Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция псо Алтынай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

Тақырыбы:асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар

1. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакылардың түсінігі және

ерекшеліктері

2. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды алу құқығы бар

тұлғалар

3. Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері

Әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген),

2. Жұмағұлов Ғ.Б. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы, «Мемлекеттік қызмет тіралы» ҚР заңы А., 2006

3. Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау» туралы заңы 1997 20 маусым

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакының түсінігі кайтыс болған асыраушысының отбасының еңбекке жарамсыз мүше-лерін материалдык камсыздандырудың қажеттігімен байланысты. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы ретінде асыраушысының қайтыс болуына орай кайтыс болған тұлғаның асырауында болған, оның отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне тагайындалатын ай сайынғы төлемдерді атауға болады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакының мөлшері кайтыс болған түлғаның жалакысына пара-пар келеді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакының басты айырмашылығы - ол тірі кезінде отбасының асыраушысы болған кайтыс болган тұлғаның зейнетақы алуға кұкыгына тәуелді. Өлім бұл түлғаның отбасын онын жұмысынан түсетін табыстардан айырады. Осындай кезде мемлекет адамгершілік көрсете отырып, асыраушысынан айыры-луына байланысты өмір сүру көзінен айырылған отбасына зейнетақы түрінде көмек көрсетеді. Отбасы мүшелерінің зейнетақыларының мөлшері кайтыс болған түлғаның жалакысына байланысты болады. Бүл ретте асьіраушының қоғамға пайдалы кызметі өз сипаты бойынша әртүрлі болуы мүмкін, алайда ол зейнетакылык камсыздандырудың талаптары-на жауап беруі тиіс (яғни, бүл еңбек кызметі, әскердегі, ішкі істер орган-дарындағы кызмет, оку, мемлекеттік немесе коғамдык міндеттерді, азаматтык борышты орындау және т.б. болуы мүмкін). Аталған жағдайларда заң кайтыс болған асыраушының еңбек қызметінің үзактығына, әскердегі, ішкі істер органдарындағы кызметіне белгілі бір талаптар кояды. Асыраушының өлімініц де, кейбір кездері өлім уақытының да мәні болады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакы алуға кұкылы тұлғалар санаттары және м^ндай зейнетакыны тағайындау жағдайлары зандарда аныкталған. Ескеріп өтетін жайт, біздің елімізде асыраушы-сынан айырылуына байланысты зейнетакылык камсыздандыруға жата-тын отбасы мүшелерінің ең кең тізімдерінің бірі таралған. Көптеген шетелдерде асыраушысынан айырылуынабайланысты зейнетақы алуға кұкылы тұлғалардың катарына кайтыс болған тұлғаның ері (зайыбы) мен балалары ғана жаткызылған.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакылар кайтыс болған тұлғанын асырауында болған, оның отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне катысты тағайындалады. Бұл ретте ескеріп өтетін бір жайт, кайтыс болған түлғаның әкесі, анасы, әйелі, күйеуі кайтыс болған тұлғаның асырауында болмаса да, зейнетакылык жаска толған кезде аталған зейнетакыны алу кұкығыи иеленеді. Егер тұлғаның хабар-ошарсыз кеткені белгіленген тәртіп бойынша дәлелденсе, хабар-ошарсыз кеткен асыраушысының отбасы кайтыс болған асыраушының отбасына теңестіріледі.

Асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетакысы асы-раушының еңбек стажының ұзактығына, оның өлімінің себебіне және уакытына (тұлғаның касақана кылмыстық әрекетті жасаған немесе өз денсаулығына касакана зиян келтірген жағдайларын коспағанда) кара-мастан тағайындалады. Мұндай жағдайларда асыраушысынан айыры-луына байланысты әлеуметтік зейнетакы тағайындалады.

Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар

Ецбекке жарамсыз болып, яғни аталган зейнетаңыларды алу құқыгына ие болу мына түлгалар болып табылады:

- 18 жаска толмаған балалары (солардың ішінде, асьграп алған ба-лалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-қарындастары және немерелері;

Осындай зейнетакы алу күқығына ие кәмелетке толмаған тұлғалар баска тұлғалармен асыранған жағдай да бұл кұкығын сактап калады;

- әлеуметтік камсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнетакылык жасқа толған әкесі, анасы (соның ішінде, асырап алушылары); сонымен катар зейнетакылык жаска толған және асыраушысы кайтыс болған күні ол мүгедек болып табылса ері немесе әйелі де асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакы алу кұкығын иеленеді;

- кайтыс болған тұлғаның 8 жаска толмаған балаларына, аға-інілеріне,

апа-карындастарына немесе немерелеріне күтім жасаушы және жұмыс істемейтін ата-анасыньщ бірі немесе жүбайы, атасы не әжесі, аға-інісі немесе апа-карындасы - жасына және еңбекке жарамдылығына кара-мастан;

- зейнетакылык жаска жеткен атасы және әжесі - егер заң бойынша оларды күтуге міндетті тұлғалар болмаса және аталаған түлғалардын өмір сүруінің өзге көзі болмаса.

18 жастан аскан азаматтар мұндай зейнетакы алу күкығын орта білім беру жүйесінің оку мекемесін аяктағанға дейін, сонымен қатар, егер олар жоғары және орта арнайы білім беру жүйесінде күндізгі бөлімде окыса - 23 жасқа дейін сактайды.

Егер кайтыс болған асырау шының отбасының мүшелері оның толык асырауында болса немесе одан тұракты түрде және олар үшін емір сүрудің негізгі көзі болып табылатын көмек алып отырса, аталған тұлға-лар оның асырауында болды деп саналады.

Екі ата-анасынан да айырылған балалар үшін тағайындалған мұндай зейнетакы олардың заңды өкілдеріне (асыраушыларына, корғаншыла-рына) төленеді.

Егер сәби оның анасымен некеде тұрған тұлға кайтыс болған соң өмірге келсе, асыраушы кайтыс болған күннен сәби өмірге келгенге дейін тоғыз айдан артык уакыт өтпесе, кайтыс болған тұлға оның әкесі деп жазылуы мүмкін.

Кейіннен жарамсыз деп танылған некеде туған балалар тіркелген некедегі балаларға теңестіріледі, және солардың күкыктарын иелене алады (мысалы, асыраушысынан айырылуына байланыстьг зейнетакы-ны алу кұкығына катысты). Сонымен катар, тіркелмеген некеде тұрған ата-аналарынан туған, алайда кайтыс болған тұлға тиісті мәліметтер бойынша АХАЖ-да әкесі ретінде жазылған балалар да асыраушысы-нан айырылуына байланысты зейнетақы алу кұкығын иеленеді.

Әкелікті АХАЖ органдарында немесе сот тәртібімен анықтаған жағ-дайда, баланың туған уакытына карамастан, бүл балалар да тіркелген некеде туған балалар сиякты асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакы алу құкығын иеленеді. Өзін баланың әкесі ретінде таныған жоне баланы күтіп-бағуға және тәрбиелеуге катысқан тұлға кайтыс болған жағдайда бұл тұлғаны ;әке ретінде тану фактісі сотта ерекше ондіріс тәртібімен жүргізіледі.

Бұл жағдайлардың барлығында тиісті кұжаттар АХАЖ органдары-на берілуі тиіс, бүл органдар, өз кезегінде, баланың туу туралы куәлі гіне тиісті жазбалар жазады (ата-анасының өтінішінің не сот шешімінің негізінде), содан кейін бұл құжаттар зейнетакы тағайындайтын органға жіберіледі.

Ата-анасының екеуін де, не олардың біреуін ата-аналык құкыктар-дан айырған жағдайда, олар кайтыс болса, балалар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құкығын жоғалтпайды.

Асырап алған балалар үшін де туған балаларға сияқгы зейнетакы тағайындалады, бірак олардың өздерінің туған (биологиялық) ата-ана-сы қайтыс болған жағдайда, бүл балалар туған ата-анасының кайтыс болуына байланысты зейнетақы алу қүқығын иеленбейді. Алайда, егер мүндай зейнетақы оларды басқатұлға асырағанға дейін тағайындалса, бұл құкык бүдан кейін де сақталады. Асырап алынған, туған (биологи-ялық) әкесінің немесе анасының қайтыс болуына орай зейнетакы алу-шы бала асырап алушы әкесі не анасы қайтыс болғаннан кейін не туған ата-анасының, не асырап алушыларының қайтыс болуына орай зейнета-қыны тандауы тиіс.

