Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-9.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

2. AdodeFotoShop мүмкіндіктері.

Растрлық графиканы өңдеу үшін Adode компониясының FotoShop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі таңда бұл программа компьютерлік графикада стандартты болып есептеледі. FotoShop – бұл Windows 95, VT т.б. операциондық жүйе басқармасымен Macintosh және PC компьютеріне арналған профессионалды деңгейде бейне және сурет редакторы болып табылады.

Бейнелер мен суреттермен жұмыс істеу үшін FotoShop – тың негізгі мүмкіндіктері.

  • Бейнелердің режимін ауыстыру

  • Түстерді коррекциялау (өңдеу)

  • Бейненің деформациясы, қозғалысы

  • Қабаттармен (слоя) жұмыс, қабаттарды жеке – жеке редактрлеу, олардың аралығында эффекттер құру

  • Фрагменттермен жұмыс істеудің және бөлудің аса үлкен мүмкіндігі

  • Фильтрдің өте көп мөлшері

  • Сурет салуға арналған көптеген аспаптардың болуы

  • Мәтін енгізу

Әдетте, FotoShop редакторы сурет салу, стильдеу, фотомонтаж жасау, сапасыз фотосуреттерді өңдеу және өзінің бейнелерін құру болып табылады. FotoShop жаңадан бейнелерді құру мүмкіндігі болғанмен, негізгі тағайындалуы – дайын суреттерді редактрлеу болып табылады.

3.Растрлі графика файлдарының форматтары

Файл форматы дегеніміз компьютер жадында бейнені сақтау әдісі. Форматтар түрлері:

  • .psdAdobe PhotoShop программасының ішкі форматы. Ол бейнелердің барлық типтерін: ақ-қара дан түрлі-түстіге дейін қолдайды. Негізі формат шексіз қабаттардан тұруы мүмкін, ал әр қабат 24 каналдан тұрады.

  • .tiff — түстік каналдармен жұмыс істеу үшін арналған әмбебап формат. Бұл форматпен нүктелік графиканың кез-келген программасында жұмыс жасауға болады.

  • .pcx — .tiff форматының оңтайланған түрі, Paintbrush программасы үшін жасалған.

  • .bmp — Windows та жұмыс істеуге арналған формат.

  • .jpeg — нүктелік бейнелерді 5-15 есе сығып сақтауға арналған.

  • .gif — индекстелген түстен тұратын бейнелерді сипаттауға арналаған.

4. FotoShop экраны.

Жұмыс столында редактрленетін бейнелер шығатын трезелер ашылады. Әдетте, оң жақта құрал – саймандар панелі орналасқан. Экранда құрал – саймандар палитралары бар панельдер шашыраңқы орналасқан. Палитралар редактрлеу режимін құралдардың режимін таңдауға көмектеседі. Әр бір панельде бірнеше палитра болуы мүмкін, оларды өз ішінде орнын ауыстырып, қосуға, алып тастауға болады. Экранның жоғарғы бөлігінде меню қатары орналасқан, оның астында режим өзгерту панелі орналасқан (панель настроек). Бұл панелдің көмегімен таңдалған құралдың кез – келген түрлі параметрлерін таңдауға болады. Экранның төменгі жағында қалып – күй жолы орналасқан. Бұл жолда таңдалған құралдың аты және бейненің параметрлері көрсетіледі. Қалып – күй жолының сол жақ бұрышында 2 алаң бар. 1. Масштабтау, яғни, бұндабейненің белсенді терезесінің өлшемі көрсетілген. Ақпараттық алаңда бейнеге жұмсалатын жадының көлемі көрсетіледі.

Сурет 1.

Құралсаймандар панелі.

Құрал – саймандар панелі бейнелермен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Ол әрбір құралға сәйкес келетін батырмалардан тұрады. Кез келген құралды тышқанның көмегімен белсенді етуге болады. Содан кейін режимін өзгерту панелінен құралдардың параметрлерін өзгертуге болады. Егер батырманың төменгі жағында кішкентай үшбұрыш болса, онда бұл құралдың бірнеше түрі бар. Оның түрлерін көру үшін бұл батырманы біраз жібермей ұстап тұру керке. Содан кейін құралдардың тізімі ашылады. Негізгі құралдар белгінің 4 тобында біріктірілген.