Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mat_met_8_9_10_11_12_13_14.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆

9.2.9. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстар, курстық жобаларды (жұмыс) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар:

  • Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық (жұмыс оқу жоспарында зертханалық сабақ қарастырылмаған);

  • Курстық жұмыс (жоба) орындауға арналған әдістемелік нұсқау (жұмыс оқу жоспарында курстық жұмыс қарастырлмаған);

  • Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық:

Семинар №1. Тақырыбы: Психологиялық зерттеу нәтижелерін сандық талдау әдістері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымының зерттеу әдістері бойынша математикалық формулалар негізінде есептеу жолдары туралы түсінік беру және зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды шығара білуге үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша математика ғылымындағы сандық талдау әдістері туралы қарастыру және психология ғылымының зерттеу әдістері бойынша нәтижені қорытындылау жолдарымен танысу.

Тапсырма:

  1. Негізгі түсініктер мен терминдерге шолу жасау.

  2. Пәннің мақсаты мен міндеті.

  3. Математика және оның әдістерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

  4. Математикалық психология және психологиялық математика.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (10-15 б.), 2 (12-16 б.), 3 (10-15 б.) .

Қосымша әдебиеттер: 5 (8-12 б.), 6 (9-16 б.), 7 (17-21 б.).

Семинар №2. Тақырыбы: Эксперимент нәтижелерін алғашқы өңдеу тәсілдері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы негізгі зерттеу мәліметтерін алу және оны өңдеу жолдарымен таныстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтар бойынша әдебиеттермен жұмыс жасау және зерттеу жұмысының қорытыныдысын шығара білуге дағдылану.

Тапсырма:

  1. Нәтижелерді алғашқы өңдеу жолдарына сипаттама.

  2. Психологиялық зерттеу нәтижелерін математикалық статистикамен өрнектеу.

  3. Психологиялық зерттеудің мысалдары және олардың нәтижелерін математикалық формада беру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:1 (17-26 б.), 2 (28-32 б.), 3 (34-38 б.) .

Қосымша әдебиеттер: 1 (20-24 б.), 2 (25-28 б.), 3 (29-31 б

Семинар №3. Тақырыбы: Бөлу қисығы туралы түсінік.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге математика ғылымы негізінде бөлу қисығы туралы түсінік беру және оның түрлерін таныстыру. Бөлу заңы бойынша көрсеткіштерді есептеу жолдарын үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: математика ғылымындағы бөлу қисығы туралы және оның түрлері бойынша мәліметтерді қарау және бөлу заңымен танысу.

Тапсырма:

  1. Бөлу заңы туралы түсінік және оның түрлеріне шолу.

  2. Көрсеткіштердің бөлінуі. Бөліну параметрлері.

  3. Білім факторы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1(15-23), 2(25-40);

Қосымша әдебиеттер: 5(12-27), 6(34-48).

Семинар №4. Тақырыбы: Орташа шамалар, түрлері, есептеу амалдары.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге математика ғылымындағы орташа шамалар және оны есептеу жолдары туралы түсінік беру, психология ғылымының зерттеулері негізінде мәліметтерді реттеу, жинақтау туралы түсінік қалыптастыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: математика және психология ғылымдары негізінде орташа шамалар мен оның түрлері туралы материалдарды қарастыру және салыстырмалы талдау жасау.

Тапсырма:

  1. Мәліметтер және оның түрлері (сандық, сапалық, реттік).

  2. Айнымалылар және оларды өлшеу.

  3. Үзіліссіз және дискретті айнымалылар.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:1 (43-46 б.), 2 (47-51 б.), 3 (53-55 б.) .

Қосымша әдебиеттер: 4 (42-45 б.), 5 (46-48 б.), 6 (53-57 б.)

Семинар №5. Тақырыбы: Варианталардың өзгерістерін анықтау.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге варианталар, психометрика, тестология туралы ақпарат беру және варианталардың өзгерістерін есептеу жолдарын үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша психология ғылымындағы зерттеу әдістері және оларды жіктеу жолдарын қарастыру, популяция, таңдау тобы бойынша зерттеу жұмыстарын құруды қарау.

Тапсырма:

  1. Психологиядағы зерттеу әдіс-тәсілдерінің жіктелуі туралы түсінік.

  2. Психометрика мен тестологиядағы математикалық әдістер (Ф.Гальтон және Дж.Кэттел).

