
- •Мазмұны
- •1. Материалдардың физикалық қасиеттерін анықтау
- •Геометриялық пішіні дұрыс үлгілердің орташа тығыздығын анықтау
- •Геометриялық пішіні дұрыс емес тығыз үлгілердің орташа тығыздығын анықтау
- •Геометриялық пішіні дұрыс емес кеуекті материалдың тығыздығын анықтау
- •Тәжірибені жүргізу реті
- •1.4. Сусымалы материалдың тығыздығын анықтау
- •Жұмысты орындау реті
- •2. Материал үлгісінің сығым беріктігінің шегін анықтау
- •Сынақты орындау реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Жұмысты орындау реті
- •1. Негізі жыныс түзуші минералдарға қысқаша сипаттама беру
- •2. Негізгі тау жыныстарының қысқаша сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Керамикалық кірпіш сапасын бағалау
- •2. Кірпіштің маркасын анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Жалпы мағлұматтар
- •Жұмысты орындау реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Жалпы мағлұматтар
- •Бринелль әдісі бойынша металл қаттылығын анықтау Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы «гипстік байланыстырғыш заттар» – 1 сағат
- •Гипстің майдалығын анықтау
- •Гипс қамырының қалыпты қоюлығын анықтау
- •Гипс қамырының ұстасу мерзімін анықтау
- •Гипс үлгілерінің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы «портландцемент қасиеттерін зерттеу» – 1 сағат
- •2. Цемент қамырының қалыпты қоюлығын және қатаю мерзімі анықтау
- •Цемент ерітіндісінің қалыпты қоюлығын анықтау
- •Цементтің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Құрылыста қолданылатын кейбір материалдардың тығыздығы мен кеуектілігі
- •Әртүрлі материалдардың физикалық-механикалық қасиеттері
- •Кейбір минералдардың диагностикалық қасиеттері
- •Үлгі қалыңдығына байланысты қаттылықты нв өлшеу үшін шар диаметрі мен жүктеме мәні
- •Қаттылық санын айландыру кестесі
- •050043, Алматы қ., қ.Рысқұлбеков көшесі, 28
УДК 691:(075.8)
ББК 38.я73
Құрастырушылар: Г.Б. Ибраимбаева, А.Г. Еселбаева, А.М. Байсариева
Құрылыс материалдары. «Құрылыс материалдары» пәні бойынша 5В073000 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», 5В072900 – «Құрылыс», 5В042000 – «Сәулет» мамандықтары үшін зертханалық жұмыс орындауға арналған әдістемелік құрал. – Алматы: ҚазБСҚА, 2013. 1-бөлім. – 64 бет.
Әдістемелік құралда күші бар мемелекеттік стандарттар мен стандартталған әдістемелерге сәйкес құрылыс материалдары мен бұйымдарының негізгі қасиеттерін зерттеу және анықтау әдістері сипатталған.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 2012-2013 оқу жылдары басылымдарының біріктірілген жоспары бойынша басылды.
Пікір жазушы: Жақыпбеков Ш.Қ. – техника ғылымдарының докторы, ҚазБСҚА ҚТИМФ факультетінің академиялық профессоры
© Қазақ бас сәулет-құрылыс
академиясы, 2013
Мазмұны
№ 1, 2-ші зертханалық жұмыс. Құрылыс материалдардарының жалпы қасиеттері .......................................................................................
|
4 |
№ 3-ші зертханалық жұмыс. Тау жыныстары .........................................
|
14 |
№ 4-ші зертханалық жұмыс. Қыш кірпішін сынау .................................
|
20 |
№ 5-ші зертханалық жұмыс. Құрылыстық әйнек ....................................
|
28 |
№ 6-шы зертханалық жұмыс. Металл қаттылығын анықтау .................
|
35 |
№ 7-ші зертханалық жұмыс. Гипстік байланыстырғыш заттар ............ |
42
|
№ 8-ші зертханалық жұмыс. Портландцемент қасиеттерін зерттеу ... |
48
|
Қосымшалар ................................................................................................. |
55 |
№ 1, 2-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы «ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ» – 2 сағат
1. Материалдардың физикалық қасиеттерін анықтау
Шынайы
тығыздық – ол кеуексіз және қуыссыз
көлем бірлігіндегі (мүлде тығыз
күйіндегі) заттың салмағы (
,
).
Материалдың шынайы тығыздығын
келесі формуламен есептейді:
,
мұнда m – материал салмағы; V – мүлде тығыз материал көлемі.
Орташа тығыздық – ол материал массасының табиғи күйіндегі, яғни кеуектері мен қуыстарын қоса есептегендегі, көлеміне қатынасы ( , ):
,
мұнда
m –
материал
салмағы, г,
кг;
Vе
– табиғи
күйіндегі материал көлемі,
,
.
Әртүрлі құрылыс материалдарының орташа тығыздығы мен шынайы тығыздығының айырмашылығы кеуектер мен қуыстардың болуына байланысты зор және орташа тығыздық мөлшері материал көлемінің 90%-на дейін құрайды. Мысалы, кварцтың шынайы тығыздығы 2650 бола тұра, одан алынған силикатты мақтаның орташа тығыздығы (шыны мақта, қожды мақта) 150 құрайды (1-ші және 2-ші қосымшалар). Сонымен, материалдың орташа тығыздығы шынайы тығыздығынан әрқашан аз болып келеді. Тек мүлде тығыз материалдардың (шыны, болат, битум және т.б.) орташа және шынайы тығыздығы бір біріне ұқсас болады.
Материалдың көпшілігінде кеуектер болады. Оның материал бірлігіндегі саны неғұрлым көп болса, тығыздығы да соншалық аз болады. Сұйықтықтар мен балқытылған массадан алынатын материалдардың (әйнек, металл) орташа тығыздығы іс жүзінде мәні бойынша шынайы тығыздығына тең.
Тығыздықтың сандық мәні құрылыс материалының және бұйымының түріне, химиялық құрамына және кристаллдық құрылымына байланысты. Материал тығыздығына оның физика-механикалық қасиеттері тәуелді, мысалы, беріктік пен жылуөткізгіштік. Материал тығыздығының мәнін оның кеуектілігін, салмағын, құрылыс конструкциясының өлшемін анықтағанда және көліктер мен көтеріп тасымалдау жабдықтарын есептегенде пайдаланады. Материалдың орташа тығыздығын анықтау әдісі үлгі пішініне байланысты болып келеді. Материалдың орташа тығыздығын анықтаған кезде геометриалдық пішіні дұрыс үлгілермен қатар бұрыс пішінді үлгілерді пайдалануға болады.