Тыныс жүйесіндегі ауа құрамындағы газдар мөлшерін анықтау әдістері.
а) Демалудағы, демшығарудағы және өкпе көпіршіктеріндегі ауаның газ құрамын анықтап, өзара салыстыру.
Ауаны зерттеуге алу: Дем алатын ауа ретінде атмосфералық ауаның бөлігі пайдаланылады. Дем шығарудағы ауаны газқабылдағышқа (мысалы, Дуглас қабына) жинап алады да, сонан соң оның белгілі бөлігін зерттейді немесе дем шығару тікелей аспапқа (универсалды газталдағышқа) жасалып, бірден ауа құрамы анықталады. Көпіршіктегі ауа ретінде, газқабылдағышқа жиналған, дем шығару кезіндегі ауаның соңғы бөлігі алынады.
Демалу, демшығару және көпіршіктегі ауа құрамындагы оттегі мен көміртегі мөлшерін анықтау үшін газталдағыштар қолданады (Холден, Орс аспаптары). Олардың жұмысы сілтілі ортаның (КОН, NaОН) көміртегімен қосылып, химиялық байланыс түзуіне, сол сияқты оттегінің пиргаллол қышқылымен сіңірілуіне негізделген (Холден аспабында).
Қазіргі кезде ауа құрамдарын зерттеу үшін электронды газ-талдағыштар көбінен пайдаланады. Олардың жұмысы оттегі мен көміртегінің әр түрлі меншікті жылу сиымдылығына негізделген. Датчик ретінде бұл аспаптарда жылукедергіштер қолданады. Олардың теңдестігі (балансировка) ауа өткізгенде бұзылады, сондықтан аспап арқылы құрамы өзгеше газды жіберсе, ол талдағышпен тіркеледі.Сонымен қатар әр бір газды жеке анықтайтын аспаптар болады (карбоанализатор, оксианализатор).
Дем алу, дем шығару жөне көпіршіктегі ауаның газ құрамы төмендегі кестеде көрсетілген.
Дем алу кезіндегі ауаның құрамы салыстырмалы тұрақты болады. Дем шығару кезіндегі ауаның құрамы көпіршіктегі және анатомиялық өлі кеңістіктегі ауалардан тұрады. Оның құрамында, дем алудағы ауамен салыстырғанда, оттегі шамамен 5% кем, ал көміртегі 4,5% артық болады.
Альвеолярлық (көпіршіктегі) ауа - терең тыныс шығарғандағы өкпеде қалған ауаның көлемі, бұған қанның газдық құрамы тікелей тәуелді болады. Көпіршіктегі ауаның құрамы тыныс цикліне онша байланысты емес, бірақ оған өкпенің желдетілу шамасы едәуір әсер етеді. Өкпенің қатты желдетілуі (гипервентиляция) кезінде көпіршіктегі ауадағы оттегінің кернеу күші 130 мм.с.б. дейін жоғарылайды, ал көміртегінің кернеу күші 15 мм.с.б. дейін төмендейді. Демшығару кезіндегі ауада, көпіршіктегіге қарағанда, оттегі біраз көптеу (шамамен 21), ал көмірқышқыл газы аздау (шамамен 1%) болады, бұл өкпедегі анатомиялық өлі кеңістіктегі ауаның құрамына байланысты.
б) Ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының үлестік(парциалдық) қысымын анықтау.
Әр бір газдың үлестік (парциалдық) қысымы оның Х-тік көлеміне көбейтіп, 100-ге бөлгеннен кейінгі атмосфералық қысымның шамасына тең. Бұл кезде ауаның ылғалдылығы да есептеледі. Жалпы қысымнан су буының қысымы шегеріледі. Есептеу формуласы:
(Ратм – Р Н20) * %х
Рх = -------------------,
100
Мұнда Рх - газдың үлестік (парциалдық) қысымы (02 немесе С02);
Ратм - атмосфера қысымы;
Рн Н20 - су буының қысымы (барлық қысым – мм.с. б.);
% х - ауадағы газдың көлемдік шамасы
Атмосфера қысымы - 760 мм.с.б. тең болады немесе оны барометрмен анықтайды; өкпе көпіршігі ауасындағы су буының қысымы 47 мм.с.б., бөлмедегі ауада - 5 мм. с. б. деп алынады.
