Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сит.задачи для экз. 6к. каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178.69 Кб
Скачать

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №10

Науқас А., 30 жаста, қалтырауға, әлсіздікке, температураның 39˚С жоғарлауына, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Бірнеше жылдар бойы созылмалы тонзиллитпен ауырады.

Жағдайы ауыр, мойнының ісігі байқалады. Бадамша безінде, жұмсақ таңдайда – кір-сұрғылт жұқалтыр, тығыз, шпательмен алынбайды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынады. Тыныс алуы шулы, везикулярлы. Дем алуы – 24 мин. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 150/90 мм.сын.бағ., пульсі 120. Эпиданамнез: 3жастағы баласы бар. Белгілі бір жұқпалы ауруға байланысты бала бақша карантинге жабық екені анықталды.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №11

Науқас Т., 26 жаста,эпигастрий және кіндік айналасында толғақ тәріздес ауру сезімі, шұрылдау, жиі (12-14 рет тәулігіне), көп мөлшерде, сұйық нәжіс, әлсіздік, жоғары температураға, жүрек айну, көп рет құсуға, шөлдеуге шағымданып аурудың 2 күні түскен. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,3ºС. Пульс 104 рет мин. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік айналасында ауырады. Қабылдау бөлімінде сұйық, көп мөлшерде, жағымсыз иіспен жасыл түсті нәжіс болды.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №12

Науқас К., 15 жаста, колледж оқушысы. Жедел аурған. Алғашқы екі күн аздап тамағының ауырғаны мазалаған, мұрынның құрғауы байқалған, температурасы 370С жоғарлаған. Үшінші күні құрғақ жөтел, мұрыннан серозды бөліністер; бесінші күні катаральді көріністер күшейген, конъюнктивит қосылды, Т 39,00С, беті мен мойнында бөртпе пайда болған. Түнде мазасызданған. Таңертең жағдайы ауыр, Т 39,00С, айқын конъюнктивит, беті ісінген, көптеген дақты-папулездік бөртпе бетінде, қолында, денесінде шыққан. Аяғында бөртпе жоқ. Ұрттың шырышты қабатында Филатов-Коплик дағы анықталды. Өкпесінде қатаң тыныс алу, таралған құрғақ сырылдар естіледі. Тыныс алуы 24 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді. Пульс 110 рет минутына. АҚ 90/60 мм.сын.бағ.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №13

Науқас В, 50 жаста, ветеринар дәрігер болып жұмыс істейді. Қол-аяқтың ірі буындарының ауруына, әлсіздікке, тершеңдікке, ашуланшылыққа шағымданып қаралды. Өзін екі жылдай аурумын деп санайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Буындары сырттай өзгермеген, бірақ барлық ірі буындарда қозғалысы ауырсынуға байланысты шектелген. Науқас эмоциональды тұрақсыз, тез ызаланады. Алдыңғы және артқы мойын, жақ асты, қолтық асты және шат лимфа түйіндері пальпацияланады.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №14

Науқас А., 36 жаста, совхоздың ветеренар дәрігері, жалпы дімкәстікке, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бұлшықеттің және буындардың ауруына шағымданып дәрігерге келді. Екі апта бұрын ауырған. Соңғы 3 күнде дене температурасы 38,5-39ºС жоғарлап, қалтырау, қатты тершеңдікті мазалайтынын айтады. Объективті қарағанда: мойын, қолтық асты, шат лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Гепатоспленомегалия.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №15

Науқас В, 45 жаста, аз мөлшердегі қақырық аралас жөтелге, кеуде клеткасының сол жағының ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, маңдай аймағында орналасқан бастың ауру сезіміне, дене температурасының 380С жоғарлауына, денесінің қақсауына шағымданып қаралды. Жағдайы орташа ауырлықта. Еріннің орташа цианозы байқалады. Жұтқыншағы біраз қызарған, жұмсақ таңдайда дәнді түйіршіктер. Дем алуы – 26 рет мин. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде жауырын асты аксилярлы сызық бойынша перкуторлық дыбыстың тұйықталу, ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі температураға сәйкес. АҚ 120/70 мм.сын.бағ.