Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ботаника каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

2.4 Лабораториялық сабақтардың жоспары

Әдістемелік нұсқаулар:

Барлық ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін қажетті негізгі және қосымша әдебиет көздерін қолдану керек. Көтерме балл алу үшін, студент СОӨЖ кезінде аталған ОӘК-ң 2.6.1. бөлімінде берілген тақырыптардың біріне жазбаша түрде немесе реферат қорғау арқылы шығармашылық жұмыс орындауы қажет.

Берілген тақырыптар бойынша Сұрақтармен танысып, сұрақтарға жауап беру, лабораториялық сабақтардың тапсырмаларын орындау, сәйкесінше қорытынды шығарып, салыстырмалы талдау жасау керек.

Керікті құралдар: 1. Қол лупасы 4-және 7-есе. 2. Бинокулярлы микроскоп. 3. Микроскоп.4. Зат шынысы. 5. Препаровальді ине. 6. Петри тостағаншасы. 7. Лезвие. 8. Пинцет. 9. Дистилденген су.

Тақырып 1. Ұлпалар. Т үзуші ұлпа және жабындық ұлпалар.

Сұрақтар: 1. Қандай ұлпалар алғашқы және соңғы жабындық ұлпаларға жатады?

1. Неліктен эпидермис күрделі ұлпа деп аталады?

2. Эпидермистің негізгі қызметтерін атаңыз?

3. Неліктен ағаштар мен бұталарда эпидермистің орнына тоз пайда болады?

4. Феллема, феллоген, қыртыс қалай пайда болады?

Тапсырма1. Қазтамақ және кринум өсімдіктерінің эпидермис клеткаларын қарап, белгілеп, салыстырмалы түрде талдау жасау.

2. Картофель түйнегінің және ырғай бұтағының тоз клеткаларының суретін салып, анатомиялық-топографиялық аймақтарының суретін салып, салыстырмалы түрде талдау жасау.

3. Өсімдік ұлпалары кестесін толтырыңыз.

Ұлпа түрі

Клетка пішіні, оладың жалғасу түрі

Қабықшасының қалыңдауы (біркелкі, біркелкі емес)

Клетка қабықшасының химиялық құрамы

Кездесетін мүшелері

Түзшуі ұлпаның қай түрінен пайда болады

Қызметі(негізгі және қосымша)

Меристема:

Төбе

Бүйір

Қыстырма

Жарақат

Маргинальді

Жабындық:

Эпидермис

Перидерма

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 11.

Тақырып 2. Ұлпалар. Негізгі, өткізуші ұлпа және механикалық ұлпалар.

Сұрақтар: 1. Қандай ұлпалар негізгі ұлпаларға жатады?

2. Ксилема мен флоэманың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

3. Өткізгіш шоқтардың қандай типтері бар және олар өзара қалай ажыратылады?

Тапсырма1. Беде (колатеральді ашық) және жүгері (коллатеральді тұйық) өсімдіктерінің, асқабақ пен інжугүлдің (концентрлі амфивазальді) биколлатеральді шоғын, орляк папоротнигінің (концентрлі амфикрибральді), қияқтың (радиальді) шоқтарын қарап, суіретін салу.Флоэма мен ксилеманың элементтерінің орналасуына назар аудару. Салыстырмалы түрде талдау жасау.

2. Өсімдік ұлпалары кестесін толтырыңыз.

Ұлпа түрі

Клетка пішіні, оладың жалғасу түрі

Қабықшасының қалыңдауы (біркелкі, біркелкі емес)

Клетка қабықшасының химиялық құрамы

Кездесетін мүшелері

Түзшуі ұлпаның қай түрінен пайда болады

Қызметі(негізгі және қосымша)

Механикалық:

Колленхима

Склеренхима

Склереида

Өткізгіш:

Флоэма

Ксилема

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 11.

Тақырып 3. Тамыр және тамырлар жүйесі.

Сұрақтар:

1. Тамырға вегетативтік мүше ретінде анықтама беріңіз.

2. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысын соңғысынан қандай анатомиялық белгілері бойынша ажыратуға болады?

3. Тамырдың сору аймағының анатомиялық құрылысында қандай негізгі бөліктерін ажыратуға болады?

4. Алғашқы қабық қандай тұрақты ұлпалардан тұрады?

5. Протодерма, периблема, плеромадан қандай тұрақты ұлпалар дамиды?

6. Тамырдың қай аймағында сүт жолдары, шайыр жолдары болып, органикалық және минералды заттар жиналады?

Тапсырма

1. Қияқ тамырының алғашқы анатомиялық құрылысын қарап, танысып, экзодерманың бірнеше клеткаларының, эндодерма бөлігінің, өткізгіш клеткалары мен паренхималық перициклдің суретін салу.

2. Асқабақтың орталық цилиндрінің бір бөлігін қарап, суретін салып, алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың екі көршілес сәулелері арасында камбий доғасының орналасуын көрсету. Алғашқы және соңғы ксилеманы, радиальды сәулені, камбий, соңғы флоэма мен перидерманы белгілеу.

3. Тамырдың мамандануы мен метаморфозы кестесін толтыру.

Тамыр типі

Өсімдік

Негізгі, қосалқы және жанама тамырларының түр өзгерісі, симбиоз

Тамыр қызметтері

Тамыржемістер

Тамыр түйнектері

Балдақ тамырлар

Бағана тамырлар

Тыныс тамырлары

Ауа тамырлары

Қармалауыш тамырлар

Паразит өсімдіктердің тамырлары

Сорғыш тамырлар

Түйнек тамырлар

Саңырауқұлақ гифтері бар тамырлар

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 89.

Тақырып 4. Өркен. Жапырақ анатомиясы және морфологиясы

Сұрақтар:

1. Дорсовентральді және изолатеральді жапырақтың жалпы құрылысы қандай?

2. Жапырақтың астынғы бөлігін қандай анатомиялық құрылысы ббойынша анықтауға болады?

3. Қосымша заттардың қандайы эпидермистің қорғаныс қызметін арттырады?

4. Дара, қосжарнақты шөптектес өсімдіктердің және жалаң тұқымдылар жапырағының анатомиялық құрылысының айырмашылықтары неде?

5. Сыртқы ортаның жапырақ анатомиясына тигізетін әсері?

6. Жарықтағы және көлеңкедегі жапырақтар, және олардың сипаттамасы.

Тапсырма:

1. Шайшөп жапырағының көлденең кесіндісін қарап, жапырақта ұлпалардың орналасу ерекшеліктерін анықтап, суретін салып, олардың құрылыстық ерекшеліктерін менгеру.

2. Қияқ жапырағының көлденең кесіндісін қарап, жапырақта ұлпалардың орналасу ерекшеліктерін анықтап, суретін салып, олардың құрылыстық ерекшеліктерін менгеру.

3. Қарағай қылқанының көлденең кесіндісін қарап, эпидермисі мен устьица, гиподерма, қатпарлы мезофилл, шайыр жолдары, эндодерма, сосуд шоқтары және механикалық талшықтарды қарап, суретін салу.