  3. Популяция және таңдау тобы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (14-22 б.), 2 (8-11 б.), 3 (17-24 б.), 4 (22-34 б.)

Қосымша әдебиеттер: 1 (212-222 б.), 2 (147-156 б.), 3 (122-128 б.)

Семинар №6. Тақырыбы: Статистикалық бөліну параметрлері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психологиялық зерттеу қорытындысы бойынша математикалық статистиканы қолдану бойынша негізгі мәселелерге шолу жасауға және оның шешімін таба білуге үйрету. Математикалық статистика бойынша түсінік қалыптастыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтар бойынша математика ғылымындағы негізгі ұғымдарға анықтама беру және психология ғылымындағы осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарына және екеуіне де салыстырмалы талдау жасай білу.

Тапсырма:

  1. Статистикалық бөліну параметрлері туралы түсінік.

  2. Статистикалық гипотеза. Статистикалық дәлдік деңгейлері.

  3. Статистикалық критерийлер. Көпфункциональды статистикалық критерийлер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (66-68 б.), 2 (68-71 б.), 3 (73-76 б.) .

Қосымша әдебиеттер: 4 (67.70 б.), 5 (71-74 б.), 6 (74-77 б.)

Семинар №7. Тақырыбы: Маңыздылық деңгейі туралы түсінік.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге корреляция түсінігі және оның түрлері туралы түсінік беру. Рангілік корреляция әдістері бойынша сипаттама беру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша маңыздылық деңгейін анықтау, шамалар және оның түрлерін қарастыру, рангілік корреляция әдістеріне сипаттама жасау.

Тапсырма:

  1. Минимальды және максимальды шамалар айырмасы.

  2. Рангілеу түсінігі.

  3. Рангілік корреляция әдістері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:1 (30-36 б.), 2 (37-40 б.), 3 (41-44 б.) .

Қосымша әдебиеттер: 4 (33-36 б.), 5 (37-40 б.), 6 (41-46 б.)

Семинар №8. Тақырыбы: Варианталардың статистикалық жиынтыққа қатысын анықтау.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге варианталардың статистикалық жиынтыққа қатысын түсіндіру, мәліметтерді реттеу бойынша түсіндіру, полигон жиілігі мен гистограмма түсініктеріне тоқталу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: тақырып бойынша мәліметтерді реттеу жолдарын түсіндіру және варианталардың статистикалық жиынтыққа қатысын анықтау, негізгі ұғымдарға түсінік беру.

Тапсырма:

  1. Варианталар түсінігі және олардың статистикалық жиынтыққа қатысы.

  2. Мәліметтерді тәртіптеу, топтастыру, таблицалау, статистикалық бөлуді графикке түсіру:

  3. Полигон жиілігі және гистограмма.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 2 (24-38 б.), 3 (39-48 б.), 4 (28-35 б.), 5 (54-68 б.)

Қосымша әдебиеттер: 1 (33-47 б.), 2 (39-54 б.), 3 (67-78 б.)

Семинар №9. Тақырыбы: психологиядағы параметрлік және параметрлік емес математикалық әдістер.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы параметрлік және параметрлік емес математикалық әдістер туралы түсінік бере отырып, оларды ажырата білу және есептеу жолдарын үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: тақырыпқа сәйкес негізгі ұғымдарды анықтау, орташа мәндер, мода, медиана түсініктерін айыра білу, есептеу жолдарын білу.

Тапсырма:

  1. Ассиметрия және эксцесс.

  2. Орташа мәндер түрлері және мода мен медиана түсінігі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (60-65 б.), 2 (33-48 б.), 3 (66-81 б.), 4 (53-58 б.), 5 (61-67 б.)

Қосымша әдебиеттер: 6 (39-45 б.), 7 (47-53 б.), 8 (56-71 б.)

Семинар №10. Тақырыбы: Корреляция коэффициенттері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы өлшеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдардан түсінік беру және осы мәселеге қатысты математика ғылымының өлшеу ұғымдарын қолдануды үйрету.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтар бойынша математика мен психология ғылымына ортақ мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, әдебиеттермен жұмыс жасау және математикадағы ықтималдық теориясының психология ғылымына қатысы бойынша талдау жасай білу.

Тапсырма:

  1. Көрсеткіштер және айнымалылар (шамалар).