Егер бұл фактілер сот тәртібімен дәлелденсе, кайтыс болған асыраушылардың отбасыларына қатысты барлық ережелер хабар-ошар-сыз кеткен тұлғалардың немесе қайтыс болды деп жарияланған тұлға-лардың отбасыларына да таралады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары

Зандарда асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағай-ындаудьщ негізгі үш шарты көзделген:

- асыраушысынан айырылу;

- отбасы мүшелерінін еңбекке жарамсыздығы;

- кайтыс болған асыраушының асырауында болу.

Аталған үш шарттың барлығы құжатты түрде дәлелденуі тиіс.

Бірінші шартқа- асыраушысынан айырылуына- белгіленген тәртіпте анықгалуы тиіс өлім, хабар-ошарсыз кету жатады.

Өлім фактісі АХАЖ органдары берген өлу туралы куәлікпен куәландырылады, әскери қызметшілер үшін - әскери комиссариат, әскери бөлім немесе өзге де әскери мекеме берген құжатпен куәландырылады. Өлім фактісін медициналық тұрғыдан дәлелденген соң өтініш АХАЖ органына жеті күннен, ал зорлап өлтіру, өзін-өзі өлтіру, кайғылы оқиғадан өлу, сонымен қатар, кайтыс болған тұлғаның мәйіті табылған

кезде - өлім орын алған немесе мәйіт табылған күннен бастап бес күннен кешіктірмей берілуі тиіс. Өлімді тіркеу қайтыс болған түлғаның тұрғылықгы жері бойынша немесе ол қайтыс болған жердегі АХАЖ органдарында жүргізіледі. Соттың тұлғаны кайтыс болды деп тану туралы немесе өлім фактісін анықтау туралы шешімдерін тіркеу шешім шыға-рылған орын бойынша жүргізіледі.

Хабар-ошарсыз кету фактісі сотпен куәландырылады және Қазакстан Республикасы Азаматтык кодексінің нормаларымен реттеледі. Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша не ол туралы, не оның қайда жүргені туралы мәліметтер болмаса, сот бұл азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Соттан немесе тергеуден қашып жүрген тұлғаларды мемлекеттік органдар іздеуді жалғастырса, онда бұл тұлғаларды хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды.

Сонымен қатар, егер азамат тұрғылықты жері бойынша және оның туыстарына, жақындарына және достарына оның қай жерде екені бір жылдан астам белгісіз болса, және ол өміріне қауіп төндіруі мүмкін немесе оның қайғылы окиғадан қайтыс болуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жоғалып кетсе, онда сот тәртібімен бұл азамат қайтыс бол-ды деп жариялануы мүмкін. Жоғалып кеткен тұлғаның қайтыс болған күні ретінде оны кайтыс болды деп таныған сот шешімінің күшіне енген күні саналады.

Хабар-ошарсыз кеткен тұлға немесе қайтыс болды деп танылған тұлға табылған немесе ол өзі келген жағдайда, сот өз шешімінің күшін жояды және каулының көшірмесін жазбаларға тиісті өзгертулер енгізу және өлім туралы жазбаның күшін жою үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша орналасқан АХАЖ органына жібереді.

Асыраушының хабар-ошарсыз кетуіне немесе қайтыс болды деп жариялану ына байланысты зейнетакы жалпы негіздер бойынша тағайын-далады. Ал асыраушы табылған, не ол өзі келген жағдайда, мұндай зейнетақыны төлеу тоқтатылады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыны төлеудің екінші шарты болып оның отбасы мүшелерінің еңбекке жарамсыздығы табылады. Бұл жағдайда еңбекке жарамсыздық тұлғалардьщ және әлеу-меттік құбылыстардың әртүрлі санаттарын қамтиды. ҚР 1997 жылғы 18 маусымдағы «Қазакстан Республикасындағы мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемакылар туралы» заңында мұндай зейнетакыларды алуға құқылы тұлғалардың өте үлкен шеңбері көрсетілген. Соған қоса, түлғалардың әрбір санаты үшін асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакыларды алуға қатысты қосымша шарттар белгіленген. Мысалы, егер қайтыс болған асыраушының 18 жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-карьш-дастары және немерелері осы жасқатолғанға дейін мүгедек болса және олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, онда олар асыраушы-сынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленеді. Егер олардың ата-анасыньщ кем дегенде біреуі еңбекке қабілетті болса, яғни оларда асыраушы бар, мүндай жағдайда бұл тұлғалар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу күкығын иеленбейді.

