
- •Зертханалық жұмыс
- •Блок-схема (блок-схема элементтері, блок типтері).
- •Тапсырмалар
- •X, y, z берілген. A және b есептеңіздер.
- •X, y, z берілген. A және b есептеңіздер.
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Логикалық есептермен Prolog программалық ортада жұмыс жасау. Жасанды интеллект үшін Prolog – та программа құру.
- •Логикалық амалдар. Логика, логикалық байланыстар және ақиқаттылық кестелер негіздері. Логикалық тұжырымдау принциптері. Логикалық амалдармен жұмыс істеу.
- •Visual Prolog программасы
- •Зертханалық жұмыс 3-1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
- •Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Зертханалық жұмыс 4-2. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс 5-1. Әр түрлі операциялық жүйемен жұмыс. Windows-ты баптау. Файлдық жүйелердің құрылымы.Обьектілермен жұмыстың түрлері. Программаны іске қосу. Windows ож.
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Зертханалық жұмыс 6 -1. Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Қолданбалы программалар пакетіндегі қосымшалармен жұмыс.
- •Жаңадан құжат дайындау және сақтау
- •Құжатты жабу
- •Құжатты форматтау мүмкіндіктері
- •Кесте менюін пайдалану
- •2. Экранда Гиперсәлтемені кірістіру (Добавление гиперссылки) терезесі (2 сурет) пайда болады. Осы жерде сілтеме жасайтын объектіні, басқаша айтқанда қапшықты анықтап, ондағы файылды ерекшелеңіз.
- •Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Электрондық оқытуда KazNu сайтында univer жүйесімен жұмыс. Іздеу жүйелерінен ақпарат іздеу.
- •Электронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар. «e-Learning» ортасының негізгі компоненттері.
- •Зертханалық жұмыс 8-1. Си тілінде сызықты және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалау.
- •Зертханалық жұмыс 8-2.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Кітапті құру. Беттермен жұмыс. Функцияларды және формулаларды қолдану. Кестелерді біріктіру.
- •Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Жобалаушы. Есеп беру шебері. Автоесеп беру.
- •Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Зертханалық жұмыс 11-1 . Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу. Internet Explorer броузерді баптау және танысу.Кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеу. Іздеу технологиясын қолдану.
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Зертханалық жұмыс 12-1. Html гипермәтіндік тілінің анықтамасы. Форматтар түрлері. Гиперсілтеме және фреймдерді құру. Кестелерді және формаларды құру. Браузер өрістерін баптау.
- •1. Төмендегi берiлген кесте бойынша программаны жаз және қандай тэгалар мен атрибуттар қолданғаныңды түсiндiр.
- •2. Төмендегi берiлген программа үзiндiсiн толықтырып жаз:
- •3. Төмендегi берiлген үлгi бойынша берiлген кестеге программа жаз және оның тақырыбын ортаға туралап қой.
- •Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
- •Зертханалық жұмыс 13-1. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры. Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.
- •Есептерді шешу техноглогиясы. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры.Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.
- •Пролог программалау тілі. Тілдің қысқаша анықтамаасы. Логикалық есептерді шешу.
- •Лабораториялық жұмыстың құрамы және оған әдістемелік түсініктеме
- •Зертханалық жұмыс 15-1 .Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.
- •Зертханалық жұмыс 15-2.
4 Сурет. Запись макроса терезесі
Құрамды әмірді пайдалану. Құрамды әмір белгілінген нысанын әмірін орындау үшін: құрал-саймандар панеләндегі батырманы сырт еткізіңіз немесе пернелер тіркесін теріңіз. Кез келген құрамды әмірді Құралдар =>Құрамды әмір => Құрамды әмір (Сервис => Макрос => =>Макросы(Alt+F8)) менюі командасын орындауға болады. Құрамды әмір (Макросы) терезесінде (5 сурет) макростың атауын таңдап, Жегу (Выполнить) Батырмасын сырт еткізіңіз. Осы жерде батырмалардың көмегімен: Жөндеу ақпараты (Отладка) - Visual Basic редакторында құрамды әмірді редакциялау, Жою (Удалить)- ерекшеленген құрамды әмірді жою.
