Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физио дағды.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.16 Кб
Скачать

8. Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар.

а) Штанге сынамасы - тыныс алу кезіндегі демін тоқтату. Отырған адам екі-үш рет тереңірек дем алып, дем шығарған соң, қайтадан тыныс алу кезінде демін тоқтатады. Осы дем тоқтату ұзақтығы секундомермен белгіленеді.

Қалыпты жағдайда Штанге сынамасының ұзақтығы 40-50 с, ал шыныққан адамдарда (спорт шеберлерінде) 60 с-тан 2-2,5 мин дейін жетеді.

б) Генчи сынамасы - тыныс шығару кезіндегі демін тоқтату. Зерттелушінің тыныс шығару кезіндегі демін тоқтату ұзақтығы секундомермен анықталады. Қалыпты жағдайда Генчи сынамасының ұзақтығы 20-30 с, ал шыныққан адамдарда 30-90 с болады.

Бірнеше адамға жасалған әрекеттік сынамалар нәтижесін төмендегі кестеге енгізу керек.

Тәжірибеде алынған көрсеткіштер өзара салыстырылып, қорытынды жасалады.

Тыныстың жүйкелік және гуморалдық реттелуі.

а) Әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін тіркеу және талдау.

Пневмография әдісін қолданып, кеуденің дем алу және дем шығару кезіндегі қозғалысын, сонымен қатар тыныс жиілігі мен тереңдігінің әр түрлі жағдайдағы өзгерістерін жазып алуға болады. Сондықтан тыныс өзгерістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда пневмография әдісімен зерттеу керек:

І. Қалыпты (тыныштық) күйдегі тыныс.

2. Терең дем алып, дем шығару.

3. Сөйлеу немесе оқу кезіндегі тыныс өзгерісі.

4. Жөтелу немесе күлкі кезіндегі тыныс өзгерісі.

5. Өз еркімен дем алуды тоқтату кезіндегі өзгерістер. Жұмысты орындап болған соң жазылған пневмограмманы талдап дәптерге графикалық схемасы салынады.

б) Жүктемеден кейінгі тыныс өзгерісін тіркеу.

Зерттелушінің қалыпты жағдайдағы пневмограммасын жазып алғаннан соң, оған 30 с ішінде 20 рет отырып-тұру жүктемесін жасатады. Осы жүктемеден кейінгі тыныс өзгерістері тіркеліп, талдау жүргізіледі.

в) Тыныстың рефлекстік тежелуі.

Қалыпты пневмограмма жазу кезінде зерттелуші адамға аммиак ерітіндісімен дымқылданған тампонды иіскетеді де, сол кездегі тыныс өзгерісі тіркеледі. Тыныс өзгерісінің механизмін түсіндіру керек.

Тыныстың рефлекстік тежелуін сұйық тамақ немесе су ішкенде (жұтқанда) байқауға болады. Ол үшін қалыпты пневмограмма жазу үстінде адамға ыдысқа құйылған суды дем алу кезінде жұтқызады да, пневмограммадағы осы уақытта байқалған өзгерісті белгілейді. Осындай тәжірибені дем шығару кезінде де қайталайды. Тыныс өзгерістерінің механизмін түсіндіру керек.

10. Қанның оттегіге қанығуы

Гемоглабиннің оксигемоглабинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің максимум көбеюі ҚОС деп саналады. Бір грамм гемоглоабин 1,334 мл оттегімен әрекеттесе, Демек 1 л қанда 140г гемоглабин болса, онда оны 1,34* анықтаймыз 140*1,34 187,6мл тең

5. Терең тыныс шығару көлемін анықтау-дың ең бір кең тараған әдісі – Тиффно индексі. Бұл әдіс бойынша терең тыныс алғаннан кейін тыныс шығару кезіндегі ауа көлемін, тыныс алу жолының бірінші секундында қанша ауа ағып өткенін тіркейді. Осы көрсеткіш немесе индекс Тиффно л/с немесе про-цент арқылы жалпы өкпе сыйымдылығының мөлшерінен алады. Қалыпты жағдайда жалпы өкпе сыйымдылығының 75–85%-ы төмен болуы керек. Тиффно индексі арқылы тыныс алу еттерінің күшін, сонымен қатар өкпе паренхимасының механикалық қасиетін, өкпенің жалпы күйін, тыныс алу жолдарын, жалпы күйін бағалауға болады. Тыныс алуды реттеудің негізі – тыныс алу еттерін дұрыс басқара білу. Тыныс алуға қатысатын барлық аппараттар – диафрагма, жазылғыш және бүгілгіш еттер, соматикалық нервтер, былайша айтқанда, альфа-мото-нейрон аксондарымен реттеледі. Альфа-мотонейрондар жұлынның мойын бөлігінде С2–С5 сегменттерінде орналасады. Ал қабырға аралық еттерді жиырушы мотонейрондар жұлынның көкірек бөлігінде (Th1-Th12) орналасады.