Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ботаника каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

2.2 Дәрістік сабақтар.

1дәріс. Тақырыбы: Ұлпалар. Түзуші және жабындық ұлпалар.

Тканьдер туралы жалпы түсінік. Тканьдерді жүйелеудің (классификациялау) принциптері. Жай және күрделі тканьдер.

Түзуші ткңньдер немесе меристемалар. Цитологиялық сипаттама. Инициалдар мен олардың туындылары. Төбе, бүйірлік, қыстырма, жарақат, алғашқы және соңғы меристемалар. Олардың өсімдіктер денесінде орналасуы. Төбе меристемаларының зоналдығы. Клеткалардың бөліну бағыттары. Гистогендер туралы түсінік. Протодерма, прокамбий, негізгі меристема. Эпидерма - алғашқы жабындық ткань. Эпидерманың құрылысы және негізгі клеткаларының атқаратын қызметтері. Кутикула және балауыз өңез. Устьицаның құрылысы, жұмыс жасау механизмі және типтері, Трихомалар, олардың типтері және атқаратын қызметтері. Эмергенцтер. Перидерма – соңғы жабындық ткань. Перидерманың пайда болуы, құрылысы және биологиялық маңызы. Жасмықшалар. Қыртыс (ритидом), пайда болуы және құрылысы. Ризодерма (эпиблема). Оның пайда болуы, құрылысы және атқаратын қызметі. Трихобластар және атрихобластар. Тамыр түктері, олардың пайда болуы, қызметі, тіршілігінің ұзақтығы. Веламен – арнайы жабдық және сорушы (қабылдаушы) ткань. Экзодерма және эндодерма – заттардың өтуін реттеуші тканьдер.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 1, 11, 12.

2дәріс. Тақырыбы: Негізгі, өткізгіш және механикалық ұлпалар.

Ассимиляциялаушы ұлпалар. Олардың құрылысы, қызметі және өсімдік денесінде орналасуы. Қор жинаушы ұлпалар. Құрылысы мен қызметі. Қорға жиналған заттардың түрлері. Өсімдіктердің денесінде орналасуы. Аэренхима. Оның биологиялық маңызы. Бөліп шығарушы тканьдер. Жалпы сипатамма. Сыртқа бөліп шығарушы тканьдер. Ішкі бөліп шығарушы тканьдер. Безді түктер, схизогенді және лизигенді орындар, олардың пайда болу ерекшеліктері. Шырындықтар, гидатодтар, эфир-майлы клеткалар, шайыр және сүт жолдары. Сүт жолдарының (латекс) химиялық құрамы, оның биологиялық, практикалық маңызы. Механикалық ұлпалар. Құрылысындағы ортақ белгілері, маңызы, өсімдіктер денесінде орналасуы. Колленхимаға тән ерекшеліктер және түрлері. Склеренхима. Талшықтар және склереидалар. Талшықтардың практикалық маңызы. Өткізгіш ұлпалар. Жалпы сипаттама. Өткізгіш тканьдердің типтері және атқаратын қызметтері. Ксилема және флоэмаға тән ортақ белгілер. Ксилема және флоэманың күрделі тканьдер екендігі. Өткізгіш тканьдердің пайда болуында прокамбий және камбийдің ролі. Ксилема трахеальді (су өткізетін) элементтері: трахеидтер және сосудтар, олардың типтреі, дамуы және құрылысы. Перфорациялар. Трахеальды элементтер эволциясы туралы түсінік. Сүрек паренхимасы және сүрек талшығы. Флоэма. Флоэманың құрамы: сүзгілі түтіктер және оның серік клеткалары, тін паренхимасы, тін талшықтары. Сүзгілі түтіктер мен серік клеткаларының пайда болуы. Атқаратын қызметтері. Прто- және метаксилема, прото және метафлоэма, олардың өзіндік ерекшелікері. Соңғы ксилема (сүрек) және соңғы флоэма (тін). Өткізгіш (сосуд-талшық) шоқтар, олардың типтері және өсімдіктер денесінде орналасуы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 1, 11, 12.

3 дәріс. Тақырыбы: Тамыр және тамырлар жүйесі.

Тамырдың анықтамасы. Атқаратын қызметтері. Эволюциялық шығу тегі. Жас тамыр ұшының аймақтары. Тамыр оймақшасы. Төбе меристемасы және оның қызметі. Тамырдың алғашқы түпкілікті тканьдерінің пайда болуы, олардың қызметі. Камбий мен феллогеннің пайда болуына байланысты тамырдың соңғы тканьдерінің қалыптасуы. Тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) тамыр жүйелеріндегі морфологиялық табиғаты. Тамырлар жүйесінің типтері. Тамырлар жүйесіндегі тамырлардың жіктелуі. Тамыр метаморфозы. Балдақ, бағана тәрізді және тыныс тамырлар. Ауа тамырлары.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 1, 11, 12.

4 дәріс. Тақырыбы: Өркен. Жапырақ анатомиясы және морфологиясы.

Өркеннің жалпы сипаттамасы. Өркенге анықтама. Өркеннің морфологиялық құрылысы. Буындар, буын аралықтары, ұзарған және қысқарған өркендер. Өркен метамерлігі. Өркен төбе (апекс) меристемасының өсімдіктер мүшесін жасау қызметі. Төбе меристемасы құрылысының ерекшеліктері. Инициальды клеткалар туралы түсінік. Бүршік-өркен бастамасы. Бүршік туралы түсінік. Бүйірлік өркендер мен жапырақтардың қалыптасуы. Пластохрон туралы тұсінік. Жапырақтардың орналасуы, олардың негізгі типтері мен заңдылақтары. Жапырақ мозаикасы. Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі. Апырақтың анықтамасы және атқаратын қызметі. Жапырақтың морфологиялық құрылысы: тақта, сағақ, негіз, бөбешік жапырақ, қынап, қобы.Жай және күрделі жапырақтар. Жапырақ пішіндерінің алуан түрлілігі. Жапырақ сериялары, формациялары. Гетерофиллия және анизофиллия. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Жапырақ эпидермасы, мезофилі, өткізу жүйесі және жүйкелену. Экологиялық жағдайлардың жапырақтың анатомиялық құрылысына әсері. Жарық және көлеңке жапырақтары, белдеулік өзгерістер. Мезофиттер, гигрофиттер және ксерофиттер жапырағының морфолого – анатомиялық ерекшеліктері. Жапырақтың дамуы. Оның бүршік ішіндегі және сыртындағы фазалары. Жапырақтың ұшынан, жиегінен, қондырмалы және беткейлік өсуі. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы. Жапырақтың түсу механизмі және оның биологиялық маңызы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 1, 11, 12.

