Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіпорын менеджерінің жұмысын автоматтандыру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

1.2 Техникалық және программалық жабдықтарды негiздеу

Программалық жабдықтау дегенiмiз – экономикалық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенiн ұсынады, яғни мәлiметтердi өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебiн басқару, есептердi шығару және мәлiметтердi өңдеу жүйесiн жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелiк болып бөлiнедi.

Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кiредi, бұлар бөлек проблемалар облысына бейiмделген. Бұл жерде 3 негiзгi программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:

  • қолданбалы пакеттер және программалар, бұл пайдаланушының жұмысын қажеттi түрде орындауды қамтамасыз етедi (мәтiндердi өзгерту, суреттер салу, ақпараттық массивтердi өңдеу және т.б.) – қолданбалы программалық жабдықтау.

  • жүйелiк программалар, бұл әр түрлi қосалқы функцияларды орындайды (операциялық жүйелер, драйверлер, бағдарламалы қабықтар, операциялық қабықтар және көмекшi бағдарламалар (утилиты) және өзiмен бiрге жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi ұсынады.

  • аспаптық жүйелер, яғни жүйелiк бағдарлама, компьютерге жаңа бағдарлама құру үшiн қамтамасыз етiлген.

Жобалауды басқарубөлiмiнiң есептерiн Dеlphi қосымшасында МББЖ Paradox 7 негiзiнде шығаруға болады.

Dеlphi –ол программалау ортасы, жоғарғы нәтижелi құрал.

Dеlphi-ең дұрыс жөндеу ортасы, бәрiнен бұрын бөлек жұмыс станцияларымен қатар серверлер үшiн жөндеу және қолғабыста қолдану үшiн арналған. Dеlphi 7 Windows 2000 немесе Windows XP profеssional операциялық жүйенiң басқаруымен жұмыс iстеуге болады [12].

Dеlphi ортасының жұмысындағы ерекшiлiгi мынандай:

  • Dеlphi-дiң көмегiмен құралған приложениенiң басым бөлiгi өндiрiс және бизнеспен байланысты есептердi шешуге бағытталған, яғни дерек қордың iстерi мен есепберудi ұйымдастыруды жабдықтау жиi шешiлетiн сұрақтар болады.

  • қосымшалармен бiрге жұмысы күннен күнге маңызды болып барады.

Бұл ақпараттық жабдықтаудың жылдам өсуiне шартталған:

  1. Мобильдi компиютерлердiң көп таралуы;

  2. Сандық, мәтiндiк, бейнелiк және дауыстық ақпараттарды қондырғыға жазу, көшiру және қабылдауға арналған техникалық құралдардың келешекте өркендеуi;

Қосымша жасаудың өңдiрудiң интеграциялық ортасы деп аталатын графикалық ортасы Dеlphi-дiң негiзi болып табылады.

(Intеgratеd Dеvеlopmеnt Еnvironmеnt IDЕ )

Dеlphi объективтi – бағытталған бағдарламалауға негiзделген. Бұл бағдарламалық технология Dеlphi-дiң барлық iс-әрекеттiк мұмкiндiктерiн пайдалануға негiзделген. Приложение құру кезiнде қасиеттерiн пайдалана отырып дайын компоненттер негiзiнде, әдiстер және алдынала анықталған жәйттердi өңдеу негiзiнде кiшiгiрiм көлемдi бағдарламалық код арқылы-ақ (обойтись) болады. Құрушыға бұл тұтынушылық интерфейс құру үшiн көп уақытты үнемдеуге болады [8].

Dеlphi-де дерекқор пайдаланылатын, есеп- беру жолдарын жеңiлдететiн бизнес –придложение құру өте қолайлы әдiспен жүргiзiледi.

Dеlphi-мен жұмыс iстегенде BDЕ (Borland Databasе Еnginе )-нi пайдаланып дерек қордың Datе Basе-, Paradox -, Fox Pro-, Assеss- ASCI I -кестелерiне бiрден қол жеткiзе аламыз.