  2. Өлшеу шкалалары және типтері (С.Стивенс бойынша). Номиналды шкала. Реттік шкала. Интервалды шкала. Тең қатынастар шкаласы. Дихотомиялы шкала.

  3. Стандартты ауытқу, орташа квадраттық ауытқу, орташа сызықтық (абсолютті) ауытқу түсініктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (68-76 б.), 2 (36-53 б.), 3 (80-81 б.), 4 (86-94 б.)

Қосымша әдебиеттер: 5 (71-76 б.), 6 (77-85 б.),7 (88-96 б.)

Семинар №11. Тақырыбы: Статистикалық қатарды реттеу.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы математикалық статистиканы зерттеулерде қолданудың жолдарымен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтар бойынша психология мен математика ғылымының әдебиеттеріне шолу жасау және психологиялық, математикалық әдістердің зерттеу бағытына сай материалдар қарастыру.

Тапсырма:

  1. Статистикалық болжамдар және оны құру. Нөлдік, альтернативті, бағытты және бағытсыз статистикалық болжамдар. Статистикалық болжамның зерттеуші үшін маңызы.

  2. Айырмашылықтарды статистикалық бағалау критерийлері көмегімен болжамдарды тексеру.

  3. Статистикалық сенімділік деңгейлері. Статистикалық маңыздылық және сенімділік деңгейлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:1 (97-100 б.), 2 (101-103 б.), 3 (110-125 б.)

Қосымша әдебиеттер: 3 (105-123 б.), 5 (104-107 б.), 6 (99-112 б.)

Семинар №12. Тақырыбы: Хи-квадрат критерийі және сериялық критерий.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге критерийлер бойынша түсінік бере отырып, Хи-квадрат пен сериялық критерий айырмашылықтарын және олардың формуласы негізінде есептеу жолдарымен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: математика ғылымындағы осы түсініктер бойынша мәліметтерді талдау және оны психологияда қолдану жолдарын қарастыру.

Тапсырма:

  1. Q – Розенбаум критерийі.

  2. U – Манна-Уитни критерийі.

  3. H – Крускал-Уоллис критерийі.

  4. S – Джонкирдің тенденциялар критерийі.

  5. Критерийді есептеу алгоритмі. Мәліметтерді графикте бейнелеу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (120-124 б.), 2 (130-138 б.), 3 (127-131), 4 (119-126 б.)

Қосымша әдебиеттер: 5 (118-123 б.), 6 (126-133 б.), 7 (140-146 б.)

Семинар №13. Тақырыбы: Инверсиялар саны критерийі және таңбалар критерийі.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге инверсиялар мен таңбалар критериясы туралы түсінік бере отырып, олардың формула бойынша шығарылу жолын түсіндіру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша критерияларды айры білу және олардың есептеу жолдарын қарастыру, формулаларын жазу, сандық және сапалық өзгерістерге сипаттама беру.

Тапсырма:

  1. Стьюдент критерийінің маңыздылық деңгейлері. Стьюдент критерийінің шектеулері.

  2. G – таңбалар критерийі Көрсеткіштің өзгеріс бағытын анықтау.

  3. Сандық және сапалық өзгерістерді анықтау. «Нөлдік» өзгерістер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 3 (142-154 б.), 5 (97-117 б.), 7 (138-144 б.)

Қосымша әдебиеттер: 1 (112-119 б.), 3 (127-136 б.), 5 (138-146 б.)

Семинар №14. Тақырыбы: Вилкоксонның жұп критерийі.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге Вилкоксонның жұп критериясы және оның формуласын үйрету, есептеу жолдарымен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша критерияларға шолу жасай отырып, олардың формуласын қарастыру, айырмашылық көрсеткіштерін анықтау.

Тапсырма:

  1. Χ – Фридман критерийі және T – Вилкоксон критерийі.

  2. L – Пейдж тенденциялары критерийі, Χ – Пирсонның критерийі, Λ – Колмогоров-Смирнов критерийі

  3. Критерийлерді есептеу алгоритмі. Мәліметтерді графикте бейнелеу. Критерийдің шектеулері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (135-146 б.), 2 (117-120 б.), 3 (146-153 б.)

Қосымша әдебиеттер: 4 (130-137 б.), 5 (141-148 б.), 6 (150-158 б.) 7 (157-159 б.)