4. Дара және қосжарнақты шөптектес өсімдіктердің жапырағының анатомиялық құрылысының салыстырмалы айырмашылықтарын табу.

5. Шөптектес және ағаш тектестердің (жалаң тұқымдылар) өсімдіктердің жапырағының анатомиялық құрылысының салыстырмалы айырмашылықтарын табу.

6. Берілген гербарийлерден жай және күрделі жапырақтарды ажыратыңдар.

7. Жай және күрделі жапырақтардың суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 11.

Тақырып №5 Сабақтың морфологиясы мен анатомиясы

Сұрақтар:

1. Дара жарнақты шөптектес өсімдіктердің сабағының морфологиялық белгілерінің қос жарнақты шөптектес өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

2. Қос жарнақты өсімдіктердің алғашқы анатомиялық құрылысында сабақтың және орталық цилиндрінің негізгі бөліктерін атаңыз.

3. Сабақтың шоқты және шоқсыз құрылысының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

4. Сабақ пен тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысының бір-бірінен қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?

5. Сабақтың алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысының бір-бірінен қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?

6. Дара жарнақты және қос жарнақты шөптектес өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысының бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Тапсырма:

1. Беде сабағының көлденең кесіндісінен топографиялық аймақтарын көрсету және көру, кесіндінің бір бөлігінің суретін салу, перицикл бөлігін, шоқ камбийді белгілеу.

2. Кирказон өсімдігінің көлденең кесіндісін қарап, сабақтың шоқты құрылысымен, шоқ аралық камбийдің пайда болуымен танысып, эпидермис, тақталы колленхима, қабық колленхимасы, склеренхима, ашық коллатеральді шоқ, шоқ аралық камбий және өзек паренхимасының суретін салып, белгілеу.

3. Қарабидайдың сбағының көлденең кесіндісін қарап, топографиялық аймақтарын көрсетіп, кесіндінің бір бөлігінің суретін салып, өткізгіш шоқтарының, механикалық тканьдерінің элементтерінің орналасуына назар аудару.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 11.

Тақырып №6 Гүлдің құрылысы.

Сұрақтар:

1. «Гүлге» анықтама беріңіз?

2. Циклді, ациклді және гемициклді гүлдердің айырмашылығы неде ?

3. Актиноморфты гүлге мысал келтіріңіз.

4. Жай және күрделі гүл серіктері бар өсімдіктерді атаңыз?

5. Екі ағайынды аталығы (андроцей) бар өсімдіктерді атаңыз?

6. Бір ағайынды аталығы (андроцей) бар өсімдіктерді атаңыз?

7. Тостағанша тәрізді гүлтұғыры мен төменгі жатын қандай өсімдікке тән?

1. Қандай гүлдер зигоморфты деп аталады?

2. Зигоморфты гүлге мысал келтіріңіз?

3. Зигоморфты гүлдің актиноморфты гүлден айырмашылығы неде?

4. Сарғалдақ, боб, ерінгүлділер, раушангүлділер, тұқымдастарының гүлдерінің ерекшеліктерін айтыңыз?

5. Қандай өсімдіктерге 4-х сильный, 2-х сильный андроцей тән?

Тапсырма:

1. Актиноморфты гүлдің құрылысын фиксацияланған үлгілер бойынша зерттеу.

2. Тостағанша, күлте жапырақ, аталық, аналықтардың гүлтабанында орналасу заңдылығын анықтау.

3. Жай және күрделі гүл серіктері бар өсімдіктерді зерттеу.

4. Әрбір зерттелген өсімдіктің диаграммасын, суретін салып, формулласын жазып, жақшаға өсімдіктің атын жазу керек.

5. Зигоморфты гүлдің құрылысын фиксацияланған үлгілер бойынша зерттеу.

6. Тостағанша, күлте жапырақ, аталық, аналықтардың гүлтабанында орналасу заңдылығын анықтау.

7. Әрбір зерттелген өсімдіктің диаграммасын, суретін салып, формулласын жазып, жақшаға өсімдіктің атын жазу керек.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (1,2,11)

Тақырып №7 Гүл шоғы.

Сұрақтар:

1. Жай гүл шоғының күрделі гүл шоғынан, күрделі моноподиальды гүл шоғының күрделі симподиальды гүл шоғынан қандай айырмашылығы бар?

2. Неліктен цимозды гүл шоғы анықталған деп аталады?

3. Себет гүл шоғының басқа гүл шоқтарынан қандай айырмашылығы бар?

Тапсырма:

1. Гербарий материалдары бойынша моноподиальды (жай және күрделі) – бүйір гүл шоғы және симподиальды (монохазий, дихазий және плеохазий) төбе гүлді гүл шоқтарымен танысып, қарап, суреттерін схема түрінде салу.

2. Гүл шоғының суретін альбомға салыңыз.

3. Морфологиялық талдау жасау.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (1,2,11)

Тақырып №8 Жемістер. Тұқым мен өскін.

Сұрақтар:

1. Гүлді өсімдіктердің қай мүшесінен жеміс дамиды

2. Гүлдің қай мүшелері ұдайы жемістің түзілуіне қатысады, ал қай бөлімдері кейде ғана қатысады?

3. Жемістердің жіктелуінің негізгі принциптері қандай??

4. Бұршақ және қорапша жемістерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

5. Жеміс серігінің қай бөлігі көпшілік тұқымдар мен жемістердің таралуына ықпал етеді?

6. Дара және қосжарнақты шөптектес өсімдіктердің тұқымының құрылысы?

7. Дара және қосжарнақты шөптектес өсімдіктердің өскінінің құрылысы?

8. Эндоспермді өсімдіктерді атаңыз?

9. Периспермді өсімдіктерді атаңыз?

10. Эндоспермсіз өсімдіктерді атаңыз?

11. Эндоспермсіз және периспермсіз өсімдіктерді атаңыз?

12. Жеміс серігінің қай бөлігі көпшілік тұқымдар мен жемістердің таралуына ықпал етеді?

Тапсырма:

1. Гербарий материалдары бойынша құрғақ қақырайтын және қақырамайтын жемістерді салыстырмалы түрде қарап, суретін салып, жазбаша сипаттама беру.

2. Шырынды жемістер: нағыз, жалған және күрделі түрлерімен танысу.

3. Бидай дәнегін зерттеп суретін салу.

4. Ұрықтың пішіні мен орналасуын анықтау (щитка).

5. Дәнектің ұзынша кеіндісінен ұрықты тауып суретін салып, одан тамыр мен тамыр оймақшасын, колеризді, сабақшаны, колеоптилді жапырақ бастамасын, эпибласты көрсету керек.

6. Бұршақ тұқымының сыртқы пішінін салып, одан рубчик пен микропиле тесігін көрсету керек.

7. Ұрықтың құрылысының суретін салып, ұрық тамыршасын, стебельки и жарнақты көрсету керек..

