- •Зертханалық жұмыс
- •Блок-схема (блок-схема элементтері, блок типтері).
- •Тапсырмалар
- •X, y, z берілген. A және b есептеңіздер.
- •X, y, z берілген. A және b есептеңіздер.
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Логикалық есептермен Prolog программалық ортада жұмыс жасау. Жасанды интеллект үшін Prolog – та программа құру.
- •Логикалық амалдар. Логика, логикалық байланыстар және ақиқаттылық кестелер негіздері. Логикалық тұжырымдау принциптері. Логикалық амалдармен жұмыс істеу.
- •Visual Prolog программасы
- •Зертханалық жұмыс 3-1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
- •Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Зертханалық жұмыс 4-2. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс 5-1. Әр түрлі операциялық жүйемен жұмыс. Windows-ты баптау. Файлдық жүйелердің құрылымы.Обьектілермен жұмыстың түрлері. Программаны іске қосу. Windows ож.
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Зертханалық жұмыс 6 -1. Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Қолданбалы программалар пакетіндегі қосымшалармен жұмыс.
- •Жаңадан құжат дайындау және сақтау
- •Құжатты жабу
- •Құжатты форматтау мүмкіндіктері
- •Кесте менюін пайдалану
- •2. Экранда Гиперсәлтемені кірістіру (Добавление гиперссылки) терезесі (2 сурет) пайда болады. Осы жерде сілтеме жасайтын объектіні, басқаша айтқанда қапшықты анықтап, ондағы файылды ерекшелеңіз.
- •Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Электрондық оқытуда KazNu сайтында univer жүйесімен жұмыс. Іздеу жүйелерінен ақпарат іздеу.
- •Электронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар. «e-Learning» ортасының негізгі компоненттері.
- •Зертханалық жұмыс 8-1. Си тілінде сызықты және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалау.
- •Зертханалық жұмыс 8-2.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Кітапті құру. Беттермен жұмыс. Функцияларды және формулаларды қолдану. Кестелерді біріктіру.
- •Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Жобалаушы. Есеп беру шебері. Автоесеп беру.
- •Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Зертханалық жұмыс 11-1 . Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу. Internet Explorer броузерді баптау және танысу.Кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеу. Іздеу технологиясын қолдану.
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Зертханалық жұмыс 12-1. Html гипермәтіндік тілінің анықтамасы. Форматтар түрлері. Гиперсілтеме және фреймдерді құру. Кестелерді және формаларды құру. Браузер өрістерін баптау.
- •1. Төмендегi берiлген кесте бойынша программаны жаз және қандай тэгалар мен атрибуттар қолданғаныңды түсiндiр.
- •2. Төмендегi берiлген программа үзiндiсiн толықтырып жаз:
- •3. Төмендегi берiлген үлгi бойынша берiлген кестеге программа жаз және оның тақырыбын ортаға туралап қой.
- •Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
- •Зертханалық жұмыс 13-1. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры. Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.
- •Есептерді шешу техноглогиясы. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры.Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.
- •Пролог программалау тілі. Тілдің қысқаша анықтамаасы. Логикалық есептерді шешу.
- •Лабораториялық жұмыстың құрамы және оған әдістемелік түсініктеме
- •Зертханалық жұмыс 15-1 .Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.
- •Зертханалық жұмыс 15-2.
Толық кестелер. Баспаға шығару
Толық кестелер мәліметтер базасында сақталатын информацияны жинақтауға (біріктіруге, өңдеуге) негізделген. Сонымен бірге толық кестелер кестелік мәліметтерді екі және үш өлшемді кесте ретінде бейнелейді.
Толық кестелер көмегімен кез келген дәрежедегі талдаумен аралық нәтижелерді шығаруға болады.
Толық кестені: Сводная таблица может быть создана на основании данных находящихся:
тізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасындағы мәндер;
сыртқы мәліметтер көзі;
бірнеше біріктіру диапазоны;
басқа толық кестедегі мәндер негізінде жасауға болады.
Ә
р
толық кесте 4 аймақтан тұрады: парақ,
жол, бағана, мәліметтер.
8.1-сурет
Сонымен бірге толық кестеде мәліметтер базасындағы өрістерге сәйкес батырмалар бар. Батырмалар толық кесте макетінің жанында немесе аспаптар тақтасында орналасқан. Қажет толық кестені жасау үшін өріс аттары жазылған батырмалардың керегін сйкес аймаққа тасмалдау керек. Аймақтардың атқаратын қызметі төмендегідей:
Жол (Cтрока). Бұл аймаққа орналасқан өрістердің ерекше (уникальные) мәндері толық кесте жолының тақырыбы ретінде қолданылады. Егер бұл аймаққа бір ғана өріс орналасса, онда толық кестедегі жолдар саны осы өрістің ерекше мәндерінің санына тең (нәтижені санамағанда).