Семинар №15. Тақырыбы: Фишер әдісі.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге Фишер критериясы туралы түсіндіру және оны есептеу формуласын үйрету, мәліметтерді, статистикалық топтарды, шкалаларды талдау жолдарымен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тақырып бойынша Фишер критериясын қарастыру, статистикалық критериялар туралы ақпарат беру.

Тапсырма:

  1. Φ – Фишер критерийі. Фишер критерийін есептеу алгоритмі.

  2. Әр түрлі мәліметтерді, статистикалық топтарды, шкалаларды талдауға арналған критерийлер.

  3. Бірлік, пайыздық көрсеткіштерді салыстыру.

  4. Көпфункционалды статистикалық критерийлер түсінігі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1 (166-180 б.), 2 (171-186 б.), 3 (183-185 б.)

Қосымша әдебиеттер: 4 (170-175 б.), 5 (174-178 б.), 6 (180-187 б.), 7 (188-196 б.)

9.2.10. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: ҮЙ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ, ӘР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ, АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, РЕФЕРАТТАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР, ЕҢБЕК КӨЛЕМІ КӨРСЕТІЛГЕН БАСҚА ДА ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

Кредиттік оқыту жүйесі студенттердің өзіндік жұмыстарын өте сапалы ұйымдастыру мен орындауды талап етеді. Студенттердің өз бетіндік жұмысынсыз оқу материалын меңгеру мүмкін емес. Студенттердің өз бетіндік жұмысы дәрісте басталып, лектор студенттерді өз бетіндік жұмысқа бағыттап қана қоймай, оларды ақпараттарды іздеуді және меңгерудің тиімді әдіс – тәсілдерін табуға көмектеседі. СӨЖ үй тапсырмасын орындаудағы реферат, кейс, сөзжұмбақ, есептер шығару сияқты формаларды қамтиды. СОӨЖ (студенттің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы) - кредиттік жүйедегі оқытудағы оқу жұмысының бір формасы. Ол 2 функцияны атқарады: кеңес берушілік және бақылаушылық. Әрбір СОӨЖ арналған материалдары болуы керек (кейс, ролдік ойындар, тесттер, сөзжұмбақ, т.б.) және олар қандай да болмасын сұрақтарды жекелеп талдауға, тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз студенттерді іскерлік пен дағды қалыптастырудың негізі болып табылады. СӨЖ мақсаты:

  • оқылған курс бойынша алынған білім мен іскерлікті бақылау және өзіндік бақылау;

  • дәріс және семинар сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыны бекіту;

  • оқу материалын терең және кең көлемде қамтуға мүмкіндік беру;

  • тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру;

  • оқу бағдарламасына сәйкес жеке берілген тапсырмаларды орындауда өзбетіндік ойлауды дамыту.

Бұл курсты оқып үйренуде көп уақыт студенттің өзбетіндік жұмысына арналады. Тапсырмалар әртүрлі типте беріліп, студенттің білімді алуда түрлі жолдармен шешімін табуды талап етеді. Мұндай әдістер студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға септігін тигізеді.

СӨЖ, СОӨЖ бойынша әдістемелек нұсқау:

СӨЖ тақырыбы: «Психологиядағы математикалық әдістер» пәніне кіріспе.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге пән туралы түсінік беру және оның негізгі зерттеу әдістерімен таныстыру.

Тапсырма: Пәннің мақсаты мен міндетіне, даму тарихына, зерттеу әдістеріне шолу жасау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтар бойынша осы пәнге қатысты әдебиеттерге теориялық шолу жасау және пәннің негізгі ғылыми ақпараттарымен танысу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (10-15 б.), 2 (12-16 б.), 3 (10-15 б.); ҚӘ: 5 (8-12 б.), 6 (9-16 б.), 7 (17-21 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психология мен математика әдістерінің арасындағы байланыс.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология мен математика ғылымының арасындағы байланыс туралы түсінік беру және осы екі пәнге қатысты негізгі ұғымдарға шолу жасау, таныстыру.

Тапсырма: Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын аша отырып, математика ғылымымен байланысын сипаттау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша пәннің математика ғылымымен байланысын сипаттау және ортақ түсініктерге сипаттама беру.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (17-26 б.), 2 (28-32 б.),3 (34-38 б.).ҚӘ: 1 (20-24 б.),2 (25-28 б.), 3 (29-31 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психологиялық зерттеу мәліметтерін өңдеу.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымының зерттеу мәліметтерін өңдеуге қатысты теориялық білім беру және оны практикада қолдану жолдарымен таныстыру.

