- •Патофизиология-2. «жүрек –қантамырлар жүйесі» модулі.
- •Дәріс жинағы
- •Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі
- •Коронарная недостаточность
- •Жүрек қызметінің бұзылуы
- •Эндотелий жасушалары қызметтерінің бұзылуы
- •Әдебиеттер
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Машықтық жұмыстар:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Қанайналым жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау.
- •«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Аралық бақылаудың 1 – кезеңі – тестілеу (тест тапсырмалары)
- •Қанағымы жылдамдығының азаюы
- •Қанағымы жылдамдығының артуы
- •Серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда
- •Миокардтың электрлік біркелкі еместігі
- •Синустық-жүрекшелік тораптың автоматизмі төмендеуінің
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
- •Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған (сөж) әдістемелік нұсқаулар
- •Автоматизмнің
- •Жүрек жиырылуының жиілігі 90 - 180/мин. Жетеді
- •Синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда
- •Көрші кардиомиоциттерде әлеуеттер айырмашылығының пайда болуы
- •Қозудың Гис шоғырының оң аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын
- •Кардиомиоциттердің рефрактерлік кезеңі қысқаруының
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
Машықтық жұмыстар:
«Бақа жүрегінде миокардтың қысыммен және кардиомиоциттердің біріншілік бүліністері жағдайында жүрек жеткіліксізідігін үлгілеу» бейнефильмін көру. Тәжірибе кезеңдері № 1 және 2-тапсырмаларда берілген.
№ 1 тапсырма. |
Миокардтың қысыммен зорығуы жағдайында құрбақа жүрегі жұмысының өзгерістерін зерттеу. |
|
||||||||||||
Әдісі: Жансыздандырылған бақаны арқасымен тақтайшаға бекітеді. Көкірек қуысын кеңінен ашып, жүректі перикардтан босатады. Қолқаны және жүрекке төмен жақтан келетін көктамырды абайлап бөліп алып, қолқаның астынан кезекші жіпті өткізеді. Қолқаның сол жақ доғасын жіппен көтеріп, бір жанынан кесіп, оған шыны канюля енгізіледі. Қолқаның оң доғасы байланады. Іштің алдыңғы қабырғасын орталық сызықтан 0,5 см солға қарай ұзынынан кеседі, орталық сызықтың бойымен іш аортасы өтеді, ол семсер тәрізді өсіндінің деңгейінде жүрекке бағытталады. Көктамырға жүрекке қарай бағыттап рингер ерітіндісінің инесін енгізеді. Енгізілген Рингер ерітіндісі іш көктамыры арқылы жүрекке келіп, канюлядан ағып шығады. Ағып шығу жылдамдығы минөтіне 20 тамшы. Жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады (ЖСЖ, минөттік көлем, систолалық көлем). Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрін алу үшін канюляны бүйірінде арақашықтығы 10 см өсінділері бар шыны деңгекпен резіңке түтік арқылы жалғайды. Қысқыштарды қолдана отырып шыны түтіктегі сұйықтықтың деңгейін 20, 30, 40 см биіктікке дейін көтереді. Жүрек қызметінің көрсеткіштері діңгектің әрбір бөлігіне келгенде анықталып отырады. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады және бір-бірімен салыстырылады.
|
||||||||||||||
Студенттер талдау жасау барысында мына сұрақтарға жауап берулері керек :
1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Жүрек гиперфункциясын қандай тетіктер қамтамасыз етеді?
3. Теңгерілген сатыдан теңгерілмеген сатыға өткенін қандай өзгерістер дәлелдейді?
№ 2 тапсырма. |
Кардиомиоциттер қызметінің біріншілік бұзылысы кезінде құрбақаның жүрек жұмысының өзгерістерін білу. |
Әдісі: Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (КСl) калий хлор ерітіндісі тамызылады. 3-5 минуттан кейін қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін,тағы да көрсеткіштер анықталады.
Тәжірибе сатылары |
ЖСЖ 1 мин |
Минөттік көлем 1 мл |
Систолалық көлем 1мл |
Бастапқы жағдайы Зақымдағаннан кейінгі Жуылып тасталғаннан кейінгі |
|
|
|
Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек:
1.Кардиомиоциттердің біріншілік зақымдануы кезінде жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай тетікпен жүреді?
3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма?
