Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mat_met_8_9_10_11_12_13_14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232.45 Кб
Скачать

9.2.11. Тәжірибелерді (оқу, өндірістік және диплом алды) өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, құжаттардың есеп түрі:

  • «Психологиядағы математикалық әдістер» пәні бойынша оқу, өндірістік, дипломалды тәжірибелері қарастырылмаған.

9.2.12. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР (ЖАЗБАША БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ӨЗІНДІК ДАЯРЛЫҒЫ ҮШІН СҰРАҚТАР ТІЗБЕСІ, ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ ЖӘНЕ Т.Б.):

Бақылау – өлшем құралдары:

Бақылау жұмысын жазуға әдістемелік көмек. Бақылау жұмысы сырттай оқу бөлімінің студенттерінің негізгі жұмысы боп табылады. Осы жұмысты жазу арқылы студент өз бетімен оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керек екендігін үйренеді.

Бақылау жұмысы - студент білімін тексерудің тәсілі. Бақылау жұмысын жазарда қойылатын талаптар: Бақылау жұмысы таза, сауатты, әдемі, сөздері қысқартылмай, жиек сызығынан аспай жазылуы керек. Бұл жұмыс кәдімгі дәптерге орындалады. Ең соңында өз қолын қояды, күні, жылы жазылады. Пікір жазуға орын қалдырылады. Дәптердің сыртқы бетінде оқу орынның аты, факультеті, бөлімі, қай пәннен орындалғаны, фамилиясы, аты - жөні, курсы, тобы, мекен - жайы жазылады. Жұмысты сессия басталмас бұрын жазып тапсырады. Сессия кезінде және аяқталғанда жұмыс қабылданып тексерілмейді. Бақылау жұмысы мынандай жағдайда сынақтан өтпей, студентке қайта жазуға тапсырылады.

  • Тақырып нөмірі оқу шифрына сәйкес келмесе.

  • Негізгі сұрақтар бойынша дұрыс жазылмаған болса.

  • Тек 1-2 оқулық қолданылып, қосымша әдебиеттер қолданылмаса.

  • Жұмыс дұрыс жазылмай, тақырып жоспарға, жоспар жұмысқа сай келмесе.

  • Жұмыс теориялық, практикалық жағынан байланыспаса.

  • Жұмыс сауатсыз, сырты дұрыс толтырылмай, қалай болса солай жазылса.

Қайтарылған жұмысты студент оқытушының берген ескертпелерін орындап, қайтадан жаңа дәптерге жазылады. Студент емтиханға тек қана бақылау жұмысы сыннан өткен жағдайда ғана жіберіледі. Бақылау жұмысының жоспары құрылады, сол бойынша жұмыс толықтай қорытындылануы тиісті, жұмысқа ең кемі 5-6 оқулық және қосымша әдебиет, газет - журналдар қолданылады. Қолданылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі соңына алфавит ретімен жазылады, әр кітаптың шыққан жылы, баспасы жазылады. Жұмыс ғылыми тілде орындалуы тиісті. Бақылау жұмысында цитата жазылып, ол сол беттің төменгі жағына, қай кітаптан алынғаны, авторы, жылы, баспасы көрсетіліп сілтеме (сноска) түрінде жазылады.

«Психологиядағы математикалық әдістер» пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары сынақ кітапшасының соңғы цифрына сәйкес келуі тиіс

Сынақ кітапшасының номері

Бақылау жұмысы тақырыбы

01, 11, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, 91

1, 11, 21, 31,41,51

02, 22, 32, 42, 52, 62, 72, 82, 92

2, 12, 22, 32,42,52

03, 13, 23, 33, 43, 53, 63, 73, 83, 93

3, 13, 23, 33,43,53

04, 14, 24, 34, 44, 54, 64, 74, 84, 94

4, 14, 24, 34,44,54

05, 15, 25, 35, 45, 55, 65, 75, 85, 95

5, 15, 25, 35,45,55

06, 16, 26, 36, 46, 57, 67, 77,87, 97

6, 16, 26, 36,46,56

07, 17, 27, 37, 47, 57, 67, 77, 87, 97

7, 17, 27, 37,47,57

08, 18, 28, 38, 48, 58, 68, 78, 88, 98

8, 18, 28, 38,48,58

09, 19, 29, 39, 49, 59, 69, 79, 89, 99

9, 19, 29,39,49,59

10, 00

10, 20, 30, 40,50,60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]