Егер асыраушының жұбайы (күйеуі немесе әйелі) оның қайтыс болған күніне дейін зейнетақы жасына толса немесе мүгедек болса, яғни еңбекке жарамсыз болса, онда олар асыраушысынан айрылуына бай-ланысты зейнетақы алу құкығын иеленеді. Асыраушысынан айырылуына байланысты мұндай зейнетақылар аталған тұлғаларға жаңа некеге тұрғаннан кейін де сакталады. Алайда, мүндай зейнетақы жаңа некеге тұрғанға дейін тағайындалмаса, онда жаңа некеге тұрғаннан кейін бұл зейнетакыны тағайындауға болмайды.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағайындау үшін асырауда болған уакыттың мәні жоқ. Сонымен қатар, асыраушының өмірінің соңғы кезеңінде асырау орын алған-алмағаны да ескерілмейді. Әртүрлі жағдайларға орай асыраушыдан бөлек тұрған, оның асырау-ында қыскауакыт болған немесе асыраушының өліміне дейін аз уакытқа дейін, мысалы, оньщ наукастануына не іссапарға кетуіне орай одан көмек алуды токтатқан тұлға оның асырауында болған деп танылуы мүмкін. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құкығын иеленудің үшінші шарты болып асырауда болу табылады. Басқаша ай-тар болсақ, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға үміткер тұлға гек еңбекке жарамсыз ғана емес, сонымен катар асырау-шының тірі кезінде оның толық асырауында болуы немесе одан тұрак-ты сипатқа ие және өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын көмек алып тұруы тиіс.

Кәмелетке толмаған балалар бірге немесе бөлек тұратынына қара-мастан, ата-анасының екеуінің де асырауында деп саналады. Жұмыс істемейтін ананың балалары да оның асырауында деп саналады.

Ата-ананың асырауында болуы тиісті аныктамалармен расталады. Мұндай анықтамалар болмаған және оларды калпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір тұлғаның асырауында болу фактісін сот аныктайды.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакыны тағайын-даудың қосымша шарттарына өлімнің уакыты мен себебі жатады. Бұл зейнетақы асыраушының жұмыста не жұмыстан кейін, не жұмыс токта-тылғаннан кейін қайтыс болғанына қарамастан токгатылады. Егер өлім еңбек жарақатыньщ немесе кәсіптік аурудың салдарынан орын алса, оңда асырау шысынан айырылуына байланысты зейнетакы асыраушыньщ еңбек стажына қарамастан тағайывдалады.

Жәрдемакы тағайындалатын кезен

Асыраушысынан айырылуьша байланысты зейнетақы, кайтыс болған түлғаның, отбасының мүшесі еңбекке жарамсыз больш саналған кезеңге тағайындалады. Отбасының зейнетақы жасыңдағы мүшелеріне мұндай зей-нетақы өмір бойына тағайындалады.

Отбасының мұндай зейнетақы алу кұкығына ие барлық мүшелеріне бір ортақ жәрдемакы тағайындалады. Алайда, отбасы мүшесінің тала-бы бойынша оның үлесі бөлініп, оған бөлек төленуі мүмкін. Жәрдемақының үлесін бөлу, оны бөлуге катысты жолданған күннен бастап жүзеге асырылады.

Отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, жәрдемақының мөлшерІ осындай жәрдемақы алу кұкығына ие отбасы мүшелерінің санына қарай тиісті азайтылады немесе көбейтіледі.

Отбасы мүшелерінің біріне жәрдемақы төлеу тоқгатылған жағдайда немесе жәрдемақы төлеу тоқгатылған соң, кайтатөленетін жағдайда да жәрдемакының мөлшерін өзгерту мәселесі қаралады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері

Асыраушысынан айырылуына байланысты айлық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері, кайтыс болған тұлғаның отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелері үшін 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Отбасының мұндай зейнетақы алуға құқы кем дегенде бір мүшесі болған жағдайда, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы-ның мөлшері 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

Ал:

- отбасының кем дегенде екі мүшесі болған жағдайда – отбасының әрбір еңбекке жарамсыз мүшесі үшін 3,5 айлык есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- отбасының кем дегенде үш мүшесі болған жағдайда - отбасының әрбір еңбекке жарамсьв мүшесі үшін 3 айлык есептік көрсеткіш мөлше-рінде;

- отбасының кем дегенде төрт мүшесі болған жағдайда- отбасыньщ әрбір еңбекке жарамсыз мүшесі үшін 2,5, айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

- отбасының кем дегеқце бес мүшесі болған жағдайда - отбасының әрбір еңбекке жарамсыз мүшесі үшін 2 айлық есептік көрсетйш мөлше-рінде тағайындалады.

