Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ботаника каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

2.5 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстарының шегіндегі сабақтардың жоспары.

Аудиториялық СОӨЖ өткізу түрі: кеңес беру, сұрау, тапсырмалар бойынша өздік жұмысы, рефераттар қорғау.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыптарды орындаған кезде дәріс Сұрақтарымен, берілген тақырып бойынша лабораториялық және машықтану сабақтарымен жұмыс істеңіз. Сонымен қатар ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді, дәріс конспектісін пайдалану керек.

Тақырып СӨЖО №1 Ұлпалар. Түзуші және жабындық ұлпалар.

Тапсырма:

1. Камбийдің қалыптасуы процесін сипаттаңыз.

2. «Сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысының топографиялық аймақтары» схемасын жасаңыз.

3. Шөптектес дара және қос жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысын: шоқты, ауыспалы және шоқсыз типтерін сипаттаңыз.

4. Дара жарнақты және қос жарнақты шөптектес және ағаш тектес өсімдіктерге салыстырмалы түрде сипаттама жасаңыз да мына кестені толтырыңыз. «Шөптектес өсімдіктердің анатомиялық құрылысының салыстырмалы түрде сипаттамасы»

Анатомиялық құрылысының элементтері

Дара жарнақтылар

Қос жарнақтылар

Ағаш тектестер

Сабақтың негізгі бөлімдері (алғашқы қабық, орталық цилиндр, өзек)

Сабақтың құрылысын қалыптастыратын меристема

Сабақтың құрылысының типі (шоқты, ауыспалы, шоқсыз)

Шоқтың типі

Сабақта шоқтардың орналасуы

Жапырақ дағының типі

Шоқтардың қоршалу түрі

Ауа қуысының болуы

Шоқ аралық камбийдің болуы

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2

Тақырып СӨЖО №2 Негізгі, өткізгіш және механикалық ұлпалар.

Тапсырма:

1. «Стельдің типтері» (прокамбийдің орналасуына байланысты) кестесін құрыңыз. Олардың арасында қандай айырмашылығы барын көрсетіңіз. Флоэма мен ксилема элементтерінің орналасуына назар аударыңыз.

2. Стель теориясын сипаттаңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2

Тақырып СӨЖО №3 Тамыр және тамырлар жүйесі.

Тапсырма:

1. «Көбеюдің түрлері» кестесін құрыңыз.

2. Көкек зығыры мен маршанцияның даму циклының суретін салыңыз.

3. Тең споралы папоротник - еркек усасыр мен әртүрлі споралы папоротник – жүзгіш сальвинияның даму циклының суретін салыңыз.

4. Түйреуіш тәрізді плаун мен қырықбуынның даму циклының суретін салыңыз.

5. «Жыныс процесі», «ұрықтану», «гамета», «зигота», «даму циклы», «ядро фазаларының ауысуы», «ұрпақ ауысу», «спорофит», «гаметофит», «гаплобионт», «диплобионт», «тең споралылық», «әртүрлі споралылық», «тұқым» ұғымдарына түсінік беріңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2

Тақырып СӨЖО №4 Өркен. Жапырақ анатомиясы және морфологиясы

Тапсырма: 1. Өркеннің морфологиялық бөліктерін, метамерлерін анықтап, өркеннің әрбір элементінің орналасуы мен маңызын меңгеру.

2. Буын аралықтарының ұзынды-қысқалығына байланысты өркендердің әртүрлілігіне сипаттама беріңіз. Ұзарған және қысқарған өркендерді қарап, олардың өзара орналасуын, қызметтерін анықтау.

3. Өркендердің өсуіне байланысты олардың бұтақтану түрлерін көрсетіңіз.

4. Бүршіктің сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, олардың жекелеген элементтерінің қызметін анықтап, неліктен бүршікті ұрықтық өркен деп атайтынын анықтау.

5. Әртүрлі өркендердің схемалық құрылысының суретін салып, онда буын мен буын аралықтарын, жанама өркендерін және төбе жапырақтарын, жабын жапырақтарын және жапырақ қолтығын белгілеу.

6. Гербарий Сұрақтары бойынша әртүрлі өсімдіктердің өркендерін қарап, олардың арасынан кезектесіп, қарама-қарсы, шоқтанып орналасқан бүршіктері мен жапырақтарын тауып, схема түрінде суретін салып, буын, буын аралықтары, қолтық бүршіктерін көрсету.

7. Өркендердің бұтақтануы түрлері бойынша кесте құру.

8. «Өркеннің метаморфозы» схемасын жасаңыз.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2

Тақырып СӨЖО №5 Сабақ анатомиясы және морфологиясы

Тақырып: 1. 1. Гүлдің шығу тегі туралы негізгі теорияларды атап, әрқайсысының ерекшелігін көрсетіңіз.

2. Гүлдің әртүрлі типтеріне сипаттама беріңіз (гүл серігінің, андроцей, гинецейдің құрылысына байланысты).

3. Жатынның, гинецейдің, плацентацияның құрылыстық ерекшеліктерін атаңыз.

4. «Микроспорофилл», «микроспорангий», «микроспора», «макроспорофилл» (жеміс жапырағы), «макроспорангий» (тұқым бүрі), «тұқым», «бүршік» ұғымдарына түсінік беріңіз.