
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •1 Апта. 2-сабақ грамматика: етістіктің өткен, келер шақтары.
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Етістіктің өткен шақ категориясы
- •Етістіктің келер шағы
- •Өмір деген кен екен
Етістіктің өткен шақ категориясы
Қимыл іс-әрекетгің өткен уакытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:
Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).
Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).
Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).
Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -mi жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Бұрынғы өткен шақ: -қан, -кен, -ган, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын.
Ауыспалы өткен шақ: есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жүрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында колданылады.
3-тапсырма. Көп нүктенін орнына тиісті өткен шак категориясының жұрнақтарын қойып, олардың түрін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Бұрынғы советтер одағында бірен-саран оқу орындарында ғана шамалы ғылыми жүмыстар атқарылып тұр... . Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыл... . Түсті кен металлургия кен байлықтары шетел инвесторларының қолында бол... . Мұндай табысты олар өз елдерінде таба алма... . Ағылшын көмірін оте қымбат бағамен сатып ал... еді. Олар кенді шетелге тас... еді.
4-тапсырма. Тау-кен саласындағы терминдердін мағынасын түсініп, меңгеріңіздер.
Магнитті байыту - магнитное обогащение. Бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті касиеттері болса ғана қолданылады. Мұндай кендерге негізінде темір кендері жатады.
Кеннің байытылуы - обогатимость руды. Кеннің байытылуы оның құрамындағы минералдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарының мөлшеріне қарай өзгереді. Кеннің байытылуына үлкен әсер ететін кен касиеті - сепкілдік. Бағалы минералдардың сепкілдігі неғұрлым ірі болса, оны солғұрлым оңай бөлуге болады.
Тотықты кен - руда окисленная. Бағалы минералдар кен ішінде тотықты минералдар түрінде болса, онда кен тотықты болып саналады.
Жинақталу дәрежесі - степень концентрации. Кеннен алынған концентраттың ішіндегі бағалы заттың проценттік үлесінің кендегі проценттік үлеске қатынасы.
Кеннің каттылығы - твердость руды. Ұсату жэне ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалык қасиеті.
Ұсақ сепкілді кен - тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074 мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.
Вал - вал. Барлык машиналардың басты бөлшегінің бірі. Ол электроқозғалтқыштан не басқа бір энергия көзінен айналымға келіп, басқа бөлшектерді қозғалысқа келтіреді.
Бұранда - винт. Әр түрлі бөлшектерді бір-біріне бекіту үшін қолданылады.
Тұтқыр орта - вязка среда. Тұтқырлық барлық сұйық заттарға тән қасиет. Олардың құрамдарына қарай тұтқырлықтары кең шекте өзгереді.
Малта тас, ұсақ тас - галька (в обогащении). Ұнтақтау процесінде кей жағдайда шарлардың орнына қолданылатын кеннен бөлінген белгілі ірілік класы.
Сөздік:
темір - железо; железный
бөлшек - доля; дробное число; частица
тотық - окись; ржавчина; коррозия
бекіткіш патрон - зажимной патрон
ұнғы - вруб
бекітуші - крепильщик
ұнтақ - заштыбовка
бекіту - закрепить; укреплять; утвердить
ұнтақтау - перемалывание; размельчение
тұтқырлық — вязкость
5-тапсырма. Сөйлемдерді болымсыздық түріне қойып, көшіріп жазыңыздар.
1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3,4 есе өсті. Олар капиталға шабуыл жасап отырды. Ең арзан жұмыскерлер еңбегін өздері алып отырды. Марганец кен байлығы шет елдердің кол астында болды. Көмір мен темір кендерінің бағасы тым жоғары болды.