Отбасының кем дегенде алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған жағдайда, олардың әрқайсысына зейнетақының мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен тевдей үлес ретінде саналады.

Ата-анасының екеуін де жоғалтқан жағдайда айлық жәрдемақы әрбір бала үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал отбасы-ның қалған еңбекке жарамсыз мүшелері үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ отбасының барлык еңбекке жарамсыз мүшелері үшін 15 айлықесептік көрсеткіштен аспайтындай мөлшерде тағайындалады.

Лекция 9

Тақырыбы: МҮГЕДЕКТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ. ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖЫЛДАРЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ

1.Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарты.

2.Мүгедектік топтары.Мүгедектіктің санаттары.

3. Мүгедектікке байланысты зейнетақының мөлшері.

4. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар тұлғалар.

5. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыны тағайындау және төлеу

мерзімдері

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңы 1997 ж 16 маусым

2. ҚР Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген),

3. Жұмағұлов Ғ.Б. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы, «Мемлекеттік қызмет тіралы» ҚР заңы А., 2006

4. Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау» туралы заңы 1997 20 маусым

«Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сөзі латын-ның «іпуаіісіиз» сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағы-наны білдіреді.

С.Т.Ожеговтың сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың салдары-нан еңбекке қабілетін жоғалткан адам» деп аныкталған. В.Дальдың сөздігіне сәйкес, мүгедек - бүл «кызметке қабілетсіз әлсіз, жарақаттанған адам. Шетелдік сөздері сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың немесе дамуындағы туа біткен кемшіліктердің саддарьшан өз кәсібі бойьшша жүмыс істеуге қабілетсіз адам» ретінде анықгалған.Медициналык әдебиеттерде мүгедектік ретінде «еңбекке қабілетгің со-зылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі» түсініледі. Сонымен, медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толы-ғымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, яғни жоғары-да аталған себептердің нәтижесінде адам өзінің еңбек, кәсіби міндет-терін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медицина органдары түлғаға мүгедектікті тағайындайды.

Бұдан шығатын қорытынды, мүтедектік ретінде медициналық орган-мен куәландырылған, өмір сүруді шектеуге әкеп соққан қавдай да бір аурудың, жаракаттың немесе кемшіліктің салдарынан адамның денсау-лығының тұрақтытүрде бұзылуы. Бүл ретте өмір сүруді шектеу ретінде ағзаның келесідей функцияларьщ толығымен немесе ішінара жоғалтуы түсініледі:

- еңбек қызметіне катысты кабілеттер, яғни өзі дербес, өз әрекеттері арқылы және лауазымдықталаптарға сәйкес еңбек міндеттерін орындау қабілеті;

- өзі дербес жүріп-түру кабілеті, яғни тұрмыстык және еңбек жағ-дайларында тепе-тендікті үстай отырып, кеңістікте бөтеннің көмегінсіз жүріп-тұру қабілеті;

- өзіне-өзі кызмет көрсету кабілеті, яғни бетеннің көмегінсіз өмірлік қажетгіктерді, ағзаның физиологиялык функцияларын және санитария мен гигиенаталаптарын дербес қанағаттандыру қабілеті;

- карым-катынасқа түсу қабілеті, яғни адамдармен мақсатты байла-ныстарды орныктыру, ақпаратты беру, қабылдау және түсіну қабілеті;

- өз жүріс-тұрысына бақылау жасау кабілеті, яғни әлеуметтік-тұрмыс-тық нормаларды ескере отырып, сырткы және ішкі тітіркендіргіштерге максатгы түрде жауап беру қабілеті.

Мүгедектікті тағайындауды медициналык-әлеуметгік сараптамалық комиссия (МӘСК) жүзеге асырады. Медициналык-әлеуметтік сараптамалық комиссияға өмір сүрудің және еңбекке кабілеттің тұракты түрде шектелуінің белгілеріне ие және әлеуметтік қамсыздандыруды қажет ететін тұлғалар жібереді. Медициналык-әлеуметтік сараптамалык ко-миссия ағза функцияларының, аурудың, жаракаттың немесе туа біткен кемшіліктің салдарынан тұрақты түрде бұзылуьтн дәлелдейтін диагнос-тикалык емдеу, сауықгыру шараларының негізінде ағзаның жағдайын жалпы бағалаудан да жүргізіледі.

