцит (бластомер) деп аталатын 150-дей жасушасы бар, пішіні жалпақ шеңбер тәрізденіп келген шаранадан, бластулалық даму кезеңдерінде бөліп алынады. Алынған жасушалардың ішінде шарананың бөліктерін құруға қатысатын тек 30-ы ғана эмбриональдық діңгек жасушаларының болашақ желісін қалауға негіз бола алады.
Эмбриондардың қалыпты дамуы барысында эмбриональдық діңгек жасушалары жүктіліктің жетінші күнінен кейін жоғалып кетіп, олардың барлық ұлпа түрлеріне айналу мүмкіндіктері сейіледі.
Эмбриональды діңгек жасушалары ұрықтандырылған аналық жасушаларынан пайда болады. Ересек діңгек жасушалары сияқты, бұлар да диплоидты. Оларда ДНҚ-ның барлық құрамдары түгелдей кездеседі. Ұрықтанған аналық жасушалардан зигота пайда болатыны белгілі. Осы зиготаның даму сатыларының өте ерте кезеңдерінде пайда болатын эмбриональдық діңгек жасушалары, өздерінің ағзаға қажетті түрлі жасушаларға айналу мүмкіндіктерін ұзақ уақыт сақтай алады.
Алғашқы діңгек жасушаларының жаңа ұрықтанған аналық жасушасында түзілуі және бүтіндей тірі ағзаның бастамасы бола алуы себепті - тотипотентті деп аталады.
Дамудың ерте сатыларынан дайындалған эмбрионалдық діңгек жасушаларынан барлық түрдегі жасушалар түзілгенмен, олардан бүтіндей ағза мүшелерін өсіру мүмкін болмайды, немесе ең болмаса қазіргі кездегі технологияның даму дәрежесі ондай мүмкіндікке қол жеткізбейді. Сондықтан олар мультипотентті деп аталады.
Ересек адамдарда да діңгек жасушалары кездескенімен, олар өздері шыққан эмбрионалды жасушаларға қарағанда атқаратын қызметтері бойынша көбірек дифференцияланған болады. Мысалы, гематопоэтикалық діңгек жасушалары сүйек кеміктерінде кездесетін барлық жасушаларды түзе алады. Бұлардан басқа, олардың бауыр мен бүйрек жасушаларына да айнала алатындары анықталған. Сондықтан бұларды плюрипотентті деп атайды. Плюрипотентті діңгек жасушаларын мидан, бұлшық еттерінен, теріден, ас қорыту жүйесінен, көз айнасының торшасы мен қабықшасынан, бауыр және көкбауырдан алу мүмкін болған. Мұндай жасушалар зақымданған ағза мүшелерінің белгілі дәрежеде қалпына келуіне әсер етсе керек деген болжам жасалады.
Теория бойынша, әрбір эмбриональдық діңгек жасушалары көп жасушалы ағзада кездесетін 200 арнайыланған жасушалар түрлеріне айнала алады және әлі шынайы түрде дәлелденбесе де, тұтастай ағза мүшелерін түзе алуы мүмкін деген пікір жасауға негіз бере алады. Мұның бір бұлжытпастай дәлелі ретінде, бір аналық жасушасынан пайда болған егіздердің, яғни дамуының өте ерте кезеңінде екіге немесе үшке (үшем) бөлінген ұрықтанған аналық жасушасынан өрбіген сәбилердің туылуын келтіре аламыз.
3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау
Медицинада эмбриональдық діңгек жасушаларын ағзадан тысқары (in vitro) жағдайында аналық жасушасын қолдан ұрықтандыру арқылы алады. Бұл әдіс бойынша жатыр түтікшесінен сорылып алынған аналық ұрық жасушасы, арнайы зертханаларда микроскопты пайдалана отырып, ер адамдардың сперматозоидтармен ұрықтандырылады. Мұнда барлық жағдайлар жасалынып, стерильдіктің қамтамасыз етілуі себепті, ұрықтану нәтижелері де өте жоғары болады. Осындай жолмен ұрықтанған аналық жасушасы – иесінің немесе басқа әйел жатырына (сурогатты шеше) қондырылады. Ең алғашқы қолдан ұрықтандыру арқылы пайда болған бала 1978 жылы Англияда дүниеге келген болатын. Сол уақыттан бастап бұл әдіс медицинада кеңінен қолданыла бастады. Қолдан ұрықтандыру әдісі көптеген балалары жоқ ата-аналардың сәбилі болуын қамтамасыз етті. Бедеулікпен күресуден басқа, қолдан ұрықтандыруды көптеген басқа да мақсаттарда, мысалы мал шаруашылығында жынысы бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргізу үшін де пайдалануға болады.
