
- •«Ботаника» пәні бойынша
- •5В060700-Биология – мамандығы үшін
- •Құрастырған: Ахметжанова а.И., б.Ғ.К., ботаника кафедрасының профессоры Абдрахманов о.А., ботаника кафедрасының доценті
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1. 2. Пәін туралы мәлімет:
- •1.6 Оқыту нәтижелері.
- •1.8 Әдебиеттер тiзiм
- •1.9 Бағалау бойынша ақпарат:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік сұрақтар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтар.
- •2.4 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •2.5 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстарының шегіндегі сабақтардың жоспары.
- •5. «Әртүрлі систематикалық топтардың өсімдіктерінің гүлдеріне салыстырмалы түрде сипаттама» деген кестені толтырыңыз.
- •2.6. Студенттердің өздік жұмыстарының шегіндегі сабақ жоспарлары.
- •Көтерме, яғни қосымша балл алу үшін студент осы оәк-де 1,6 бөлімінде ұсынылған кез-келген тақырыпта сөж шегінде шығармашылық жұмыс орындап, осөж кезінде реферат қорғауына болады.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары. Реферат тақырыптары.
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •Студенттердің білімін бағалау көрсеткіштері
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Оәк кафедра отырысында талқыланып, мақұлданған.
- •Оәк е.А.Бөкетов атындағы ҚарМу-нің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған (хаттама №5 16.04. 2012 ж.) «Ботаника» пәні бойынша
- •5В060700-Биология – мамандығы үшін
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Биология-география факультеті
Ботаника кафедрасы
«Ботаника» пәні бойынша
5В060700-Биология – мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қарағанды 2012
Құрастырған: Ахметжанова а.И., б.Ғ.К., ботаника кафедрасының профессоры Абдрахманов о.А., ботаника кафедрасының доценті
Ауельбекова А.К. доцент, б.ғ.к.
Атикеева С. Н. доцент, б.ғ.к.
Нуркенова А.Т., доцент, б.ғ.к.
Кыздарова Д.К. герб. қорының маманы
Оқу - әдістемелік кешеңде кредиттік технология бойынша 5В060700-Биология мамандығы үшін «Ботаника» зерттеу бағдарламасы берілген, пәннің мақсаты мен міндеті анықталған. Студенттерге пән жайлы қысқаша мағлұмат пен қоса емтиханды тапсыру кестесі, қажет тақырыптар бойынша оқу жоспары, дәрістер, семинар, зертханалық және студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары берілген.
Жоғарыда келтірілген сауалдар алынған мамандықтың тіркеуімен көрсетілген. Студенттерге өз бетімен орындауға ұсынылған тапсырмалардың шығармашылық сипаты бар, әдебиеттік көздермен жұмыс істеудің дағдыларын қамтамасыз етеді. Осы кешенде әрбір тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жан-жақты көрсетілген.
Оқу-әдістемелік кешен ҚР МЖБС 3.08. 322 – 2006 сәйкес құрастырылды.
«Ботаника» пәні бойынша 5В060700-Биология мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен: Құрастырушылар: Ахметжанова А.І., О.А. Абдрахманов, Ауельбекова А.К., Атикеева С.Н., Нүркенова А.Т., Кыздарова Д.К. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 122 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
1.Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
Оқытушылар туралы мәлімет:
Ахметжанова Айтбала Ібжанқызы - б.ғ.к., ботаника кафедрасының профессоры. №3 корпус. 411 ауд. 900-1600
Абдірахманов Ортай Абдірахманұлы - ботаника кафедрасының доценті. №3 корпус. 316 ауд. 900-1600
Ауельбекова Алмагүл Қалиқызы – б.ғ.к., ботаника кафедрасының доценті. №3 корпус. 411 ауд. 900-1600
Атикеева Сайран Николаевна – б.ғ.к., ботаника кафедрасының доценті. №3 корпус. 302 ауд. 900-1600
Нүркенова Айнұр Төлеутаевна - ботаника кафедрасының доценті. №3 корпус. 316 ауд. 900-1600
Кыздарова Дамет Канагатовна - гербарий қорының маманы, №3 корпус. 318 ауд. 900-1600
1. 2. Пәін туралы мәлімет:
Атауы – Ботаника
Кредиттер саны – 4.