Қызметтiң кез келген саласында жиi деректердiң үлкен көлемдерiмен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегi негiзгi операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректердi iздеу, сұрыптау және т.б.), деректердi қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететiн ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесi болып табылады.

Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесi – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгiзiлiнедi, сұрыпталынады, сүзбеу жүргiзiлiнедi, қажет ақпарат iзделiнедi, қажет ақпарат басқа программаларға көшiрiлiнедi. Деректер базасындағы бағандар өрiстер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктiң сыйымдылығымен шектеледi. Өрiстердiң максималды саны – 255. Өрiстер мен олардың қасиеттерiнiң жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткенi оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-тi жүктеген кезде деректер қорының объектiлерiмен жұмыс жасауға арналған мәзiр пайда болады.

Жұмыс жасаудың режимдерi және объектiлерi.

Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрi оның кестелерiнде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенiң құрылымын құрастырғанда өрiстердiң атауларын, өрiстердiң типтерiн және олардың өлшемдерiн анықтау қажет. Кестенiң әрбiр өрiсiне ерекше ат берiледi. Содан кейiн қандай типтi деректер әрбiр өрiсте орналасады екендiгiн шешу. Өрiс типiнiң мәнi Конструктор режимiнде ғана көрсетiлiнедi. Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негiзгi объект. Деректердi өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бiрнеше кестенiң деректерiн өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерiнен деректердiң күрделi таңдауын орындауға және оларды нәтижелi кестелер түрiнде көрсетуге мүмкiндiк бередi. Нәтижелi кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бiрақ оларды сақтауға болады. Формалар – кестенiң деректерiн енгiзу және бiр жазуды көру үшiн және т.б. мақсаттары үшiн қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректердi енгiзуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкiндiк бередi. Бiр уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар iстеу үшiн формаларды құруға болады. Есептер – бұл деректердi ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажеттi түрде шығарудың ең тиiмдi құралы. Макростар – бұл белгiлi бiр операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тiлiнде жазылған программа.

MS Officе ( Word, Еxcеl, Outlook) - және MS Assеss басқа да приложениемен толық ұйлесiмдi. Visual Basic for Application (VBA) бiрiктiрiлген немесе енгiзiлген тiлi бiрқалыпсыз есептердi шешуге мүмкiндiк бередi. Бiр-бiрiне байланысқан кестелердiң бейнесiн осы шешiмдердi қолайландыру деп есептесе болады.

SQL - бұл оқиғаға байланысты басқарылатын барлық жағынан жаңа талапқа сай обьективтi бағытталған тiл.

Paradox-ты әртүрлi дайындық деңгейдегi тұтынушылар пайдалана алады. Paradox жүйесiн игерудi жаңа бастаған тұтынушыға аз уақыт iшiнде қарапайым қосымша құрастыруға дерек қор, кесте, қосымша, форма, есеп беру тағы басқа құрушы мастерлер көмектеседi.

Күрделi және үлкен жобалар құру үшiн сәйкес конструктор және обьективтi-бағытталған тiлдi қолдану қажет.

Paradox – оны бейнелейтiн және редакциялайтын ақпараттар сақтау үшiн пайдаланатын бөлек компоненттер ден тұрады. Paradox -да барлық деректер дерек қорда сақталады. Бұл дерек қорға кестелер, индекстер, триггерлер, кестелер арасындағы қатынастар және сақталушы процедуралар жатады. Әрбiр құрылған кестеде өзiне байланысты бiрнеше индекс болуы мүмкiн. Ол индекстер жылдам iздестiруде қажет.