Медициналык-әлеуметтік сараптамалық комиссияға науқас адамдарды денсаулык қорғау мекемелері немесе халықгы әлеуметтік корғау органдары жолдайды. Жолдамада науқас адамның денсаулық жағдайы тура-лы, ағза функцияларының бұзылуы туралы және жүргізілген емдеудің нәтижелері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссия келесі міндеттерді орындауы тиіс:

- мүгедектікті, оньщ себептерін және туындау уақытын анықгау;

- еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың салдарынан еңбекке қабілетті жоғалтудың дәрежесін анықтау.

Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссия тұлғаның тұрғы-лықты жері бойынша немесе денсаулық корғау мекемесіне бекітілген жерде жүргізіледі.

Егер медициналық көрсетулер бойынша азамат куәландыруға өзі дербес келе алмайтын болса, онда медициналық-әлеуметтік сараптама-лық комиссия куәландырылатын тұлғаның үйінде немесе ол емделуде жатқан емдеу мекемесінде жүргізіледі.

Мүгедектіктің себептерінің қатарында жалпы науқастану, еңбек жа-рақаты немесе кәсіптік ауру, туғаннан орын алған мүгедектік, әскери қызметшілер үшін - Отанды қорғау немесе әскери кызметтің өзге де міндеттерін орьщдау кезінде альшған жаралану, закым немесе соғыста бо луымен байланысты ауру және т.б. орын алуы мүмкін.

Мүгедектікті белгілеу үшін негіздер болып мыналар табылады:

1) аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы,

2) өмір сүру қабілетінің толығымен немесе ішінара бұзылуы, яғни кабілеттердің немесе еңбекпен айналысу мүмкіндіктерінің шектелуі, сонымен қатар өзіне-өзі кызмет көрсету, жүріп-тұру, қарым-қатынасқа түсу, оқу, өзіне-өзі бакылау жасау, кеңістікте қозғалу және т.б. қабілет-терін жоғалту немесе бұл қабілеттердің шектелуі;

3) әлеуметтік қамсыздандыру шараларын алудың қажеттігі. Аталған негіздердің тек біреуінің болуы мүгедектікті белгілеу үшін

жеткілікті негіз бола алмайды.

Мүгедектікті белгілеген күн болып, азаматтың барлык қажетгі құжат-тарды қоса отырып, өтінішін медициналық санитарлық сараптамалық комиссияға берген күні саналады.

Мүгедектік топтары

Еңбекке қабілетін жоғалтуының және өмір сүруін шектеуінің дәре-желеріне қарай мүгедектік үш толка бөлінеді.

Мүгедектік тобын белгілеу еңбекке қабілетін жоғалтудың дәре-жесіне байланысты.

Мүгедеісгіктің I тобын белгілеу үшін негіз болып жалпы аурудың, жарақаттың немесе туа біткен кемшіліктердің салдарынан еңбекке қаб-ілеттің айқын және тұракты түрде бұзылуы және бұлар кәсіптік еңбекті токгату немесе еңбек жағдайларын елеулі түрде өзгерту кажетгігіне алып келген жағдай, сонымен қатар дербес жүріп-тұру, козғалу, оку, өзіне-өзі кызмет көрсету, өзінің жүріс-тұрысына бақылау жасау, адамдармен қарым-қатынастарға түсу мүмкіндігінің болмауы және басқа адамдар-дың көмегін, күтімін, кадағалауын қажет ететін жағдайлар табылады.

Мүгедектіктің II тобын белгілеу үшін негіз болып аурудың, жара-қаттың немесе кемшіліктердің салдарынан еңбекке кабілеттің айқын бұзылуы және бүлардың дербес еңбек ету, қозғалу, оқу, адамдармен карым-қатынасқатүсу, өзіне-өзі бақылау жасау және т.б. мүмкіндіктерді киындатуы, алайда соған қарамастан бөтен көмекті, күтімді және када-ғалауды қажет етпейтін жагдайлар табылады.

