Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикадан Типтік оу бадарламасы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.87 Кб
Скачать

9 Тақырып. Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасындағы балалар тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі туралы Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.

Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненттері.

Отбасындағы ересектер мен балаларды, тіршілік әрекетін ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары отбасындағы педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары оны үйретудің әдістері.

Отбасы және мектептің ынтымақтастығының түрлері. Отбасы мен педагогикалық ұжымның жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие.

Негізгі ұғымдар: отбасылық және қоғамдық тәрбие, отбасы және мектептегі педагогикалық процесс, ата-аналардың педагогикалық белсенділігі, ынтымақтастық түрлері, отбасы және мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.

10 Тақырып. Тпп құрылымындағы оқыту

Оқыту ТПП негізгі бөлігі. Білім беру мен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың пролемалары. Оқыту процесінің мәні. Әдіснамалық негізі. Оқушылардың танымдық іс әрекетінің ерекшеліктері.

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік рефлекторлық, ақыл ой әрекеттерін сатылап қалыптастырудың теориясы, т.б.

Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту принципі, оқыту процесі, оқыту функциясы, заңдылықтар.

11 Тақырып. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.

Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі: білім беру және оның мазмұны туралы жалпы ұғым. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері.

Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің байланысы. Қазіргі мектептердегі білім мазмұнын анықтау мәселелері.

Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттарға сипаттама. Шетел мектептеріндегі білім беру мәселелері.

Негізгі ұғымдар: білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.

12 Тақырып. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің дамуы мен қалыптасуыныа қысқаша тарихи экскурс. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі. Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, фронтальдық және жеке формалары.

Сабақтың типологиясы және құрылымы. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Тақырыптық және сабақтық жоспарлау. Сабақты талдау.

Шетел мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыруға сипаттама.

Негізгі ұғымдар: оқыту формалары, сабақ және сабақтан тыс, фронталбдық, топтық, жеке түрлер, сабақ.

13 Тақырып. Оқыту әдістеріне сипаттама.

ТПП оқыту әдістерінің орны. Оқыту әдісі туралы жалпы ұғым. Әдіс және тәсілдер мен құралдар. Оқыту әдістерінің жіктелуі.

Оқытудағы бақылау және өзіедік бақылау. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістері.

Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, оқыту құралы, оқыту әдістерін жіктеу.