
- •Патофизиология-2. «жүрек –қантамырлар жүйесі» модулі.
- •Дәріс жинағы
- •Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі
- •Коронарная недостаточность
- •Жүрек қызметінің бұзылуы
- •Эндотелий жасушалары қызметтерінің бұзылуы
- •Әдебиеттер
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Машықтық жұмыстар:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Қанайналым жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау.
- •«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Аралық бақылаудың 1 – кезеңі – тестілеу (тест тапсырмалары)
- •Қанағымы жылдамдығының азаюы
- •Қанағымы жылдамдығының артуы
- •Серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда
- •Миокардтың электрлік біркелкі еместігі
- •Синустық-жүрекшелік тораптың автоматизмі төмендеуінің
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
- •Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған (сөж) әдістемелік нұсқаулар
- •Автоматизмнің
- •Жүрек жиырылуының жиілігі 90 - 180/мин. Жетеді
- •Синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда
- •Көрші кардиомиоциттерде әлеуеттер айырмашылығының пайда болуы
- •Қозудың Гис шоғырының оң аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын
- •Кардиомиоциттердің рефрактерлік кезеңі қысқаруының
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
- •Жүрек гликозидтерін белгілеу
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ МОДУЛІ |
Патофизиология-2. «жүрек –қантамырлар жүйесі» модулі.
Модулдің жалпы мақсаты: негізгі және клиникалық пәндері біріктіру негізінде студенттерді ересектерде және жас балаларда қалыпты және дерттік жағдайларда ЖҚЖ-нің клиникалық тексерулердің негізін, оның қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді және негізгі клиникалық әйгіленімдердің патофизиологиялық даму тетігін түсінуге үйрету.
Модулдің міндеттері: Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалу синдромдарын және негізгі әйгіленімдердің даму патофизиологиясының тетіктері бойынша түсінігі мен білімін қалыптастыру.
Модулдің мақсаты: негізгі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде жүрек қантамыр жүйесі патофизиологиясы бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта қарым-қатынаста коммуникативтік дағдысын, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру.
Модулдің міндеттері:
Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалу синдромдарын және негізгі әйгіленімдердің даму патофизиологиясының тетіктері бойынша түсінігі мен білімін қалыптастыру.
Жүрек қантамыр жүйесі ауруларында клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру.
Топта жұмыс жасағанда коммуникативті дағдысын қалыптастыру
сабақтарға дайындалғанда және СӨЖ орындағанда ғылыми, анықтамамен, интернет желісімен және оқулықтармен өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту
Дәріс жинағы
Мақсаты: Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі
Дәрістің тезисі
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі
– бұл миокардтың оттегіге және оның субстраттарына мұқтаждығы мен олардың коронарлық артериялар арқылы жеткізілуінің арасындағы сәйкессіздік.
Патогенезі бойынша түрлері:
Шынайы ( коронарлық артериялар саңылауының тарылуы немесе толық бітелуі)
Салыстырмалы (миокардтың оттегіге және оның метоболизмдік субстраттарына мұқтаждығының артуы)
Коронарная недостаточность
- это несоответствие между потребностью миокарда в кислороде и субстратах метаболизма и доставкой их по коронарным артериям
Виды по патогенезу:
Абсолютная (уменьшение просвета или полное закрытие коронарных артерий)
Относительная (повышение потребности миокарда в кислороде и субстратах метаболизма)
Coronary insufficiency
mismatch between demand of myocardium for oxygen and metabolic substrates and coronary arteries supply
According to pathogenesis it is divided into
Absolute (decreased vascular lumen or complete obstruction of the coronary arteries)
Сhronic (increased demand for oxygen and metabolic substrates)
Нағыз коронарлық жеткіліксіздіктің себептері
Коронарлық артериялар қабырғаларының атеросклерозы
Қан жасушаларының агрегациясы және тәж артерияларының тромбозы
Коронарлық артериялардың ұзақ тарылуы (катехоламиндер, простагландиндер F2a, тромбоксан А2)
Салыстырмалы коронарлық жеткіліксіздіктің себептері
Қанда және миокардта катехоламиндер мөлшерінің жоғарылауы
¯
Оң хроно-және инотропты әсерлердің болуынан метаболизм субстратының және оттегінің жұмсалуының
энергия түзілуінің пайдалы көрсеткіші мөлшерінің ¯ ( МАТ-ның , тотығу мен фосфорланудың ажырауы)
Жүрек қызметінің едәуір жоғарлауы
Шамадан тыс физикалық жүктеме
Ұзақ тахикардия
Гиперволемия
Миокардтың зақымдануының қайтымдығына және дәрежесіне байланысты коронарлық жеткіліксіздіктің түрлері:
қайтымды (коронарлық қан айналымның транзиторлы бұзылысы, стенокардияның әртүрімен көрінеді, миокардтың реперфузиясынан кейінгі жағдай)
Қайтымсыз ( миокард инфаркты)