2.2 Қолданушыға нұсқау
Кәсiпорын менеджерiнiң жұмыс орнын автоматтандыруға арналған программаны қолданушыға қалай қолдану керек екенiн, ол программаның қандай тиiмдiлiгi бар екенiн, несiмен жеңiл екенiн түсiндiре кетемiн.
Кәсiпорын менеджерiнiң қызметiндегi операциялары ақпараттық жүйенi пайдалануда ыңғайлы, әрi қарапайым жүйе болып табылады. Қолданушыға онымен жұмыс iстеу үшiн көп үйрену мен машықтану қажет емес.
Программа ыңғайлы қалып (форма) көрсетiлген, оған деректердi енгiзу, сол деректер арқылы iздеу, өзгерту секiлдi операциялар кiредi.
Мында тауар енгiзiлген және де ол тауарларды сұрыптауға болады. Оны келесi суреттен көресiздер (3.5,3.6,3.7-суреттер).
Сурет 3.5- Тауар енгiзу
Сурет 3.6- Тауарға сұрыптау жасау
Сурет 3.7- Тауар коды, типi, аты немесе келiп түскен уақыты мен тауар аты арқылы сұрыптау
Егер мәлiметтер қорында тауар туралы мәлiмет көп болса, оның iшiнен керегiн тауып алу үшiн ұзақ уақыт кететiн болс, оған iздеу салу арқылы керек тауарыңыздың атын енгiзiп, iздеуге болады (3.8-сурет).
Сурет 3.8- Iздеу
Тұтынушыға тапсырысы туралы есеп берiледi. Ол екi көшiрмеде болады. Бiреуi тұтынушыда, ал екiншiсi ЖШС «Нурамир-Сауа» кәсiпорынында қалады (3.9-сурет).
Сурет 3.9- Тұтынушыға берген тапсырысы бойынша есеп беру
Қорытынды
ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорынының сауда жүйесiн, тұтынушыларға көрсететiн қызметтер түрлерiн, басқа елдермен жасайтын серiктестiк қарым – қатынастарын, компанияның тұтынушыларын, тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынатын тауар ассортиментiн талдап, ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорыны нарықта алатын үлесi үлкен екенiн, яғни сантехникалық нарықтың 40%-ын алады. Тұтынушылардың сұранасын толығымен қанағаттандыратын, сантехникалық тауарларды сататын компаниялардың iшiнен алдыңғы орынды иеленетiнiн, қызмет көрсету дәрежесiнiң жоғары екенiн байқадық.
Ақпараттық жүйенi құру – ақпарат кезеңдерiн зерттеудi, жобалау шешiмдерi мен жобалау құжаттарын өңдейдi, жүйе элементтерiнiң әрекеттерiне ену ретiн анықтауды қарастыратын күрделi де жұмысы көп кезең [14].
Жобалау барысында ақпараттық жүйенiң болашақта жаңа модульдермен толықтырылу мүмкiндiгiн қарастыра отыру, ақпарат көлемi артқан жағдайдағы жады қорының тиiмдi басқарылуын, ақпаратты енгiзу кезiндегi бүтiндiк шарттарын тиiмдi ұйымдастыру, ақпараттың өңделу кезiндегi аналитикалық құралдардың болуын қамтамасыз ету қажет.
Қазiргi жүйелердiң мәлiметтер қоры ақпарат көлемiне байланысты таңдалынады. Көлемдi қорды басқару мамандандырылған есептеу кешендерiн және бағасы салыстырмалы жоғары техникалық құрылғыларды қажет етедi.
Даму кезеңiнiң ажырағысыз белгiсi заманауи түрге келтiру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмiрiнiң барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттардың және де ақпараттық технологияның мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық дамуындағы рөлiн түбiрлi өзгертедi. Қоғамның экономикалық және әлеуметтiк даму деңгейi, оның әлемдiк жүйелерге интеграциясы ақпараттық технологияны қолданудың көлемi мен сапасына және маманның кәсiпкерлiк қызметiне тәуелдi.