Келтірілген шамалар бойынша оттегі мен көмірқышқыл газының үлестік қысымын есептеп шығару керек:
Атм. ауа Көпіршіктегі ауа Дем шығару ауасы
02 - 20,85 % 14,7 % 16,6 %
СО2 - 0,05 " 6,3 " 4,4
Есептелген көрсеткіштерді өзара салыстырып, қорытынды жасалады.
в) Қанныц оттегілік сиымдылығын (ҚОС) гемоглобин бойынша бағалау.
Бұл жұмысты орындау үшін әр бір адамның қан құрамындағы гемоглобиннің мөлшерін білу керек. Ол жұмыс қанды зерттеуде жасалған (протоколды қараңыз). Сондықтан гемоглобин мөлшері бойынша ҚОС-ын есептеп шығаруға болады:
ҚОС = 1,34 мл оттегі х НвА (г/л)
Қалыпты жағдайда артериялық қандағы оттегінің мөлшері 180-220 мл/л (18-22 көлемдік %), веналық қанда - 120-150 мл/л (12-15 көлемдік %) болады.
Бірнеше зерттелушілердің белгілі гемоглобин мөлшерін қолданып ҚОС-ын анықтап, салыстыру керек.
9 Оксигемометрия және оксигемография.
Қанның оттегімен қанығу дәрежесін немесе оксигемоглобиннің мөлшерін фотоэлектрлік әдіспен өлшеуді - оксигемометрия деп атайды.
Оксигемометр арқылы оксигемоглобиннің мөлшерін анықтау спектрдің қызыл бөлігіндегі (620-680 нм) тотыққан және тотықсызданған гемоглобиннің спектральдық қасиеттерінің әр түрлі болуына негізделген. Мұнда тотоқсызданған гемоглобиннің жарықты сіңіру коэффициенті, оксигемоглобинге қарағанда, бірнеше рет жоғары болады. Қаннан шағылысқан жарықтың шамасы гальванометрге қосылған фотоэлемент арқылы өлшенеді. Осылай гемоглобиннің оттегімен қанығуының %-тік мөлшері анықталады.
Қалыпты жағдайда оксигемоглобиннің артериялық қандағы мөлшері 96-97%-ке, веналық қанда - 60-80%-ке сәйкес болады.
Көбінесе, іс жүзінде қандағы оксигемоглобин мөлшерінің өзгерістерін график түрінде жазу - оксигемография әдісі қолданылады.
Жұмысты орындау: Оксигемографты токқа қосып, 10-15 минут қыздырады. Сонан кейін зерттелушінің құлағының үстіңгі жағына осы аспаптың фотоэлементтік датчигін орналастырып, құлақты 10 минут қыздырады. Аспаптың "Бастапқы қанығуды орнату" тұтқасын бұрап 95-97% -тік белгісіне қояды. Бұл қалыпты жағдайдағы дені сау адам қанындағы оксигемоглобиннің мөлшеріне сәйкес келеді.
Тәжірибеде қанның оттегімен қанығу дәрежесі организмнің әр түрлі әрекеттік жағдайында анықталады:
а) тыныштық күйде тыныс алуда;
б) тынысты тоқтатқан кезде (30-50с);
в) терең дем алу мен дем шығаруда (гипервентиляция);
г) қарқынды жүктемеден кейін және т. б.
Жұмыс толығынан орындалған соң жазылып алынған оксигемограмманы талдап, қорытынды жасалады.
Оксигемометрия және оксигемография әдістері дені сау немесе науқас адамдар қанының оттегін тасымалдау қызметін бағалауға мумкіндік береді.
