Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-9.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

13

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ :” Қолданбалы программамен жабдықтау. PhotoShop”

МАҚСАТЫ: Студенттерге сапасыз бейнелерді редактрлеуді үйретумен қатар PhotоShop программасында графикалық бейнелермен жұмыс барысында түсті коорекциялаудың ретуштау (ретуширования) әдістерін үйрету.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ :

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Компьютерлік графиканың негізгі жағдайларын

  • AdodePhotoShop программасының интерфейісін

  • AdodePhotoShop программасының негізгі мүмкіндіктерін

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Компьютерлік графиканың негізгі жағдайларын

  • AdodePhotoShop программасының интерфейсін

  • PhotoShop экранын

  • Бейнелерді бөліп алу

  • Түстерді коррекциялардың негіздері

  • Түстер баланысының коррекциясы

  • Бейнелерді ретуштауды(ретуширования) үйренуі керек.

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.

Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша)

ӘДЕБИЕТ:

  1. PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадиярова Г.А. Оқу құралы. – Алматы : ЖТИ, 2004 – 40 б.

  3. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  4. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  5. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  6. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. «Компьютерлік графика» түсінігіне анықтама беріңіз?

  2. Растрлік графика дегеніміз не?

  3. Пиксель дегеніміз не?

  4. PhotoShop – та жасалған немесе өңделген графикалық бейнелер қандай форматтармен сақталады?

  5. PhotoShop – тың қабат (слой) түсінігі?

  6. Қабатты қалай құру керек?

  7. Қабаттарды редактрлеудің мүмкіндіктері

  8. Қабат үшін эффектілерді қалай қою керек?

  9. “Режим быстрой маской” деген не?

  10. Ол үшін не керек?

  11. Масканы қалай редактрлеу керек?

  12. Мәтінге суретті қалай енгізуге болады?

  13. Мәтіннің қандай параметрін өзгертуге болады?

  14. Сүзгі (фильтр) не үшін қолданылады?

  15. Суреттермен бейнелерді сақтаудың қандай форматтарын білесіз?

  16. «Штамп» құралы қалай және не үшін қолданылады?

  17. «Размытие» құралы, және параметрлері.

  18. Палитралар дегеніміз не, және палитралар панелінен қандай ақпарат алуға болады?

  19. Обьектінің шекаларын тура белгілеу үшін қандай құралдар қолданылады?

ІІІ. Өзіндік жұмысты орындау (Қосымша 2).

Компьютерлік графика.

Компьютерлік графика – аппараттық есептеуіш комплесктерді қолдана отырып, бейнелер мен суреттерді өңдеу және құру әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпараттанудың арнайы бөлімі.

Компьютерлік графика мониторда немесе сыртқы тасымалдауыштық басылымдарында адамның қабылдаудына ыңғайлы бейнелердің түрлерін және формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз қазіргі кезде материалды дүниені тану мүмкін емес. Мысалы. Медицина компьютерлік томографияны қолданады, ғылыми зерттеулер – заттың құрылысын, векторлы өрістерді және басқа да мәліметтерді визуальды көруге мүмкіндік береді, мата мен киімдерді модельдеу үшін компьютерлік графиканы қолданады.

Машиналық графиканы қолдану аясы (сферы):

  • Компьютерлік модельдеу

  • Автоматты проекциялау жүйесі

  • Компьютерлік ойындар

  • Үйрететін программалар

  • Жарнама және дизайн

  • Презентация мультимедиясы

  • Интернет

Компьютерлік графика негізінен – құрал, бірақ оынң структурасы мен әдістері қолданбалы ғылымдардың үлкен жетістіктеріне негізделген. Ол ғылымдарға: математика, физика, химия, биология, статистика, программалау және т.б. Компьютерлік графика жедел дамып келе жатқан информатиканың бір бағыты болып табылады.

Компьютерлік графиканың түрлері.

Бейне суреттің қалыптасу әдісіне байланысты компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:

  • Растрлық

  • Векторлық

  • Фрактальдық

Үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Ол виртуальды кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерінің құрылу әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Бұлар монитор экранында немесе басылымға шыққан қағаз бетінде көрінетін бейнелердің қалыптасу принциптерімен ерекшеленеді. Оның әрбір түрі белгілі бір аймақта қолданылады. Растрлық графиканы мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалған иллюстрациялар компьютерге, көбінесе сканер арқылы енгізіледі. Содан кейін арнайы программалармен графикалық редактормен өңделеді. Векторлы графика үшін программалық құралдар, керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде құрылған иллюстрацияларды құруға арналған. Негізінде векторлы графиканы қолдану жұмысты безендіру (оформлять) болып табылады. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салудан емес, программалаудан тұрады. Фрактальды графикамен жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын бейнелер инерациясы үшін қолданылады. Мысалы: оның көмегімен теледидарда заставкаларды жасауға болады.