Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖКЖ модулі 12-13.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

Глоссарий

Артериалық гипертензия – артериалық қан қысымының (АҚ) тұрақты 140/90 мм с.б. жоғары көтерілуі.

Артериальная гипертензия– стойкое повышение артериального давления (АД) более 140/ 90 мм рт.ст.

Arterial or systemic hypertension - is increase in arterial blood pressure (BP) more than 140/90 mm of Hg)

Біріншілік артериалық гипертензия – ағзалар мен жүйелердің органикалық біріншілік зақымдануына байланыссыз артериалық қан қысымының көтерілуімен дамитын ауру.

Первичная артериальная гипертензия - заболевание, при котором повышение артериального давления не связано с первичными органическими повреждениями органов и систем.

Primary arterial hypertension (essential hypertension, hypertonic disease) – is disease at which increase in arterial blood pressure is not connected with primary organic damages of organs and systems

Екіншілік артериалық гипертензия – артериалық қан қысымының көтерілуі бүйрек, эндокриндік жүйе, жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын көрсететін симптом.

Вторичная артериальная гипертензия – повышение артериального давления – симптом нарушения функции почек, эндокриннойсистемы, нервной системы

Secondary arterial hypertension – increase in blood pressure is a symptom of renal, endocrine or neural diseases

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды шешу)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 323-349

СОӨЖ (6 сағ)

Қанайналым жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау.

Сабақтың мақсаты:

  • Жүрек пен тамыр аурулары кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру. Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру.

Оқыту міндеттері:

  • Қанайналым жүйесі аурулары кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру.

  • Топта жұмыс жасағанда ЖҚЖ физикалық жүктемеге серпілісін зерттеу бойынша тәжірибе орындау үрдісінде топта коммуникациялық дағдвыны қалыптастыру

Жүргізу түрі:

Шағын топтарда жұмыс жасау: тәжірибе орындау, кестелерді толтыру, кейс-стади, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру

1 тапсырма. Атеросклероздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

2 тапсырма.

Тамыр межеқуаты реттелуінің бұзылыстарын анықтау мақсатында зерттелушіге физикалық жүктеме беру арқылы жүрек-қантамыр жүйесінің серпілісін анықтау. ( Мартине сынамасы)

Әдісі: Тәжірибелік жұмысты орындау үшін студенттер бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта төрт адамнан кем болмау керек:

1 – зерттелуші (студент – өз қалауымен )

2 - студент, артериялық қысым деңгейін анықтаушы

3 - студент, зерттелушінің пульсін есептеуші

4 - студент, алынған мәліметтерді дәптерге тіркеуші

Зерттелушіні отырған кезде артериялық қысымын (АҚ) өлшейді, екінші қолында 10 секунд ішіндегі жүрек соғуының орташа өлшемін анықтайды. Бұл үшін 10 секунд ішінде жүрек соғу жиілігін алты рет есептейді, алынған мәліметтерді қосып алтыға бөледі, содан кейін орташа арифметикалық өлшем алынады.

Содан кейін зерттелуші иығынан манжетті шешпей тұрып, 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұрады. Жүктемеден кейін бірден АҚ және 10 секунд ішінде жүрек соғу жиілігін тіркейді. Ары қарай пульсті есептеу және АҚ-ды өлшеу жүктемеден кейін әрбір минуттан кейін ( бірнеше рет), көрсеткіштер бастапқы қалпына келгенше жүргізеді.

Алынған мәліметтерді хаттамаға енгізеді:

Зерттелген көрсеткіштер

Жүктемеге дейін

жүктемеден кейін бірден

Жүктемеден кейін әрбір минут сайын

1

2

3

4

5

1.Жүректің соғуы жиілігі

2.АҚ:

систолалық

диастолалық

пульстік

Сынауды бағалау нышандары:

- жүрек соғу жиілігін анализі:

1. Жүктемеден кейін пульстің қалпына келуі 3-4 минут.

2. Жүктемеден кейін пульстің жоғарылауы 50 – 70%, мына көрсеткішпен есептейді:

(жүктемеден кейінгі пульс – бастапқы пульс ) х 100

Бастапқы пульс

- АҚ –ның өзгеруінің анализі

1.Негізінен физикалық жүктемеден кейін бірден систолалық қысым 10-20 мм.с.б.б көтеріледі, диастолалық қысым 20-40 мм.с.б.б төмендейді, пульстік қысым 20-40 мм.с.б.б көтеріледі.