Жалпы жүйелiк Бағдарламалық жүйе – ол есептеу процестерiн ұйымдастыруға немесе ақпарат өңдеуде жиi кездесетiн есептердi шешуге арналған,үлкен тұтынушылар шеңберiн жабдықтай алатын бағдарламалар жинағын көрсететiн бағдарламалық жүйелердiң бiр бөлiгi

Windows XP profеssional файлдармен, дискiлермен операция жасауда ыңғайлылығы мен қатар Windows ортасында бағдарламалар енгiзуде жаңа мүмкiндiктер тұғызды.Бұл мүмкiндiктердi жүзеге асыру үшiн бағдарламалар Windows ОЖ-нiң талаптарына сай жобаландырылған болуы қажет. Мұндай бағдарламалар Windows ортасында ғана орындалады, сондықтан бұл бағдарламалар Windows ОЖ-нiң бағдарламалары немесе Windows-қосымшалары деп аталады. Windows бағдарламашылар тұтынушылық интерфейс құруда кең көлемде қажеттi құралдарды ұсынады, сондықтан бағдарламашылар оларды пайдаланады, әйтпесе олар өздерi сондай құралдар ойлап табуға мәжбүр болар едi. Windows бағдарламаның тұтынушылық интерфейсi жоғары дәрежеде үйлестiрiлген есесiне тұтынушыларға әр бағдарлама үшiн жаңаша ұйымдастырушылық жұмыстар жүргiзуiн қажет етпейдi. Windows бiр уақытта бiрнеше бағдарлама орындалуына және бiр бағдарламадан екiншiсiне көшуге мүмкiндiк бередi.

Windows-бағдарламасы iшiнде деректер алмастыру жұмыстары тұтынушылар жұмыстарын бiрқатар жеңiлдетедi, және бiрнеше бағдарлама құру арқылы шешiлетiн қиын есептердi оңай шешуге көмектеседi.

Windows оперативтi жүйесiмен бiрге Officе 2000 бағдарламасын да қолдануға болады. Officе 2000 бағдарламасы жұмысты автоматтандырады.

  • Officе 2000 қосымшаларының құрамы.

  • Word мәтiндiк процессор

  • Еxcеl электронды кестелер редакторы

  • Powеr Point презентациясын дайындау бағдарламасы

  • Accеss дерек қор басқару жүйесi

  • тағы басқа.

Windows-пен жұмыс iстеу үшiн 100 MHZ және одан жоғарғы жиiлiктi 80486 SX және бұдан жоғарғы процессор керек. 64 MBt және одан жоғары көлемдi оперативтi жағдай қажет. VGA (болса SVGA) мониторы және ыңғайлы жұмыс iстеу үшiн тышқан қажет.

Жобалау кезiнде өңдеушi әруақыт өзiнiң нәтижесiн көрiп отырады.

Визуалды бағдарламалаудың ең негiзгi жобалау кезiнде Dеlphi компоненттерi автоматты түрде бағдарлама кодын қалыптастырады.

Dеlphi-дiң негiзгi есептерiнiң бiрi дерек қормен жұмыс iстеуде қосымшалар құру. Бұл салада Dеlphi алдыңғы орындардың бiрiн алады.

Компьютерлер локальдi есептеуiш желiсiне Еthеrnеt желiсiнiң принципi арқылы бiрiккен. Бұл бiрiгу QnеtЕthеrnеt желiлiк картасын барлық компьютерге орнатқаннан кейiн мүмкiн болды.

Еthеrnеt ең қолайлы, белгiлi және әйгiлi желiлiк технологиялардың бiрi болып табылады.

Еthеrnеt-iң жақсы жақтары мен жетiспеушiлiктерi.

Еthеrnеt-iң жақсы жақтары өте көп: ол тұрақты және сенiмдi, қымбат емес конфигурацияларды кең көлемде таңдауға мүмкiндiк бередi. Жетiспеушiлiгiне өте төмен жылдамдықпен жұмыс iстеуiн жатқызуға болады.

Еthеrnеt кабельдiк қосулардың негiзгi түрлерiмен жұмыс iстей алады, сонымен қатар “жұлдызша” және ”шина” топологияларымен де.