5 дәріс. Тақырыбы: Сабақ анатомиясы және морфологиясы

Сабақ - өркен осі. Сабаққа анықтама және жалпы сипаттама. Негізгі қызметтері. Өркен апексінде меристемалардың пайда болуы және орналасу ерекшеліктері. Сабақтың алғашқы ткандерінің қалыптасуы. Қос жарнақты өсімдіктер сабағының буын аралығының анатомиялық алғашқы құрылысы. Сабақ пен жапырақ өткізгішті тканьдерінің байланысы. Сабақтың алғашқы құрылысының эволюциялық күрделенуі. Камбийдің жұмысы және сабақтың анатомиялық соңғы құрылысы. Ұзақ уақыт өсетін сабақтар құрылысының жалпы ерекшеліктері. Сүректің құрылысы. Құрамына енетін элементтері. Жылдық сақиналар (шеңбер қабат) әртүрлі сүректі өсімдіктердің сүректерінің ерекшеліктері. Сүректі өсімдіктердің қабығының құрылысы. Қыртыстың пайда болуы және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Дара жарнақты өсімдіктер сабағының құрылысы. Ағаш тәрізді дара жарнақты өсімдіктер сабағының жуандауы. Ұзарып өсу және бұтақтану. Өркендер жүйесінің қалыптасуы. Бүршіктердің орналасу және пайда болу тәсілдеріне қарай типтері. Қосалқы, жандану, бұйыққан бүршіктер. Әртүрлі бүршіктердің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Жылдық және элементарлық өркендер. Өркендердің атқаратын қызметі, өсу бағыттары, кеңістікте орналасуына қарай алуан түрлілігі. Өркендердің бұтақтануы. Негізгі және жанама өркендер. Бұтақтану қарқындылығы. Акротония, мезотония, базитония. Түптену бұтақтанудың бір түрі. Оның биологиялық және практикалық маңызы. Моноподий және симподий. Өркендердің моноподиальды және симподиальды жүйелері. Ағаштарда дің және бөрік басының (крона) қалыптасуы. Бұталардың қалыптасуы. Көпжылдық шөптесін өсімдіктерде өркендер жүйесінің қалыптасуы. Симподиальды ұзарып өсуі мен жанданудың биологиялық және шаруашылық маңызы. Өркендер метаморфозы. (түрін өзгерту) Жер асты өркендер: каудекс, тамыр сабақ, столон және түйнектер, жуашық (пиязшық) және түйнекті жуашық. Жер үсті өркендер: мұрт, жапырақты және сабақты суккуленттер өркені, кладодии және филокладии, сояу, мұртша. Метаморфозданған өркендер және олардың бөлімдерінің биолгиялық және практикалық маңызы. Конвергенция. Өсімдіктер онтогенезі мен филогенезіндегі метаморфоз процесі.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8..

Қосымша әдебиеттер: 1, 11, 12.

Тақырып №6. Гүлдің құрылысы.

Гүлдің құрылысы мен қызметі. Гүлдің бөлімдері, олардың гүл тұғырында орналасуы және морфологиялық әртүрлілігі.

Гүл симметриялары. Актиноморфты және зигоморфты гүл. Гүл серігі, оның құрылысы, дамуы мен биологиялық маңызы. Жай және қос қоршаулы гүл серігі. Тостағанша: біріккен және бірікпеген. Күлте: бірікпеген және біріккен желекті. Тостағанша мен күлтенің қызметі.

Андроцей оның құрылысы мен қызметі. Гүлде аталықтардың орналасуы, олардың типтері (бір ағайынды, екі ағайынды, көп ағайынды және т.б). Тозаң қабының даму ерекшеліктері мен құрылысы. Микроспорогенез, микроспоралар мен аталық гаметофиттің дамуы (тозаң дәндерінің), олардың жалаң тұқымды өсімдіктердің тозаң дәндерінен айырмашылығы. Тозаң дәнінің морфологиялық әртүрлілігі

Гинецей, оның құрылысы мен қызметі. Жеміс жапырақшалары мегаспорофилдердің гомологтары ретінде, Жатынның пайда болуы және оның биологиялық маңызы. Стилодия мен аналық мойны. Жатынның түрлері: үстіңгі, астынғы, ортаңғы. Гинецейдің типтері: апокарпты, паракарпты, синкарпты. Плацентация типтері. Мегаспорогенез, аналық гаметофит – ұрық қапшығының дамуы мен құрылысы. Ұрық қапшығының типтері.

Қосарынан ұрықтану.

Гүлдің формуласы мен диаграммасын құру принциптері.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (2,4,5,6,7,8,9,11)

Тақырып №7 Гүл шоғы.

Гүл шоғыры өркендер жүйесінің ерекше типті екендігі. Гүл шоғырының маңызды морфологиялық белгілері: фрондозды және брактеозды, ашық және тұйық, ботрикалық (рацемозды) және цимозды, жай жне күрделі гүл шоғырлары турлы түсінік. Жай гүл шоғырлары: шашақ, қалқанша, шатыр, масақ, собық, шоқпарбас, себет (зембіл) гүл. Күрделі гүл шоғырлары: күрделі шашақтар, шатырлар және масақтар. Сыпыртқы (шашақбас) тәрізді, қалқанша тәрізді, шатыр тәрізді күрделі гүл шоғырлары. Тирсоидты гүл шоғыры. Цимоидтар: дихазий, монохазий, плейохазий. Гүл шоғырының биологиялық маңызы және олардың шығу тегі.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (1,2,4,5,6,7,8,10)

Тақырып №8. Жемістер және олардың классификациясы.

Жемістердің жалпы сипаттамасы. Жемістерді жіктеудің принциптері. Апокарпты, синкарпты, паркарпты, лизикарпты жемістер. Жемістердің ашылуы. Жеміс шоғыры. Гетерокарпия және гетероспермия. Жемістердің түрлері. Шырынды жемістер (жидек, алма, асқабақ, померанец, анар, шырынды сүйекті жай жеміс, құрғақ сүйекті жай жеміс, күрделі сүйекті жеміс). Құрғақ қақырамайтын жемістер (жаңғақ, күрделі жаңғақ, батырылған күрделі жаңғақ, цинародий, бүлдірген жеміс, немесе флага, шошқа жаңғағы, тұқымша, дәнек). Құрғақ қақырайтын жемістер (жай топтама, шырынды жай топтама, күрделі топтама, шырынды күрделі топтама, бұршақ, бұршаққын, бұршаққынша, қорапша). Бөлшекті жемістер (калачиктер, регма, вислоплодник, ценобий). Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Жемістер мен тұқымдардың маңызы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: (2,4,5,6,7,8,9,11)

Тақырып №9. Прокариоттар.