8. Бұршақ ұрығының суретін салып одан гипокотиль мен эпикотилді көрсету керек..

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (1,2,11)

Тақырып 9. Прокариоттар.

Сұрақтар: Сабақтың басталуынан бір жұма бұрын шыны ыдысқа суланған бұрщақ тұқымын салады. Тұқым бөріте бастаған уақытта (екі-үш күннен кейін) оның үстіне суыған қайнатылған суды тұқым батқанша құяды да, ыдысты мықтап жабады. Бірнеше күннен кейін ыдыстағы су лайланып, көпіршіктенеді. Бұл ерекше бактериялардың нәтижесінде болып жатқан май қышқылды ашу процесі. Ашыған сұйықтан препарат жасап, оныв микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарау керек. Мұнда таяқша бактериясын тауып, оның қозғалысына және жан-жағындағы талшықтарына көңіл аударып, суретін салу керек.

Тапсырма:

1 Тістің жұғын бактериясы. Азу тіс жағынан сіріңкенің шиімен тіс жұғынын алып, зат әйнегіне жағады да, оны спиртті горелкаға кептіреді. Бұл жағдайда бактерия өліп, әйнекке жабысып қалады. Кепкен жұғынға шыны таяқшамен метилдің көгілдір ерітіндісін тамызады да, оны тағы кептіреді. Осы уақытта әйнекке жабысқан бактерия боялады. Жұғынның және бояудың артығын краннан әлсіз ағып тұрған суға не пипеткамен су тамызу арқылы кетіреді. Дайындалған препаратқа самырсын майын тамызып, жабын әйнегінсіз микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарайды. Тіс жұғынындағы коккоидты, вибрион және бацилла бактерияларын қарап, олардың суретін салыңыз.

Тақырып 10. Эукариоттар. Балдырлар - Algae. Бөлімдер: Пиррофитті (Pyrrhophyta), Эвгленалы (Euglenophyta), жылтырауық-сары (Chrysophyta), Әртүрлі талшықты (Xantophyta) балдырлар.

Сұрақтар: Препарат дайындаңыз. Ол үшін зат әйнегіне пипеткамен қарайтын судан бір тамшысын тамызып, жабын әйнегімен жабыңыз да, микроскоппен қарайсыз. Одан төменде көрсетілген көк-жасыл балдырлардың бір өкілін іздеп табыңыз да, сурет салыңыздар. Бір клеткалы не көп клеткалы балдырларға, шар тәрізді, сонымен қоса ұзарған таяқша пішінді клеткалардан тұратын әр түрлі иректелген пішінді көптеген тізбектерге назар аударыңыз. Гормогонияларын, гетероцисталарын және спораларын (бар болса) тауып, жалпы қауыфмның немесе жекелеген клетканың бейцнесінің суретін салу. Хроококкалылар – Chroococcophyceae класы. Өкілдері: xpоококк - chroococcus; глеокапса – Gloecapsa, микроцистис - Microcystis, мирисмопедия – Merismopedia и др.

Гормогониялылар -Hormogoniophyceae класы. Өкілдері: осциллятория - Oscillatoria, спирулина - Spirulina, анабена - Anabaena, носток – Nostoc и др.

Тапсырма:

1. Эвглена – Euglena. Препарат дайындаңыз. Ол үшін зат әйнегіне эвглена бар судың бір тамшысын зат әйнегіне тамызып, жабын әйнегімен жауып, эвгленаның қозғалысына, пішінінің өзгеруіне көңіл аударыңыз. Сорғыш қағазбен судың артық мөлшерін сорып алып, эвгленаныңқозғалысын тоқтатып, оның құрылысын микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарап танысыңыз. Суретін салып, органоидтарын белгілеңіз. Эвглена шалшықты арықтарда және органикалық заттармен лайланған бөгет суларда көп тараған. Өкілдері: факус (Phacus), трахеломонас (Trachelomonas) және басқалары.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 19, 30.

Тақырып 11. Жасыл және хара балдырлар – Сhlorophyta бөлімі.

Сұрақтар: Нағыз жасыл балдырлар –Euchlorophytcеае немесе Теңталшықтылар–Isocontophyceae класы. Жасыл балдырлардың құрылысын микроскоп арқылы қараңыз. Препарат дайындаңыз. Ол үшін заттық шыныға аталған класс өкілдері кездесетін судан бір тамшы тамызып, жабын әйнегімен жауып, микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қараңыз. Қозғалыс сипатына назар аударыңыз. Содан кейін артық су мөлшерін сорғыш қағазымен сора отырып, қозғалысын тоқтатыңыз. Клетка құроылысын эвгленаның клетка құрылысымен салыстырыңыз. Суретін салыңыз. Вольвокстар – Volvocales қатары. Өкілдері: хламидомонада – Chlamydomonas, дуналиелла – Dunaliella, вольвокс – Volvox, гониум – Gonium, пандорина - Pandorina мен эвдорина - Eudorina. Хламидомонада, вольвокстың даму циклының нұсқасын жазыңыз да, диплоидты кезеңіз сызып көрсетіңіз. Гониум, пандорина, эвдоринаның ценобийлі түрлерімен микроскоп арқылы танысыңыз.

Хлорококкалылар – Chlorococcales қатары. Өкілдері: хлорококк – Chlorococcum, хлорелла – Chlorella, су торшасы– Hydrodictyon, педиаструм – Pediastrum, сценедесмус – Scenedesmus, анкистродесмус – Ancistrodesmus, кирхнериелла (Kirchneriella), микрактиниум (Micractinium), сораструм (Sorastrum) и протосифон - Protosyphon.

Тапсырма:

1. Жіптесінді және сифонды жасыл балдырлар. Пипеткамен зерттеліп отырған объект кездесетін судан бір тамшы тамызып, микроскоптың алдымен кіші ұлғайтқышымен, содан кейін үлкен көрсеткішімен қарастырады. Үлкен көрсеткішімен клетканың құрылысына, хлоропласттардың пішініне, оның орналасуына назар аударып, пиреноидтарын, ядросын табыңыз. Препараттан улотрикс жіпшесінің клеткаларында зооспоралар мен гаметалардың түзілуін аңғарыңыз. Талломның бір бөлігін, клетка құрылысын, зооспоралар мен гаметалардың түзілуінің суретін салыңыз. Кладофораны анығырақ көру үшін препаратқа йодты калий ертіндісінен тамызу қажет. Крахмал түйіршіктері күлгін түске боялады. Талломның бір бөлігі мен клетка құрылысының суретін салыңыз. Гербарий үлгілері бойынша сифонды балдырлар өкілдерінің жалпы талломын қарастырыңыз. Каулерпа. Дайын препаратта талломның көлденең кесіндісін қараңыз. Суреттерін салыңыз. Өкілдері: улотрикс – Ulothrix, энтероморфа – Enteromorpha, ульва - Ulva, стигеоклониум – Stigeoclonium, драпарнальдия - Draparnaldia, плеврококк – Pleurococcus, Эдогониум – Oedogonium, кладофора – Cladophora.