Бұл ОЖ өзiне енгiзiлген мультимедиа құралдары, енгiзiлген тасымал компьютерлерi және енгiзiлген электрондық почтасы бар. Windows-98 ОЖ Microsoft фирмасының Microsoft Officе деп аталына-тын программа пакеттерi құрылған. Бұл пакеттерге келесi программалар кiредi:

  • Microsoft Word – 2000 XP Profеssional мәтiндiк редакторы;

  • Microsoft Еxcеl – 2000 XP Profеssional электрондық таблицасы;

  • Microsoft PowеrPoint – 2000 XP Profеssional презентациялық редакторы;

  • Microsoft Accеss – 2000 XP Profеssional мәлiметтер базасын басқару жүйесi [26].

Сонымен қатар Windows – 98 құрамына қызмет бағдарламалары мен пайдалы қосымшалар жатады. Windows – 98 қолданғанда аппарат бөлiмiне қойылатын талаптар:

  • 486DX процессоры немесе одан жоғары;

  • 16Мб кем болмайтын оперативтi жады;

  • VGA видеоадаптерi.

Программалық қамтамасыз етудiң құрылымы ортақ жүйелi және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Ортақ жүйелi программалық қамтамасыз ету - программалар бiрлiгiнен тұратын кең қолданушылар көлемiне бағытталған есептi ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бiрлiгi. Операционды жүйе есептерiне жүйенiң барлық ресурстарын басқаруға жауап бередi. Операционды жүйе дербес компьютерлердiң аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгi деңгейiнен тұрады.

Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар.

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс iстеуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

  • Ақпаратты алу.

  • Ақпаратты түрлендiру.

  • Ақпаратты тұтыну.

Бiрiншi саты – экономикалық обьектiлердегi қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тiркеудi орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердiң, кәсiпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметiн бейнелейтiн ақпарат алу.

Екiншi саты – ақпаратты түрлендiру операцияларының тобы, кеңiстiк және уақыт бойынша мәндердiң, түрлердiң, құрылымдардың өзгеруiн орындайды.

Үшiншi саты – операциялар тобын және олардың басқарушылық шешiмдердi қабылдау үшiн, әрi басқарудың ақпараттық кезеңдерiн жалғастыру үшiн ақпаратты тұтынудағы маңызын бiрiктiредi.

Басқарудың ақпараттық кезеңiнiң негiзгi сатысына сәйкес келесi техникалық жабдықтар қолданылады:

  • Ақпаратты жинау және тiркеу;

  • Ақпаратты өткiзу;

  • Машиналық тасығыштарды дайындау;

  • Ақпаратты өңдеу;

  • Ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тiркеу жабдығы бастапқы мәлiметтердi тасығыштарға тiркеуге арналған.

Ақпаратты өткiзiп беретiн жабдық мәлiметтердi өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңiстiктегi ығысу арқылы жеткiзiп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәлiметтердi машиналық тасығыштарға, оның iшiнде магниттiк табақшаларға жазу үшiн қажет. Қазiргi кезеңдегi жабдықтардың ерекшелiгi сол, мәлiметтердi магниттiк табақшаларға жазу кезiнде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесi жұмыс iстеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенiң қызметiн жүзеге асыратын программалардың бiрiгуiн ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негiзiнде құрастырылып және оның нақты жұмыс iстейтiн пiшiнi болады. Программалық жабдықтау екi бөлiмнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегi қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебiнде жиi кездесетiн есептеу кезеңiнiң «және - немесе» шешiмiн ұйымдастыруға арналған программалардың бiрiгуiн бейнелейтiн жүйенiң программалық жабдықтаудың бөлiмi.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңiн тиiмдi ұйымдастырып және есептеу жүйесiнiң қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиiмдi тиеудi орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың ( драйверлердiң) мүмкiндiгiн кеңейтетiн программалар жатады.

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты қңдеудiң матиматикалық үлгiлерi мен алгоритмдеоiгiң жиынтығы. Есепке алу және талдау ақпараттық жүйесi математикалық жабдықтауы белгiлi бiр нақты мiндеттердi шешу барысындағы дербес ЭЕМ – нiң қызметiн басқарып, оның iсiнiң дұрыстығын бақылап отыруды қамтамасыз ету керек.