Мүгедектіктің III тобы аурудың, жарақатгың немесе кемшіліктердің саддарынан ағза функцияларының бұзылуына орай өмір сүру қабілеті шектелген тұлғалар үшін тағайындалады. Аталған жағдайлар мү-ндай түлғалардың еңбекке қабілетін елеулі түрде шектесе де, олар одан әрі еңбек ете алады. Жұмыс берушілер III топ мүгедектері болып табыла-тын түлғаларды денсаулық жағдайына қарай жеңіл жұмысқа немесе көлемі аз жұмыска не жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысқа ауыс-тыруғаміндетті.

Мүгедектердің санаттары

Мүгедектігі бойынша зейнетақы алу құқығын еңбекке жарамсыз болған барлық азаматтар иеленеді. Заңдарда оны тағайындаудың тек бір ғана негізі - мүгедектік белгіленген.

Зақцардағы ережелер бойынша мүгедектің себептеріне қарай мүге-дектік бойынша зейнетақының және оны алуға құқылы түлғалардың келесі түрлерІ бар:

а) жалпы аурудың, еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың сал-дарынан орын алған мүгедектік бойынша зейнетақы;

ә) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

б) туғаннан мүгедек жандар;

в) әскери қызметті өтеу барысында орын алған жарақат, контузия, жазым, наукастың садцарынан мүгедектігі туындаған мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектер; ядролық объектілердің, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердің не ядролық объектілердегі апатты жағдайлардың салдарын жою кезінде мүгедектігі туындаған түлғалар;

г) әскери қызметшілер (мерзімді кызметті атқаратын әскери кыз-метшілерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бүрьшгы Мемле-кеттік тергеу комитетінің басқарушы және қатардағы құрамындағы кыз-мегшілері - әскери қызмеггегі міндеттерді орындауға қатысы жоқ қай-ғъшы оқиғаның немесе әскери және кызметгік борышты орындауға каты-сы жоқ аурудың салдарынан орын алған жарақаттың нәтижесінде мүге-дектікке ұшырағанда;

ғ) әскери қызметшілер (мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметішлерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бұрынғы Мем-

лекеттік тергеу комитетінің баскарушы және қатардағы кү-рамьщцағы кыз-метшілері - әскери қьвметтегі міндетгерді орындау кезінде немесе әскери және қызметтік борышты орындау кезінде орын алған жаракаттың, кон-тузияның, аурудың нәтижесінде мүгедектікке ұшырағанда;

д) төтенше әкологиялық жағдайлардың, соның ішінде ядролық жарылыстарды өткізу не оларды сынақтан өткізу кезінде радиациялық әсер етудің салдарьшан мүгедек болғандар - себепті байланыс аныкталған жағдайда.

Мүгедектік еңбек жарақатынан туындады деп, мына жағдайларда саналады:

- еңбек міндеттерін орындау кезінде, сонымен катар ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің мүддесіне байланысты кандай дабір әрекет-тер жасаған кезде;

- жү-мыска бара жаткан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда;

- жү_мыс уақыты барысында кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның аумағында немесе өзге де жү_мыс орнында, сонымен қатар жұмысқа дейін не одан кейін;

- мемлекеттік немесе коғамдық міндеттерді орындау кезінде;

- өмірді сақтауға, мемлекеттік, ү_жымдык немесе жеке меншікті қорғау кезінде, сонымен катар қү-қықтықтәртіпті сақгау кезінде;

- өндірістік тәжірибеден, өндірістік оқудан өту кезінде немесе тәжіри-бе сабақтары уақытында.

Еңбек жарақаты салдарьшан мүгедектігі бойьшша зейнетакы тағайын-дау үшін негізгі кұжат болып кайғылы окиға туралы акт немесе өзге де ресми құжат табылады, бұл құжатта еңбек жарақатының жұмыспен бай-ланыстылығы көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, өндірістегі қайғылы оқиғаны растайтын кұжат бо-лып соттың үкімі, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың және өзге де лауазымды түлғалардың қайғылы оқиғаның себептері туралы корытындысы, қайғылы оқиғаның орын алғаны үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік жазалау туралы бұйрық та табылуы мүмкін.

Жұмыспен байланысты қайғылы оқиға фактісі сот тәртібімен де анык-талуы мүмкін. Егер өндірістегі кайғылы оқиға туралы құжаттарды бе-руге міндетті органдар бұны істеуден бас тартса немесе жоғалтылған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін болмаса, сот қайғылы оқиға фактісін анықтау туралы өтінішті қарауға қабылдайды.