2. Тіркеспелілер немесе Конъюгаттылар– Conjugаtоphyсeаe класы. Препарат дайындаңыз. Ол үшін заттық шыныға аталған класс өкілдері кездесетін судан бір тамшы тамызып, жабын әйнегімен жауып, микроскоптың алдымен кіші ұлғайтқышымен, содан кейін үлкен көрсеткішімен қараңыз. Кіші көрсеткішпен жіптің құрылысына, клеткадағы хлоропластқа көңіл бөлу. Үлкен көрсеткішпен клетка құрылысымен танысу. Пиреноидтарын жақсы ажырату үшін препаратты йодты калийдегі йодпен (JK) бояңыз. Ядросын анықтау үшін спиртті препаратты квасцты карминмен немесе гематоксилинмен бояу қажет. Жіптің бір бөлігі мен клетка құрылысының суретін салыңыз. Дайын препараттан жыныстық процесс – конъюгация кезіндегі балдырды қарастырыңыз. Кластың басқа да өкілдерімен танысыңыз. Өкілдері: клостериум – Closterium, космариум – Cosmarium, эуастриум – Euastrum, микрастериас – Micrasterias, дисмидиум – Desmidium, спирогира – Spirogyra, зигнема – Zygnema, мужоция - Mougetia.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 19, 30.

Тақырып 12. Диатомды, Қоңыр және Қызыл балдырлар бөлімдері.

Сұрақтар: Диатомды - Bacillariophyta (Diatomae) балдырлар. Диатомды балдырлар басқа бентосты балдырлармен қатар су көздерінің түбінде, саз балшықтардың құрамында, аквариумдарда және шыны ыдыстардың түбінде көп кездеседі.

Препарат дайындаңыз. Зат әйнегіне диатомды балдырлар кездесетін ыдыстан бір тамшы су тамызып, оны жабын әйнегімен жауып, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен іздеп табыңыз. Оны микроскоптың кіші және үлкен көрсеткіштерімен қарап, құрылысына, пішініне, қозғалысына көңіл аударыңыз. Диатомды балдырдың жақтау және белдеу жағынан қарағандағы көріністерін табыңыз, не жабын әйнегін қозғалту арқылы көріністерін өзгертіңіз. Басқа диатомды балдырлардың екі жақты көрінісімен танысыңыз және оларды салыстырып байқаңыз. Қарастырып отырған объектіні іздеуге кірісіңіз. Суретін салып, оның органоидтарын белгілеңіздер. Мүмкіндігінше түрлік не тустық қатынасын анықтаңыз.

Центрикалықтар – Centrophyceaе класы. Диск тәрізділер – Discoidales қатары. Өкілдері: Циклотелла - Cyclotella, Косцинодиус - Coscinodius, Мелозира – Melosira.

Биддульфия тәрізділер–Biddulfinales қатары. Өкілдері: Биддульфия – Biddulfia, Хетоцерос – Chaetoceras.

Қауырсынды диатомдылар – Pennatophyceaе класы. Тігістілер – Raphales қатары. Өкілдері: Пиннулярия – Pinnularia, Навикула – Navicula, Ницшия–Nitzchia, Плевросигма–Pleurosigma, Сурирелла – Suriellа, Цимбелла – Cymbella, Гомфонема – Gomphnema, Кокконеис – Cocconeis.

Тігіссіздер – Araphales қатары. Өкілдері: Синедра – Cynedra, Фрагилярия–Fragillaria, Диатома–Diatoma, Табеллярия – Tabellaria, Астерионелла – Asterionella.

Тапсырма:

1. Қоңыр балдырлар (Phaeophyta). Қоңыр балдырлардың жалпы талломының көрінісімен гербарий материалы бойынша танысыңыз. Талломның өзіндік морфологиялық белгілерімен танысыңыз. Диктиотаның –Dictyota, ламинарияның – Laminaria, фукустың – Fucus даму циклінің сызба-нұсқасын сызыңыз. Фукустың скафидияларын табыңыз. Талломның жалпы көрінісін, аналық және аталық скафидиялардың суретін салыңыз.

2. Қызыл балдырлар (Багрянкалар)–Rhodophita. Препарат дайындаңыз. Ол үшін қызыл балдыр гербарийінің шетінен кесіп алып, зат шынысына салыңыз да, бір тамшы су тамызып, жабын әйнегімен жауып, микроскоптың кіші көрсеткішімен қараңыз. Бүйірлік бұтақтардан моноспорангиялар мен цистокарпияларды іздеп табыңыз, олардың суретін салып алыңыз. Макроскопиялы түрлерімен гербарий үлгілері бойынша танысыңыздар. Өкілдері: порфиридиум – Porphyridium, порфира–Porphyra, бангия–Bangia, батрахоспермум – Batrachospermum.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 89.

Тақырып 13. Саңырауқұлақтар бөлімі (Fungi, Mycota). Класс Аскомицеттер (Ascomycetes). Қатарлар тобы Пиреномицеттер (Pyrеnomycetidaе). Қатарлар тобы Дискомицеттер (Discomycetidae).

Сұрақтар: Саңырауқұлақтардың микроскопиялық зерттеуі тірі немесе фиксацияланған материалмен жүргізіледі. Өсімдіктердің ұлпаларындағы саңырауқұлақ гифаларының таралуының, боялмаған объектілерді қарастырған кезде (тірі клеткаларды) анығырақ анықтау үшін бояулардың төмен концентрацияларымен (0,5-1,0 % аспау керек) бояу қажет. Микроскопиялық мәдениет әдісін қолдана отырып, 48-76 сағаттың ішінде көпшілік саңырауқұлақ түрлерінің толық дамуын – споралардың өнуінен бастап жаңалары пайда болғанға дейін бақылауға болады. Кеңінен қолданылатын бояуларға: метил күлгіні, метил жасылы, метил көгі, нигрозин, танин, Швейцер реактиві, қызыл конго, фуксин, Делафильд гематоксилині және т.б. жатады.

Тапсырма:

1. Мицелийді бояңыз да, метил көгін қолдана отырып, валютинді анықтаңыз.

2. Саңырауқұлақтың клетка қабқшасын танинмен, ал целлюлозасын Швейцер ертіндісімен бояңыз. Мицелидегі хитин мен хитозанды анықтаңыз.

3. ОомицеттерOomycetes класы. Су ортасынан құрлыққа ауысуы байқалатын, толықтай су ортасымен байланысын жоғалтқан оомицеттер өкілдерімен танысыңыз. Сапролегния, фитофтора және плазмопораның құрылысын және көбеюін қарастырыңыз. Қарастырылған өкілдердің суретін салыңыз да, белгілерін көрсетіңіз.