Өсімдіктер классификациясының тәжірибелік және теориялық маңызы. Ботаника қарастыратын мәселелер: өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылысының заңдылықтары, систематика, өсімдіктердің биологиялық әр түрлілігі, биохимия, өсімдіктер физиологиясы, эволюциясы мен филогениясы, география, онтогенез және эмбриология, экология, фитоценология немесе геоботаника, ботаникалық ресурс тану, табиғи және өсімдіктер ресуртарын қорғау, сирек кездесметін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.

Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасының тарихы. Систематиканың мерзімділігі. К.Линнейдің жасанды жүйесі және табиғи жүйенің бастамасы. Бинарлы номенклатура. Систематиканың дамуы үшін эволюциялық теорияның маңызы. Табиғи жүйелердің құрылу негіздері. Таксономикалық категориялар туралы тусінік. Түр негізгі таксономиялық бірлік екендігі Туыс, тұкымдас, қатар, класс, бөлім, дүние. Өсімдіктер систематикасының ғылым ретінде қaзipгi кездегі мақсаты және оның практикалық маңызы. Органикалық дүниенің қазіргі заманғы жүйесі. Прокариоттар және эукариоттар. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер туралы. Филогенетикалық байланыстар.

ПРОКАРИОТТАР. Бактериялар бөл1м1 -(Bacteriophyta).

Жалпы сипаттама. Клетка кұрлысы. Бактериялардың морфологиялық типтер1. Көбеюі, тұқым қуалаушылық информацияның берілу тәсілдері. Қолайсыз жағдайларда тіршілігін сақтап қалуға бейімделуі. Бактерияның табиғатта таралуы және коректенуі. Олардың органикалық заттар ыдырауына қатысу және табиғатта зат айналымындағы маңызы. Бактериялардың әрекетін ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдалану. Ауру туғызатын патогендік бактериялар.

Вирустар (Virophyta) бөлімі.

Құрылысы және химиялық құрамы. Вирустардың табиғаты. Өсімдіктер, жануарлар және бактериялар вирустары.

Көк -жасыл балдырлар (Cyanophyta) бөлімі.

Сыртқы морфлогиясы. Клетканың құрылысы, пигменттері хлорофилл а, көк – фикоциан мен аллофикоцианин және қызыл- фикоэритрин, қор заттары- гликоген, валютин, цианофицинді дәндер мен ауа вакуольдары немесе псевдовакуоль. Клетка жамылғысы, протопласт құрамы (плазмалемма мен цитоплазма) – фотосинтездік аппарат, ядролық эквивалент, рибосомалар, ақуыз синтезі. Көбеюі вегетативті, жыныссыз. Жынысты көбеюі жоқ. Көк-жасыл балдырлардың көбеюі, таралуы, экологиясы. Олардың су қоймаларындағы тіршілік үшін маңызы. Көк-жасыл балдырлардағы азотфиксация. Хроококкалар (Сhroococcophyceae) класы. Өкілдері хроококк, глеокапса. Гормогониялар (Hormogoniophyceae) класы: носток, анабена, осциллятория және т.б. өкілдері.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 7, 12, 13, 19, 29,30.

Тақырып №10. Эукариоттар. Балдырлар – Algae. Бөлімдер: Пиррофитті (Pyrrhophyta), Эвгленалы (Euglenophyta), Алтын түсті (Chrysophyta), Әр түрлі талшықты (Xantophyta) балдырлар.

Эукариотты балдырлардың жалпы сипаттамасы. Балдырлардың морфологиялық құрылымының деңгейі және структуралық варианттары. Бірнеше құрылымның түрлері бар: амебоидты, қарапайым немесе монадалы, пальмеллоидты, коккоидты, жіптесінді, әр түрлі жіптесінді немесе гетеротрихальді, пластинкалы, паренхиматозды (ұлпалық), сифонды немесе сифоналды құрылым. Хроматофорлардың алуан түрлілігі. Жыныссыз көбеюі. Жыныстық процестері екіге бөлінеді агаметогамияға (конъюгация) және гаметогамияға (изогамия, гетерогамия, оогамия). Даму кезеңдері, варианттар: ұрпақ алмаспай және ұрпақ алмасу арқылы. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу. Балдырлардың пигментті топтары. Жүйелеудің жалпы принциптері.

Балдырлардың тіршілік кезеңдері және олардың эволюциясы. Балдырларда өсімдіктердің тіршілік кезеңдерінің бірнеше айналымдарын бөлуге болады: гаплофазалы, изоморфты, гетероморфты, изоморфты гаметофит пен спорофит, диплофазалы.

Бөлім Пиррофитті балдырлар (Pyrrhophyta). Эвгленалы балдырлар (Euglenophyta) бөлімі. Алтын түсті балдырлар (Chrysophyta) бөлімі. Әр түрлі талшықты балдырлар - Heterocontaphyta немесе Xanthophyta бөлімі.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 7, 12, 13, 19, 29,30.

Тақырып №11. Бөлімдер: Жасыл (Clorophyta) және Хара (Charophyta) балдырлары.

Жасыл балдырлар– Сhlorophyta бөлімі. Бөлімге жалпы сипаттама. Таралуы және экологиясы. Клетка құрылысы. пигменттер: хлорофилл а және в; , , –каротиндер, ксантофилдер. Көбею түрлері, жынысты процестер. Ұрпақ алмасу кезеңдері. Кластарға бөліну принциптері.

Нағыз жасыл балдырлар (Euchlorophyceae) класы. Қатарлар: Вольвокстар (Volvocales), Хламидомонадалылар (Chlamidomonadales), Хлорококкалылар (Chlorococcales), Улотрикстер (Ulotrichales) және Хетофоралылар (Chaetophorales).

Сифоналды балдырлар (Siphonaphvсeae) класы. Қатарлар Сифонды (Siphonales) және Сифонокладалылар (Siphonocladales).

Конъюгаттар немесе Тіркеспелілер (Conjupatophvсeae) класы. Морфлогиялық құрылымының деңгейлері, көбеюі, даму циклі. Экологиясы. Классификациялау принциптері.

Зигнемалықтар (Zugnematales) қатары. Жалпы сипаттамасы, көпклеткалы жіпшелі талломдардың құрылысы, көбеюі және таралуы. Өкілдері: спирогира, зигнема, мужоция және басқа.

Десмидиялықтар (Desmidiales) қатары. Жалпы сипаттамасы, айрықша ерекшеліктері, бір клеткалы және колониальды формаларының құрылысы, көбеюі және таралуы. Өкілдері: клостериум, десмидиум және басқа.

Мезотениялықтар (Mesotaeniales) қатары. Жалпы сипаттамасы. Құрылысындағы еркшеліктері, көбеюі. Табиғатта таралуы. Өкілдері: спиротения, цилиндроцистис және басқа.

Хара немесе Сәулелілер (Charophyta) класы. Класты ажыратуға болатын белгілері. Хараларға тән морфологиялық белгілер, көбеюі және даму циклі. Экологиясы және таралуы. Шығңу тегі.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 7, 12, 13, 19, 29,30.

