Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-9.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

5. Қабаттар

Қабат – дегеніміз бейне орналасатын калька беті немесе таспа. Компьютерлік калька өте мөлдір сондықтан оның 10 данасымен қабаттасақ та суретіміз өзгермейді. Қабаттармен жұмыс істеу үшін Қабат менюімен қатар қабаттар деп аталатын арнайы палитраны да қолдана аламыз.

ОкноПоказать слои

Фондық қабат – дегеніміз басқа қабаттардан төмен орналаса алмайтын қағаз беті.

Жаңа қабат жасау үшін менюден «Новый Слой…» пунктін таңдап немесе палитры Слои терезесінің төменгі жағында орналасқан Ақ беттің батырмасын басу керек.

Таңдалған қабатты өшіру үшін менюден «Удалить Слой» пунктін таңдаймыз немесе палитры Слои терезесінің төменгі жағында орналасқан Корзина батырмасын батырмасын басу керек.

Сәйкесінше таңдалған қабаттың атын өзгерту үшін менюден «Свойства Слоя» пунктін таңдаймыз немесе Alt батырмасын басып тұрып, қабаттың атын екі рет шертеміз де, пайда болған терезеге жаңа атау енгіземіз.

Қабатты мөлдір ету үшін сәйкес миниатюраға қарсы орналасқан Көз белгісін басамыз.

Қабаттың дубликатын жасау үшін менюден «Дубликат Слоя…» пунктін таңдаймыз немесе ерекшеленген қабатты тышқанның көмегімен палитраның төменгі жағында орналасқан жаңа қабат құру батырмасына апарамыз.

Құжатта тек бір ғана ағымдық қабат болу керек. Қабаттан қабатқа өту үшін атауларын шертеміз немесе қабат миниатюрасын таңдаймыз.

Для изменения порядка слоев используется способ перетаскивания их мышью между собой. Чем выше строка слоя в палитре, тем выше он окажется в документа.

Коллаж жасау кезінде қабатты бір құжаттан екінші құжатқа көшіру үшін алмасу буферін немесе Сдвиг құралын пайдаланамыз.

Бейне қабаттарының кез-келеген данасын бір данаға келтіруге болады. Қабатта орналасқан объектіні бейненің басқа бөліктеріне тиіспей-ақ оңай басқаруға болады. Суреттегі объектіні жылжыту Сдвиг құралы арқылы, ал оның көлемін өзгерту сияқты басқа әрекеттер Редактирование Трансформация командасы арқылы жүзеге асады:

6. Маскалар

PhotoShop та ерекшелеуді сақтау функциясы қарастырылған. Бұл сақталаған ерекшелеуді маска деп атаймыз. Масканы құжат құрамына енгізіп қана қоймай, сонымен қатар бір құжаттан бір құжатқа ауыстыруға болады.

М аска – жартылай тонды бейне. Маска құжатта қосымша Альфа канал түрінде беріледі. Каналдармен жұмыс істеу үшін Каналы палитрасы қолданылады. Сіз масканы қосқан кезде ол ерекшеленеді. Қара түспен маскіленген облыстар, ал ақпен ерекшеленген облыстар боялады.

Ерекшелеуді каналда сақтамай ақ өңдеу үшін Быстрая маска режимі қолданылады.

7.Фильтрлер.

Программада бейнелерді өңдеу үшін әртүрлі фильтрлер қолданылады. Олардың бәрі фотоны сурет бейнесіне келтіреді. Фильтрді қолданып бейненің ауытқулары мен ақауларын жойып, оны сапалық параметрлерін арттыруға болады. Әр фильтрдің өзінің қолдану аясы бар.Біреуі пейзажды өңдеуге, келесісі портреттерді өңдеуге, ал кей біреулері контрасты түстермен жұмыс істеуге арналаған.

Суреттерді ретуштау.

Суреттерді ретуштау дегеніміз майда ақауларын жою және өңін келтіру.

Суреттердің сызылған, жыртылған, ескірген сияқты ақауларын жоюға болады. Түстік балансты келтіргеннен кейін суреттің өңін келтіруге болады. Ол үшін ФильтрРезкость командасы қолданылады.

Бейненің фокусын азайту үшін және контрасын азайту үшін Размытие филтрі қолданылады.

Кіші бөліктер үшін фильтрден гөрі Резкость және Размытие құралын пайдаланған дұрыс.

Майда ақауларды жою үшін келесі команданы орындаңыз:

ФильтрШумПыль и помехи

Бұл фильтр пикселдерді жою принціпіне негізделген. Бұл фильтрлеу нәтижесінде бейненің өңі өзгереді.

Жойылған фрагменттерді қалпына келтіру және сызылғанды өшіру үшін Клонированный Штамп құралы пайдалынады. Клондау дегеніміз бейненің туынды облысын қайталау дегенді білдіреді. Клондауды бастау үшін:

  1. Клонированный Штамп құралын таңдаймыз;

  2. Опциялар панелінде қылқаламның(штамптың) қажетті көлемін қоямыз;

  3. Нұсқағышты көшірмесі жасалынатын бейне фрагментінің жоғарғы жағына қоямыз. Нұсқағыш резиналық штампқа айналады;

  4. Alt батырмасын басып тұрып, дубликаты жасалу қажет фрагментті шерту керек;

  5. Нұсқағышты дубликаттау облысына орналастырамыз;

  6. Тышқанның батырмасын басып тұрып, тышқанды жылжытамыз. Пикселдер дубликатталған жерлер ерекшеленеді.

Қосымша 2

Өзіндік жұмыс

Бақылау тапсырмалары