
- •9.2.8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстары
- •9.2.9. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстар, курстық жобаларды (жұмыс) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар:
- •9.2.11. Тәжірибелерді (оқу, өндірістік және диплом алды) өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, құжаттардың есеп түрі:
- •«Психологиядағы математикалық әдістер» пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары сынақ кітапшасының соңғы цифрына сәйкес келуі тиіс
- •Бақылау жұмысының тақырыптары
- •9.2.13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •9.2.14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
9.2.8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстары
«Психологиядағы математикалық әдістер» пәні 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне 3 курстың 5 жарты жылдығына жоспарланған. «Психологиядағы математикалық әдістер» курсы үшін 30 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ, 9 сағат СОӨЖ, 81 сағат СӨЖ бөлінген. «Психологиядағы математикалық әдістер» курсының еңбек көлемі – (135 сағат, 3 кредит), дәріс, практикалық сабақтары мен аудиториядан тыс СОӨЖ және СӨЖ құрайды. «Психологиядағы математикалық әдістер» курсы өзара байланысқан бірнеше бөлімдерден тұрады. Білім деңгейін бақылау нысаны – доріс, практикалық сабақтарға белсене қатысу және СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары бойынша жұмыстар орындау, аралық бақылау және семестр соңында 300 сұрақтан тұратын тест арқылы немесе билет түрінде ауызша емтихан тапсыру.
Пәнді оқып үйрену барысында жұмыс оқу бағдарламасына сай дәріс, практикалық сабақтар, СӨЖ қарастырылған. Студенттер оқытудың бұл формалары бойынша келесі талаптар негізінде жұмыстар атқарады:
Дәріс – бұл көп қырлы құбылыс. Мұнда көрнекі құралдар мен иллюстрацияларды қолдану, уақыттты ұтымды есептеу, студенттерді белсендіру, сабақты бұрынғы материалдармен байланыстыру, негізгі мәселелерді есінде сақтау, лекция барысында жазғызып және өз бетіндік жұмысқа әдебиеттер беру, міне ,осының бәрін лекция барысында орындауы тиіс. Мұғалімнің тілі, өз дауысы тікелей білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Дәріс негізінен 3 негізгі қызмет атқарады:
ақпарат берушілік (студенттерге қажетті білімді береді);
ынтылындырушы (тақарыпқа қызығушылық туғызып, басқа да қайнар көздерді оқып үйренуге шақырады);
тәрбиеленушілік және дамытушылық (құбылысқа баға беріп ойланады).
Дәріс оқу ақпаратын берудің икемді формасы. Лектордың әдістемелік шеберлігі сол ақпаратты әртүрлі тәсілмен бере алады: қысқаша конспект түрінде, көркем мазмұнды түрінде де. Кез-келген жақсы дәріс тыңдаушының көзқарасын, сенімін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады.
Семинар латын сөзі, диспут, комментарий, оқушының хабарлауы, оқытушының қорытындысы дегенді білдіреді. Семинар мақсаты:
Теориялық материалдарды терең меңгеру;
Ғылыми мәтіндерді дайындағанда дағдыларды қалыптастыру, материалдарды жалпылау;
Білімді меңгеруде өзбетіндік шығармашылық қабілетті дамыту;
Жауап беру дағдыларын, аудитория алдында пікірін айту және өзінің көзқарасын қорғай білу дағдыларын қалыптастыру.
Семинар студенттердің ғылыми ойлау мәдениетін дамыту тәсілі ретінде қолданылып, белгілі бір курс бойынша терең де толық білім алуға, ғылыми танымдық әдістемені меңгеруге арналады. Семинар сабақтарында білімді қайталау және бекіту, бақылау және бағалау, педагогикалық тіл табысу сияқты жекелей мәселелер де шешіледі. Сонымен қатар, студенттердің өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері қалыптасады. Олар негізгі қайнар көздермен, қосымша әдебиеттермен танысып, олармен жұмыс істеуді үйренеді.
Білімді бақылау – бұл оқытушы мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы оқу материалын меңгерудің сапасын бақылау. Тексеру түрлері:
оқушылар үшін – бақылау бұл білімді сапалы меңгеруді, қателіктерді түсініп, уақытында түзеуге мүмкіндік беріп, алдағы өтетін оқу материалын жаңа түсінуге, сонымен қатар өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
оқытушы үшін – бақылау материалды меңгеру сапасы және жүрісі туралы ақпарат беріп, оқушының қызығушылығын ескеріп, сабақ беру процесі кезіндегі дидактикалық кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың түрі мен формалары. Көлемі мен сипатына қарай бақылау 2 түрге бөлінеді:
Нәтижелерді меңгерудің аралық бақылауы.