Тақырып № 12. Диатомды (Bacillariophyta), Қоңыр (Phaeophyta), Қызыл (Rhodophyta) балдырлар бөлімдері. Өсімдіктер экологиясының негізгі белгілері.

Диатомды балдырлар - Bacillariophyta (Diatomae). Бөлімге жалпы сипаттама. Клеткасының құрылысы. Кремнеземді бақалшақ және жұқа органикалы пектинді қабық. Эпитека мен гипотека. Тігістердің ерекшеліктері мен құрылымы. Таралуы, экологиясы. Пигменттері: хлорофилла а, с және в каротиндер, ксантофилдер (фуко-, диото, -неофуко-α, β, диодино-ксантин), қор заттары. Центрикалы диатомдылар (Centrophyceae) класы. Өкілдері: мелозира, циклотелла. Класс Пеннаталы диатомдылар (Pennatophyceae) класы. Өкілдері: пиннулярия, навикула, диагома, табеллярия.

Қоңыр балдырлар (Phaeophyta) бөлімі. Бөлімнің жалпы сипаттамалары. Клеткасының құрылысы, пигменттері, қор заттары. Пигменттер: хлорофилл а мен с, фукоксантин - қоңыр, каротин-қызғылт-сары, ксантофилл-сары. Талломдар құрылымының варианттары, олардың өсіп-жетілу тәсілдері. Көбею жолдары, жынысты процестері. Таралуы, экологиясы. Шығу тегі мен классификациялау принциптері.

Фэозооспоралылар (Phaezoosporophyceae) класы. Морфологиялық құрылымы мен даму циклына жалпы сипаттама. Қатарлар Эктокарпалықтар (Ectocarpales), Сфацеляриялықтар (Sphacelariales), Диктиоталықтар (Dictyotales).

Гетерогенераттылар (Heterogeneratae) класы. Морфологиялық құрылымы мен даму циклына жалпы сипаттама. Қатарлар Ламинариялықтар (Laminariales) және Фукустылар (Fucales).

Қызыл балдырлар (Багрянкалар) – Rhodophita бөлімі. Қызыл балдырларды ажыратуға болатын еркшеліктері мен олардың системада алатын айрықша орны. Талломы мен клеткасының құрылысы. Пигменттері, олардың физиологиялық маңызы. Сыртқы морфологиясы мен анатомиялық құрылысының алуан түрлілігі. Жыныс процестері. Көбею ерекшеліктері. Көбею ерекшеліктері. Даму циклдерінің варианттары. Онтогенездің өзіндік ерекшелктері. Қызыл балдырлардың хроматикалық адаптациясы, практикалық маңызы. Классификациялау принциптері.

Класстары: Бангиялылар (Bangiophyceae) және Флоридеялықтар (Florideophyceae). Қатарлар - Немаииондықтар, Криптонемиялықтар, Церамиялықтар.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 7, 12, 13, 19, 29,30.

Тақырып №13. Кілегейлілер, немесе Миксомицеттер (Myxomycota) бөлімі. Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Аскомицеттер (Ascomycetes) класы.

Кілегейлілер, немесе Миксомицеттер (Myxomycota) бөлімі.құрылысы мен даму цикліне қысқаша сипаттама. Тіршілік етуі және қоректенуі. Сапрофитті және паразитті миксомицеттер. Миксомицеттердің даму кезеңдері: диплоидты және гаплоидты кезеңдер.

Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Саңырауқұлақтар клеткаларының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі. Бунақталған және бунақталмаған мицелий. Мицелийдің түр өзгерістері. Мицелийдің төсемікке орналасуы. Қоректену түрлері. Сапрофиттік, паразиттік және симбиотрофты тіршілік етуге бейімделуі. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әр түрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және оларды классификациялау принципі. Саңырауқұлақтардың кластары.

Жынысты көбеюдің эволюциялық тенденциялары. Құрылыс, тіршілік ортасы және физиологиялық қызметтері бойынша ерекшеліктері. Жүйелену принциптері.

Хитридиялылар (Chytridiomycetes) класы – класқа тән ерекшеліктер. Вегетативтік денесінің құрылысы. Артқы бір талшығы бар спора арқылы жыныссыз көбею. Жыныс процестері: хологамия, изогамия, гетерогамия, оогамия. Даму циклдары.

Қатарлар: хитридиялылар (Chytridiales), бластокладиялылар (Blastocladiales), моноблефаридалылар (Monoblepharidales), Сапролегниялылар (Saprolegniales), Пероноспоралылар (Peronosporales)

Зигомицеттер (Zygomycetes) класы жалпы сипаттамасы. Қоректену түрлері. Зигогамиялы жынысты жолмен көбейеді. Спорангиоспоралардың, канидиоспордың түзілуі тән, толықтай зооспоралар жойылған.

Қатарлар Мукорлар (Mucorales).

Қатарлар Энтомофторалылар (Entomophthorales).

Жалаңаш қалталылар немесе Гемиаскомицеттер (Hemiascomycetidae) класс тармағы.

Нағыз қалталылар немесе Эуаскомицеттер (Euascomycetidae) класс тармағы.

Пиреномицеттер (Pyrеnomycetidaе) қатарлар тобы. Эризифалылар (Erysiphales) қатары. Қастауыштар (Cloricipitales) қатары. Дискомицеттер (Discomycetidae) қатарындағы топ.. Локулоаскомицеттер (Loculoascomycetidae) класс тармағы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 7, 8, 10, 12, 16, 18, 19, 20, 22, 24, 26, 30.

Тақырып №14. Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класы. Гименомицеттер (Hymenomycetidae), Гастеромицеттер (Gasteromycetidae) қатарларындағы топ. Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе Дейтеромицеттер (Deuteromyces) класы.

Жалпы сипаттама. Алғашқы және соңғы мицелийлер, олардың базидиомицеттердің даму циклына қатысы. Дикариондардың пайда болу жолдары. Базидийдің дамуы. Жемістік денелер. Класс тармағына бөлінуі.

Холобазидиомицеттер (Holobasidiomycetidae) класс тармағы. Айырмашылық белгілері.

Гименомицеттер (Hymenomycetidae) қатарындағы топ. Топтың жалпы белгілері. Гименофора және жемістік денелер эволюциясы.

Афиллофоралылар (Aphyllophorales) қатары. Жалпы сипаттама. Үй саңырауқұлағы, оның морфологиялық ерекшеліктері, биологиясы, шаруашылық маңызы және онымен күрес шаралары. Трутовиктер, олардың орман шаруашылығындағы ролі.