Бағана (Столбец). Бұл аймаққа орналасқан өрістердің ерекше (уникальные) мәндері толық кесте бағанасының тақырыбы ретінде қолданылады. Егер бұл аймаққа бір ғана өріс орналасса, онда толық кестедегі бағаналар саны осы өрістің ерекше мәндерінің санына тең (нәтижені санамағанда).
Мәліметтер (Данные). Бұл аймаққа орналасқан өріс мәндері толық кесте ұяшықтарын нәтижелік мәліметтермен толықтыру үшін қолданылады (қосынды, санақ, орта мәнді есептеу және т.б.).
Парақ (Страница). Бұл аймаққа орналасқан өрістердің ерекше мәндері және Бәрі (Все) элементі ашылатын тізім жасау үшін пайдаланылады. Парақ өрісінде әр тізімнен тек бір ғана мән таңдауға болады. Мәліметтер аймағында таңдап алынған мән үшін нәтижелік мәліметтер бейнеленеді. Толық кестенің бұл элементі кестені үш өлшемде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Тапсырма 1 Төмендегі кесте негізінде өнімдердің әр түрін, түрлі атқарушылардың әр ай сайын бір регионда сатуынан түскен пайданы көрсететін кесте тұрғызу керек.
-
Менеджер
АЙ
Өнімдер
КІРІС
ШЫҒЫС
ПАЙДА
Регион
Арынов
Қаңтар
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Арынов
Ақпан
Ет
100,00
50,00
Ресей
Арынов
Ақпан
Ет
100,00
50,00
Ресей
Арынов
Сәуір
Ет
100,00
50,00
Ресей
Арынов
Сәуір
Ет
100,00
50,00
Ресей
Бейсенұлы
Қаңтар
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Бейсенұлы
Ақпан
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Бейсенұлы
Ақпан
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Бейсенұлы
Сәуір
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Бейсенұлы
Сәуір
Ет
100,00
50,00
СНГ елдері
Кәрімов
Мамыр
Балық
100,00
50,00
СНГ елдері
Кәрімов
Қаңтар
Балық
100,00
50,00
Ресей
Арынов
Ақпан
Балық
100,00
50,00
Ресей
Арынов
Наурыз
Сүт
200,00
20,00
Ресей
Бейсенұлы
Наурыз
Сүт
300,00
30,00
СНГ елдері
Кәрімов
Наурыз
Сүт
150,00
100,00
СНГ елдері
Әдістемелік нұсқау
Берілген кестені теріп қалауыңызша безендіріңіз.
“Пайда” (Прибыль) өрісінің мәнін формула көмегімен есептеп шығыңыз.
Курсорды кестенің кез келген ұясына қойып Мәндер – Толық кесте (Данные –Сводная таблица) командасын орындаңыз.
Ашылған сұхбат терезесіндеТізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасында (В списке или базе данных Microsoft Excel) жалаушасын орнатыңыз.
Кесте орналасқан диапозонды көрсетіңіз. Егер тізім дұрыс жасалған болса диапазон автоматты түрде белгіленеді.
“Өнім” және “Менеджер” батырмаларын “Жол” («Строка») аймағына тасмалдаңыз. Алдымен “Өнім” батырмасын, сонан кейін “Менеджер” батырмасын тасмалдаңыз. Себебі “Менеджер” өрісі “Өнім” өрісіне қатысты кіріктірілген (вложенный). “Бағана” («Столбец») аймағына “Ай” батырмасын және “Парақ” аймағына “Регион” батырмасын орналастырыңыз. “Мәліметтер” аймағына “Пайда” батырмасын орналастырыңыз.
Толық кесте орналасатын орынды таңдаңыз.
Жасалған толық кесте төмендегідей болады:
8.2-сурет
Баспаға шығарылатын мәтінді алдын ала көру.
8.3-сурет
Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасқанын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Алдын ала көру режіміне көшу үшін стандартты саймандар тақтасындағы Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасына шерту қажет. Бұл режимде құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуға, экранда беттерді үлкейтуге және кішірейтуге, құжат мәтініне өзгертулер енгізуге болады.
Бұл режимде құжаттың бiр немесе бiрден бiрнеше беттерiн кiшiрейтiлген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтiнге өзгерiстер енгiзуге болады. Мұнда құжаттың бiрнеше беттерiн көру барысында мәтiндi оқу немесе жеке графикалық элементтердi айқын Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) командасын бейнелеу мүмкiн емес. Алайда элементтердiң өзара орналасуы жайлы толық мәлiмет алып, төменгi сiлтеме қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру батырмасын шертемiз.
“Алдын ала көру” саймандар тақтасының батырмалары:
Масштаб - Құжат бейнесiнiң масштабын экранда өзгертедi.