Зертханалық жұмыс 7-1 .
Электрондық оқытуда KazNu сайтында univer жүйесімен жұмыс. Іздеу жүйелерінен ақпарат іздеу.
Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:
Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:
Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.
Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:
1. Қашықтықтықтан оқыту курстары түріндегі әлектрондық библиотекаға материалдар базасын жасау және жинақтау;
2. Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтықтықтық курстар, әлектрондық кітапханалар);
3. оқу процесін ұйымдастыру;
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттыруды ұйымдастыруда оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін.
Бір деңгейлі модель
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі |
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары |
Қашықтықтықтан оқытудың тыңдаушылары |
Қажет алғы шарттары: - оқытушылар, тьюторлар, координаторлар; - компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары; - әлектрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту курстары. |
Қажет алғы шарттары: -кейс-технологиясын қолдануда CD жеткізу каналы; телефон байланысы; Интернетке шығудың мүмкіндігі;
|
Қажет алғы шарттары: - компьютерлер; - кейс-технологиясын қолдануға байланыс каналы; - әлектрондық почта; - телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN);
|
Бір деңгейлі модельді мына жағдайларда қолдануға болады:
- тыңдаушылар тұратын аудандарда қашықтықтықтан оқытудың бөлімін орналастыруға мүмкіндік жоқ;
- белгілі бір курс бойынша бір топтың тыңдаушылары облыстың әр түрлі аудандарында тұрады;
- белгілі бір аудан бойынша тыңдаушылар саны өте аз.
Бұл модельде тыңдаушыға оқу мерзімін өзі анықтауға мүмкіндік беріледі.
Бұл модельдің кемшіліктері:
- оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жоқ;
- оқытушының кеңесі телефон арқылы алынады;
- тыңдаушының техникалық мүмкіндіктері болмаса, оқу мүмкін емес.
Екі деңгейлі модель
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі |
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары |
Жергілікті жер-лердегі қашықтық-тықтан оқытуды қолдайтын орталықтар |
Қашықтықтықтан оқытудың тыңдаушылары |
Қажет алғы шарттары: - оқытушылар, тьюторлар, координаторлар; - компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шы-ғу құралдары; - электрондық тасымалдаушы-ларда жазылған қашықтықтық-тан оқыту курстары. |
Қажет алғы шарттары: -кейс-техноло-гиясын қолда-нуда CD жет-кізу каналы-ның, телефон байланысының, Интернетке шығудың болуы;
|
Қажет алғы шарттары: - оқытушылар, тьюторлар, координаторлар; - компьютерлер; - кейс-технологи-ясына-электрон-дық пошта, желі-лік технологияға- Интернет байла-нысы, -телекоммуника-циялық техноло-гияға- цифрлық байланыс каналы (ISDN);
|
Қажет алғы шарттары: - компьютерлер; - байланыс каналдары: кейс-технологияға - электрондық почта; желілік техноло-гияға- Интернет байланысы, -телекоммуника-циялық техноло-гияға- цифрлық байланыс каналы (ISDN);
|
Екі деңгейлі модельде білімді көтеру мекемелерінің жергілікті жерлерде филиалдары болу қажет. Мысалы, аудандық әдістемелік кабинеттерде ашуға болады.
Бұл модельді ұйымдастырудың әр түрлі нұсқалары бар: Тьютор негізгі білім мекемесінде немесе филиалда болуы мүмкін. Оқушы өз компьютерін немесе филиалдың компьютерін пайдалануына болады. Курс кезінде оқуды бір мұғалім немесе бірнеше тьютор қамтамасыз етеді.
Екі деңгейлі модельдің артықшылықтары:
- оқушы оқу бойынша кеңесті жергілікті жерде ала алады;
- барлық оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жасайды;
- оқушы филиалдағы техникалық құралдарды пайдалана алады;
- бір уақытта үлкен аумақ пен көп тыңдаушыларды қамтуға болады, «бір мұғалім-тьюторлар филиалда» схемасы бойынша.
Зертханалық жұмыс 7-2 .