Агарикалықтар (Agaricales) қатары. Қатарды ажыратуға болатын белгілер. Түтікті, пластинкалы гименофорлары. Морфологиялық ерекшеліктері. Таралуы, биологиясы және табиғаттағы маңызы. Қазақстандағы жеуге жарамды, жарамсыз улы саңырауқұлақтар. Өкілдері: болетус, лактариус, аманита, руссула (сыроежка) и другие.

Гастеромицеттер (Gasteromycetidae) қатарындағы топ. Топтың жалпы белгілері. Даму циклінің ерекшеліктері. Жемістік дененің құрылысы. Биологиясы, таралуға бейімделушілігі. Экологиясы. Өкілдері: жаңбыршы.

Фрагмобазидиомицеттер немесе Гетеробазидиомицеттер (Heterobasidiomycetidae) класс тармағы.

Қара күйелер (Ustilaginales) қатары. Даму циклінің жалпы сипаттамасы. Қара күйелер өсімдіктердің паразиттері. Таралуы. Даму циклінің жалпы схемасы. Қара күйемен өсімдіктердің зақымдану жолдары, келтіретін зияны және күресу шаралары.

Тат саңырауқұлақтарының (Uredinales) қатары. Морфологиялық ерекшеліктері. Көбею мен жұқтыру жолдары. Әр түрлі иелі және бір иелі татта, толық және толық емес формалары. Даму циклы және спора түзуі. Тат саңырауқұлақтарымен күрес жолдары.

Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе Дейтеромицеттер (Deuteromyces) класы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 7, 8, 10, 12, 16, 18, 19, 20, 22, 24, 26, 30.

Тақырып №15. Қыналар (Lichenophyta) бөлімі.

Қыналар туралы түсінік. Қыналар талломдарының формалары: қаспақты, жапырақты және бұталы қыналар. Анатомиялық ерекшеліктері және компоненттері. Қыналардың көбеюі. Классификациялау принциптері. Қазақстандағы таралуы, экологиясы және практикалық маңызы. Қыналардың табиғаттағы ролі. Қыналардың биохимиясы.

Қынаның құрамына кіретін балдырлар -фикобионттар. Қына құрамына кіретін саңырауқұлақтар - микобионттар.

Қыналардың көбеюі. Қыналар үш жолмен көбейеді: вегетативтік, жыныссыз және жынысты. Вегетативті көбеюі қатпаршағының үзілуімен, соредий, изидиялар құру арқылы жүзеге асады.

Қыналардың жүйеленуі. Лихенология ғылымының Қазақстанда дамуы. Қыналардың Қазақстан территорияларында таралуы. Қыналардың экологиясы мен тәжірибелік маңызы. Қыналардың табиғаттағы маңызы. Өкілдері: эверния, уснея, пармелия, ксантория, кладония.

Өсімдіктер бірлестіктерінің түзілуіне, сонымен қоса жер бетінде өсімдіктер жамылғысының қалыптасуына жекелеген өсімдіктердің, әсіресе қыналардың маңызы алуан түрлі.

Қыналардың адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі маңызы. Қына құрамындағы қышқылджар антибиотикалы қасиетке ие.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 5, 11, 12, 19, 23, 29, 30.

Тақырып №16. Мүк тәрізділер бөлімі(Bryophyta)

Дәріс тезистері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Вегетативті дененің морфологиялық және анатомиялық бөлінулері. Ауа-жерүсті мекен ету ортасының ерекшеліктері. Негізгі мүшелері мен ұлпалары. Көбею мүшелерінің өзгешелігі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс мүшелерінің шығу тегінің қажетті алғы шарттары. Ұрпақ қалдыру айналымының жалпы ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері. Биосфера эволюциясының және адам әрекетінің маңызы. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасының биологиялық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Мүк тәрізділердің ажыратылатын ерекшеліктері. Ұрпақ қалдыру айналымының өзгешелігі. Мүк тәрізділер жер бетіндегі өсімдіктердің эволюциясындағы ерекше бұтақ ретінде. Қарапайымдылық және мамандандырылған белгілері.

Бауыр мүктер класы (Hepatiopsida.) Кластың жалпы сипаттамасы және ажыратылатын ерекшеліктері. Гаметофиттің морфологиялық және анатомиялық құрлысының алуандығы. Спорангии және оның бөлімдері. Қорапша құрлысының ерекшеліктері. Бауыр мүктердің экологиядағы басты белгілері және олардың өсімдіктер жабынындағы рөлі.

Маршанциялар бөлімі (Marchantiales). Негізгі белгілері. Талломның құрлысының варианттары. Географиялық таралуы. Маршанция туысы: өмірлік бейнесі, құрлысы, ұрпақ қалдыру циклі, көбеюі.

Юнгерманиялар бөлімі (Jungermannudae) Ажыратылатын белгілері. Бөлімнің морфология-анатомиялық сипаттамасы. Өкілдері: релия, радула, хилосцирус. өмірлік бейнесіне байланысты олардың құрлысының басты белгілері. Географиялық таралуы, экологиясы.

Жапырақсабақты мүктер бөлімі (Musci, Bryopsida) Жалпы сипаттамасы және ажыратылатын белгілері. Ересек өсімдіктің морфологиясы мен анатомиясы. Жыныс мүшелерінің орналасуы. Спорогоний. Қорапша құрлысының ерекшеліктері. Спораның өнуі.Гаметофиттің дамуы. Географиялық таралуы.

Класс тармағы Шымтезек мүктер. (Sphasnidae) Гаметофит құрлысының маманданған белгілері. Жыныс мүшелері. Спорогоний. Экологиясы және таралуы. Маңызы.

Жасыл мүктер бөлімі.(Bryales) Гаметофиттің құрлысы. Жыныс мүшелері. Спорогоний. Ұрықтану. Қорапша құрлысы. Спораны шашуы және өнуі, протонеманың қалыптасуы. Алуандығы, таралуы, экологиялық ерекшеліктері және маңызы. Өкілдері: көкек зығыры. Мүктәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі жолдары.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6.

Тақырып №17. Псилот тәрізділер бөлімі - Psilotopyta, Плаун тәрізділер (Licopodiales) бөлімі

Дәріс тезистері. Жалпы сипаттамасы. Тіршілік ету уақытысы.

Плаундар қатары (Lvcopodiales). Плаун тәрізділердің жалпы сипаттамасы. Плаун тәрізділердің анатомиясы мен морфологиясының ерекшеліктері. Стробилінің құрлысы. Көбеюі. Спораның өнуі. Өскіншенің құрлысы және өмірлік бейнесі. Ұрықтану, ұрықтың дамуы және оның қоректенуі. Спорофиттің қалыптасуы. Географиялық таралуы және экологиясы. Плаундар «тірі қазбалар» ретінде, оларды қорғау.

