Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физио дағды.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.16 Кб
Скачать

3.

а) Спирография - әр түрлі тыныс көлемдерін арнайы аспап көмегімен -спирографпен тіркеу әдісі. Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді есептеп анықтауға болады.

ӨТС дегеніміз - максимальды немесе терең тыныс алып тыныс шығару кезіндегі өкпеден шығатын ауаның көлемі. ӨТС-ның құрамына мынадай ауа көлемдері кіреді:

І. Тыныстық көлем (ТК) - қалыпты тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі ауаның көлемі (300-800 мл).

2. Тыныс алудың резервтік көлемі (ТАРК) - қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның қосымша көлемі (1500-2500 мл).

3. Тыныс шығарудың резервтік көлемі (ТШРК) - қалыпты тыныс шығарудан кейін терең тыныс шығарғанда өкпеден қосымша шығатын ауаның көлемі (1000-1500 мл).

Қалыпты жағдайда ӨТС - 3500-5000 мл. ӨТС шамасы жынысқа (әйелдерде төмен), жасқа (35 жастан соң төмендейді), салмаққа және бой ұзындығына тәуелді болады. Сонымен қатар дене қалпына байланысты өзгеруі де мүмкін (ӨТС-ның шамасы жатып анықтауда төмен). Сондықтан оны анықтау әрқашан бір қалыпты жағдайда (отырған немесе тұрған адамда) жасалуы керек.

Жұмысты орындау: Алдын ала спирографтың тыныс алатын жүйесі оттегімен толтырылады. Сонан кейін отырған зерттелуші спирографтың арнайы түтігін аузына алып, аспаптың жүйесіндегі ауамен тыныс алады. Аспаптан тыныс алуға үйренген соң, тікелей спирограмма жазылады (25-сурет). Жазылған спирограмма бойынша ТК-нің, ТАРК-нің, ТШРК-нің шамаларын есептеп шығарады. Ол үшін жазылып алынған спирограмманың биіктігін сызғышпен (мм) өлшейді де, 20-ға көбейтеді, себебі спирографтың қаламының 1 мм қозғалысына 20 мл ауа сәйкес келеді.

Спирография әдісімен ӨТС-нан басқа тыныс жиілігі мен тереңдігін, ТМК-ін және оттегінің сіңу шамасын анықтауға болады.

Спирография бойынша анықталған ӨТС-ын дұрыс бағалау үшін оның әр адамға тән тиесілі көлемдеріне қатынасын анықтау керек, бұл қатынас дені сау адамда 20% шамасында ауытқуы мүмкін.

ӨТС-ның шамасы сыртқы тыныс аппаратының әрекеттік қорын (резервін) белгілі деңгейде сипаттайды. ӨТС-ның қалыпты жағдайдан төмендеуі өкпе тканьдерінің, кеуде қуысының және тынысқа қатысатын бұлшық еттер қызметінің бұзылуында байқалады.

Екі-үш зерттелушілерден жазылып алынған спирограмманы талдап, өкпе көлемдерін өзара салыстыру керек.

б) Спирометрия - өкпенің әр түрлі көлемдерін (ӨТС, ТК және ТШРК) анықтау әдісі. Ол үшін құрғақ немесе сулы спирометрлерді қолданады.

Жұмысты орындау: Құрғақ спирометрдің мундштугін спиртпен тазалап, зерттелуші терең тыныс алғаннан соң спирометрге едәуір күшпен тыныс шығарады. Сонда спирометрдің үстіндегі шкала бойынша ӨТС-на сәйкес сан анықталады. Тәжірибені 2-3 рет қайталап ӨТС-ның орташа шамасы есептелінеді.

Спирометрді қолданып бірнеше адамдардың ӨТС-тарын анықтап, бір-бірімен салыстыру керек (жынысына, жасына, дене салмағына, шыныққан немесе шынықпағандығына байланысты).

2) Пневмография - кеуде қуысының тынысқа байланысты қозғалысын тіркеу әдісі. Пневмограф - тыныс датчигі (манжетка), жеткізуші (резинка түтікше) және тіркеуші (Марей капсуласында орналасқан қалам) бөлімдерінен тұрады (Сурет 18) Пневмограмма кимограф бетіндегі қағазға жазылады. Осы әдісті қолданып, зерттелушінің әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін тіркеп, жазылып алынған пневмограмманы талдау керек.(Сурет 19)

7 Пневмотахометрия - тыныс циклінің әрбір кезеңіндегі ауа қозғалысының көлемдік жылдамдығын анықтау әдісі. Бұл әдісті бронхтардың өткізгіштігін анықтау үшін клиникада қолданады. Пневмотахометрия әдісімен алынған шамалар тыныс алу және тыныс шығарудың қуаттылығы деп есептеледі.

