
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •1 Апта. 2-сабақ грамматика: етістіктің өткен, келер шақтары.
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Етістіктің өткен шақ категориясы
- •Етістіктің келер шағы
- •Өмір деген кен екен
Тау жынысы және пайдалы қазбалар
Сұхбат
Жер қабыршағы немесе литосфера деп нені атайды?
Жердің сыртқы қатты қабатын жер қабыршағы немесе литосфера деп атайды.
Жер кабыршағының қалыңдығы қандай тереңдікте болады?
Оның қалыңдығы материктерде 30-40 км., тау жоталарында 70 км., ал мұхит астында 6-15 км.
Литосфераға көп тараған элементтерді атаңыз.
Литосфераға ең көп тараған химиялық элементтер: оттегі - 49%; кремний - 26%; алюминий - 7,45 %; темір - 4,2%; кальций - 3,25% жэне басқалар.
Ал табиғатта қандай элементтер жеке кездеседі?
Табиғатта жеке кездесетін элементтер некен-саяқ. Олар: алтын, платина, мыс, күкірт.
Минерал деп аталатын химиялық қосылыстарға қай элементтер жатады?
Жеке кездесетін элементтерден басқалары кобіне минерал деп аталатын химиялық қосылыс күйінде кездеседі (мысалы, кварц, кальцит, магнетит және т.б.).
Тау жынысы дегеніміз не?
Құрамы көбінесе тұрақты болып келетін минерал агрегаттары тay жынысы деп аталады.
Тау жыныстары неше минералдардан құралады?
Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралады. Мысалы, мәрмәр тек кальциттің кристалл түйіршіктерінен ғана тұрады. Ал бірнеше минералдардан тұратын граниттің құрамына кварц, дала шпаты жэне слюда кіреді.
Сөздік:
жер қабығы - земная кора
тұрақты - местный; коренной (житель); постоянный
қабыршақ - пленка; чешуя; оболочка
тау жыныстары - горные породы
некен-саяқ - редко; редкостный
мәрмәр - мрамор
10-тапсырма. Сөз тіркестерімен қысқаша мәтін кұрастырып, орыс тіліне аударыңыздар.
Қ.И.Сәтбаев - қоғам қайраткері, Қазақ политехникалық институты, тау-кен металлургия институты, қопару жұмыстары, Қазақстанның кен байлықтары, кен өндіру технологиясы, рудалы кендер, мен студентпін, сен тау-кен инженерісің.
2-тақырып Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматика.
2. «Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер» тақырыбына тапсырмалар орындау.
Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер
Кен жыныстары бiр, немесе, бiрнеше минерал түйiршiктерінен тұратын бiртектi құрамды денелер.
Кен жыныстары негiзгi және үйiндi болып бөлiнедi. Бастапқы жаралған жерiнде жатқан жыныстарды негізгі деп атайды. Үйiндiге негiзгi жыныстардың уатылуы, жекелеген бөлшектердiң орнында қалуы нәтижесiнде пайда болатын, борпылдақ заттардан құралған жыныстарды жатқызады. Уатылған жыныстар жерүсті құбылыстары (су, жел, мұз) әсерiмен көшiрiледi. Үйiндi жыныстар қалыңдығы 0 ден 500 метрге дейiн өзгереді.
1-сурет. Көмiр қазындысы геологиялық құрылымының қимасы: 1 - өсiмдiк қабаты; 2 - құм; 3 - лай; 4 - лайлы жанартас; 5 - известняк; 6 - құм-лайлы жанартас; 7- көмiр тақтасы; 8 - құмды жанартас; 9- көмiр қабыршағы; 10- құмтас
Жаратылысы бойынша негiзгi жыныстар ақтарылған магмалық, шөгiндi және метаморфтық болып бөлiнедi.
Экономикалық тиiмдiлiкпен пайдалынылатын табиғи минерал заттарды (көмiр, асыл тастар, ас тұзы, мұнай, газ және т.б) - пайдалы қазындылар (кен) деп атайды.
Пайдалы қазындылар арасында орналасатын жыныстарды бос жыныстар деп атайды.
Жер қойнауы қыртысының кез келген бөлiгiнде табиғи қалыптасқан пайдалы қазбалардың қазып алынуы экономикалық тұрғыдан тиімді болса, онда осындай құрылым пайдалы кен орны деп аталады.
Пайдалы кен орындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желi, шток) деп екi топқа бөлiнедi.
Көмiр тақтасы – дегенiмiз, жер астында бiраз жердi алып жатқан, екi жағынан параллельдi беткеймен шектелген пайдалы қазба денесі.
Тақтаның жоғары жағында орналасқан жыныстарды төбесi не жабын бүйiрi, ал тақтаның астында жатқан жыныстарды табаны (жатын бүйiрi), деп атайды.
Пайдалы қазбалар қабаты өзiнiң құрылуына байланысты бiртектi және күрделi болуы мүмкiн (2- сурет).
а
б
2- сурет. Көмiр тақталарының құрылымы: а) күрделi; б) бiртектi
Тапсырмалар:
Мәтінді аударыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.
Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.
3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.
4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.
5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 10, 18]
Грамматика
«Қазақстан көмір кендері» тақырыбына шығарма.
3-тақырып Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматика.
2. «Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер» тақырыбына тапсырмалар орындау.