Селагинеллалар қатары (Selaginelalles). Жалпы сипаттамасы. Спорофиттің тіршілік жағдайына байланысты құрлысының ерекшеліктері. Стробилінің құрлысы. Спора түзілу. Әртүрлі споралық. Аналық және аталық өскіншелер. Әртүрлі споралықтың биологиялық және эволюциялық маңызы. Өскіншелердің редукциясы. Географиялық таралуы, экологиясы.

Полушниктер қатары (Jsoetales). Жалпы сипаттамасы. Өліп біткен және қазіргі түрлері – натгорстиан, полушник, стилитес. Спорофиттің құрлысы. Көбеюі. Гаметофит. Экологиясының ерекшелігі. Полушниктердің ықтималды шығу тегі. Плаун тәрізділердің шығу тегі. Олардың эволюциясының негізгі бағыттары. Плаун тәрізділердегі тұқым түзілуінің тенденциясы. Ерте өліп кеткен плаун тәрізділер - астероксилон, дрепанофикустар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3 ,4.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4,5, 6.

Тақырып №18. Қырықбуындылар немесе бунақтылар (Equitophyta, Sphenopsida, Articulatae) бөлімі

Дәріс тезистері. Жалпы сипаттамасы және бөлімнің ажыратылатын ерекшеліктері. Қазып алынған қырық буындылар: гиениелықтар, каламиттер. Спорофиттің морфология-анатомиялық құрлысы. Ұрпақ қалдыру циклі. Тіршілік еткен уақыттары. Спора түзуші масақшасының құрылысы, спора түзілу. Өскіншелерінің құрылысы және жыныс органдарының жіктелуі. Таралуы және экологиясы. Өкілдері.

Қырықбуын тәрізділер, немесе бөлімділер бөлімі (Equitophyta, Sphenopsida, Articulatae) Жалпы сипаттамасы және бөлімнің ажыратылатын ерекшеліктері, жапырақтың шығу тегі. Кластар мен қатарларға бөлінуі.

Қырықбуындар қатары. (Equisetales) Жалпы сипаттамасы. Спорофиттің морфологиясы мен анатомиясының негізгі белгілері. Стробилінің құрлысы. Спораның құрлысының ерекшелігі. Өскінше құрлысы және жыныстарының бөлінуі. Қырықбуындардың географиясы мен экологиясы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4,5, 6.

Тақырып №19. Папоротник тәрізділер, немесе Папоротниктер бөлімі (Polupodiophyta)

Дәріс тезистері. Жалпы сипаттамасы және бөлімнің ажыратылатын ерекшеліктері. Спорофиттің морфология-анатомиялық құрлысы. Ұрпақ қалдыру циклі. Қазбалы Папоротник тәрізділер. Жалпы сипаттамасы. Өкілдері.

Ужовниктер класы (Ophioglossopsida). Жалпы сипаттамасы. Спорофит және гаметофит құрлысы. Көбеюі. Ұрпақ қалдыру циклі. Өкілдері: ужовник және гнездовик, құрлыс ерекшеліктері, қарапайым белгілері.

Маратиопсидтер класы (Marattiopsida). Жалпы сипаттамасы Морфологиялық ерекшеліктері және спора түзуі. Географиялық таралуы.

Нағыз папоротниктер класы (Polypodiopsida). Ажыратылатын белгілері.

Полиподиолер қатары (Polypodiales). Жалпы сипаттамасы. Өмірлік формалары. Морфологиялық және анатомиялық құрлысының алуандығы. Сорустар мен спорангилерінің құлысының варианттары және орналасуы. Өскінше құрлысы. Таралу ареалы және экологиясы. Өкілдері: щитовник, орляк және басқалары.

Сальвиниелер қатары (Sahiniales). Жалпы сипаттамасы. Спорофиттің құрлысының ерекшеліктері және экологиямен байланыстылығы. Сорустар мен спорангилер. Микро- мегаспоралардың өнуі. Өскіншенің қалыптасуы. Ұрықтану. Сальвиния туысы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 7.

Тақырып №20. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Pinophyta, Gymnospermae).

Дәріс тезистері. Жалпы сипаттамасы және ажыратылатын белгілері. Тұқымның биологиялық маңызы және пайда болуы. Өмірлік формалары. Анатомиялық және морфологиялық құрлысының ерекшеліктері. Ұрпақ қалдыру циклі.

Саговниктер класы (Cycadopsida).

Тұқымды папоротниктер қатары (Zyginopteridales, Pteridospermae). Спорофит құрлысы. Микро- и мегаспорангилер. Тұқымұрығының шығу тегісінің мәселелері. Тұқымды папоротниктердің тіршілік ету уақытысы.

Саговниковые қатары (Cycadales). Стробилдері мен спорофилдерінің құрлысы. Споратүзілу және спораның өнуі. Гаметофиттер құрлысы. Тозаңдану және ұрықтану ерекшеліктері.

Беннеттиттер қатары (Bennettitales), Гинкгтер класы (Ginkgoopsida), Қылқандылар класы (Pinopsida) Кордаитидтер класс тармағы (Cjrdaitidae), қылқандар класс тармағы (Coniferales), Араукарилер, Тистер, Таксодилер тұқымдастары.

Қарағайлар тұқымдасы (Pinaceae). Кипаристер тұқымдасы (Cupressaceae) Гнеталар немесе Қабықтытұқымдылар класы (Gnetopsida, Chlamydospermatopsida). Ажыратылатын белгілері.

Қылшалар қатары (Ephedrales). Құрлысының жалпы ерекшеліктері. Географиялық таралуы, маңызы. Гнеталар қатары (Gnetales) Вегетативті және репродуктивті мүшелерінің құрлысы, географиялық таралуы.

Вельвичиялар қатары (Welwitschiales) Таңқаларлық вильвичия.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6.

Тақырып №21. Жабықтұқымдылар, немесе гүлділер бөлімі – Angiospermae, Magnoliophyta. Қос жарнақтылар класы (Dicotyledoneae) Қатарлар Магиолиегүлдер (Magnotiales). Қатарлар Сарғалдақтар (Ranunculales) Қатарлар Көкнәрлер (Papaverales).

Дәріс тезистері. Гүлді өсімдіктер жер бетіндегі өсімдіктер эволюциясының жоғарғы этапы ретінде. Жалпы сипаттама. Өмірлік формасы. Вегетативті мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясының ерекшеліктері. Ұрпақ қалдыру циклі. Гүл. Әртүрлі споралық. Гаметофиттердің құрлыс ерекшеліктері. Тозаңның өсуі. Қосарлы тозаңдану. Эндосперм. Тұқым, жеміс, жемістің биологиялық маңызы. Тозаңданудың экологиясы мен биологиясы. Гүлдің шығу тегінің мәселелері. Жабықтұқымдылардың пайда болуының орны, уақыты және олардың шамалаған ататегі. Гүлді өсімдіктердің алуандығы және олардың Жердің қазіргі жабынындағы рөлі. Классификация принциптері. Негізгі өкілдері және экологиясы. Шаруашылық маңызы.

