Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп. Қалқанша безінің ауруы бар науқасты радиоиммунды әдіспен зерттеген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.
1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ме?
2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?
№ 2 есеп. Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.
Ит неден өлді?
Бүйрек үсті безінің қай қабатының (қыртысты немесе мыйлық) гормонының жеткіліксіздігінен өлді?
№ 3 есеп. Клиникаға 25 жасар науқас Н. мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарында ауыру сезіміне шағымданып, түсті. Тексергенде:
Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.
Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы
Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.
Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз
Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды
Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?
Гипофиз немесе бүйрек үсті бездерінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
Бұл көріністердің патогенезі қандай? Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.
№ 4 есеп. Ауруханаға 27 жасар науқас, әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, түсті. Науқасты тексергенде:
Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.
Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.
Бұлшықет межеқуатының төмендеуі
Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л
Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.
Қандай бездің зақымдануы осы көріністерді береді?
Ауру қалай аталады?
Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.
№ 2 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу
Көлденеңінен:
гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.
құрысуға бейімділік ( гипопаратиреоз синдромдарының бірі).
Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.
гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.
май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.
гиперәлдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.
аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.
тағам және суда тапшылығынан эндемиялық жемсау дамитын химиялық элемент
гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром
қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.
балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.
бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгі
балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.
организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай
|
|
|
16 |
|
17 |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
18 |
|
|
|
19 |
|
|||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
20 |
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
24 |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
21 |
|
22 |
|
|
23 |
|
|
25 |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||
|
7 |
26 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
27 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
28 |
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
29 |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
12 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тігінен:
гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?
гипопаратиреозда дамитын симптом.
гипертиреозда дамитын аритмия.
әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы
пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.
қалқанша бездің ұлғаюы.
Тапшылығы, қантсыз диабетті дамытатын гормон.
қантсыз диабеттің бір белгісі
өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
гиперәлдостеронизмде азаятын элемент.
бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….
қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром
гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.
біріншілік гиперәлдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….
