Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать

10.1 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: HTML гипермәтінді белгілеу тілі, оның атқаратын қызметі

Зертханалық жұмыстың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену.

Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.

HTML-құжат – бұл аты.htm қосымшасы бар, қарапайым мәтіндік құжат. Мына, HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:

<html>

<head> Менің алғашқы парағым

<tіtle>

1-ші мысал

</tіtle>

</head>

<body>

<H1>

Сәлем!

</H1>

Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.

<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады,

олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де

өзгертетін мүмкіндіктер бар.

</P>

</body>

</html>

Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискіде сақтау керек. Сонда оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын түрге айналады.

Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта ашып, оларды түрлендіріп көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрінде (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файл­дың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасын­дағы осы командаға сәйкес батырманы басса болғаны.

Сонымен кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, оны .htm (* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.

Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Сондықтан біздің мысалымыз мынадай түрде де жазылуы мүмкін:

<html>

<head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle>

</head>

<body> <H1> Сәлем! </H1>

<P> Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.</P>

<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп

типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер

орналастыруға да болады. </P>

</body>

</html>

Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі

Сәлем!

Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.

Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.

Тапсырмалар

Жоғарыда айтылғандарды пайдаланып:

  1. Студенттік кеңестің кезекті мәжілісі болатындығы жайлы хабарлама жазыңыз. Сол құжаттың нәтижесін Іnternet Explorer-де көргеннен кейін, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.

  2. Топ студенттерінің тізімін жазыңыз. Нәтижесін көргеннен кейін өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.

  3. Наурыз мерекесіне байланысты, Қазақстан халқына құттықтау жазыңыз. Нәтижесін экранға шығарып, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. Тег дегеніміз не?

  2. Құжаттың басында және соңында қандай тегтер болуы тиіс?

  3. Құжаттың тақырыбы қай тегпен қоршалып тұрады?

  4. HTML сөзі нені білдіреді?

2 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: HTML-құжатын құрудың базалық негізі. HTML тілінің негізгі тегтері

Зертханалық жұмыстың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйреніп және негізгі тегтерін еркін пайдалануға дағдылану.

Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.

Бұл мысалдардағы <html> ... </html> белгілерінің (немесе ағылшынша аталуына сәйкес тегтерінің) ортасына HTML-құжаты жазылады, яғни <html> құжаттың басын, ал </html> оның аяқталғанын көрсетеді. Кейбір тегтер мәтін соңында жазылмай, тек жалқы күйде пайдаланылуы да мүмкін.

<head> ... </head> - бұл қос белгі құжат тақырыбының басын және соңын білдіреді. Бұл бөлімде құжат тақырыбынан басқа әртүрлі қызмет атқаратын мәліметтер (төмендегі <tіtle> белгісін қараңыз) жазылуы мүмкін, олар жайлы біз кейінірек айтамыз.

<tіtle> ... </tіtle>

<tіtle> және </tіtle> белгілерінің, яғни тегтерінің арасында жазылған сөздерді браузер құжаттың экранда көрсетілетін аты деп түсінеді де, ол терезе тақырыбында жазылып тұрады. Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, браузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

<body> ... </body>

Бұл қос белгі HTML-құжаттың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі.

<Р> ... </Р> немесе жалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (оқылуы “элайн”, ағылшынның “туралау” деген сөзінен) атрибуты – сипаттамасы болуы мүмкін. Мысалы:

<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>

немесе

<P ALІGN=RІGHT> Абзацты оң жақ шетке жақындатып туралау түрі </P>

Үйренгеніміздің барлығын тиянақтап, төмендегі 2 мысалды орындайық:

<html> <head> <tіtle> 2 мысал </tіtle> </head>

<body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1>

<Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2>

<Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,

<Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р>

<Р ALІGN=RІGHT> оңжақ шетке де туралауға болатындығын

білеміз.</Р>

</body>

</html>

Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі

Сәлем!

Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы

Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,

ортаға қарай немесе

оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.

Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.

Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға болатындығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.

<BR> белгісі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Өлең жазуға өте ыңғайлы. Өлеңнен мысал келтірейік:

HTML тілінде терілуі

Оның экрандағы нәтижесі

<html> <head> <title> 3 мысал</tіtle> </head>

<body>

<Н1>Өлең</Н1>

<Н2>Абай</Н2>

<Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR>

Саған құрбан мал мен бас.<BR>

Сағынғаннан сені ойлап, <BR>

Келер көзге ыстық жас.</Р>

<Р> Көзімнің қарасы,<BR>

Көңлімнің санасы. <BR>

Бітпейді іштегі,<BR>

Ғашықтық жарасы.</Р>

</body>

</html>

Өлең

Абай

Айттым сәлем, Қаламқас Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.

Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы

<HR> белгісі көлденең сызық сызады. Бұл белгінің қосымша SІZE (сызықтың пиксельмен берілген қалыңдығын анықтайды) және WІDTH (экранның еніне, сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) атрибуттары бар. 4 мысалда көлденең сызықтардың кішігірім жинағы берілген.

HTML тілінде терілуі

Оның экрандағы нәтижесі

<html>

<head>

<title> 4 мысал</title>

</head>

<body>

<H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1>

<HR SIZE=2 WIDTH=100%> <BR>

<HR SIZE=4 WIDTH=50%> <BR>

<HR SIZE=8 WIDTH=25%> <BR>

<HR SIZE=16 WIDTH=12%> <BR>

</body>

</html>

Көлденең сызықтар жиыны

Енді түрлі түсті мәтін жазып үйренейік. Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <FONT> тегін пайда­ланады. Бұл қосарланған тег, оның ашылған және жабылған тегтері арасында орналас­қан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. <FONT> тегінде қолдануға болатын SІZE=... COLOR=... FACE=... тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.

SІZE=... атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады.

COLOR=... атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED - қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF0000 – бұл да қызыл) берілуі мүмкін.

FACE=... атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні ком­пью­терде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьюте­рінде қандай қаріп­тердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті осы атрибутты көр­сетпеген дұрыс. Мысалы:

...<BODY>

Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">

үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер </FONT>

</BODY>...

Оның нәтижесі

Алдарыңызда үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тег пайдаланы­лады. Бұл тегте де жоғарыда кел­тірілген атрибуттар қолданылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім (по умолчанию) тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.

Мысалдар:

<HTML

<HEAD>

<TІTLE> Әріп түрін басқару </TІTLE>

</HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=” Kz Arіal”>

<P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.

<P> <FONT SІZE=2 FACE=”Kz Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қәріп түрі мен басқа түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

Бақылау сұрақтары

  1. <tіtle> ... </tіtle> тегтері не үшін қажет?

  2. HTML құжатының негізгі мазмұндық бөлігін қандай тег қоршап тұрады?

  3. Символдар көлемін өзгерту үшін қай тег қолданылады?

  4. Атрибут деген не?

  5. ALІGN атрибуты қай тегте және не үшін қолданылады?

  6. <P> тегі не істейді?

  7. <BR> тегі қандай қызмет атқарады?

  8. Қандай тегтерді жалғыз қолдана аламыз?

  9. <HR> тегі не істейді және оның атрибуттары қандай?

  10. <FONT> тегі не істейді және оның атрибуттары қандай?

  11. Символдар түсін өзгерту үшін не істейміз?

  12. Қаріп (шрифт) типін қалай өзгертеді?

  13. <BASEFONT> тегі не үшін керек?

  14. Символдар көлемін өзгертетін екі түрлі тег бар, олар атауы мен жазылуы қандай?

3 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қаріптерді форматтау FONT тегі. Физикалық жән логикалық стильдер

Зертханалық жұмыстың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтардағы қаріптерді форматтау және физикалық, логикалық стильдерді игеру.

Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.

Қаріптерді форматтау

HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі - мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез-келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін браузер өзі анықтайды. Мысал:

Физикалық стиль

Физикалық стиль деп қаріптің сызылымы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады.

Мысалы, <B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді, демек, символдарының тұрақты өлшемі бар.

Логикалық стильдер

Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түрде көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильдің белгілерін әр баузер әр түрі қабылдайды. Кейбір браузерлер белгілерді мүлдем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасындағы мәтін экранда жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:

<EM> – </EM> ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, демек курсив.

<STRONG> – </STRONG> ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөзінен, демек қарайтылған.

<CODE> – </CODE> бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.

<SAMP> – </SAMP> ағылшынның sample- нұсқау (образец). Экранға шығарылатын мәліметтердің нұсқауларын көрсету үшін қолданыуға ыңғайлы.

<KBD> – </KBD> ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура). Перне тақтадан енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдалануға болады.

<VAR> – </VAR> ағылшынның varіable – айнымалы (переменная). Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп курсивке ұқсайды.

Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайдаланып 1 мысалды орындайық, сонымен бірге Сіздің браузеріңіздің логикалық силь белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.