Пневмотахометр - қабылдағыш және өлшегіш блоктардан тұрады. Қабылдағыш ретінде ішінде дифрагмасы бар металл түтікше пайдаланылады. Үрленген ауа түтікше арқылы өткенде диафрагманың екі жағындағы ауа қысымы әр түрлі болады. Бұл қысымның айырмасын өлшегіш блоктағы манометр көрсетеді. Осы шама ауаның көлемдік жылдамдығын, яғни тыныс алу мен тыныс шығару қуатын (күшін) сипаттайды.

Тыныс алу немесе тыныс шығарудың қуатын бөлек анықтау үшін аспаптың алдыңғы бетіндегі тұтқаны соған сәйкес белгісіне қою керек ("вдох", "выдох"). Қабылдағыштың 10 және 20 мм-лік диафрагмасы бар. Сондықтан, егер тәжірибе диафрагмасы 10 мм-лік түтікшемен жасалса, аспаптың сыртқы шкаласын, ал 20 мм-лікте -ішкі шкала сандары есептеледі.

Жұмысты орындау: Зерттелуші түрегеліп тұрып, аспаптың спиртпен тазартылған түтігін ауызына алады. Тұтқаны "тыныс алу" белгісіне қойып, түтік арқылы терең (күшті) тыныс алады. Аспап бетіндегі шкала саны тыныс алудың бар қуатын (күшін) көрсетеді (л/с). Сонан кейін тұтқаны "тыныс шығару" белгісіне қойып, түтік арқылы тыныс шығару қуатын анықтайды. Тәжірибені 4-5 рет қайталау керек. Тыныс алу мен тыныс шығару қуаты аспаптың ең жоғарғы санымен есептеледі.

Дені сау адамның тыныс шығаруының көлемдік жылдамдығы 4-8 л/с арасында (ер адамдарда 5-8 л/с, әйелдерде 4-6 л/с) болады. Сонда тыныс шығарудың ең жоғарғы жылдамдық шамасы 1,2-ге көбейтілгенде, ӨТС-ның 85%-нан кем болмауы және тыныс шығару жылдамдығының тыныс алуға қатынасы 0,9-дан төмен болмауы - бронхтардың өтімділігінің қалыпты екендігін сипаттайды.

Тыныстың әр адамға тиесілі шамаларын есептеу.

Белгілі бір адамның тыныс жүйесінің қызметін (әрекетін) бағалау үшін спирометрия және спирография әдістерімен анықталған өкпе көлемдерін сол адамға тиесілі тыныстық шамаларымен салыстыру керек. Тиесілі ӨТС-ын (ТӨТС) арнайы формулалар мен номограмма бойынша анықтайды.

1. Формула бойынша есептеу:

ерлерде - ТӨТС = /27,63 - (0,112 х Ж) х Б/;

әйелдерде - ТӨТС = /21,78 - (0,101 х Ж) х Б/;

мүнда Ж - жасы; Б - бой ұзындығы (см).

2. Бой ұзындығы бойынша есептеу:

ерлерде - ТӨТС - бой ұзындығы (см) х 25;

әйелдерде - ТӨТС - бой ұзындығы (см) х 20;

3. Дене бетінің аумағы бойынша:

ерлерде - ТӨТС - дене аумағы (м²) х 2,5; әйелдерде - ТӨТС = дене аумағы (м²) х 2,0;

Ескерту: Дене бетінің аумағы номограмма бойынша анықталады.

4.ТӨТС-ын номограмма бойынша анықтау әдісі

Бірнеше зерттелушілерден анықталған көрсеткіштерді төменгі кестеге енгізіп салыстырып, қорытынды жасалады.

Қалыпты жағдайда адамның ӨТС, оның тиесілі шамасынан 20%-тен көп ауытқымайды.

6.Плевра қуысындағы қысымды анықтау.