2. АҚ жүктемеден кейін 4-5 минуттан кейін қалпына келеді.

Көрсетілген көрсеткіштер жүрек-қантамыр жүйесінің шынықпаған адамдарға тән сау жүрекпен тамырлардың жеткілікті икемделу-бейімделу мүмкіншіліктері бар және физикалық жүктемеге жауап ретінде дамитын нормотониялық серпілісіне жатады.

Жауап серпілісінің дерттік түрлері бар:

1. ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС

Бұл түрінде систолалық қысым едәуір жоғарылайды - 180-200 мм.с.б.б., диастолалық өзгермейді немесе көтеріледі. Пульстің арту жиілігі жоғарылайды, пульстің және АҚ-ның жүктемеден кейін қалыптыға қарағанда қалпына келуі ұзағырақ болады.

Бұл түрі жоғары жаттығу үстіндегі спортпен шұғылданатындарда, тамырлары атеросклероздық өзгерген адамдарда байқалады.

2. ДИСТОНИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС

Систолалық қысым жүктемеден кейін күрт көтеріледі, кейде 225 мм.с.б.б дейін, одан да жоғары, ал диастолалық қысым нөлде анықталады – «шексіз» тон ерені

3. АСТЕНИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС

Жүректің қызметтік жағдайының нашарлауында байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден кейін төмендейді. Пульстің жоғарылауы пайыздық мөлшерде көтерілген. Жүректің соғу жиілігі және АҚ-ның бастапқы қалпына сәл кешігіп келеді.

Зерттеуден кейінгі алынған мәліметтерді талдайды және «Артериялық қысымның деңгейіне әсер ететін ықпалдар» сызбанұсқаны құрастырады

АҚ =ҚМК х ШҚЖК

3 тапсырма.

Гипертониялық ауруға әкелетін негізгі «қауіп-қатер» жайттарының тізімін құру және олардың маңызын негіздеу.

Қауіп-қатер жайттарының тізімі

Зақымдаушы әсерінің тетіктері

Гиподинамия

Стресс

Кадмий, қорғасын

Магнийдің жеткіліксіздігі

Шу

Созылмалы гипоксия

Ас тұзын көп мөлшерде қабылдау

4 тапсырма.

Эссенциялды гипертензияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру:

а) нейрогендік тетік

б) бүйректік тетік

в) гормоналдық тетік

5 тапсырма Ситуациялық есепті шешу

1 есеп. 20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті.

Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде айналы белгіде. Қанда АСТ белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).

  1. Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

  2. Дерттің бұл түрінде қанда АСТ-нің белсенділігінің артқанын қалай түсіндіресіз?

  3. Көрсетілген дерттің дамуының негізгі тетігі қандай ?

2 - есеп. Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымданып, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Анамнезінен: осының алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс атқарған, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.

Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі-минутына 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б.б. ЭКГ —да жиілігі 360 рет жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоциттердің жоғарылаған, басқа көрсеткіштері қалыпты.

1. Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?

2. Сіздің пікіріңіз бойынша, аталған дерт түрлерінің арасында қандай себеп-салдарлық байланыс бар?

3. Төс артындағы ауыру сезімінің мүмкіндік себебі не?

4. Миокардтың зақымданғанын растайтын қосымша қандай тексерулер жүргізу керек?

3 есеп. Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.

  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?

  2. Анықталған дерттің дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

4 есеп. Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырады. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзін қанағаттанарлық деп сезінген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жақта кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы.

  1. Науқас жүректің қандай ақауымен ауырады?

№ 5 есеп. Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Анықталды: полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17‑оксикортикостероидтің мөлшерінің жоғарылауы.

1. Осы науқаста АҚ-ның жоғарлауының себебі қандай?

2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?

3. Соңғы диагнозды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

6 есеп. 40 жасар туберкулезбен ауыратын науқас З. ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отырады), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., тыңдағанда: жүрек тондары тұйық, өкпесінің базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі минутына 26 рет, мойын көктамырлары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, сипағанда ауырады, аяғы домбыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.

1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Ол туралы не мәлімдейді?

2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

3. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.