Баспаға шығу - “Баспаға шығу” сұхбат терезесiнде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жiбередi
8.4- сурет
Бет (старница)- шығарылатын беттің параметрі, алдын ала көруі, қағаздың мөлшері толығымен қарастыралады.
8.5-сурет
Құжатты баспаға шығару
Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшiн:
1. Қажеттi құжат экранға шығарылады (ашылады);
2. Файл - Баспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады.
3. Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.
Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Тапсырмалар тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Соның нәтижесiнде, экранға шыққан сұхбат терезесi арқылы Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау (Документ-Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
8.6-сурет
Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн Принтер-Жабу (Принтер-Закрыть) командасын орындаймыз.
Баспаға құжаттың бiрнеше көшiрмесiн шығару үшін Файл - Баспаға шығару командасын орындап, “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелердiң саны (число копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз.
Зертханалық жұмыс 10-1 . ДҚБЖ кесте, пішін, сұраныс және есеп құру. Базалық кестені құру. Кестеаралық байланыс. Айқастырылған және параметрлік сұранысты құру.Таңдамалы сұраныс.
Базалық кестені құру. Кестеаралық байланыс. Айқастырылған және параметрлік сұранысты құру.Таңдамалы сұраныс.
Мәліметтер қорын құру және өңдеу. Сұрау. Таңдамаға сұранысты құру .
Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.
Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгелен аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.
Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.
Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертсеңіз, сонда үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.
Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.
Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.
Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500 – ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.
Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.
‡лгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде – бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыздар.
Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Acceess программасын жабыңыз.
Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.
Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.
Алынған мәліметтерді қарап шығу .
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.
Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы, Түсі өрістері секілді).
Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.
Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу).
Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .
Бастапқы кесте үшін “Жазбаларды санау” (“Подсчет записей”) қатарына жалауша қойып қорытынды сұраныс құру қажет.
Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.
Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.
Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп сұрыпталатындай етіп орналастыру.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін көрсету.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін, ал Маркасы өрісі үшін “Жигули” мәнін көрсету.
Сұраныс сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
Тапсырма 4
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді таңдау.
Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетір шығу.
¤рістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
Параметрлі сұраныс құру
Сұрыптау шарты қалай жүмыс істейтінін біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 тенгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, оны қолданушы бағасы 100 тенгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.
Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін өзі енгізуге мүмкіншілік туғызады.
Кітаптарды іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.
1. Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.
Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру таңбашасына екі рет шертсеңіз, үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.
Оқулықтар кестесіне негізделген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
бағасы мәтіндік
баспасы мәтіндік
2. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (условия отбора) жолын толтыру кажет..
Қолданушының назарыны арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет.
Егер біз бағалары 400 ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе > 400 деп жазар едік. Егер бағасы100 тенгеден арзан кітаптар қажет болса, онда < 100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берсек, онда < [ең жоғарғы бағаны енгіз] деп жазуымыз қажет.
3. Сұраныс (запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны Оқулықтарды таңдау деген тапен сақтап қойыңыз.
4. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (В ведите значение параметра) деген жазуы бар терезе ашылады.
5. ¤зіңіз қалаған мәнді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз.
Оұулықтар кестесіндегі енгізілген мәтіндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.
Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Miсrosoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.
Кез келген бір сандық өріске ІN операторын қолданып, Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізу, мысалы, IN (50, 100, 150). ¤рнектерді құру кезінде Құрастырушыны (Построитель) қолдану.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
IN операторының көмегімен жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
Бірнеше кестелерді байланыстырып, тағы да осындай сұраныс жасау.
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құруға кесте таңдау және керекті өрістердің барлығын белгілеу.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Есептелінетін өрісті өзгерте отырып және бірнеше өзара байланысқан кестелерді пайдаланып, осындай әрекеттердің бірнешеуін орындау.
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.
Кестеден жазбаларды таңдау критерийлерін жұмыс барысында тұтынушының өзі сұхбаттасу терезесінде енгізетіндей етіп, сұраныс құру.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Критерий енгізілетін өрісті өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап шығу.
¤зара байланысқан бірнеше кестелерді пайдалана отырып, жазбаларды таңдау критерийлерін тікелей енгізу әрекеттерін қайталап орындап шығу.
Тапсырма 4
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимін таңдау.
Кез келген бір екі өрісінде қайталанып келетін мәндері бар кестелерді таңдау (мысалы, Маркасы, Түсі өрістері).
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Егер сұхбаттасудың 4-қадамында “Әрбір қатарға қорытынды мән есептеу керек пе? Иә” жалаушасы белгіленген болса, онда сұраныстан алынған мәліметтерде “Қорытынды мән” графасы болады. Осы жалаушаны іске қосып немесе алып тастай отырып, айқасқан сұраныстар жасау процесін бірнеше рет қайталау қажет. Сонымен қатар есептеу түрін де өзгерту қажет, мысалы, жалпы қосынды емес, орташа мәнді, максимумды, минимумды, т.б. есептеу керек.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Есептеудің бірнеше түрлерін қолданып, осы әрекеттерді басқа кестелер үшін де орындау керек.
