Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.17 Mб
Скачать

Есептерді шешу техноглогиясы. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры.Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.

Криптоталдау: ауыстыру шифры.

Біралфавитті әдіс

Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда ең көне әдіс. Бұл әдістің негізінде: шифрланған құжатты алдын ала жіберуші мен алушы алфавиттегі әріптердің бекітілген орнының ауысуын келісіп алу керек. Мысалы, ауысу 1-ге тең болса, онда “A” әріпі “Б”-ға тең, “Б”-“В”, солай алфавит біткенде тізімнің басындағы бірінші әріп алынады. Мысалы, “Код” сөзінен “Лпе” шифрланған сөзі алынады.

Бұл әдіс Цезар шифры деп аталады. Кез-келген шифрлау бір алфавитты әдіс класынан алынған Цезар шифры бола алмайды. Бұндай әдіспен дешифрлау оңай. Статистикалық қасиетінің негізінде ашық және мәтіннің шифрлау бірдей статистикалық мінездемеге ие.

Жоғарыда көрсетілген бір алфавитты әдістің екі нұсқасы көрсетілген: нақты ауыстыру және еркін ауыстыру.

Цезар шифры

Цезар шифрының кестесі

А → г

Б → д

В → е

Г → ж

Д → з

Е → и

Ж → й

З → к

И → л

Й → м

К → н

Л → о

М → п

Н → р

О → с

П → т

Р → у

С→ф

Т → х

У → ц

Ф → ч

Х → ш

Ц → щ

Ч → ъ

Ш → ы

Щ → ь

Ъ → э

Ы → ю

Ь → я

Э → _

Ю → а

Я → б

_ → в

Тапсырма(криптоталдау):

  1. «ПЧСЯГСЙГЕЯПТГЖМИСТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  2. «Информатика» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  3. «Технология» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  4. «Информатика» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 2-ге тең болсын.

  5. «Информация» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 3-ге тең болсын.

  6. «ХАБАРЛАМА» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 1-ге тең болсын.

  7. «ЭКОЛОГИЯ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  8. «КОМПЬЮТЕР» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  9. «ФОНОТЕКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  10. «МЕХАНИКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  11. «МАТЕМАТИКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  12. «ИНТЕРНЕТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  13. «НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  14. «СИСТЕМНЫЙ БЛОК» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  15. «КОМПЬЮТЕРНЫЙ КЛАСС» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

Тақырып: Көпалфавитті шифр. Плейфейр шифры.

Мақсаты - дешифрлеу механизмі, Плейфейр матрицасы, символдарды қайта қою, ауыстыру шифры әдісін үйрену.

Плейфейр шифрының негізі хабарлама кез-келген ретпен орналасқан әріптерден тұратын кестеден шифрланып алынады Оның негізгі қадамдары:

1 қадам. Хабарлама екі әріпке (биграммаларға) бөлінеді. Мәтін көлемі жұп саннан тұрады, онда биграмма бірдей әріптерден тұрмауы қажет.

2 қадам. Егер биграмма бір бағанда, қатарда тұрмаса биграмманың екінші әріпін төртбұрыштың қарсы бұрышынан іздейді.

3 қадам. Егер биграмманың екі әріпі кестенің бағанында орналасса, онда одан төменгі әріп алынады. Егер биграмма төменгі жақта болса, сол қатардың басындағы бірінші әріп алынады.

4 қадам. Егер биграмма кестенің қатарында орналасса, биграмма әріпінің оң жағындағы әріпі алынады. Егер әріп қатардың соңында орналасса, онда сол қатардың бірінші әріпін алады.

Плейфейр шифрының кестесі

Зертханалық жұмыстың орындалу жолы

ВСЕ ТАЙНОЕ СТАНЕТ ЯВНЫМ - хабарлама

ВС ЕТ АЙ НО ЕС ТА НЕ ТЯ ВН ЫМ - биграммаға бөлінген

ГП ДУ ОВ ДЛ НУ ПД ДР ЦЫ ГА ЧТ - шифрланған текст

Дешифрленгенде кері әдіс қолданылады.

