Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекжан отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.48 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе

  1. Автоматтандыру және басқару мамандығының жалпы сипаттамасы.................2

Негізгі бөлім

  1. Қазығұрт аудандық әкімшілігінің аппаратында практика кезі…………………..4

  2. Бөлім кадрларымен танысу

Қорытынды

Қолданылған әдебиттер ……………………………………………………………14

Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:

  1. технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;

  2. күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;

  3. цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

  4. ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.

Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.

Автоматтандыру(Автоматизация) — адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.

Автоматтандыру - энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.

Өндірістік автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірістік автоматтандыру – осы заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде телімцехзауыт, электр станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғары сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу мүмкін болатын жағдайларда, сондай-ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырудың негізі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономиялық тиімділігін анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инжинерлік әдістерін табу секілді мәселелерден құралады. Белгілі мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құрады. Осы заманғы АБЖ-ның құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған ақпараттарды адамға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық құрылғылар кіреді. 

KUKA наубайханасындағы өнеркәсiптiк роботтардың қолданылуы

Негізгі бөлім

Қазығұрт ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,1 мың км². Тұрғыны 100,8 мың адам. Ауданда 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы.

Жалпы мағлұмат

Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылып, теңіз деңгейінен 800-1200м биіктікте орналасқан. Аудан құрамына 12 ауыл округы кіреді.  әкімшілік орталығы – Қазығұрт ауылы Халық саны – 105300 адам Аудан территориясы 4100 шаршы километрді құрайды

Индустриалды — экономикалық профиль

Мұндағы табиғаттың туристтік кластер мен тау шаңқңысы бизнесі үшін, қарқынды инфрақұрылымды дамыту үшін үміт кұттірер база бола алатындай тамаша ландшафты бар. Соңғы жылдары айтарлықтай барлық салаларда оұ динамика байқалуда. Ауданның келешегі жарқын және ХХІ ғасырда игерілуі керек потенциалы орасан. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы малшаруашылығы мен дінді дақылдарды өсіру болып табылады.

Ерекшеліктер мен көрнекті орындар

Қазығұрт жері көне сәулет ескерткіштерін сақтап қалған. Олардың арасында: ХІ ғасырдың ерте діни кешені – Исмайыл ата кесенесі, «Ақбура әулие», «Атбұлақ Тесіктас» қасиетті тарихи орындары мен «Қырық қыз» тас мүсіндері.

Әкім

Әлиев Тұманбек Сүйінбайұлы

Практика орнымен танысу

Маусым айының 10 жұлдызында Қазығұрт ауданының энергетика және тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бөліміне практикамды өту үшін бардым. Бөлім қызметкерлері өз жұмысының маманы екен. Барған күнімнен бастап маған өздерінің жұмыстарының қыр сырын үйретіп, жандарына ертіп жүретін болды. Практика кезінде мен Microsoft Word, Microsoft Excel бағдарламасында жұмыс жасадым, айлық есептерін жасауға қол ұшын бердім.

15

Өз қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында жүргiзiлген жұмыс (саясат) туралы ақпаратты Интернет-ресурстарда орналастыру

Үкiметке ақпарат

АШМ (шақыру), барлық орталық және ЖАО

Жылына екi рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шiлдеден және 10 қаңтардан кешiктiрмей

Талап етiлмейдi

-

 

 

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын азаматтардың   пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Сонымен қатар, көрсетілген Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаж және тұрғын үй алған азаматтар тізімдері жыл сайын мерзімді баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарда жарияланып отырады. 2011-2014 жылдарға   арналған   тұрғын   үй  құрылысы  бағдарламасының  операторы   «Қазақстан  тұрғын  үй  құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы болып табылады.  Аталған бағдарлама азаматтардың  барлық санаттарына  арналған   және  тұрғын  үй алуға үміткер азаматтар тұрғын үй  құрылыс жинақ банкісінің салымшысы болуы тиіс. Сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы болуына байланысты банк өз тарапынан тұрғын үй алуға ынталы азаматтарға  ұсынатын қызмет бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және баспасөз басылымдарында тұрғын үйлерді сату туралы хабарлама жариялап отырады.

 

 

 

 

 

 

Бөлім кадрларының халық үшін жасап жұмыстарына қызығып, олармен бірге күнделікті жұмысқа асқан құлшыныспен кірісетін болдым. Бұл бөлімде тұрғын-үй, электр, қоқыс, транспорттық жолдар, газ осылардың барлығын бізге бірқалыпты жеткізіп отыратын кадрлар бар. Мен осы бір ай кезінде Қазығұрт ауданының жолдарының жүргізулі жұмыстарының куәгері болдым, бұл қарапайым болып көрінгенімен қаншама еңбекті талап ететіндігіне көзім жетті. Практика кезінде мен тек бір бөлімде ғана емес басқа бөлімдергеде біліктілігімді арттыру мақатында барып тұрдым. Мұндағы жұмыс бірқалыпты болып көрінгенімен, күн сайынғы туындайтын мәселелерді шешуге асқан шеберлілікті қажет етеді екен. Тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлімінің кадыры Тұрдалы есімді ағам практика кезінде маған біліктілігімді арттыруда көп көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) өзге де рұқсат ету мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.       Агенттіктің мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады.       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен.       2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.        3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.        4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.        5. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.        6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.        7. Агенттіктің, аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.25  № 1204Қаулысымен.       8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:        Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс.        9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" мемлекеттік мекемесі.        10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.        11. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.        12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.        Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.