Кез келген қоғамдарды ақпараттандыру деңгейi ақпараттық қызметтiң даму дәрежесiмен және сонымен айналысып қызмет көрсететiн мамандардың санымен, бiлiктiлiгiмен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазiргi ақпараттық технологияны көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы кездерде көп қолданып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселесiн шешудi қарастырады және де оның болашақта дамуын болжайды.
Ақпараттандыру дегенiмiз – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурсты, ақпараттық жүйенi, ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде құруға және де дамытуға бағыт алған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдiс болып табылады. Бұл жағдайда ақпараттардың маңызы ұлғаяды, оның мәртебесi көтерiледi – ақпарат бизнестiң стратегиялық ресурсы болуында. Осы кезде мекеменi басқару тиiмдiлiгi көп жағдайда ақпараттық база сапасының және оның аналитикалық өңдеуiнiң мұқияттылығымен анықталады.
Корпоративтi ақпараттық жүйелер архитектурасы iскерлiк процесстiң күрделi операцияларын бiр бүтiн ретiнде бақаруға мүмкiндiк беретiн ақпараттық жүйенiң программалық компоненттерiнiң клиент-серверлiк әрекеттесу принциптерiне немесе транзакцияның орындалуына негiзделедi. Сондықтан мұндай ақпараттық жүйелер транзакцияны жедел өңдейтiн жүйелер (OLTP- OnLine Transaction Processing) деп аталады.
Маркетингтегi ақпараттық жүйенi жобалаудың келесi қадамдарын ұсынуға болады.
Алғашқысында мекемеде қызметiнiң ұйымдастырылуы, тұтынушылардың сұранысын басқару жүйесiнде тапсырмалардың, құқық және жауапкершiлiктiң таратылуы зерттеледi. Келесiде менеджерлердiң маркетингтiк ақпаратта қажеттiлiгi анықталады. Осы мәлiметтердiң негiзiнде ақпараттық көздер идентификацияланады, оны алудың және талдаудың процедуралары мен құралдары анықталады. Келесi қадамдар: алдағы зерттеулер жоспарын жасау, қорытынды есеп берудiң форматын және қызығушылақтары бар тұлғаларға алынған нәтижелердi ұсыну жүйесiн жобалау. Осымен қатар мәлiметтер банкiн, қамтамассыздандыру жүйесiн және ақпараттық жүйенiң жұмыс мүмкiндiгiн бағалау жүйесiн жасау және қолдау шаралары жасалады.
Қорытындылай келгенде бұл дипломдық жұмыстың басты нәтижесі - кәсіпорын менеджері үшін автоматтандырылған жұмыс орны құрылды. Құрылған программалық жабдықтама бойынша кәсіпорын басқармасына 2 түрлі есеп беру жұмысы жүзеге асырылды. Ол ағымдағы күн мен 1 ай аралығындағы есеп беру. Ағымдағы күн ғана емес іздеу арқылы керек кун аралығындағы есепті алуға да болады. Осы есеп беру арқылы менеджерлердің қанша клиент қабылдап, қанша тауар сатып және қанша соммада тауар сатылғаны көрсетіледі. Осы есеп бойынша кәсіпорын басқармасы менеджерге тауар сату сомасының ең жоғары болғандығына байланысты сыйақы тағайындап, тауар айналымына қатысты шешім қабылдай алады.
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі
Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнiсов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негiздерi - Ақтөбе–Орал, «А–Полиграфия», 2005 – 519б.
Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
В.В. Глухов «Основы менеджмента» - М., 2000г.
К.Г. Ахметов «Өндiрiс менеджментi» - Орал .2001г. .(40 – 48 бет )
В.Е. Герчикова «Менеджмент» -М:1998г. .(15 – 25 бет )
Устинова Г.М. «Информационные системы менеджмента» : учебное пособие ”, Издательство: OlaSoftUP, 2003 г.
Г.А. Титоренко, “Информационные системы и технологии управления: “учебник, Издательство: Юнити-Дана, 2012 г.
Виханский О. С., Наумов АЯ. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процесс.— М., 1995. .(45 – 55 бет )
Виханский О.С., Наумов А.И. Практикум по курсу «Менеджмент»/Под ред. А.И. Наумова.— М., 1998. .( 75– 85 бет )
А.Хомоненко, Владимир Гофман «Самоучитель Delphi »