Тапсырма: Биграммаларға бөлу, шифрлеу, дешифрлеу.

  1. Информация

  2. Механика-математика

  3. Убпоргвл-пбудпбфжвл

  4. әл – фараби

лето, зима

Зертханалық жұмыс 14-1 . Қазіргі заманғы мултимедиалық технология түрлері арқылы құжаттарды құру.

Flash 8 Интерфейсі

Интерфейстың жалпы түрі суретте келтірілген

Интерфейстың құрамы және тағайындалуының бөлімдері.

Бас мәзір

Flash программасының жасыл жолды тақырыбының астында бас мәзір орналасқан, ол Flash-фильмды құруға және программаларды басқаратын жиындардан тұрады.:

Қажетті команданы таңдау үшін пайда болған ішкі менюді тышқанның сол жағын басу арқылы қажетті команжданы таңдап аламыз.

Жұмысты жеңілдету үшін негізгі командалар тақтасынан жиы қолданылатын командаларды көрсетілген, ол тақтаны ашу үшін Window->Toolbars->Main:

Интерфейстың құрамына бас мәзірден және негізгі командалар тақтасынан басқа:

  • Tools құрал-саймандар тақтасы,

  • TimeLine уақыт шкаласы,

  • Редакциялау қасиеттерінің әр түрлі тақтасы,

  • Flash-фильмның негізін жобалайтын жұмыс аймағы.

Жоғарғы оң жағына жұмыс аймағының масштабын орнатуға болады.

Төменгі бөлігіне тақта қасиеттерін көрсетіп немесе жасырып қойуға болады.

Құрал-сайман тақтасы (бас мәзір Window->Tools)

Flash объектісіне редакциялауға жіне сурет салу үшін қолданылатын құрал- саймандар. Ол бірнеше бөлімдерден тұрады:

  • Tools – сурет салу аспаптар тақтасы

  • View – көру аспаптар тақтасы (үлкейту, кішірейту) және сахнаны ауыстру

  • Colors –Құю және жиектің түсінің модификатор тақтасы.

  • Options - тақтадан алынған Tools аспабы, модификатор тақтасы.

Уақыт шкаласы (бас мәзір Window->TimeLine)

Біз мұнда кадрлармен және қабаттар мен жұмыс істеймыз (пиктограмма1-4- батырмалары) және фильмді редакциялау режимын басқарамыз (пиктограмма4-11- батырмалары )

Уақыт шкаласының пиктограмма батырмалары

  1. Қабат қосу.

  2. Бағытталған қабат қосу.

  3. Бумаға қабатты біріктіру.

  4. Қабатты өшіру.

  5. Фреймды ортаға келтіру.

  6. Алдыңғы кадрларды көрсету(бұлыңғырлатып).

  7. Сондай, алдыңғы кадрлардың жиегі.

  8. Бір уақытта бірнеше кадрларды редакциялау.

  9. Қосылған қарарда алдыңғы кадырдың көрсетілімін баптау.

  10. Қабаттың мазмұнын көрсету және жасыру.

  11. Қабатты редакциялауды қосу және өшіру.

  12. Қабаттағы объектінің жиегін көрсету.

Уақыт шкаласының берілген бөлігі:

  1. Әр түрлі сахынаның арасында қайта қосу.

  2. Әр түрлі символдар арасында қайта қосу үшін (бұның не екенін кейінірек қарастырамыз).

  3. Масштабты ауыстру.

Қосымша тақталар

Символдар, бейнелер, объектілерді өзгерту немесе қосу үшін қызмет атқарады.

Жұмыс аймағы

Бұл аймақта жұмыс жасаймыз. Сызу, жазу, объектілір және символдарды құру.

Tools құрал-саймандар тақтасы

   Құрал-саймандар өрісінен тышқанның сол жағын басу арқылы аспапты және модификаторды таңдаймыз.

Аспапқа тышқанның көрсеткішін алып барып, оның неге тағайындалғанын анықтаймыз.