Коммерциялық мақсатта қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ірі қара малы шаруашылығында пайдалану тиімді екендігін көрсетті. Осындай жолмен алынған зигота, Дьюар құтысындағы сұйық азоттың -960С температурасында қатырылып, ары қарай сақталады. Мұның басты артықшылығы – зигота ұзақ мерзімге шыдайды және керек кезінде қажетті жерге оңай тасымалдау мүмкіндігіне ие болады.
Қолдан ұрықтандыру жолымен бір сәбидің дүниеге келуі үшін, бірнеше аналық ұрық жасушасын сперматозоидтармен ұрықтау қажет болады. Көпшілік жағдайда бір сеанс мерзімінде 8-ге дейін аналық жасушасын ұрықтандыруға қол жеткізілгенмен, оның тек 2-уі ғана болашақ ана жатырына бекітіледі. Қалғандары 6-8 жасушалық кезеңдерінде сұйық азотта қатырылады. Қазіргі кезде АҚШ мемлекетінде осындай жолмен сақталған 400 мыңға дейін эмбриондар бар деген мәліметтер келтіріледі. Соның ішінде 2,8% жуығы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін берілген.
Қатырудың эмбрионға тигізер әсері жөнінде әлі де толық белгісіз, сондықтан көптеген эмбриондар бұл жұмыстардан кейін өліп қалады. Бірақ та қатырылған, соңынан ерітіліп жатырға ендірілген эмбриондардың бір бөлігі өздерінің тіршілікке қабілеттілігін сақтауы себепті, кейіннен олардан аман-сау ұрпақ туылады.
Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін дайындау үшін, зерттеушілер ерітілген зиготаларды бластула стадиясына дейін өсіп-бөлінуін қадағалайды. Мұндай жұмыстардан кейін ол эмбрион ретінде ары қарайғы өзіндік маңызын жояды. Эмбриональдық діңгек жасушалары болса ары қарай шексіз өсіп-көбейе алады, яғни олар иммортальды қабілетке ие. Жасушалық желіні тоңазытқышта сақталатын ашытқыға ұқсатуға болады. Қажетті орта жағдайы жасалып сақталған оның бір тұтамын алып, жаңа ашытқы жасауға болады емес пе. Сол сияқты, адамдардың да кейбір эмбриональдық діңгек жасушалары 300-400-ге дейін бөліне алады. Тәжірибе жұмыстарында алынған тышқандардың діңгек жасушалары арнайы орта жағдайында бірнеше онжыл бойы сақталған.
Адамның діңгек жасушасы желісін жасаудың жалпы схемасын келесі 7-ші суреттен көруге болады.
7-сурет. Адамның діңгек жасушасы желісін жасау
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Жасуша желілеріне тиісті ерекшеліктерінің бірі – олардың «ойыннан шығу» қабілеттіліктері болуы себепті, ғалымдардың пікірі бойынша оларды ауық-ауық жаңа жасушалармен ауыстырып тұру қажет. Бұл пікір басқа да жасушалар желілерін, атап айтқанда, адам фибробластарын қоректік ортада көп мерзімде сақтау барысында жасалынған. Мүмкін, ескіріп қалуы себепті көбею қабілеттіліктерін жоғалта бастаған жасушаларды, жаңа эмбриональды жасушалармен тұрақты түрде ауыстырып тұру қажет болатын шығар. Өйткені, ұзақ уақыт бойына жасанды қоректік ортада өсіріліп келінген басқа жасушаларда мутациялық өзгерістер жиналып қалуы себепті, оларда көбею қабілеттіліктерінің төмендей бастағаны байқалады.
Адамның діңгек жасушаларының желісі өте әлсіз болып келеді, сондықтан оны құру табандылық пен үлкен тәжірибені талап етеді. Олар мамандандырылған жасушаларға айналуға бейім келеді. Қазіргі кездегі белгілі технология бойынша, тышқанның эмбриональды фибробластары бар, құрамына сиыр қаны сарысуы қосылған, арнайы қоректік ортада адамның діңгек жасушаларының мамандану үдерісі жүрмейтіні анықталған. Құрамында осындай адам ағзасына жат заттары бар қоректік ортада көбейтілген діңгек жасушаларын адамдарға терапиялық мақсатта қолдану, өте үлкен күмән туғызытын нәрсе. Өйткені мұндай жағдайға жол берілсе, адам жасушасы тышқан немесе сиыр ағзасында болуы мүмкін әртүрлі зиянды заттар немесе вирустармен ластануы мүмкін. 2007 жылы ғалымдар діңгек жасушаларын өсіру үшін қолданылатын қоректік ортадағы хайуандардың компоненттерін адамдардың сондай элементтерімен алмастыруды ұсынған еді. Алайда, қазіргі кезде, адамдардың жинақталған діңгек жасушалары желісінің, басқа да бөгде заттармен ластану мүмкіндіктері әлі де сақталуда деген қауіп туындайды.