Тапсырма: Эксперименттік зерттеу әдістері мен оған қойылатын талаптарды қарастыру. Экспериментатор және зерттелуші арасындағы байланысты сипаттау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: психология ғылымындағы негізгі зерттеу мәселесіне қатысты экспериментатор мен сыналушы арасындағы байланысқа, оларға қойылатын талаптарға сипаттама беру.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (30-36 б.), 2 (37-40 б.), 3 (41-44 б.). ҚӘ: 4 (33-36 б.), 5 (37-40 б.), 6 (41-46 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психологиядағы математикалық теориялар.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы негізгі теориялар туралы түсінік беру және психологиядағы математикалық теориялардың маңызымен таныстыру.

Тапсырма: Психология ғылымындағы математикалық терминдерге түсініктеме беру және теорияларға шолу жасау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша анықтамалық сөздікпен жұмыс жасау және осы пәнге қатысты әдебиеттерге шолу жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (43-46 б.), 2 (47-51 б.), 3 (53-55 б.). ҚӘ: 4 (42-45 б.), 5 (46-48 б.), 6 (53-57 б.)

СӨЖ тақырыбы: Қисық бөлу ұғымы. Бөлу формалары. Негізгі теориялық /классикалық/ бөлу.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге қисық бөлу, бөлу формалары, негізгі бөлу теориялары туралы түсінік беру және осы мәселеге қатысты психология ғылымындағы негізгі ұғымдарға сипаттама беруге үйрету.

Тапсырма: Зерттеудің нәтижесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша қисық бөлу ұғымына қатысты психология мен математика ғылымындағы негізгі ұқсастықтар мен айрмашылықтарды талдай білу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ:1 (56-58 б.), 4 (60-63 б.),5 (62-65 б.) . ҚӘ:2 (54-55 б.), 6 (56-57 б.), 9 (58-63 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психологиядағы өлшеу проблемалары.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы өлшеу мәселесіне қатысты негізгі түсініктер беру және оны орындай білуге үйрету.

Тапсырма: Зерттеу нәтижелерінің үздіксіздігі және дискреттілігі.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша зерттеу мәселесіне қатысты негізгі пікірлерді талдау және зерттеу нәтижелерін интерпретациялауға қатысты талаптармен танысу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (66-68 б.), 2 (68-71 б.), 3 (73-76 б.) . ҚӘ: 4 (67.70 б.), 5 (71-74 б.), 6 (74-77 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психологиялық зерттеудің құрылымы, құрамы, мазмұны.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы зерттеу жұмысына қатысты зерттеудің құрылымы, мазмұны және оны жүргізу жолдары туралы түсінік беру.

Тапсырма: Зерттеу нәтижелерінің интра және интериндивидуалды ерекшеліктеріне сипаттама.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдарға талдау жасай білуге үйрету және психологиялық зерттеу жұмыстарының негізгі ерекшеліктерін білуге үйрету.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (77-80 б.), 2 (81-84 б.), 3 (85-88 б.) . ҚӘ: 4 (78-80 б.), 5 (82-86 б.), 6 (787-90 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психологиядағы ықтималдық теориясы.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы ықтималдылық теориясы туралы түсінік беру және оның негізгі ережелері мен талаптары бойынша зерттеу жұмыстарын құра білуге үйрету.

Тапсырма: Ықтималдықтар теориясына шолу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша математика ғылымындағы ықтималдықтар теориясына шолу жасау және психология ғылымымен байланысын сипаттау.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (134-145 б.), 2 (117-129 б.), 3 (128-165 б.) ҚӘ: 6 (158-175 б.), 8 (194-213 б.), 9 (148-215 б.)

СӨЖ тақырыбы: Ықтималдық теориясының критерийлері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге ықтималдықтар теориясының негізгі көрсеткіштері туралы түсінік беру және оның түрлеріне тоқталу, сипаттама беру, шығару жолдарын көрсету.

Тапсырма: Бөлу түрлеріне мысалдар келтіру: бөлу заңы, Биномиалды, Пуасондық, Гаусстық, нормалды бөлу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша психология ғылымындағы бөлу заңы туралы және оның түрлеріне сипаттама беру және оны математикалық негізде өрнектей білуге дағдылану.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ:1 (56-58 б.), 4 (60-63 б.), 5 (62-65 б.). ҚӘ: 2 (54-55 б.), 6 (56-57 б.), 9 (58-63 б.)