1) плазмопора, фитофторамен зақымданған жүзімнің фиксацияланған жемістері; 2) фитофторамен зақымданған картоп жапырақтарының гербарий үлгілері; 3) өлі жәндіктергі сапролегнияның тірі мицелийі; 4) оогония, сапролегнияның тұрақты препараттары, фитофторамен зақымданған картоп жапырағының көлденең кесіндісі, плазмопорамен зақымданған жүзім жапырағы; 5) микроскоп; 6) тұрақты препарат – мукордың жыныстық процесі немесе зиготасы, өнген зигота; 7) зат және жабын әйнектері; 8) кисточка; 9) препартты инелер; 10) Петри тостағаншасы; 11) пипетка; 12) сорғыш қағазы.

4. Зигомицеттер – Zygomycetes класы. Мукор, ризопус, энтомофтораның құрылысы мен көбеюінің ерекшеліктерін қарастыру, оларды салыстырып, айырмашылықтаын белгілеу. Қарастырылған өкілдерінің суретін салып, белгілерін көрсету.

5. Сыра және шарап ашытқыларының, пенициллум мен аспергилустың құылысын және көбеюін қарастыру.

6. Тұрақты препаратта вакуольдерін, ядро, қор заттарын табыңыз.

7. Тафрина, ботритис, марсонинаның құылысынмен және көбеюімен танысу.

8. Қарастырылған өкілдерінің суретінсалып, белгілерін қойыңыз. 1) нанда өскен мукордың, көкөністер мен жемістердегі ризопустың тірі мицелийлері; 2) тұрақты препарат – мукордың жыныстық процесі немесе зиготасы, өнген зигота; 3) микроскоп; 4) зат және жабын әйнектері; 5) кисточка; 6) препартты инелер; 7) Петри тостағаншасы; 8) пипетка; 9) сорғыш қағазы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 8, 10, 12, 16, 19, 20, 24, 30.

Тақырып 15. Класс Базидиомицеттер (Basidiomycetes). Қатарлар тобы Гименомицеттер (Hymenomycetidae), Гастеромицеттер (Gasteromycetidae). Класс Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе Дейтеромицеттер (Deuteromyces).

Сұрақтар: 1) холобазидиомицеттердің (экзобазидиум, үй саңырауқұлағы, трутовик, ризоморфа, ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қозықұйрық, түлкіқұйрық, жалған және нағыз түбіртек, кәдімгі вешенка, жаңбыршы, бовиста және басқалары) жемісті денелерінің тірі не фиксацияланған, немесе гербарийлік үлгілері; 2) дайын препарат. Ағаш трутовигінің анатомиялық құрылысы; 3) шаң және қатты қаракүйемен зақымданған бидай, арпа, сұлы, просо масақтарының гербарий үлгілері, пукциниямен зақымданған бидай сабақтары; 4) көбікті қаракүйемен зақымданған жүгері тамырының, сабағының және собығының гербарий үлгілері; 5) микроскоп; 6) зат және жабын әйнектері; 7) препартты инелер; 8) Петри тостағаншасы; 9) пипетка; 10) сорғыш қағазы; 11) пинцет; 12) скальпель; 13) лезвия.

Тапсырма

1. Экзобазидиум, қаракүйе, пукцинияның құрылысын жан-жақты қарастырып, гербарий Сұрақтарымен танысу.

2. Гименомицеттерге жататын саңырауқұлақтардың – үй саңырауқұлағы, қозықұйрық, трутовик немесе ақ саңырауқұлақтың жемісті денелерінің құрылысын зерттеу.

3. Жаңбыршы, бовиста және головачтың жемісті денелерінің құрылысымен танысу.

4. Гименомицеттердің бірнеше өкілдерін анықтау.

5. Қозықұйрық, трутовик, жартылай үй саңырауқұлағының морфологиялық және анатомиялық құрылысының суретін салып, белгілерін көрсету.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 8, 10, 12, 16, 19, 20, 24, 30.

Тақырып 15. Қыналар – Lichenophyta бөлімі.

Анатомиялық құрылысына қарай қына қатпаршағының екі түрін ажыратады: гомеомерлі және гетеромерлі.

Сұрақтар: 1) қаспақты, жапырақты және бұталы қыналардың ең басты түрлерінің коллекциясы. 2) қына талломының көлденең кесіндісінің тұрақты препараты; 3) ұлғайтқыш лупа; 4) бинокулярлы лупа;5) микроскоп; 6) зат және жабын әйнектері; 7) препартты инелер; 8) пинцет; 9) Петри тостағаншасы; 10) пипетка; 11) сорғыш қағазы; 12) скальпель; 13) лезвия.

Тапсырма:

1. Қыналардың морфологиялық құрылысын оқу. Белгілі бір төсемік түріне бейімделуіне қарай қыналардың экологиялық топтарын белгілеу.

2. Қыналардың анатомиялық құрылысын қарастыру.

3. Қыналардың көбею органдарының (соредий, соралий, изидий) және жемісті денелерінің: апотеций, перитеций, пикниялардың құрылысымен танысу. Споралардың түрлерін және олардың түзілуін салыстыру.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 19, 80.

Тақырып № 16. Бөлім – мүк тәрізділер – Bryophyta

Класы – бауыр мүктер – Hepaticopsida

Қатары –маршанциелер – Marchantiales

Тұқымдасы – маршанциелер – Marchantiaceae

Түрі– кәдімгі маршанция - Marchantia рolymorpha

Сұрақтар:

  1. Бауыр мүктердің сыртқы және ішкі құрлыстарының ерекшеліктері қандай?

  2. Олар қандай тәсілмен көбейеді?

  3. Олардың ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

  4. Бауыр мүктер үшін қандай құрлымның белгілері тән?

  5. Табиғатта бауыр мүктердің таралуы және маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Маршанцидің фиксирленген және гербарий үлгілерінен бауыр мүктерінің сыртқы құрлысымен танысу: талломын қарау, оның арқа, бауыр жақтарын анықтау; талломның арқа жақтарындағы тұғырын және шығыңқы себеттерін, құрсақ жағындағы орта жүйкесін және ризоидтарын табу.

2. Суретін салу керек: а) тұғыры бар маршанцидің аталық және аналық экземплярларын, тұғырын және шығыңқы себеттерін; б) талломның көлденең кесіндісінен жоғарғы және төменгі эпидермистерін, устьицесін , ауа қапшығын, ассимиляторларын, паренхималық жасушаларын, ризоидтарын белгілеу; в) аталық және аналық тұғырының, спорогониінің ұзыннан кесіндісі; г ) даму циклі.

3. Сипаттап жазу керек: маршанцидің сыртқы түрін; талломның көлденең кесіндісін; аталық және аналық тұғырының және спорогониінің ұзыннан кесіндісін; даму циклін; таралуын және табиғатта бауыр мүктердің маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2.

Тақырып №17. Псилот тәрізділер бөлімі - Psilotopyta, Плаун тәрізділер (Licopodiales) бөлімі

Класс-плаундар- Lycopodiopsicta

Қатар- плаундар – Lycopodiales

Тұқымдас – плаундар – Lycopodiaceal

Түр – түйреуіш тәрізді плаун – Lycopodium clavatum

Сұрақтар:

1. Плаун тәрізділердің сыртқы және ішкі құрлыстарының ерекшеліктері қандай?

