Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикадан Типтік оу бадарламасы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.87 Кб
Скачать

14 Тақырып. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеті – мұғалімдердің фронтальдық жұмысы және оқушылардың материалдарды меңгерудегі дербестік ерекшелігі арасындағы қарама-қайшылықты шешу құралы.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің білімділік, тірбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің мәні, ұйымдастыру түрлері мен формалары.

Негізгі ұғымдар: танымдық іс-әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьютерлендіру, саралау.

15 Тақырып. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері.

Қазіргі дидактиканың жетістіктері, оларды мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде жүзеге асыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Алгоритмдеп және бағдарламалап оқыту, оқытуды компьютерлендіру, ірі блокты оқыту және профильді оқыту, саралап оқыту,. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті барысындағы шығармашылық іс-әрекеті.

Негізгі ұғымдар: танымдық іс-әрекет, белсенділік, саралау, интеграция, профиьдік оқыту, бағдарламалық оқыту, проблемалық оқыту.

16 Тақырып. Тпп оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу.

Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау және есепке алу қызметтері: ынталандыру, дамыту, білім беру, оқыту, бақылау, тәрбиелеу. Жеке тұлғаның жетістігінің тиімділік өлшемдері.

Бақылау мен есепке алудың түрлері. Оқу жұмысының нәтижесін бағалау мен бақылаудың түрлері мен әдістері.

Сабақтан тыс іс-әрекеттің нітижесін бағалау мен бақылаудың ерекшеліктері.

Негізгі ұғымдар: диагностикалау, болжау, бақылау, есепке алу, бағалау, бағалау өлшемдері.

17 тақырып. Білім беру технологиялары.

Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Олардың негізгі сипаттамалары.

Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық білім беру технологиялары, шығармашылық, шығармашылық іс-әрекет.

ІІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТІҢ ТПП БАСҚАРУ.

1 тақырып. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы.

ҚР Конституциясындағы білім беру мәселелері. ҚР «Білім туралы» Заңы. ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997). ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты. Оқу жоспары, оқу бағдарламасы.

Негізгі ұғымдар: нормативтік құжат, білім беру стандарты.

2 тақырып. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару.

Басқару қағидалары. Басқару обьектісі мен пәні.

Мектеп басшыларына қойылатын талаптар. Мектеп директоры мен оның орынбасарларының қызметтері. Мектептегі бүгінгі менеджмент.

Педагогикалық кеңес пен әдістемелік кеңестің қызметі. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруде кафедралық және пән бірлестігінің ролі.

Негізгі ұғымдар: басқару, басқару қағидалары, басқару қызметі, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, кафедра, пәе бірлестігі, менеджмент.

3 Тақырып. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін дианостикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау.

Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жағдайы мен жұмыс істеуі туралы ақпарат - диагностиканың негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.

Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау.

Мектепішілік бақылаудың түрлері және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекетін бағалау өлшемдері - педагогтарды аттестациялаудың негізі.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, диагностиканың әдістері.