Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-12.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.17 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс 6 -1. Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Қолданбалы программалар пакетіндегі қосымшалармен жұмыс.

Мақсаты: Word мәтіндік редакторын іске қосу, Word терезесінің стандартты элементтерімен танысу, Файлдармен жұмыс, құру, сақтау, құжаттағы мәтін бөлігін қиып алу, көшірмесін жасау, енгізу, ауыстыру, автомәтін жасау және қолдану, құжаттарды көру режімдері және саймандар тақтасын жасау және орнату, тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу, мәтінді бағаналарға бөлу, мәтіннің жиегін белгілеу, бояу, автоматизациялау құралдарымен жұмыс жасуды үйрену; мәтінді форматтау, қаріптерді өзгерту, сызу, интервалдар. Айнымалы ақпараттарды қоюға болатын, мысалы, фамилиясы, аты, адресі т.б.с.с. сериялы құжаттарды құруды үйрену.

Мәтіндік редактор MsWord

Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған.

Word редакторын іске қосу.

Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді.

Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.

Тақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады. Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.

Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады.

Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі.

Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.

Жаңадан құжат дайындау және сақтау

Жаңадан құжат даярлау Файл – Құру – Жаңа құжат (Новый документ) командасымен орындалады.

Құжат компьютердің оперативті жадысында дискіде файл түрінде сақталынады. Сақталынған құжатты өз атауымен немесе басқа атаумен және басқа орынға сақтауға болады.

Құжатты сақтау

Құжатты сақтау Файл – Сақтау немесе <Shift> + <F12> пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады.

Құжатты жаңа атаумен сақтау үшін Файл – ... деп сақтау (Файл – Сохранить как ...) – дискіні таңдау – файл атын енгізу - сақтау амалын орындау арқылы жүзеге асырылады.

Word программасында сақталынатын құжатты басқа форматта сақтауға да болады. Ол үшін Файл – ... деп сақтау терезесінен немесе <F12> пернесін басу арқылы файлдың типі тізімінен форматын таңдау қажет.

Құжатты жабу

Құжатты жабу үшін: Файл – Жабу (Закрыть) немесе Жабу батырмасына шерту, <Alt> + <F4> пернелер комбинациясын басу қажет. Егер құжатқа өзгертулер енгізілген болса, онда Word-ң өзгертулерді сақтау мүмкіндігі бар.

Дайын құжатты ашу

Word ортасында дайын құжатты ашу “Құжатты ашу” сұхбат терезесі арқылы орындалады. “Құжатты ашу” сұхбат терезесін ашу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолданыңыз:

- Файл – Ашу (Открыть) командасын таңдау;

- пернетақтадан <Ctrl>+<0> басу;

- стандартты саймандар тақтасындағы ашу батырмасына шерту.

Құжатты форматтау

Мәтінді форматтау формат менюінің немесе форматтау тақтасының құралдарымен іске асырылады. Негізгі форматтау тәсілдері: қаріп түрін таңдау және өзгерту, қаріп өлшемін, қаріптің түсі мен жазылуын, туралау әдістерін таңдау.

Қаріпті таңдау Формат – Қаріп командасының көмегімен орындалады. Мәтінді жылдам форматтау үшін саймандар тақтасын қолдануға болады.

Абзац – Enter пернесін басқандағы мәтін бөлігі. Азат жол параметрлерін Формат – Абзац командасын немесе сызғыш арқылы орнатуға болады.

Беттерді форматтау. Беттерді форматтау: парақ өрістерінің көлемін орнату, парақ бағытын таңдау. ¤ріс – беттің 4 қырынан орын қалдыратын негізгі мәтін орналасатын аудан.

Құжат өрісін екі жолмен өзгертуге болады: Файл – Параметры страницы немесе сызғыш арқылы. Құжат мәтінін редакциялау. Құжатты көру режімдері.Құжатты көрудің бірнеше режімдері бар. Кәдімгі режімде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қарастырылады. Құрылымдық (структура) режімінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Бетбелгі (разметка страницы) режімінде құжаттың экранда көрсетілуі толығымен баспа түріне сәйкес болады. Бұл режім баспаға шығаруға арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Негізгі құжатты көру режімі көлемі үлкен құжаттарды даярлау жұмысын жылдамдатады. Бүкіл экранда көру режімі тек құжаттың өзін ғана қарауға мүмкіндік береді. Осы аталған режімдердің барлығында да құжаттағы мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға болады. Алдын ала көру режімі бір мезгілде бірнеше бетті қарауға мүмкіндік береді, бірақ құжатты редакциялауға болмайды.

Осы жоғарыда айтылған режімдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек немесе көлденең айналдыру жолағының сол жағында орналасқан көру режимдерін басқару батырмасына басу қажет. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид)  Масштаб командасының көмегімен өзгертуге болады.

Мәтін бөлігін редакциялау Мәтіннің бөлігін жылжытқанда, қиып алғанда, көшірмесін жасағанда бөлік арнайы жады ауданы алмасу буферіне түседі. Мәтін бөлігін ерекшелеу тышқанның сол жақ батырмасы және пернелер тақтасындағы <Shift> пернесін басу арқылы да орындалады.

Жылжыту (Көшірме жасау) Түзету (Правка)  Қиып алу, көшіру қайда жылжыту (көшірме жасау) қажет орынға курсорды қойып, Түзету  Енгізу командасын орындау қажет. (Тышқанның оң жақ батырмасын басулы күйінде орындауға да болады).

Құжаттың белгілі бір бөлігіне көшу. Құжаттың белгілі бір бетіне көшу. Түзету (Правка)  Перейти (Көшу) командалары арқылы жүзеге асады.

Автомәтін – бұл мәтіннің бөлігін автоматты түрде енгізуге арналған режім. Ол екі қызмет атқарады: автоаяқтау, автомәтін. Мәтіндік процессорда автомәтіннің сөздігі болады. Мұнда құжатты даярлауда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері сақталады. Сөздікке жаңа сөз енгізу – бұл да автомәтіннің функциясы. Ол үшін экрандағы мәтінді ерекшелеп алып, Енгізу – Автомәтін – Құру – ОК командасын орындаңыз. Автомәтін элементі автомәтін атымен енгізіледі. Автомәтінді енгізу үшін автомәтін атын теріп <Alt + F3> пернесін басамыз.

Саймандар тақтасы - басқару элементтері.