
2 Есеп кешенiне шолу
2.1 Менеджер жұмысын автоматтандыратын қосымшаны талдау
Сантехникалық тауарлары жылдан жылға адам тiршiлiк әрекетiне енiп, адамзаттың жаңында серiк болады, барлық мекемелерда, мектептерде, балабақшаларда, жоғарғы оқу орындарында, бассейндерде және де тағы басқа ғимараттарда қолданылады. Сантехникалық тауарларына деген қажеттiлiк артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлi жас топтарының, кәсiби бағыттар мен халықтың әлеуметтiк жiгiн қанағаттандыру үшiн ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорыны үй және басқа да ғимараттарға арналған тауарлардың кең ассортиментiн ұсынады. ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорын клиенттерiнiң өзгешелiк белгiлерi, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды сапасы мен дизайнын өз қажеттiлiгi мен мүмкiншiлiгiне сәйкес таңдай алуы.
ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорын менеджерiнiң ақпараттық жүйесi құрылымы басты менюден, тапсырыс қабылдау, тауар сипаттамалары, тауар өтiмдiлiгi мониторингi секiлдi модульдерден құралған. Қосымшаның негiзгi терезесi 3.1-суретте берiлген.
Сурет 3.1- Компания менеджерiнiң ақпараттық жүйесiнiң басты жүктелi терезесi
Басты меню кiрiс ақпараты, баспаға шығаруға қажеттi тапсырыстар бойынша есептер, баптаулардан құралған.
Мекеме жоғары сапалы тауарды дер кезiнде және шапшаң жеткiзiп салуға, тауарлардың сапасына кепiл және сатып алынғаннан кейiнгi қызметке үлкен назар аударады. Ал бұндай кепiлдердi осы нарықта болашақта да жұмыс атқарғысы келетiн компаниялар ғана ұсына алады. Клиенттермен жұмыс жасау саясатының маңызды бiр қағидасы - ол клиенттiң сенiмдiлiгi болып табылады. Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.
Келесi 3.2-суретте тұтынушының сұранысына байланысты тiркеу амалдарын орындау модулi көрсетiлген.
Сурет 3.2- Тапсырыс қабылдау модулi
Тапсырыс қабылдау модулiнде тауар атауы, тауар бiрлiгiнiң бағасы, сатылым амалының орындалу мерзiмi, тұтынушы мекен-жайы туралы ақпаратты енгiзе отырып менеджер тапсырысты қалыптастырады.
Шығарылатын өнiм болып су құбырлары, алюминдiк жылу радиаторлары, полимерлiк құбырлар, фитингтер, коллектрлiк жүйелер, пәтерлiк станциялар, суға арналған счетчиктер және тағы басқа сантехникалық құралдар болып табылады. Өнiмнiң қолданылуы қызмет көрсету салаларында пайдаланылады. Тауар ассортиментiн енгiзудi келесi 3.3-суретте көрсетiлген.
Сурет 3.3- Тауар ассортиментiн енгiзу
Егер қаржылық төлем iске асырылған болса менеджер келiсiм шарт жасау батырмасы арқылы келiсiм шартты iске асырады. Төленбеген жағдайда алдын ала берiлген тапсырыс кейiн қайтарылады.
Тауар түрi бойынша өтiлiм ақпаратын жедел алып отыру қоймадағы сол тауар бойынша қордың қалыптастыру амалдарын қамтамасыз етуге көмегi көп. Ақпараттық жүйе қолданысы бизнес процесстiң тиiмдi орындалуын, нарық сұранысы мен әркелкi жағдайларына жедел әсер ету мүмкiндiгiн бередi. Сатып алуға кететiн шығындарды құрушы есептейдi және ол техникалық тапсырма, техникалық жұмыс жобаларын жасауға кететiн шығынжар соммасы болып табылады (3.4-сурет).
Сурет 3.4- Тұтынушы туралы ақпарат