Плевралық қысым дегеніміз - өкпе мен қабырғалар арасындағы анатомиялық саңылаудағы қысым. Қалыпты жағдайда, өкпенің серпімділік қасиетіне байланысты, ол атмосфера қысымынан төмен болады және тыныс циклына сәйкес өзгеріп отырады.

Плевралық қысым манометрлік құралдар көмегімен (мысалы,сулы манометр), кейде оның көрсеткіштері электр сигналдарына айналдырылып өлшенеді. Манометр плевра қуысына енгізілген (ішіне ауа немесе су толтырылған) инеге, катетерге немесе канюляға жалғанады. Кеудені тесу аксиллярлық сызық бойынша V-VII қабырғалар аралығында, қабырғаның жоғарғы қырымен жасалады.

Плевралық қысымды тікелей өлшеуді қауыпсіз өңеш ішіндегі қысымды анықтаумен алмастыруға болады. Бұл үшін ішіне 2 мл ауа үрленген резинке қапшасы (баллончик) бар катетерді өңештің төменгі бөліміне енгізеді, сонда кеуде ішілік қысым өңеште орналасқан датчикке беріледі. Өңеш ішілік қысым плевра аралық қысымға қарағанда біршама оң болады, бірақ тыныс алу кезіндегі оның өзгерісі плевра қысымының өзгерістерімен теңеседі.

Адамның тыныштық жағдайдағы плевра қысымының қалыпты шамасы: тыныс алу кезінде 6-9 мм.с.б. , ал тыныс шығару кезінде 2-3 мм.с.б. болады.

Плевралық қысым әр уақытта атмосфера қысымынан төмен болады, өкпені неғұрлым қатты созса соғұрлым төмен болмақ. Демек плевралық қуыс қысымы әр уақытта ТЕРІС қысым б.т Ол демалуды женілдетеді, веналық қанның жүрекке қайтып оралуын жеңілдетеді.

Плевралық қысымды клиникада тыныс алудың кедергісін өлшеу мақсатында, өкпенің статикалық созылғыштығын бағалауға, тыныс алу жолдарының ұзындығы мен диаметрінің өзгерістерін бағалауға қолданады. Бұл жүйе плевра қуысынан ауа немесе сұйық заттарды сорып алу үшін және әдейі (емдеу ретінде) пневмоторакс жасау үшін де пайдаланылады.

4. Тыныстың минуттық көлемін (тмк) анықтау.

ТМК - өкпедегі бір минутта желдетілетін ауа көлемін көрсетеді. ТМК~і бір минуттағы тыныс жиілігін (ТЖ) ауаның тыныстық көлеміне (ТК) көбейтумен анықталады.

ТМК-ін негізгі алмасуда, тыныштық жағдайда және физикалық жүктеме кезінде анықтауға болады. ТМК-і Дуглас қапшығына тыныс алғанда, газды есептегіш пен спирограмма бойынша өлшенеді.

а) ТМК-ін Дуглас қапшығымен өлшеу. Зерттелуші бос қапшықтың түтігін аузына алып (мұрыны жабылған болуы керек), оған 5 мин тыныс алады. Сонан кейін ауаға толған қапшықты газды есептегішпен жалғастырып, барлық ауаны өткізеді де, оның көлемін анықтайды. Осы ауаның көлемін зерттелушінің тыныс алған уақытына (5мин) бөліп, ТМК-ін есептеп шығарады.

Осы әдіспен зерттелушіге әрекеттік жүктеме (30 секундта 20 рет отырып-тұру) беріп, ТМК-нің өзгерістерін байқауға болады.

б) ТМК-ін слирограмма бойынша анықтау. Зерттелушіден жазылып алынған спирограмма бойынша тыныс жиілігі (ТЖ) мен тыныстық көлемі (ТК) анықталады. Осы екі көрсеткіштерді көбейтіп, ТМК-ін есептеп шығарады.

ТМК-нің шамасы жынысқа, бой ұзындығына, салмаққа және дене бетінің аумағына тәуелді болады. Дені сау адамның негізгі алмасу кезіндегі ТМК-нің шамасы 4-6 л (3,2-10 л) болады. ТМК тербелісі орташа шамамен салыстырғанда 20%-тен көп болса, дерттік жағдай деп ееептеледі. Организмдегі күшті және қайратты жұмыс кезінде ТМК-нің шамасы 120-140 л дейін жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]