Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сит.задачи для экз. 6к. каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178.69 Кб
Скачать

Ситуациалық есеп №1

Науқас П.,19 жаста,политехникалық институттың студенткасы, клиникаға 20.09. сарғыштыққа байланысты түскен. 13.09. бастап өзін науқаспын деп сезінеді, субфебрильді температура, қалтырау, бас ауыруы пайда болған, шаршағыштықты, салғырттық, сабақта жұмысқа қабілетінің төмендегенін байқаған. Бірте-бірте аппетиті нашарлаған, тамақты көргенде жүрек айну пайда болған. 19.09. зәрінің - «қою шай тәрізді» екенін байқаған. 20.09. терісінің сарғыштығы пайда болған.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және склерасы сарғайған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 2см-ге төмен, тығыз-эластикалық консистенциялы, пальпацияда ауырсынулы.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №2

Науқас Н., 23 жаста, поликлиникаға аурудың 3-ші күні қаралды.

Жедел ауырды, жалпы әлсіздік, қалтырау, дене температурасы 38,3 0С жоғарлаған, ішінің төменгі бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну пайда болған. Нәжіс тәулігіне 6 рет, алғашында көп мөлшерде, сосын аз, ботқа тәрізді, шырыш және қан араласқан.

Дәрігер науқастың туысқандарында квартирада тұратынын анықтады. Басқа қаладан келген, жалданбалы құрылысшы болып жұмыс істейді. Ауру алдында, базардан сатып алынған, жуылмаған жемістер жеген. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, Т – 38,1°С. ҚҚ-110/60мм.рт.ст. Тілі сұрғылыт жабындымен жабылған, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынған. Сигма тәрізді ішек тығыз, пальпацияда ауырсынған.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №3

Науқас М., 35 жаста, жедел ауырды: әлсіздік, жүрек айну, эпигастрий аймағында ауру сезімінің пайда болғаны, 3 рет қортылмаған тамақ аралас құсу болғаны, қайталанған көп мөлшердегі сұйық нәжіс. Дене қызуы 38,5°С дейін жоғарлады.

Жағдайы ауыр. Науқас енжар, адинамиялы, бозарған. Тілі құрғақ, кір-сұр жабындымен жабылған. Пульс 116 рет мин., толуы мен кернеуі қанағатанарлық. АҚ – 90/55 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған. Іші жұқмсақ, кепкен, эпигастрий, кіндік аймағы және оң мықынның ауру сезімі байқалады. Перитонеальді симптомдар жоқ. Нәжісі су тәрізді, көп мөлшерде, жасыл түсті, патологиялық қоспасыз.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №4

Науқас В., 20 жаста, студент қыз. Көп рет құсуға, ішінің ауыруына, сұйық нәжіске шағышданады. Асханадан түскі астан кейін үш сағаттан соң жедел ауырған ( борщ, макаронмен котлет жеген, пирожнмен шай ішкен). Өзімен бірге дос қызы да тамақтанған, 1сағат бұрын осындай шағымдармен ауруханаға түскен. Объективті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ҚҚ 70/50 мм.рт.ст. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында және кіндік маңында ауырсыну. Қабылдау бөлімінде үш рет өт аралас құсу және бес рет сұйық су тәрізді нәжіс болды. Температурасы аурудың алғашында 38,4 0С, қабылдау бөлімінде 35,3 0С.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №5

Науқас М, 40 жаста, бас ауыруына, ұйқысыздыққа, құсуға шағымданады. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас тежелген, температурасы 400С, пульсі – 82 уд/мин, ҚҚ – 110/70 мм рт.ст. Тілі ісінген, тістің таңбаларымен, сұрғылт-ақшыл жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынған, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Көкбауыры пальпацияланады.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №6

Науқас Ф., 32 жаста, клиникаға аурудың 8ші күні түскен. Бірінші күннен бастап, әлсіздік, аппетиттің төмендеуі, температурасының жоғарлауы, терінің қышуы, оң жақ қабырға тұсында ауру байқалған. 7ші күні склерасының сарғыштығы, зәрінің түсінің өзгеруі, ал 2 күннен кейін сарғыштық айқынырақ болған.

Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері сарғыш. Бауыры 1,5-2 см, ауырсынған. Нәжісі ақшыл.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №7

  1. Науқас А., геолог, сырқаттанудың 9 күні бас ауыруына, әлсіздік, нашар ұйқыға, аппетитінің жоқтығына шағымданып, қаралды. Бірте-бірте ауырған, 4-5 күн бойы дене температурасы 390C көтерілген, бас ауыруы, ұйқысыздық пайда болған. Әлсіздік, аппетиті нашарлаған. 14 күн бұрын командировкадан келген, командировкада асханадан тамақтанған.

Жағдайы ауыр. Т-39,40C, солғын, енжар, беті бозғылт. Ішінің терісінде розеолезды сипаттағы бірнеше бөртпелер бар. Өкпесінде везикулярлы тыныс алу, шашыраңқы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 76 рет минутына. АД 100/60 мм.рт.ст. Тілі жабындымен жабылған, шеті және ұшы қызғылыт, тіс таңбаларымен. Іші аздап кепкен, оң мықын аймағында шұрылдау және перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады; гепатомегалия. Нәжісі тәулігіне 1 рет «горох ботқасы» тәрізді.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №8

М.науқас, жедел ауырған, маңдай аймағында бас ауыруы және көз алмасында ауырсыну, қалтыру, бұлшық еттерінде, сүйектері мен буындарында ауырсыну, жұтқыншағында ауыру, мұрынның бітелуі, дене температурасы 39о C жоғарлаған. Беті қызарған және ісінген, склера тамырлары инъекцияланған, мұрыннан бөліністер, құрғақ жөтел, тахикардия.

1. Диагнозды қойыңыз және оның негіздеңіз.

2. Тексеру және емдеу жоспарын тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп №9

Қабылдау бөліміне аурудың 9-шы күні науқас К., 37 жаста, температурасының 39-40 0С жоғарлауына, маңдай-самай аймағында бастың үнемі ауруына, ішінің кебуіне, 2 күн нәжісінің болмауына шағымданып, түсті.

эпидемиологиялық анамнезден белгілі: науқас ауырар алдында 10 күн бұрын Таджикистанда іссапарда болған, онда қонақ үйде қызбасы бар науқастармен қатынаста болған, (сумен қамтамасыз етілуі қиын).

Жағдайы орташа ауырлықта, тежелгіш, сөзі анық емес. Білегінің ішкі жағында – бірен саран розеолалар бар. ЖСЖ - 74 рет минутына, ҚҚ – 100/60 мм рт. ст. Іші кепкен, соқыр ішектің пальпациясыда крепитация анықталады. Падалки сиимптомы оң. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Көкбауыры перкуторлы - 138 см, төменгі полюсі пальпацияланаы. Қан анализінде: лейкоциттер – 4,1109/л, анэозинофилия, палочкоядерлық жылжу.