СӨЖ тақырыбы: Корреляция және корреляция коэффициенттері. Регрессия сызықтары.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге корреляция коэффициенттері мен регрессия сызықтары туралы түсінік беру және олардың негізгі ұғымдарымен таныстыру.

Тапсырма: Хи квадрат бөлуі. Стьюдент критерийі. Еркіндік дәрежесі.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша психология ғылымындағы осы мәселеге қатысты математикалық есептеулерге шолу жасау және олардың шығарылу жолдарымен танысу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (30-36 б.), 2 (37-40 б.), 3 (41-44 б.). ҚӘ: 4 (33-36 б.), 5 (37-40 б.), 6 (41-46 б.)

СӨЖ тақырыбы: Корреляциялық анализ.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге корреляциялық анализ туралы түсінік беру.

Тапсырма: Нормалды бөлу параметрлерінің нормалды қисық формасына әсері. Ассиметрия және эксцесс туралы шолу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша математика ғылымындағы осы мәселеге қатысты негізгі ұғымдарға анықтама беру және оны психология ғылымындағы ұғымдармен салыстыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (267-275 б.),3 (119-135 б.),5 (290-312 б.). ҚӘ: 2 (118-145 б.), 4 (147-159 б.), 6 (211.219 б.)

СӨЖ тақырыбы: Дисперсионды анализ.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психология ғылымындағы дисперсионды анализ туралы түсінік беру және оның математикамен байланысы негізін ашу.

Тапсырма: Фишер критерийі. Жалпы, әлеуметтік және педагогикалық психологиядағы нормалды бөлу негізіне сипаттама.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша осы пәнге қатысты негізгі әдебиеттерге шолу жасай отырып, негізгі шығарылу жолымен және осы мәселеге қатысты теориялық материалдармен танысу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (117-143 б.), 3 (222-245 б.), 5 (156-167 б.) ҚӘ: 1 (119-137 б.), 2 (147-159 б.), 4 (218-237 б.)

СӨЖ тақырыбы: Факторлы анализ және шкалалау.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге факторлы анализ және шкала туралы түсінік беру және оның негізгі түрлерімен таныстыру.

Тапсырма: Генерал орташа. Таңдау орташасы. Генерал және таңдау дисперсиялары. Өлшеу шкалалары ұғымдарына түсінік.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша психология және математика ғылымының анықтамалық сөздіктерімен жұмыс жасау, берілген ұғымдарға талдау жасау және оны сипаттап жазу, мәнін ашу.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (10-15 б.), 2 (12-16 б.), 3 (10-15 б.). ҚӘ: 5 (8-12 б.), 6 (9-16 б.), 7 (17-21 б.)

СӨЖ тақырыбы: Психодиагностиканың психометрикалық негіздері – тесттерді құрудың статистикалық принциптері.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге психодиагностика ғылымының психометрикалық мәселесі бойынша ақпарат беру және негізгі ұғымдармен таныстыру.

Тапсырма: Вилкоксон критерийі. Фридман критерийі. Манна-Уитни критерийі. Крускала-Уитни критерийлеріне сипаттама.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша критерийлерге шолу жасау және оның түрлерін ажырату, формулалары бойынша мысалдармен жұмыс жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (56-58 б.), 4 (60-63 б.), 5 (62-65 б.). ҚӘ: 2 (54-55 б.), 6 (56-57 б.), 9 (58-63 б.)

СӨЖ тақырыбы: Әдісті және әдістемені таңдау.

Тапсырманың мақсаты: студенттерге әдіс және әдістеме түсініктерінің айырмашылығын анықтауға және оларды зерттеу жұмысында қолдануға байланысты түсініктер беру.

Тапсырма: Кез-келген зерттеу тақырыбына байланысты зерттеудің әдісі мен әдістемесі арасындағы айырмашылыққа тоқталу, тақырып бойынша зерттеу әдістері туралы түсіндіру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: берілген тапсырма бойынша зерттеу жұмысын жүргізуде психология мен математика ғылымдарының мәліметтеріне сүйену.

Пайдаланылатын әдебиеттер: НӘ: 1 (66-68 б.), 2 (68-71 б.), 3 (73-76 б.). ҚӘ: 4 (67.70 б.), 5 (71-74 б.), 6 (74-77 б.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]