2. Түйреуіш тәрізді плаунның гаметофиті мен спорофитінің ара қатынасы қандай?

3. Плаун тәрізділердің мүктәрізділердің айырмашылықтары неде?

4. Плаун тәрізділердің табиғаттағы таралуы және маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілерінен түйреуіш тәрізді плаунның сыртқы құрлысымен танысу: сабағын, өркендерін, жапырақтарын, тамырын және споралық масағын қарау.

2. Сабағының көлденең кесіндісін дайындау және микроскоп арқылы эпидермисін, қабығын, флоэмасын, ксилемасын дайындау.

3. Споралық масағының ұзыннан кесіндісінің микропрепаратын қарау.

4. Суретін салу керек: плаунның жалпы түрін; споралық масағының ұзыннан кесіндісін; спорофиллін; сабағының көлденең кесіндісін; даму циклінің схемасын.

5. Сипаттап жазу керек: плаунның сыртқы түрін, спорофиллін, сабағының көлденең кесіндісін; даму циклін, Плаун тәрізділердің табиғаттағы таралуын және маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6, 7.

Тақырып №18. Қырықбуындылар немесе бунақтылар (Equitophyta, Sphenopsida, Articulatae) бөлімі

Класс- қырықбуындылар- Egisetopsida

Бөлім –қырықбуындылар –Eguisetales

Тұқымдас –қырықбуындар – Eguisetaeeae

Түр –Орман қырықбуыны – Eguisetum sylvaticum

Сұрақтар:

1. Қырықбуындардың сыртқы және ішкі ерекшеліктері қандай?

2. Қырықбуындар мүктәрізділерден қалай ажыратылады?

3. Орман қырықбуынының споралық масағының құрлысы қандай?

4. Қырықбуын тәрізділердің ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

5. Орман қырықбуынының вегетациалық сабағы споралықтан немен ажыратылады?

6. Қырықбуын тәрізділердің табиғаттағы таралуы және маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Орман қырықбуынының гербарий үлгілерінен қырықбуын тәрізділердің сыртқы құрлысымен танысу: тамырсабағын, түйнектерін, сабағын, буындарын және буынаралықтарын, вегетациялық және споралық сабақтарын, споралық масағын қарау.

2. Қырықбуынның сабағының көлденең кесіндісін дайындау және микроскоп арқылы эпидермисін, лептесігін, ассимиляциялық ұлпасын, флоэмасын, ксилемасын дайындау.

3. Қырықбуынның споралық масағы мен спорофилінің ұзыннан кесіндісінің микропрепаратын қарау.

4. Суретін салу керек: қырықбуынның вегетациялық және споралық сабақтары бар жалпы түрін; спорофиллін, элатерасы бар спорасын, сабағының көлденең кесіндісін; даму циклінің схемасын.

5. Сипаттап жазу керек: орман қырықбуынның сыртқы түрін (вегетациялық және споралық өркендері), спорофиллін, элатерасы бар спорасын, даму циклін.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6, 7.

Тақырып №19. Папоротник тәрізділер немесе Папоротниктер (Polypodiophyta) бөлімі

Класс - полиподиопсидтер – Polypodiopsida

Қатар – циатейндер – Cyathales

Тұқымдас – асплениндер – Aspleniaceae

Түрлер – кәдімгі щитовник және жүзгіш сальвиния – Dryopteris filix-mas u natans .

Сұрақтар:

1. Папоротник тәрізділердің сыртқы және ішкі ерекшеліктері қандай?

2. Папоротник тәрізділердің қырықбуындар мен мүктәрізділерден айырмашылығы неде?

3. Кәдімгі щитовник пен сальвинияның өмірлік циклінің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

4. Папоротник тәрізділердің табиғаттағы таралуы және маңызы қандай?

5. Папоротник тәрізділердің түрлері қандай және неге қорғауға жатады?

Тапсырма:

1. Кәдімгі щитовник пен жүзгіш сальвинияның гербарий үлгілерінен папоротник тәрізділердің сыртқы құрлысымен танысу: тамырын, сабағын, жапырақтарын және сорустарын қарау.

2. Дайындау керек: сорус арқылы өткен жапырақтың көлденең кесіндісін және микроскоппен плацентін, спорангиин, спорангия аяғын, спорангияның механикалық сақинасын, жамылғысын қарау; сальвинияның макро и микроспорокарпилері арқылы өткен ұзыннан кезіндісі және микроскоп арқылы индузияны, ауа қуысын, микро и макроспорангиилерді қарау.

3. Суретін салу керек: Кәдімгі щитовник пен жүзгіш сальвинияның жалпы түрін; щитовниктің сорус арқылы өткен жапырақтың көлденең кесіндісін; сальвинияның спорокарпилерінің ұзыннан кесіндісін; щитовника пен сальвинияның даму циклі.

4. Сипаттап жазу керек: Кәдімгі щитовник пен жүзгіш сальвинияның жалпы түрі; щитовниктің сорус арқылы өткен жапырақтың көлденең кесіндісін; сальвинияның макро и микроспорокарпилері арқылы өткен ұзыннан кезіндісі; кәдімгі щитовник пен жүзгіш сальвинияның даму циклі; папоротник тәрізділердің табиғаттағы таралуын және маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6, 7.

Тақырып №20. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Pinophyta, Gymnospermae) бөлімі

Қатар – қарағайлар – Pinales

Тұқымдас – қарағайлар - Pinaceae

Түр – кәдімгі қарағай – Pinus sylvestris

Сұрақтар:

1. Жалаңаш тұқымдылардың жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден қандай белгілері ажыратады?

2. Кәдімгі қарағайдың аталық және аналық бүрлері немен ажыратылады?

3. Қарағайдың аталық және аналық гаметофиттері қалай пайда болады?

4. Қылқандылардың тұқымбүршігінің құрлысы қандай?

5. Тұқымның эволюциялық маңызы неде?

6. Бөлім неге жалаңаштұқымдылар деп аталады?

7. Қылқандылардың табиғаттағы таралуы мен маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Кәдімгі қарағайдың гербарий үлгілері бойынша қылқандылардың сыртқы құрлысымен танысу: өркендерін, қылқандарын, бүрлерін қарау.

2. Микропрепараттардан аталық және аналық бүрлерінің ұзыннан кесіндісінен бүрдің осьін, микроспорофиллін, микроспорангииін, тұқымбүршігін, нуцеллусын, эндосперма мен архегонииін көру.

3. Суретін салу керек: аталық және аналық бүрлерінің ұзыннан кесіндісін; микроспораның өну схемасын; тұқымбүршігінің ұзыннан кесіндісін; ұрықтану процессін; қылқандылардың табиғаттағы таралуын және маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6, 7.