Тапсырма 5
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Бағынышты емес жазбалар (Записи без подчинения) режиміне кіру.
Осы сұранысты құру кезінде қандай кестелермен жұмыс істеу керектігін, оның қайсысы негізгі, қайсысы бағынышты екендігін анықтау керек.
Әр түрлі кестелер үшін бірнеше рет сұраныстар жасау.
Алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеріп, керек болған жағдайда кестелердегі мәліметтерді түзету қажет.
Тапсырма 6
Мәліметтер базасы терезесіндегі Сұраныстар (Запросы) парақшасына кіру.
Сұраныс (Запрос) менюін және саймандар тақтасының батырмаларын қолдана отырып, кез келген бір кестеге сұраныс құру.
Сұраныс (Запрос) менюінің барлық мүмкіндіктерін зерттеп шығу.
Сұраныстарды құру кезінде қолданылатын саймандар тақтасындағы батырмалардың мүмкіндіктерімен танысып шығу.
Сұраныстарды сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Қорытынды сұраныс дайындау
Оқулықтар кестесіне кітапханадағы барлық оқулықтардың параметрлерін енгізе отырып түгел толықтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемін және орташа бағасын білуге болады. Қандай да бір сандық өрістің барлық жазбаларына қолданылатын есептеулерді қорытынды сұраныс дейді. Қорытынды сұраныста өрістің барлық ұяшықтары бойынша орта мәннің шамасы мен мәндерінің қосындысын есептеуге, өрістегі мәліметтердің ең үлкен немесе ең кіші мәндерін табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдаммалы сұраныстар сияқты үлгі бойынша сұраныс бланкісінің көмегімен дайындалады.
Айталық, кітіпханада оқулықтың үш категориясы: экономикалық, заң және техникалық болсын. Біздің мақсатымыз - әрбір категориядағы әдебиеттің орташа бағасын анықтайтын қорытынды есепті шығару.
Microsoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access.)
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып қосқышын қосып, бұрын даярланған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз да, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесіндегі Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесін таңдаңыз.
Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестені жобалау режімінде ашыңыз – мұнда біз әрбір кітап қай категорияға жататыны туралы мәліметтер сақталынатын қосымша Категория өрісін құра аламыз.
Кестенің құрылымының басына жаңа өріс енгізіңіз. Ол үшін бірінші өрісті (Кітаптың аты) ерекшелеп алып, INSERT батырмасын басыңыз.
Жаңа өрістің атын енгізіңіз – Категория және оның типін анықтаңыз – мәтіндік.
Конструктор терезесін жабыңыз. Жабар алдында, кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігін құптаңыз.
Оқулықтар кестесін ашып, оның әрбір категориясын мазмұнды мәліметтермен толтырыңыз. Әрбір категориядағы басылымдардың бағасын еркіңізше қойыңыз. Кестенің басқа өрістерін толтырмай-ақ қоюыңызға болады, өйткені олар қорытынды есептеулерді жүргізгенде қатыспайды.
Оқулықтар кестесін жабыңыз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз.
Конструктор режіміндегі сұранысты құру белгісін екі рет шертіңіз. Ашылған Кестелерді қосу (Добавление таблицы) терезесінен Оқулықтар кестесін таңдаңыз, соның негізінде қортынды сұраныс дайындалды. Кестелерді қосу терезесін жабыңыз.
Оқулықтар кестесінің үлгі бойынша сұраныс бланкісіне келесі өрістерді енгізіңіз. Категория, Кітаптың аты және Бағасы.
Бағасы өрісі үшін өсуі бойынша сүрыптауды қосыңыз.
Microsoft Access аспаптар панелінен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид → Групповые операции) қолданыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігінде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшін іріктелініп алынған барлық өрістердің осы жолына Топтау (Группировка) мәні енгізіледі.
Топтау жүргізілген өріс үшін (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) жолында Топтау мәнін қалдырыңыз. Басқа өрістердің осы жолына қорытынды функцияларды енгізуге болады. Ол үшін осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тізімді алуға болады. Соның ішінен осы өрістегі мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.
Бағасы өрісіне басылымдардың орта құнын анықтап беретін Avg қорытынды функциянын енгізіңіз.
Кітаптың аты өрісіне Count қорытынды функциянын тағайындаңыз. Count функциясы - топқа кіретін жалпы жазбалар санын анықтайды.
‡лгі бойынша сұраныс бланкісін жауып, оны Кітаптардың орта құны деген атпен сақтап қойыңыз. Дайын болған сұранысты іске қосып, дұрыстығын тексеріп көріңіз.
Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Acces программасын жабыңыз.