Линия (Line) аспабы. Қолдану мысалы

Flash-ті нақты мысал арқылы үйрену үшін жаңа файыл ашамыз. Оны әр түрлі әдіспен жасауға болдаы:

  • Бас мәзірден тізбектелген келесі қадамды орындаймыз File (Файл) - New (Новый) - вкладка General - Flash Document

  • Ctrl+N батырмасын басыңыз (пернетақтадан Control батырмасын басып тұрып сәйкес әріптің батырмасын басыңыз)

  • Негізгі командалар тақтасы .

Құрал саймандар тақтасынан Линия (Line) аспабын таңдаңыз, тышқанның сол жағын басу арқылы.

Сол жерде түсін беріңіз ( Colors бөлімінде): Түс сызығы мадификаторына тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз, пайда болған палитрадан кез келген түсті таңдаңыз.

Егер сізге түстердің көп түрлілігі керек болса Палитра кнопкасын басыңыз және жаңа диалогты терезеден түсті немесе оның сандық көрінісін бересіз.

Басқа сызықтың параметрлерын қолджану үшін Properties тақтасын қолданыңыз (экранның төменгі бөлігінде), Бас мәзірден келесі тізбектелген командаларды таңдау арқылы ашуға болады. Window (Окно) - Properties (Свойства)немесе Ctrl+F3 батырмасы арқылы.

Стиль штриха (Stroke Style) модификаторы жалпақ тегіс емес сызық болады, ол үшін Properties тақтасының екінші редакциялау өрісіне ↓ батырмасын басу қажет.

Custom батырмасын басу арқылы Stroke Style диалогты терезесі пайда болды, форма өрісінен әртүрлі параметрлерді таңдау арқылы сызықтың жаңа типін қараструға болдаы. Егер OK-ді бассақ сызық түрлерінің тізіміне жаңа түр қосылыды. Көңіл аударыңыз, Stroke Style тақтасының құрамы таңдаған сызық түріне қарай ауысып отырады.

Толщина линии модификаторы қалыңдықты өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін осы модификаторда ↓ -батырмасын басу арқылы пайда болған қалыптастырғыштан сызықтың қалыңдығын өзгертуге болады. Екінші әдіс Толщина Линия өрісінен сандық параметрды қолдан енгізу арқылы беруге болады.

Цвет линии қасиетін құрал-саймандар тақтасынан ғана емес Properties тақтасынанда өзгертуге болады. түсінің модификаторына тышқанның сол жағын басу арқылы түстік палитры пайда болады, Web немесе градиент түсінің 216 түрінің біреуін таңдауға болады.

Ескерту: Егер Shift батырмасын басу арқылы сызықты сызатын болсақ сізде қатаң горизонтальды, вертикальды және 45 градус бұрышпен түзу сызық пайда болады.

Тапсырма: Берілген материялды игеру үшін кез келген сызықтар параметрлерін және компазициясын беріңіз. Модификатор аспабы мен әртүрлі суреттер салыңыз.

сурет. 1

 

.

 Зертханалық жұмыс 14-2.

Желідегі вирустардың түрлері. Вирусқа қарсы программалар.

Far вирусқа қарсы программасымен жұмыс істеу.

  1. Компьютерлік вирус деген не?

  2. Вирус программалары қандай тілде жазылады?

  3. Вирустарды қандай топтарға бөлуге болады?

  4. Файлдық вирус деген не?

  5. Компьютерлік вирустар қандай зиян шектіре алады?

  6. Макровирустар қайда кездеседі?

  7. Брандмауэрдің атқаратын қызметі қандай?

  8. Қандай антивирустық программалар бар?

  9. Жергілікті есептеу желісі дегеніміз не?

  10. Компьютерлердің жергілікті желіге бірігуі қандай мүмкіндіктер береді?

  11. Жергілікті желілерде ақпаратты тарату жылдамдығы қандай?

  12. Жергілікті желі топологиясы дегеніміз не?

  13. Жергілікті желілердің қандай типтері мен конфигурациялары бар?

  14. Жергілікті желіде кабельдердің қандай типтері пайдаланылады?

  15. Иерархиялық жергілікті желінің біртекті желіден айырмашылығы қандай?