
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ_________________________________________________2
Техникалық және программалық жабдықтарды негіздеу______3
Есептiң қойылымы. Кiрiс - шығыс ақпараттары________3
Техникалық және программалық жабдықтарды негiздеу____________________________________________10
Есеп кешеніне шолу______________________________________17
Менеджер жұмысын автоматтандыратын қосымшаны талдау_____________________________________________17
Қолданушыға нұсқау________________________________19
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________________________23
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі________________25
КIРIСПЕ
Қазiргi кездегi мекемелер көпжақты қызметтiң, бөлiмшелердiң территориялық бөлiнуiнiң, серiктестерiмен кооперативтiк байланыстың көп болуына байланысты күрделi құрылымға ие. Корпоративтiк ақпараттық жүйе осындай iрi мекемелердiң барлық ресурстарын және iскерлiк процесстерiн басқаруды автоматтандыруға бағытталған. Осымен қатар басқарушылық процесстердi автоматтандыру ақпаратты өңдеуге кететiн шығынның көлемiн азайтуға ғана емес, мекеменiң жұмыс кезiндегi iскерлiк процесстерiн және ұйымдардың құрылымын динамикалық оптимизациялық бағытқа бағытталған.
Ақпараттандыру дегенiмiз – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурсты, ақпараттық жүйенi, ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде құруға және де дамытуға бағыт алған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдiс болып табылады. Бұл жағдайда ақпараттардың маңызы ұлғаяды, оның мәртебесi көтерiледi – ақпарат бизнестiң стратегиялық ресурсы болуында. Осы кезде мекеменi басқару тиiмдiлiгi көп жағдайда ақпараттық база сапасының және оның аналитикалық өңдеуiнiң мұқияттылығымен анықталады.
ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорыны 2010 жылы құрылып, көтерме және әмбебап саудамен айналысып келедi. Қазақстанның iрi қалаларында кәсiпорынның филиалдары бар: Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Түркiстан. Қазақстанның 11 қалаларында фирмалық дүкендер жұмыс жасайды. Осындай тармақталған қызмет жүйесi арқылы мекеме тұтынушылардың кең шеңберiн толықтай көлемде қысқа мерзiм iшiнде қанағаттандыра алады. Бiрыңғай архитектуралық стильдегi қазiргi заман талабына сай техника мен көлiктермен қамтамасыз етiлген компанияның филиалдары Қазақстанның әр қаласының беткеұстары болды. Қазақстанның барлық аумақтарында тауарлардың бiркелкi ассортиментi, қызмет көрсетуi, сату саясатының бiркелкiлiгi, бiркелкi құн саясаты дамыған. Филиалдар арасындағы шапшаң байланыс бiр уақытта және қысқа мерзiмде бiр қаладағы төленген келiсiм шарт бойынша тауарларды жеткiзудi жүзеге асырады. Өзiне өзi қызмет көрсету жүйесi, тауарларға деген еркiн қатынас, штрих-кодтау жүйесi және түрлi тауарлармен лық толған сөрелер сатып алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандырады және сатып алу өрiсiн айтарлықтай жылдамдатады.
Техникалық және программалық жабдықтарды
НЕГIЗДЕУ
1.1 Есептiң қойылымы. Кiрiс - шығыс ақпараттары
Менеджердің жұмысын автоматтандыру барысында келесі параметрлер қарастырылды:
кәсіпорынға келіп түскен тауар түрі мен саны;
сатылған тауар түрі мен саны;
кәсіпорын қоймасындағы қалған тауар түрі мен саны;
тауарды сатқан кәсіпорын қызметкері.
Осы параметрлерге байланысты 2 түрлі есеп беру жүйесі анықталған:
ағымдағы есеп беру (күн сайынғы есеп беру);
ай сайынғы есеп беру.
Есеп беру нәтижесі бойынша кәсіпорын басқармасы тауар жылжу – алмасуға және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандыруға байланысты шешім қабылдайды.
ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорыны анықтамалық жүйесiн құру мәлiметтер базасын, Dеlphi программасында жоба жасау процесстерiн қарастырады.
Программада қарастырылу керек тапсырмалар:
Жаңа өнiмдi тiркеу;
Мәлiметтер базасымен жұмыс жасау (көру, түзету);
Түрлi сұраныстарды ұйымдастыру;
Тапсырыстарды қабылдау;
Есеп берудi ұйымдастыру.
Функционалдық талаптарға мiнездеме:
Барлық кестелердi көру мүмкiндiгi;
Жаңа жазбаларды қосу;
Ескi жазбаларды өшiру;
Жазбаларды түзету;
Iздеу жүйесiн ұйымдастыру.
Сенiмдiлiкке қойылатын талаптар. Программа мәлiметтер базасымен өзiне тиеселi функционалдық тапсырмалар бойынша жұмыс жасап, кiрiс ақпараттарын дұрыс енгiзбеген жағдайда сәйкесiнше кеткен қате туралы хабар бере отырып, пайдаланушыға мүмкiн деген амалдар шеңберiнде сұхбат жасауы қажет.
Техникалық құралдар параметрiне және құрамына қойылатын талаптар. Программа мәлiметтер базасымен жұмыс жасай алатын пайдаланушыға бағытталып жасалуы қажет және келесi минималды техникалық талаптарды қамтамасыз ету керек:
Процессор Corе I3
Оперативтi жады 512 mb
Видеокарта 128 mb
Мәлiметтер базазын жобалау.
Мәлiметтер базасын басқарушы жүйесiн таңдау программаның жалпы жұмыс iстеу мүмкiндiктерiн және мәлiметтердi сақтау мен өңдеудi тиiмдi ұйымдастыру мүмкiндiгiн ерекшелейдi.
Кiрiс ақпараттары.
Кiрiс ақпараттары - ақпараттық жүйенiң қызметтерi орындалуы үшiн пернелер арқылы келетiн сигналдар, құжаттық түрiнде келетiн мәлiметтер мен ақпараттардан тұрады. Кiрiс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негiзiнде жедел болып бөлiнедi. Ол кәсiпорының қаржы-шаруашылық фактiлерiн, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативттер, сонымен қатар анықтамалық - мәлiметтердi көрсетедi. Өңдеуге жiберiлетiн ақпарат тестiлеуден өтуi керек, сонымен қатар программалық бақылау қарастырылуы тиiс.
Есептiң кiрiс ақпараты болып көлiктiң техникалық куәлiгiндегi мәлiметтер, сонымен қатар төлем құжатының мерзiмi және төленген салық соммасы болып табылады. Мәлiметтер базасы келесi 2.1-суреттен тұрады:
Сурет 2.1 - Мәлiметтер базасы
Әр кестеге қысқаша анықтама берiп кетемiн. Келесi суретте «Тауар ассортиментi» көрсетiлген. ЖШС «Нурамир-Сауда» кәсiпорынының тауар түрлерi көрсетiлген. Әр тауардың аты, өлшемi, жалпы қоймадағы саны көрсетiлген (2.2-сурет).
Сурет 2.2 - Тауар ассортиментi
Төмендегi суретте тұтынушының тапсырысы көрсетiлген. Бұл мәлiметтер қорында тауар атауы, саны, бир дана тауардың бағасы, тапсырыс берiлген күнi, қызметкер аты мен қызметi, тапсырыс берушiнiң аты, байланыс телефоны мен мекен-жайы берiлген (2.3-сурет).
Сурет 2.3 - Тапсырыс беру
Мында тұтынушы туралы мәлiмет. Тұтынушы аты-жөнi, ИИН нөмiрi, реквизиттерi, байланыс телефондары, мекен-жайы берiлген (2.4-сурет).