Оқу жоспарынан көшірме
Оқу түрі |
Оқу мерзімі |
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
Дәрістер |
Зертханалар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
Күндізгі |
4 жыл |
1 |
2 |
4 |
30 |
30 |
60 |
60 |
180 |
тестілеу |
сырттай |
2 жыл |
1 |
1 |
4 |
8+48 |
4 |
60 |
60 |
180 |
емтихан |
1.3. Курстың пререквизиттері: Берілген пәнді меңгеру үшін студенттер библиографиялық әдебиеттермен жұмыс жасай білуі, ғылыми және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді өз бетімен менгере алуы, алынған мәліметтерді талдап, саралай алуы және қорытындылау білуі қажет. Алған білімдерін және әдеби көздерінен алған деректерін өзінің теориялық дайындығының денгейін көтеру үшін пайдалана білуі және анатомиялық-мооорфологиялық зерт т еулер жүргізе алуы, өсімдіктерге толық морфологиялық сипаттама жасай алуы керек.
Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді түр атауына дейін анықтау. Өсімдіктердің жүйесін және олардың морфологиялық белгілерін білу. Қарастырылып отырған топтың жүйедегі орнын, өзіндік ерекшеліктерін, басқа топтардан айырмашылықтарын, негізгі өкілдерін; құрылысын, оның организмдердің биологиялық ерекшеліктермен және тіршілік жағдайларымен байланысын, эволюция барысын, топ арасындағы туыстық байланыстарды білу.
1.4. Постреквизиттері: «Ботаника» пәні онтогенез және филогенез процесінде өсімдіктердің құрылысындағы өзгерістерді зерттейтін ғылым ретінде, сонымен қатар өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер географиясы, фитоценология, ризология, өсімдіктер физиологиясы, т.б. пәндерді менгеруге қажетті ортақ терминологияны біріктіретін ғылым. Өсімдіктерді анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша жіктеу, анықтауға негізделген.
1.5 Курстың қысқаша мазмұны:
Өсімдіктердің вегетативтік, генеративтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыстық ерекшеліктерін, жеке өсімдіктердің мүшелерінің құрылысының, олардың атқаратын қызметімен байласты екендігін студенттерге таныстырып үйрету және кейбір ерекшеліктердің тарихи даму барысындағы жетілуіне мән беріп оқыту. Әр түрлі систематикалық топтардың өсімдіктерін, олардың шығу тегін, туыстық байланыстарын, таралуын, экологиясын, әртүрлі фитоценоздар мен өсімдіктер бірлестіктерінің түзілуіндегі ролін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қарастыру.
Пәнді оқыту мақсаты.
Сонымен қатар, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін, мәнін, олардың жастық және маусымдық өзгерістерін, вегетативтік мүшелерінің өсу ортасының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі түр өзгерістеріне ұшырайтындығын білу қажет.
Өсімдік объектілерімен және гербарийлермен, сәйкес әдебиетпен кәсіби жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерінің негізінде студенттерді өсімдіктердің әр түрлі систематикалық топтарын табиғати жағдайда және лабораторияларда анықтай алуды үйрету. Салыстырмалы талдау негізінде бақылаудың, лабораториялық және Лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін жалпылап, тұжырымдауды үйрену, өсімдіктер мен оларды қоршаған ортаның арасындағы себеп-салды байланыстарды табу.
Студент білу керек: өсімдіктердің жекелеген мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысын танып, білу, құрылымның атқаратын қызметке байланыстылығын, өсімдіктердің филогенезде жетіліп дамуының белгілері мен салдарын, сондай-ақ аталған курстың терминдері мен түсініктерін білу. Студенттер алған білімдерін және әдебиет көздерін өздерінің теориялық дайындығын ары қарай жетілдіруге, морфологиялық-анатомиялық зерттеулер жүргізіп, өсімдіктің толық морфологиялық сипаттамасын беруде қолдана алуы керек. Мәліметтерді терең игеру үшін гербарий Сұрақтарын, тірі өсімдіктерді, препараттарды, сызба-нұсқаларды және слайдтарды қолдана отырып, дәрістік курсты, лабораториялық практикумды және далалық практиканы үйлестіру қажет.