Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mu_laborat_rab_kaz_11_02_2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Материал қаттылығы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Құрылыстық конструкцияларға арналған материалдар ретінде металлдарға қандай қасиеттерге ие?

  3. Қаттылықты анықтаудың қандай тәсілдері бар?

  4. Қандай түсті металдар құрылыста кенң тараған және олардың қасиеттері?

  5. Металдардың механикалық қасиеттерін қандай сынақтар нәтижесімен белгілейді ?

  6. Бринелль бойынша қаттылықты анықтаудың мәні неде?

  7. Бринелль бойынша қаттылықты анықтаудағы болат шариктердің диаметрлері қандай?

  8. Бринелль бойынша болат шариктерін қаттылықтың қандай мәніне дейін анықтауға болады?

  9. Роквелл бойынша қаттылықты анықтаудың мәні неде?

  10. Қандай тәсілде және қандай ұштар қолдануға болады?

  11. Ең көп қолданылатын қаттылықты анықтау тәсілдерін атаңыз?

  12. Қандай тәсіл бойынша қаттылықты анықтағанда A, С, В шкалалары бойынша көрсеткіштерді алады?

  13. Викерс әдісі бойынша қаттылықты анықтаудың артықшылығы қандай?

Әдебиет:

  1. ГОСТ 9012 - 59 (ИСО 6506 - 81, ИСО 410 - 82). Метод измерения твердости металлов по Бринеллю.

  2. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.

  3. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б.

  4. Кулибаев А.А. Құрылыс материалдарына анықтамалық: Оқулық. – Алматы: «Триумф «Т», 2010. – 328 б.

  5. Архабаев А.А. Құрылыс материалдарын сынау: – Алматы, ҚазБСҚА, 1994. – 48 б.

  6. Сорокин В.Г., Волосникова А.В., Вяткин С.А. и др. Марочник сталей и сплавов. – М.: Машиностроение, 1989.

7-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «гипстік байланыстырғыш заттар» – 1 сағат

Гипсті сынағанда мемлекеттік стандарт (МеСТ 23789-79) талабына сәйкес ұнтақ майдалығын, гипс қамырының қалыпты қоюлығын, ұстасу мерзімін, қатайған гипс қамырынан алынған үлгінің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтайды.

  1. Гипстің майдалығын анықтау

0,1 г-нан аспайтын қателікпен өлшенген және алдын ала 1 сағат бойы (50±5)°С температурада кептіргіш шкафта құрғатылған салмағы 50 грамм байланыстырғыш сынамасын № 02 (1-сурет) елекке салады да, қолмен елейді. Егер қолмен елегенде 1 минут ішінде електен 0,05 г-нан кем байланыстырғыш өтсе, елеу аяқталды деп есептейді.

Жеке сынаманың майдалығын 0,1%-дан аспайтын қателікпен електе қалған салмақтың сынаманың бастапқы салмағына қатынасы ретінде пайызбен анықтайды. Майдалық мәні деп екі сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін қабылдайды.

1-сурет. Гипсті елейтін елек:

1 – елек тор көздері 0,2 мм; 2 – қақпақ;

3 – түбі.

МеСТ 125-79-ке сәйкес №02 електе бар қалған қалдық бойынша анықталатын ұнтақ майдалығына байланысты гипс байланыстырғыштарының келесі түрлері болады (1-кесте).

1-кесте. Ұнтақ майдалығы бойынша гипс байланыстырғышының түрлері.

Байланыстырғыш түрі

Ұнтақталу дәрежесінің индексі

Тор көзі 0,2 мм електе барынша қалған қалдық, % , жоғары емес

Ірі майдаланған

Орташа майдаланған

Ұсақ майдаланған

I

II

III

23

14

2

Гипстің майдалығын анықтау нәтижелері 2-кестеге жазылады.

2-кесте. Гипс байланыстырғышының ұнтақтық дәрежесін анықтау нәтижелері.

Сынау үшін алынған гипс салмағы, г

Електің қалдыкпен қоса алынған салмағы, г

Електің салмағы, г

Қалдық салмағы

Електен өткен гипстің салмағы

Ескерту

г

%

г

%

1

2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]