Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сит.задачи для экз. 6к. каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178.69 Кб
Скачать

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №16

Науқас С, 28 жаста, жедел ауырды, температурасы 39,1°С, күрт бастың ауруы, жеңілдік әкелмейтін үш рет құсу пайда болған. Қарағанда: тері жамылғысының бозарғаны, склера тамырларының инъекциясы, конъюнктиваны өтпелі қатпарында – қан төгілу, саны мен жамбаста – геморрагиялық бөртпелер, Керниг және Брудзинский смптомдары оң, желке бұлшықетінің тартылуы айқын, ерні мен мұрын қанаттарында ұшық тәріздес бөртпелер. Пульс 96 рет/мин., АҚ 85/55 ммсын.бағ., олигурия. Сана сезімі сақталған.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №17

Науқас Т., 16 жаста, лицей оқушысы, онда ЖРВИ жағдайлары болған, клиникаға аурудың 6 шы күні түскен. Ауру қауыпты температурада, жөтел және мұрынның бітелуімен басталған. 5 ші күні кенеттен температурасы 40°С жоғарлады, жағдайы нашарлаған: өте қатты бас ауруы, тамақпен байланыссыз жиі құсу пайда болған. Ауруханаға түскенде: жалпы жағдайы өте ауыр, есі анық емес. Көзінің қарашықтары үлкейген, жарыққа реакциясы бар. Желке бұлшықетінің тартылуы айқын, Керниг симптомы оң. Жалпы гиперестезиясы байқалады. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульсі 130 рет мин., АҚ – 100/50 мм.сын.бағ.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №18

Науқас К., 32 жаста. Жедел ауырды, қалтырау, әлсіздік, дене температурасының 380С пайда болды. Кейінірек сол жақ табан аймағында ашып ауру сезімі байқалды. Кейінгі күндері теріде гиперемия және көпіршік пайда болды. Аурудың 2 күн алды сол жақ табанын тесіп алды. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі, дене температурасы – 38,90С. Сол аяғы ісінген, гиперемияланған. Табанның алдыңғы бөлігінде, балтырда, санында – серозды сұйықтығы бар буллалар байқалады.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №19

Науқас С., 36 жаста, аурудың 4 күні түсті. Қарағанда өте қатты қозған, агрессивті, түкіреді. Сана сезімі анық, температурасы 37,80С. Жарқыраған жарыққа айқын күшті ұстама кенеттен қорқумен, мойын, бет және қол бұлшықетінің тартылуымен, көз тігуімен, беттің цианозымен, тыныс алудың жиілеуімен, қолдың дірілі, көп мөлшерде сілекейдің ағуымен байқалды. Стақандағы суды көргенде – дәл сондай ұстама анықталды. Мүшелер мен жүйелер бойынша қарау мүмкін емес. Ауру алдын 1 ай бұрын түлкінің терісін шешкен, анамнезінде бас миының травмасы.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

.

Ситуациалық есеп №20

Науқас А., 34 жаста, балықшы. Осыдан бір апта бұрын ауырған, сол кезде әлсіздік, оң жақ қабырға астында ауырлық пайда болып, дене қызуы 38,8° С көтерілді. Ол өздігінен емделді, яғни анальгин қолданды. Кеше зәрінің қарайғанын, бүгін көз шеленің сарғайғанын байқады. Содан соң поликлиникаға каралды. Қарағанда: дене қызуы 38,8° С, жүрегінің айнып, оң жақ қабырға астының ауыратынын, терісінің қышитынын айтты. Терісі мен көз шелі сарғайған. Денесінде көптеген қышитын папула тәрізді бөртпелер пайда болды. Бауыры қабырға астынан 3 см шығып тұр, ауырады. Мынадай өте жедел зерттеулер жүргізілді: зәлде өт пигменттерінің болуы қанның жалпы анализінде: эритроциттер, лейкоциттер – 9,6*109/л; п – 2, э – 34, Мон – 1, СОЭ 22 мм/с.