Қос жарнақтылар класы (Dicotyledoneae). Жалпы сипаттамасы, ажыратылатын ерекшеліктері. Эволюцияның негізгі бағыттары. Магнолиегүлділер (Magnotiales). Вегетативті мүшелерінің негізгі белгідері. Вегетативті мүшелерінің анатомиялық құрлысындағы, морфологиясындағы қарапайым белгілері мен гүлінің құрлысы.

Қатарлар Магнолиегүлдер (Magnotiales). Вегетативті мүшелерінің ажыратылатын ерекшеліктері. Анатомиялық құрлысының қарапайым белгілері, вегетативті мүшелерінің морфологиясы және гүлінің құрлысы.

Тұқымдас Дегенерилер (Degeneriaceae), Тұқымдас Магнолиелер (Magnoliaceae) - вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Анатомиялық құрлысындағы қарапайым белгілері, вегетативті мүшелерінің морфологиясы және гүлінің құрлысы.

Қатарлар Сарғалдақгүлдер (Ranunculales). Тұқымдас Сарғалдақтар (Ranunculaceae) - өмірлік формалары. Гүлдері, олардың алуандығы. Гүлінің эволюциясының негізгі бағыттары. Классификациясы. Өкілдері. Шаруашылық маңызы.

Тұқымдас Барбарисовые (Berberidaceae). Жалпы сипаттамасы. Негізгі өкілдері және олардың шаруашылық маңызы.

Қатарлар Көкнәрлер (Papaverales). Тұқымдас Көкнәрлер (Papaveraceae) - жалпы сипаттамасы, өмірлік формалары. Гүлінің, жемісінің құрлысы. Негізгі өкілдері: көкнәр, сүелшөп. Таралуы және адам өміріндегі маңызы.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6.

Тақырып №22. Раушангүлділер (Rosales), Бұршақ гүлділер (Fabales), Қазтамақ гүлділер (Geraniales) қатарлары

Қатарлар Раушангүлдер (Rosales). Тұқымдас Раушандар (Rosaceae) - өмірлік формалары и вегетативті және репродуктивті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүлдері, олардың алуандығы. Гипантий. Жемістерінің өзгешелігі, олардың бейімделу белгілері.

Тұқымдас тармағы Спирейлер, Тұқымдас асты Раушандар (Розовые), Тұқымдас тармағы Алмалар, Тұқымдас тармағы Өріктер (Вишневые). Тұқымдас тармағының ажыратылатын белгілері, негізгі өкілдері.

Қатарлар Бұршақгүлдер (Fabales). Жалпы сипаттамасы. вегетативті мүшелерінің ажыратылатын ерекшеліктері, гүлі, жемісі. Тұқымдас Мимоздылар (Mimosaceae), Цезальпиндер (Caesalpiniaceae), Шытыршақтар (Fabaceae). Өмірлік формалары. вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүл шоғырының түрі. Гүлінің құрлысы. Тозаңдану. Бұршақ және оның басты түрөзгерісі. Географиялық таралуы және экологиясы. Негізгі өкілдері.

Қатар Қазтамақтар (Geraniales). Тұқымдас Зығырлар (Linaceae), Қазтамақтар (Geraniaceae), Аралиелер (Araliaceae). Жалпы сипаттамасы, гүлінің құрлыс ерекшеліктері. Географиялық таралуы және экологиясы. Негізгі өкілдері: зығыр, қазтамақ, гармала.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №23. Қатарлар Балдыркөкгүлділер, немесе Шатыргүлдер (Apiales, Umbtllifеrae), Орталықтұқымдар (Centrospermae).

Тұқымдас Балдырғандар немесе Шатыргүлдер (Apiaceae, Umbelliferae). вегетативті және репродуктивті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, өмірлік формалары Гүл шоғыры, гүлі. Тозаңдануы. Негізгі өкілдері және көкөністік, эфирмайлық, улы және дәрілік түрлері, олардың ерекшеліктері және адам шаруашылық істеріндегі маңызы.

Тұқымдастардың морфологиялық тән белгілері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлшоғыр. Тұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысы: гүлшоғырының типі, гүл серіктері, гүлдері, гүл мүшелері, олардың орналасуы, бірігу дәрежесі, түйін типі, жемісі.

Тұқымдастардың морфологиялық тән белгілері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлшоғыр. Тұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысы: гүлшоғырының типі, гүл серіктері, гүлдері, гүл мүшелері, олардың орналасуы, бірігу дәрежесі, түйін типі, жемісі.

Қатар Орталықтұқымдар (Centrospermae) – қатардың жалпы сипаттамасы және басқа қатарлардан ажыратылатын ерекшеліктері. Тұқымдас, Көкпектілер немесе Алаботалар (Chenopodiaceae), Қалампырлар (Caryophylaceae) - өмірлік формалары, вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, Гүл шоғырының өзгешелігі. Гүлі, жемісі. Негізгі өкілдері.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып № 24. Қатар Құлқайырлар (Malvales), – Құлқайырлар тұқымдасы, (Malvaceae), Қалақайлар тұқымдасы (Urticaceae)

Қатар Құлқайыргүлдер (Malvales). Тұқымдас Құлқайырлар (Malvaceae), Сүттігендер (Euphorbiaceae), Шайқурайлар (Нуреriсасеае), Жыңғылдар (Tamaricaceae), Жейделер (Elaeagnuceae) – тұқымдастың ажыратылатын белгілері, өмірлік формалары, вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүлдері мен жемістерінің өзгешелігі.

Тұқымдастың өмірлік формалары. Тұқымдастың таралу және мекен ету ортасы. Құлқайырлар мен қалақайларға тән морфологиялық белгілер. Гүлдерінің құрыс ерекшеліктері. Тұқымдастарының өкілдерінің морфологиялық белгілері. Тұқымдастарға тән жеміс типтері және олар бір-бірінен ажыратылуы. Құлқайырлар және қалақайлар табиғатта және адам үшін маңызы.

Тұқымдастардың морфологиялық тән белгілері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлшоғыр. Тұқымдастардың өкілдерінің гүл құрлысы: гүлшоғырының типі, гүл серіктері, гүлдері, гүл мүшелері, олардың орналасуы, бірігу дәрежесі, түйін типі, жемісі.

Құлқайырлар және қалақайлар гүлдерінің бөліктері. Туыстарының өкілдері: өмір сүру формасы, таралуы және мекен ету ортасы, морфологиялық белгілері, гүлдің құрлыс ерекшеліктері, табиғаттағы маңызы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №25. Қатарлар Асқабақгүлділер (Cucurbitae) Қатарлар Каперсгүлділер (Capparales) Қатарлар Түтікгүлдер (Tubiflorales).