Тақырып21. Жабықтұқымдылар, немесе гүлділер бөлімі – Angiospermae, Magnoliophyta. Қос жарнақтылар класы (Dicotyledoneae) Магнолиягүлділер (Magnotiales), Сарғалдақтар (Ranunculales), Көкнәрлер (Papaverales) қатарлары

Класс - магнолиопсидтер, немесе қос жарнақтылар -Magnoliopsida

Қатар – сарғалдақтар - Ranunculales

Тұқымдас – сарғалдақтар - Ranunculaceae

Сұрақтар:

1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

2. Тұқымдас өкілдерінің мекен ету ортасы мен таралуы қандай?

3 Сарғалдақтар үшін қандай морфологиялық белгілер тән?

4. Сарғалдақтардың гүлдерінің құрлыс ерекшеліктері қандай? Сарғалдақтар үшін жоғары және төменгі қалыптасуының белгілері қандай?

5. Тұқымдастың қандай түрлерінде гүлдердің эволюциясын көруге болады?

6. Сарғалдақтар қандай тәсілмен көбейеді?

7. Сарғалдақтардың табиғаттағы маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілері бойынша сарғалдақтардың морфологиялық белгілерімен танысу: тамырын, сабағын, жапырағын, олардың орналасуын, жүйкеленуін, гүл шоғырын көру.

2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша сарғалдақтардың гүлінің құрлысын зерттеу: гүл шоғырының түрін, гүлін /актиноморфты немесе зигоморфты/, гүл серіктерін /жай немесе қосарлы/, гүл мүшелерінің санын, /анықталған немесе анықталмаған/, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін /апокарпты немесе синкарпты/, гүл табанының түрі, жатынын, жемісін, шірнелігін, тозаңдану тәсілін анықтау.

3. Желайдар, сарғалдақ, құлқайыр, маралоты және тегеурінгүлі туыстарының өкілдерін анықтау.

4. Схема бойынша анықталған өсімдікті сипаттау: экобиоморфасын, мекен ету ортасы мен таралуын, морфологиялық тән белгілерін, гүл құрлысының ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2.

Тақырып № 22. Раушангүлділер (Rosales), Бұршақ гүлділер (Fabales), Қазтамақ гүлділер (Geraniales) қатарлары

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Раушангүлділер тұқымдасының таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

  3. Раушангүлділерге қандай морфологиялық белгілер тән?

  4. Қандай белгілер және қандай тұқымдас тармағының негізінде раушангүлділер бөлінеді?

  5. Қандай қарапайым және жоғары қалыптасқан белгілер раушангүлділерде байқалады?

6. Сарғалдақтар мен раушангүлділердің арасындағы ажыратылуы неде?

7. Раушангүлділердің табиғаттағы маңызы қандай?

8. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

9. Бұршақгүлділердің таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

  1. Бұршақгүлділерге қандай морфологиялық белгілер тән?

  1. Бұршақгүлділер басқа гүлді өсімдіктерден қандай гүлінің құрлыс ерекшеліктерімен ажыратылады?

  1. Бұршақгүлділерді неге жасыл тыңайтқыштар дейді?

  2. Бұршақгүлділерді неге жасанды тағам өндірісі үшін негіз ретінде қарайды?

  3. Бұршақгүлділердің табиғатта маңызы қандай?

Тапсырма:

  1. Гербарий үлгілері бойынша раушангүлдер тұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, тікендер.

  2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша раушангүлдер тұқымдасының өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, гүл табанын және гипантиясын.

  3. Тобылғы, қазтабан, бүлдірген, бүршікгүл, долана, ырғай, шыршай, жұлдызгүл туыстарының өкілдерін анықтау.

  4. Туыстарының өкілдерін анықтау және сызба бойынша түсіндіру: өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын.

  5. Тұқымдас түрлерінің Қарағанды облысының флорасындағы сирек кездесетіндердің тізімін құру.

1. Гербарий үлгілері бойынша бұршақгүлдер тұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, жемістер.

2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша бұршақгүлдер тұқымдасының өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

  1. Бұршақгүлділердің гүл бөліктерін салу.

  2. Бөрібұршақ, беде, әйкен, қараған, мия, сары жоңышқа, эспарцет, акация туыстарының өкілдерін анықтау және өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын жазу.

5. Қазақстан флорасындағы қорғауға алынған тұқымдас түрлерінің тізімін жасау.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.

Тақырып № 23. Қатарлар Балдыркөкгүлділер, немесе Шатыргүлдер (Apiales, Umbtllifеrae), Орталықтұқымдар (Centrospermae).

Класс- магнолиопсиды - Magnoliopsida

Қатар - аралиелер – Araliaes

Тұқымдас - шатыргүлдер - Apiaceae

Сұрақтар:

1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

2. Шатыргүлдердің таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

3. Шатыргүлдердің басқа гүлді өсімдіктерден қандай гүлінің құрлыс ерекшеліктерімен ажыратылады?

4. Шатыргүлдердің гүлінің құрлыс ерекшеліктері қандай?

5. Шатыргүлдердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілері бойынша бұршақгүлдер тұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: сабақ, жапырақ, қынабы.

2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша шатыргүлдер тұқымдасының өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

3. Балдырған, бежір, көкбас, зире, сәбізшөп туыстарының өкілдерін анықтау және өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын жазу.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.

Тақырып № 24. Қатар Құлқайырлар (Malvales), – Құлқайырлар тұқымдасы, (Malvaceae), Қалақайлар тұқымдасы (Urticaceae)

Қатар - Құлқайырлар - Malvales

Тұқымдас – Құлқайырлар - Malvaceae.

Тұқымдас – Қалақайлар - Urticaceae

Сұрақтар:

1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  1. Тұқымдастың таралу және мекен ету ортасы қандай?

3. Құлқайырлар мен қалақайларға қандай морфологиялық белгілер тән?

4. Гүлдерінің құрыс ерекшеліктері қандай?

5. Тұқымдастарының өкілдерінің анықтау барысында қандай морфологиялық белгілер қажет?

6. Қандай жеміс типтері тұқымдастарға тән және олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

7. Құлқайырлар және қалақайлар табиғатта және адам үшін маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербариялық үлгілеу бойынша тұқымдастардың морфологиялық тән белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлшоғыр.

2. Фиксирленген үлгілер бойынша тұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

3. Құлқайырлар және қалақайлар гүлдерінің бөліктерін бояу.

4. Туыстарының өкілдерін анықтау және сызба бойынша түсіндіру: өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 89.

Тақырып № 25. Қатарлар Асқабақгүлділер (Cucurbitae), Киеуілдікгүлділер (Capparales), Түтікгүлдер (Tubiflorales).

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Крестгүлдердің таралуы және мекен ету ортасы қандай?

  3. Крестгүлдерге қандай морфологиялық белгілер тән?

  4. Крестгүлдердің гүлдерінің құрлыс ерекшеліктері қандай?

  5. Тұқымдастарының өкілдерінің анықтау барысында қандай морфологиялық белгілер қажет?

  6. Неліктен тұқымдас Крестгүлдер деп аталады?

