Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.17 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс 13-1. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры. Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.

Криптоталдау: ауыстыру шифры.

Біралфавитті әдіс

Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда ең көне әдіс. Бұл әдістің негізінде: шифрланған құжатты алдын ала жіберуші мен алушы алфавиттегі әріптердің бекітілген орнының ауысуын келісіп алу керек. Мысалы, ауысу 1-ге тең болса, онда “A” әріпі “Б”-ға тең, “Б”-“В”, солай алфавит біткенде тізімнің басындағы бірінші әріп алынады. Мысалы, “Код” сөзінен “Лпе” шифрланған сөзі алынады.

Бұл әдіс Цезар шифры деп аталады. Кез-келген шифрлау бір алфавитты әдіс класынан алынған Цезар шифры бола алмайды. Бұндай әдіспен дешифрлау оңай. Статистикалық қасиетінің негізінде ашық және мәтіннің шифрлау бірдей статистикалық мінездемеге ие.

Жоғарыда көрсетілген бір алфавитты әдістің екі нұсқасы көрсетілген: нақты ауыстыру және еркін ауыстыру.

Цезар шифры

Цезар шифрының кестесі

А → г

Б → д

В → е

Г → ж

Д → з

Е → и

Ж → й

З → к

И → л

Й → м

К → н

Л → о

М → п

Н → р

О → с

П → т

Р → у

С→ф

Т → х

У → ц

Ф → ч

Х → ш

Ц → щ

Ч → ъ

Ш → ы

Щ → ь

Ъ → э

Ы → ю

Ь → я

Э → _

Ю → а

Я → б

_ → в

Тапсырма(криптоталдау):

  1. «ПЧСЯГСЙГЕЯПТГЖМИСТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  2. «Информатика» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  3. «Технология» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  4. «Информатика» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 2-ге тең болсын.

  5. «Информация» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 3-ге тең болсын.

  6. «ХАБАРЛАМА» хабарламасына киптоталдау жүргізу, орын ауысуы 1-ге тең болсын.

  7. «ЭКОЛОГИЯ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  8. «КОМПЬЮТЕР» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  9. «ФОНОТЕКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  10. «МЕХАНИКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  11. «МАТЕМАТИКА» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  12. «ИНТЕРНЕТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  13. «НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  14. «СИСТЕМНЫЙ БЛОК» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

  15. «КОМПЬЮТЕРНЫЙ КЛАСС» хабарламаға киптоталдау жүргізу, Цезар шифрын қолдану арқылы.

Тақырып: Көпалфавитті шифр. Плейфейр шифры.

Мақсаты - дешифрлеу механизмі, Плейфейр матрицасы, символдарды қайта қою, ауыстыру шифры әдісін үйрену.

Плейфейр шифрының негізі хабарлама кез-келген ретпен орналасқан әріптерден тұратын кестеден шифрланып алынады Оның негізгі қадамдары:

1 қадам. Хабарлама екі әріпке (биграммаларға) бөлінеді. Мәтін көлемі жұп саннан тұрады, онда биграмма бірдей әріптерден тұрмауы қажет.

2 қадам. Егер биграмма бір бағанда, қатарда тұрмаса биграмманың екінші әріпін төртбұрыштың қарсы бұрышынан іздейді.

3 қадам. Егер биграмманың екі әріпі кестенің бағанында орналасса, онда одан төменгі әріп алынады. Егер биграмма төменгі жақта болса, сол қатардың басындағы бірінші әріп алынады.

4 қадам. Егер биграмма кестенің қатарында орналасса, биграмма әріпінің оң жағындағы әріпі алынады. Егер әріп қатардың соңында орналасса, онда сол қатардың бірінші әріпін алады.

Плейфейр шифрының кестесі

Зертханалық жұмыстың орындалу жолы

ВСЕ ТАЙНОЕ СТАНЕТ ЯВНЫМ - хабарлама

ВС ЕТ АЙ НО ЕС ТА НЕ ТЯ ВН ЫМ - биграммаға бөлінген

ГП ДУ ОВ ДЛ НУ ПД ДР ЦЫ ГА ЧТ - шифрланған текст

Дешифрленгенде кері әдіс қолданылады.

Тапсырма: Биграммаларға бөлу, шифрлеу, дешифрлеу.

  1. Информация

  2. Механика-математика

  3. Убпоргвл-пбудпбфжвл

  4. әл – фараби

  5. лето, зима

Зертханалық жұмыс 13-2.