Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖКЖ модулі 12-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать
  1. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – С 460-524

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

  3. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 343-350,

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т. – 2009.-С. 179-221, 168-179.

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 120-121.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.420-430.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007. C.165-179.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 108-121.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 453-458

6. Бақылау сұрақтары

1. Атеросклерозға әкелетін қауіп-қатер ықпалдары

2. Коронарлық жетіспеушіліктің ең жиі себебі болып табылады

3. Шынайы және салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік туралы түсінік

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

1 тақырып. «Жүректің қақпақшалық құралының зақымдануы: себептері мен даму тетіктері. Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Коронарлық жеткіліксіздіктің патофизиологиясы»

Сабақтың мақсаты:

  • Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру. Студенттерде коммуникациялық құзыреттілікті жетілдіру

Оқытудың мііндеттері:

  • Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық және миокардтық түрінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

  • Тәжірибе нәтижелерін (бейнефильм) және тақырып сұрақтарын талқылағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүректің жүре пайда болған ақаулары туралы түсінік, түрлері, этиологиясы, гемодинамика өзгерістерінің патогенезі

  2. Балалардағы жүректің туа пайда болған ақаулары (жүрекшеаралық перденің ақауы, қарыншаралық перденің ақаулары, Фалло тетрадасы, Боталлов өзегінің бітпеуі)

  3. Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.

  4. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, түсінігі, көлеммен зорығудың («жүрек алдылық жүктеме») және кедергімен зорығудың («жүрек соңылық жүктеме») себептері

  5. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің дерттік гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияланған жүрек ет жасушаларының ерекшеліктері.

  6. Жүрек жеткіліксіздігінің коронарогенді емес миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар, түрлері, себебі, патогенезі. Коронарлық жеткіліксіздік туралы түсінік, түрлері (шынайы, салыстырмалы), патогенезі. Коронарлық қанағымының қайиымды және қайтымсыз бұзылыстарының сипаттамасы, себептері, патогенезі.

  7. Жүрек жеткіліксіздігінің молекулярлы-жасушалық тетіктері (мембрана және ферменттік жүйенің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз етудің және реттелудің зақымдануы).

  8. Жүрек қызметінің көрсеткіштері өзгеруі және жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.

Оқыту мен сабақ жүргізудің әдістері:

Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, жүректің зорығулық және миокардтық жеткіліксіздігін үлгілеу бойынша бейнефильмді көру, тестілеу.

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату

5 мин

2

1-5 сұрақтар бойынша пікірсайыс.

45 мин

3

үзіліс

10 мин

4

6-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс

35 мин

5

1,2 тапсырмаларды орындау

30 мин

6

Тестілеу

10 мин

7

Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау

10 мин