Қорытынды бақылау.
Аралық бақылау оқытушының ойлануы мен шығармашылығына байланысты жүргізіледі. Мұндай бақылау формалары әртүрлі болады.
оперативтік бақылау (дәріске). Дәрістің аяқталуына 5 минут қалғанда оқылған материал бойынша 2-3 студентке 2-3 сұрақ қояды. Жауабын жазбаша түрде беру. Оқытушы ескертпелерді келесі сабақта айтады.
блиц – бақылау. Тақырыптың аяғында, сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда студенттерге тақырып бойынша есінде қалған сөздерді жазу сұралады. Оқытушы тексеріп (сөздің саны, оның тақырыпқа сәйкестігі, қателігі т.б.) келесі сабақта талдау жасалады.
жазбаша есебімен бақылау тапсырмалары. Бұл әртүрлі тапсырмалар болуы мүмкін (психологиялық есептерді шешу, салыстыру, санау, кестені толтыру және құрастыру т.б.). Бақылаудың барлық формалары топтық болып табылады.
Қорытынды бақылау – бұл соңғы нәтижені тексеру. Бақылаудың бұл түріне семестрлік немесе курстық сынақтар мен емтихандар жатады. Бұлардың әртүрлі дидактикалық функциялары болады. Сынақ тақырып немесе бөлім аяқталғаннан кейін өткізіледі. Оның негізгі функциясы – білім берушілік және тексерушілік. Сынақ сұрақтары, яғни студенттер білімнің барлық элементтерін қамтитындай болып құрылуы тиіс. Оқытушы сынақты алу кезінде студенттің білімін дәлелдеп, оларды оқытады. Сынақ түрлері: Дәстүрлі түрі – жеке сұрақ-жауап формасы:
билет немесе сұрақ бойынша;
сұрау – сұхбат (тезаурус немесе сұрақ бойынша қысқаша жауап беру) топтың барлық мүшелері кезек бойынша қатысуы;
Ақыл – ой шабуылы – топтық форма. Топ 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топқа 5-7 сұрақтан тұратын карточка таратылады (сұрақтары проблемалық сипатта). Сұрақтарды кез-келген қайнар көздерді пайдаланып (дәріс, оқулық, монография) талдауға болады. Сынақ оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. Егер студенттің білім деңгейі төмен болса, онда ол келесі шағын топпен дайындалуға жіберіледі. Ойын – топтық форма. Мысалы: Концепцияны қорғау; Топ талданатын концепцияның санына қарай 2-3 шағын топқа бөлінеді. Әр бір шағын топ жоспарын алып және алдын-ала ойынға дайындалады (міндеттері бөлінеді, т.б.). Ойын кезінде әрбір топтың өкілдері сөйлейді. Ойынның нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталып және бағалануымен аяқталады. Емтихан түрлері:
Дәстүрлі – билет сұрақтары бойынша әңгімелесу. Емтихан сұрақтары аз болмауы және жалпыланған сипатта болуы тиіс. Оған практикалық сұрақтарды, психологиялық есептерді және қайнар көздер туралы сұрақтарды кіргізуге болады. Студенттердің жауаптарын бағалауда бәрінен бұрын мағыналылығы, логикалылығы, заңдылықтар мен фактілер туралы теориялық білімі, сөйлеу мәдениеті ескеріледі. Оқытушы студенттерге жауаптың оң және теріс жақтарын айтуы тиіс.
Жазбаша емтихан.
Тестілеу.
Емтихан оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады. Қорытынды бақылауға сонымен қатар бақылау, курстық, дипломдық және мемлекеттік емтихан да жатады. Қорытынды емтиханға барар алдында студент қашықтан оқыту формасы талаптарына сай аралық бақылауды тест формасында тапсырады және жұмыс бағдарламасында берілген бақылау жұмысы тақырыптарына сай (бақылау жұмысы тақырыбы сынақ кітапшасының соңғы номеріне сәйкес алынады) таңдап алады және оны емтихан сессиясына дейін 2 апта бұрын қашықтан оқыту орталығына тапсырады. Бақылау жұмысының дұрыс немесе қате орындалғаны туралы ақпаратты оқытушыдан алады. Емтихан ЭВМ ақылы тест формасында қабылданады және ондағы қорытынды баға студенттің аралық бақылау, оқу сабақтарына қатысу және бақылау жұмысын орындау бойынша бағалануы негізінде қойылады.