Қатарлар Асқабақгүлділер (Cucurbitae). Тұқымдас Асқабақтар (Cucurbitaceae) - вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, өмірлік формалары. Гүлінің және жемістерінің құрлысы. Негізгі өкілдері.

Қатарлар Каперсоцветные (Capparales). Тұқымдас Орамжапырақтар немесе крестгүлдер (Brassicaceae, Cruciferae) - өмірлік формалары, вегетативті және репродуктивті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері Гүл шоғыры, гүлі, жемістері. Негізгі өкілдері: орамжапырақ жәнебасқа көкөністер, азықтық, техникалық және арамшөпті өсімдіктер. Таралуы, экологиясы, биологиялық ерекшеліктері. Табиғаттағы маңызы және қолданылуы.

Қатарлар Түтікгүлдер (Tubiflorales). Ажыратылатын ерекшеліктері.

Тұқымдас Қияршөптер (Boraginaceae), Алқалар (Solanaceae), Тауқалақайлар, немесе Ерінгүлдер (Labiatae), Сабынкөктер (Scrophulariaceae), Заразихтер (Orobanchaceae) - өсімдіктердің өмірлік формалары, вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Географиялық таралуы және экологиясы. Негізгі өкілдері. Таралуы, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №26. Қатар Сабынкөктер (Scrophylariales), Сабынкөктер тұқымдасы (Scrophylariaceae)

Тұқымдас қандай өмірлік формалармен берілген. Сабынкөктердің таралуы мен мекен ету ортасы. Сабынкөктер үшін тән морфологиялық белгілер. Сабынкөктердің гүл құрлысының ерекшеліктері. Сабынкөктердің табиғаттағы маңызы.

Вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, өмірлік формалары. Гүл шоғыры, гүлі. Паппусы, оның биологиялық маңызы және шығу тегінің мүмкіндігі. Тозаңдану тәсілдері. Жемісі және олардың таралуы.

Тұқымдас тармағы ажыратылатын ерекшеліктері. Негізгі өкілдері.

Қатардың жалпы сипаттамасы, ажыратылатын ерекшеліктері, тозаңдануға бейімділігі. Өмірлік формалары, вегетативті мүшелерінің биологиялық ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі. Жемістері мен олардың таралуы.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №27. Қатарлар Шамшатгүлдер (Fаgales), Талдыгүлдер (Salicales)

Қатарлар Букгүлдер (Fаgales). Қатардың жалпы сипаттамасы, ажыратылатын ерекшеліктері, тозаңдануға бейімділігі. Тұқымдас қайыңдар (Betulaceae), Буктер (Fagaceae) - өмірлік формалары, вегетативті мүшелерінің биологиялық ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі. Жемістері мен олардың таралуы.

Қатарлар Талгүлділер (Salicales). Тұқымдас талдар. (Salicaceae) – вегетативті мүшелерінің биологиялық ерекшеліктері, вегетативті көбею тәсілдері. Гүл шоғырының, гүлінің, жемісінің құрлысы. Тозаңдану тәсілдері. Негізгі өкілдері.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №28. Қатар Жұлдызгүлділер (Asterales) немесе Күрделігүлдер (Compositales). Тұқымдас Күрделігүлдер (Compositae) немесе Жұлдызгүлдер (Asteraceae)

Қатарлар Жұлдызгүлділер (Asterales). Тұқымдас жұлдызгүлдер (Asteraceae) - вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, өмірлік формалары. Гүл шоғыры, гүлі. Паппусы, оның биологиялық маңызы және шығу тегінің мүмкіндігі. Тозаңдану тәсілдері. Жемісі және олардың таралуы.

Тұқымдас тармағы Түтікгүлдер, Тілшегүлдер - тұқымдас тармағы ажыратылатын ерекшеліктері, вегетативті мүшелерінің биологиялық ерекшеліктері, вегетативті көбею тәсілдері. Гүл шоғырының, гүлінің, жемісінің құрлысы. Тозаңдану тәсілдері. Негізгі өкілдері.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 89.

Тақырып №29. Класс Дара жарнақтылар (Monocotyledoneae). Қатарлар Лалагүлдер (Liliales)

Класс Дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) - вегетативті және репродуктивті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары.

Қатарлар Лалагүлдер (Liliales). Тұқымдас Лалагүлдер (Liliaceae), Қияқтар (Cuperaceae) - өмірлік формалары. Вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Таралуы және экологиясы. Негізгі өкілдері.

Попоротник тәрізділердің өркендеу уақыты және қазіргі кездегі өсімдіктер жабынына қатысуы.

Жалаңаш тұқымдылардың өркендеу уақыты. Олардың табиғи орта құрудағы рөлі және қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесіне қатысуы. Гүлді өсімдіктредің шығу кезеңі. Гүлді өсімдіктердің эволюциясының негізгі бағыттары. Гүлді өсімдіктердің қоршаған табиғы ортадағы маңызы және олардың қазіргі Жер жабынындағы рөлі. Табиғи ландшафттарды және сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау шаралары, бағыттары.

Қазақстанның Қызыл кітабының шығуы, ботаникалық бақтарды, қорларды және қорықшаларды ұйымдастыру.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.

Тақырып №30. Қатарлар Қоңырбастылар, немесе Астықтұқымдастар (Poales, Graminales) Қатарлар Пальмагүлдер (Arecales).

Қатарлар Қоңырбасгүлдер, немесе Астық тұқымдастар (Poales, Graminales). Тұқымдас қоңырбастар (Роасеае) – шөптесін өсімдіктердің өмірлік формасы. Вегетативті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Таралуы және экологиясы. Негізгі өкілдері.

Қатарлар Пальмагүлдер (Arecales). Тұқымдас Пальмалар (Агесасеае) – вегетативті және генеративті мүшелерінің құрлыс ерекшеліктері, өмірлік формасы. Табиғаттағы және адам өміріндегі пальманың маңызы.

Попоротник тәрізділердің өркендеу уақыты және қазіргі кездегі өсімдіктер жабынына қатысуы.

Жалаңаш тұқымдылардың өркендеу уақыты. Олардың табиғи орта құрудағы рөлі және қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесіне қатысуы. Гүлді өсімдіктредің шығу кезеңі. Гүлді өсімдіктердің эволюциясының негізгі бағыттары. Гүлді өсімдіктердің қоршаған табиғы ортадағы маңызы және олардың қазіргі Жер жабынындағы рөлі. Табиғи ландшафттарды және сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау шаралары, бағыттары.

Қазақстанның Қызыл кітабының шығуы, ботаникалық бақтарды, қорларды және қорықшаларды ұйымдастыру.

Негізгі әдебиеттер:: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 6, 14, 23, 25, 28 – 30.