  7. Қандай жеміс түрі тұқымдасқа тән және олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

  8. Крестгүлдердің табиғаттағы маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілері бойынша тұқымдастардың морфологиялық тән белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлшоғырын, гүл жапырақтарын қарау.

  1. Фиксирленген үлгілер бойынша тұқымдастың өкілдерінің гүлдерінің құрлысын зерттеу: гүлшоғырының түрін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін қарау.

  2. Крестгүлдердің гүлдерінің бөліктерін бояу.

4. Жұмыршақ, қанатжеміс және ақбасқурай туыстарының өкілдерін анықтау және сызба бойынша сипаттау: өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету орнын, морфологиялық белгілерін, гүл құрысының ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2.

Тақырып26. Қатар Сабынкөктер (Scrophylariales), Сабынкөктер тұқымдасы (Scrophylariaceae)

Қатар – Сабынкөктер - Scrophylariales

Тұқымдас – Сабынкөктер – Scrophylariaceae

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Сабынкөктердің таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

  3. Сабынкөктер үшін қандай морфологиялық белгілер тән?

4. Сабынкөктердің гүл құрлысының ерекшеліктері қандай?

5. Сабынкөктердің табиғаттағы маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілері бойынша сабынкөктер тұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл шоғыры.

2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша тұқымдастың өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

  1. Кәдімгі зығырдың гүлінің бөліктерін салу.

4. Зығыр, бөденешөп туыстарының өкілдерін анықтау және өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын жазу.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.

Тақырып № 27. Қатарлар Шамшатгүлдер (Fаgales), Талдыгүлдер (Salicales)

Класс - магнолиопсидтер– Magnoliopsida

Қатар – Шамшатгүлдер (Fаgales), Талдыгүлдер (Salicales)

Тұқымдас – қайыңдар – Betulaaceae

Тұқымдас - талдар - Salicaceae

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Табиғатта қайыңдар мен талдар қалай кең таралған?

  3. Қайыңдар орманын неге екінші деп есептейді?

  4. Қайыңдар неге жапырақ жібергенге дейін гүлдейді?

  5. Қайыңдар мен талдар үшін қандай морфологиялық белгілер тән?

  6. Қайыңның қабығының ашық реңі немен түсіндіріледі?

  7. Қайыңдар мен талдардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы қандай?

Тапсырма:

  1. Гербаридің үлгілері бойынша қайың мен талдың морфологиялық белгілермен танысу: жапырақтарын, өркендерін қарау, ондағы түктердің бар немесе жоғын, балауызды өңезін, сүйелдерін анықтау.

  2. Фиксирленген материал бойынша қайыңның, талдың гүлдерінің құрылысының ерекшеліктерін зерттеу. Оның бояуына көңіл бөлу, гүл шоғырының түрін, гүл серігін, гүлін, гүлдің мүшелерінің санын, олардың орналасуын және бірігу дәрежелерін, жатын және жеміс түрін анықтау.

  3. Қайың мен қандыағаштың шеттері мен жүйкелеріне назар аудара отырып жапырақтарын салу.

  4. Қайыңның, қандыағаш пен талдың туыстарының өкілдерін анықтау, олардың өмір сүру формасын, мекен ету ортасын және таралуын, морфологиялық тән белгілерін, гүлдерінің құрыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2.

Тақырып № 28. Қатар Жұлдызгүлділер (Asterales) немесе Күрделігүлдер (Compositales). Тұқымдас Күрделігүлдер (Compositae) немесе Жұлдызгүлдер (Asteraceae)

Класс- магнолиопсидтер - Magnoliopsida

Қатар - жұлдызгүлділер - Asterales

Тұқымдас - жұлдызгүлділер – Asteraceae

Сұрақтар:

1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

2. Күрделігүлдердің таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

3. Күрделігүлдердің қандай морфологиялық белгілері ажыратады?

4. Гүл құрлысының ерекшеліктері қандай?

5. Тұқымдас неге күрделігүлдер деп аталады?

6. Оларға қандай жоғары қалыптасу белгілері тән?

7. Күрделігүлдердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

Тапсырма:

1. Гербарий үлгілері бойынша тұқымдастың морфологиялық белгілерімен танысу: тамыр, сабақ, жапырақ, түктенуі, тікенектері.

  1. Фиксирленген Сұрақтар бойынша күрделігүлдер, ерінгүлдер тұқымдастарының өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

3. Тұқымдас өкілдерінің гүл бөліктерін салу.

4. Туыстарының өкілдерін анықтау және өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын жазу.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.

Тақырып29. Дара жарнақтылар класы (Monocotyledoneae). Лалагүлділер (Liliales)

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

  3. Лалагүлділер үшін қандай морфологиялық белгілер тән?

  4. Лалагүлділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

Тапсырма:

  1. Гербарий үлгілері бойынша Лалагүлдер тұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: сабақ (буын және буынаралыққа көңіл аудару), жапырақтар, олардың орналасуы, жүйкеленуі, қынабы, құлақшасы, тілшесі, тамыр.

  2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша астықтұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

3. Лалагүлдер тұқымдастардың көпгүлді масақтарының құрлыс схемасын салу. Масақ аяғын, төменгі және жоғарғы гүл қабықшасын, масақ осьін, бүйір өркенінің осьін, аталықтарын, жатынын белгілеу.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.

Тақырып № 30. Астық гүлділер (Poales, Graminales), Пальма гүлділер (Arecales) қатарлары.

Сұрақтар:

  1. Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген?

  2. Таралуы мен мекен ету ортасы қандай?

  3. Астықтұқымдастар мен пальмагүлдер үшін қандай морфологиялық белгілер тән?

  4. Астықтұқымдастардың ландшафт түзуде қандай маңызы бар?

  5. Астықтұқымдастар мен пальма гүлдердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

Тапсырма:

  1. Гербарий үлгілері бойынша астықтұқымдасының морфологиялық белгілерімен танысу: сабақ (буын және буынаралыққа көңіл аудару), жапырақтар, олардың орналасуы, жүйкеленуі, қынабы, құлақшасы, тілшесі, тамыр.

  2. Фиксирленген Сұрақтар бойынша астықтұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысын зерттеу: гүлшоғырының типін, гүл серіктерін, гүлдерін, гүл мүшелерін, олардың орналасуын, бірігу дәрежесін, түйін типін, жемісін.

3. Астықтұқымдастардың көпгүлді масақтарының құрлыс схемасын салу. Масақ аяғын, төменгі және жоғарғы гүл қабықшасын, масақ осьін, бүйір өркенінің осьін, аталықтарын, жатынын белгілеу.

4. Тырсық, бидайық, бетеге, қоңырбас, арпабас, айрауық туыстарының өкілдерін анықтау және өмір сүру формасын, таралуын және мекен ету ортасын, морфологиялық белгілерін, гүлдің құрлыс ерекшеліктерін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын жазу.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 6, 7.