- •Патофизиология-2. «қан түзуші жүйе» модулі.
- •Дәрістер жинағы
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Геморрагиялық синдром
- •Вазопатиялар
- •Тромбоцитопатиялар – тромбоциттердің сапалық өзгерістері (қызметтерінің бүзылыстары)
- •Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялардың салдарлары:
- •Коагулопатиялар
- •Даму тетіктері:
- •Антикоагулянттардың артықшылығы:
- •Фибринолиздің артып кетуі:
- •Ангиогемофилия –Виллебранд ауруы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақтың жүргізілу реті
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Анизоцитоз – эритроцит мөлшерінің (диаметр) өзгеруі Анизоцитоз - изменение размера (диаметра) эритроцитов
- •Әдебиеттер
- •Сабақтың жүргізілу реті
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы: Қан жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру. Аралық бақылау
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •«Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Кезең – тестілеу
- •Жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
- •Жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
- •Миелоидты типті лейкемоидты серпіліс
- •1.6 Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік ұсыныстар (сөж)
- •Әдебиеттер
- •Тест тапсырмалары
Антикоагулянттардың артықшылығы:
гепаринді артық енгізу;
гепариннің артық түзілуі (лейкоздар, коллагеноздар).
Фибринолиздің артып кетуі:
плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерінің артық түзілуі,
плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері ыдыратылмауы (бауыр аурулыры),
a2- антиплазминнің түқымқуатын аз өндірілуі,
плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштер тежегіштерінің тапшылығы (бауыр аурулары)
Ангиогемофилия –Виллебранд ауруы
Виллебранд факторының тұқымқуатын тапшылығы (тамыр эндотелиінде түзіледі және VIII плазмалық фактордың құрамдас бөлігі)
¯
Тромбоциттік-қан тамырлық және коагуляциялық гемостаздың бұзылыстары
¯
Тері мен шырышты қабықтарға қан құйылулар
Бақылау сұрақтары:
1. тромбоцитопатиядағы қанағыштықтың патогенезі
2. лейкоздардың патогенезі
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып. «АНЕМИЯЛАР» .
Сабақтың мақсаты:
Анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін, гемограммасы мен коагулограммасыныңі клиникалық-зертханалық мәліметтерін сараптау тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, топта жұмыс жасағанда коммуникативті дағдыны дамыту
Оқытудың міндеттері:
Анемия, лейкоцитоз, лейкоцитопения бойынша білімін қалыптастыру
Қан ауруларымен ауырған науқастардың гемограммасы мен коагулограммасының клиникалық-зертханалық мәліметтерін сараптау тәжірибелік дағдысын қалыптастыру
Теориялық материалды талқылағанда коммуникативті дағдыны дамыту
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу ұстанымдары
Жедел постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі.
Гемолиздік анемия, анықтамасы, эритроциттердің тамыр ішілік және тамырдан тыс гемолизінің этиологиясы мен патогенезі, тұқым куатын және жүре пайда болған гемолиздік анемияларда шеткері қан көрінісінің өзгерістері.
ВитаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты анемиялардың патогенезі.
Аплазиялық анемиялар, себептері, қан түзілуі бұзылыстары мен клиникалық көріністерінің патогенезі.
Балалар мен жасөспірімдерде анемия дамуының ерекшеліктері
Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.
Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы.
Үйрету және оқыту әдістері: тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: гемограммаларды талдау, тестілеу
Сабақтың жүргізілу реті
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату |
5 мин |
2 |
1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
45 мин |
3 |
үзіліс |
10 мин |
4 |
№ 1 тапсырманы орындау |
50 мин |
5 |
үзіліс |
10 мин |
6 |
7-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
15 мин |
7 |
2 тапсырманы орындау |
15 мин |
7 |
Тестілеу |
10 мин |
8 |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау |
10 мин |