Сурет 2.4 - Тұтынушы
Дәл қазiргi уақыттағы қоймадағы тауарлар жайында мәлiмет. Тауар аты, өндiрушi кәсiпорыны, келу уақыты, қоймада болған барлық тауар саны және осы уақытқа дейiнгi сатылған тауар саны, бiр дана тауар бағасы, алыну және сатылу бағасы, сол бағалар арасындағы пайда есептелiнедi (2.5-сурет).
Сурет 2.5 - Қоймадағы тауар туралы мәлiмет
Бұл суретте (2.6-сурет) басқа өндiрушi кәсiпорыннан келетiн тапсырыс. Мұнда өндiрушi кәсiпорын атауы, тапсырыс әкелушiнiң аты-жөнi, байланыс телефоны, тауар атауы, накладной нөмiрi көрсетiлген.
Сурет 2.6 - Тапсырыс әкелушi туралы мәлiмет
Мұнда тапсырыс әкелушiнiң алып келген тауарды тiркеу (2.7-сурет). Тауар атауы мен өндiрушi кәсiпорын аты, келiп түскен мерзiмi, сатып алу бағасы және мөлшерi көрсетiлген.
Сурет 2.7 - Тауарды тiркеу
Бұл суретте (2.8-сурет) сатылған тауар туралы мәлiмет берiлген. Осы күнге дейiн қоймадан сатылған тауар аты, сатылған күнi, бiр дана бағасы, сатып алынған және сатылған тауар суммасы және де пайда есептелiнген.
Сурет 2.8 - Сатылған тауар тiзiмi
Соңғы мәлiмет (2.9-сурет) қызметкер туралы мәлiметтер. Қызметкер аты-жөнi, қызметi, мекен-жайы, байланыс телефоны берiлген.
Сурет 2.9 - Қызметкерлер тiзiмi
Шығыс ақпараты.
Шығыс ақпараттары - ақпараттық жүйенiң қызметiнiң орындалуы нәтижесiнде алынатын басқару объектсiне немесе басқа да басқару жүйесiне мәлiметтер және сигналдар түрiнде берiлетiн ақпарат.
Жоба негiзiн құру.
ЭЕМ программалық жабдықтау мәлiметтер базасын өндеу процедурасын қамтамасыз ететiн программалар кешенiнен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, еспетердiң орындалуынан және мәлiметтер базасы жүйесiн жобалаудан тұрады.
Программа жалпы «Сантехника магазины» туралы, берiлген тапсырыстар туралы ақпаратты жинақтайды.
Логикалық құрлымның сипаттамасы:
Жаңа жазбаларды енгiзу, өшiру, түзету, iздеудi ұйымдастыру;
Кестелердi орналастыру, енгiзу формасын құру
Сұраныстар құрастыру формасы
Есеп беру формасы
Жаңа жазбаларды енгiзу, өшiру, түзету, iздеудi ұйымдастыру формасы келесi түрде болады (2.10-сурет):
Сурет 2.10- Түзету формасы
Кестелердi орналастыру формасы келесi түрде болады (2.11-сурет):
Сурет 2.11- Кестелердiң орналасуы
Сұраныстарды құрастыру формасы келесi түрде болады (2.12-сурет):
Сурет 2.12- Сураныстар формасы
Программаны баптау. Программаны жүктеу үшiн ЕХЕ кеңейтулi файлды компьютерге көшiрiп қою керек. Ыңғайлы болуы үшiн сiлтеме құрып орын жұмыс алаңына қондыруға болады.
Программаны тестiлеу. Әрбiр программист программаны құруға және тестiлеуге кететiн уақытты жақсы бiледi. Программаны тестiлеудiң негiзгi мақсаты программа өнiмдiлiгiн анықтау, пайдаланушының программада жұмыс жасау барысында кететiн қателiктердiң алдын алу болып табылады. Бiрақта ешбiр тестiлеу программаның жұмыс жасау барысында қате кетпейтiндiгiне кепiлдiк бере алмайды.