Кәсіптік ауру еңбек жарақатына теңестіріледі. Кәсіптік ауру ретінде осы кәсіпке тән еңбек жағдайларының, зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына зиянды әсер ету салдарынан туындаған ауру таныла-ды. Еңбек жаракатына қарағанда, кәсіптік ауру осы кәсігасе тән зиянды факторлардың жүйелі түрде және ұзақ әсер етуінің нәтижесінде баяу, біртіндеп, байкалмай дамиды. Медициналық әлеуметтік сараптамалык комиссия наукастанған тұлға кызмет еткен еңбек жағдайларыньщ ерекше-ліктерін ескере отырып, аурудың сипатын аныкгайды, аурудың кәсіппен байланыстылығына негіздеме және біліктілік қорытындысын береді. Бүл қорытывдыға сәйкес кәсіптік ауру еңбек жарақатына теңестіріледі және мүгедектігіне байланысты зейнетақы алу құқығын береді.

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан орын алған мүге-дектікке қатысты зейнетақы еңбек стажына қарамастан тағайындалады. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлықөндірістерде еңбек қатынастары тәртібінде жүмыс істейтін тұлға-лардың барлығы аталған зейнетақыны алу құқығын иеленеді. Бүл ретте еңбек жарақатын алған және кәсіптік ауруға ұшырыған адамның уакыт-ша, маусымдық немесе тұрақгы жұмыста, негізгі жұмысында не басқа кызметті бірлесе істегені ескерілмейді.

Мүгедектігі бойынша зейнетақы мүгедектіктің себебіне, еңбек ста-жының бар-жок екендігіне немесе оның ұзақтығына. Сонымен қатар, мүгедектің жұмыс уақытында, жұмысқа орналасқанға дейін немесе жұмыс аякталған соң орын алғанына карамастан тағайындалады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, мүгедектігіне байланысты зейнетакы мүгедектіктің себебіне карамастан, тіпті қасақана әрекетті жасау себепті немесе өз денсаулығына қасақана зиян келтіруі себепті мүгедектіктің орын алу ы сот тәртібімен дәлелденген жағдайда да тағайындалады.

Жоғарыда аталған жағдайларда, мүгедек түлғада еңбек стажы бол-маған кезде оған мүгедектігі бойынша әлеуметтік зейнетакы тағайын-далады. Мұндай жағдайда мүгедекте жинакталған зейнетакы қаражаты болса (олар жасына байланысты зейнетақының жинакгаушы бөлігі ретінде таньшады), жасына байланысты зейнетақының жинақтаушы бөлігі бүл тұлғаға, зандарда белгіленген жасқа толған кезде, ал туға-нынан II және III топ мүгедектері үшін - зейнетақы жасына қарамастан тағайындалады.

Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері

Мүгедектігі бойьшша зейнетакьшьщ мөлшері оның ауырлығына, яғни мүгедектік тобына байланысты болады.

1. а), ә), б), в) - тармактарында аталған мүгедектер үшін мүгедектік келесідей мөлшерде тағайындалады:

-1 топ мүгедектері үшін -тиісті қаржы жылына арналған республи-калық бюджет туралы занда белгіленген 7 айлық есептік көрсеткіш;

- II топ мүгедектері үшін - 5 айлық есептік көрсеткіш;

- III топ мүгедектері үшін - 3 айлық есептік көрсеткіш;

-16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - 4 айлык есептік көрсеткіш;

- туғанынан I топ мүгедектері үшін - 7 айлык есептік көрсеткіш;

- туғанынан II топ мүгедектері үшін -'5,5 айлык есептік көрсеткіш;

- туғанынан III топ мүгедектері үшін - 4 айлық есеггтік көрсеткіш.

2. г), ғ) - тармактарында аталған мүгедектер үшін мүгедектік келе-сідей мөлшерде тағайындалады:

-1 топ мүгедектері үшін - 9 айлык есептік көрсеткіш;

- II топ мүгедектері үшін - 7 айлык есептік көрсеткіш;

- III топ мүгедектері үшін - 5 айлық есептік көрсеткіш.

3. д) - тармағында аталған мүгедектер үшін мүгедектік келесідей мөлшерде тағайындалады:

-1 топ мүгедектері үшін - 16 айлық есептік көрсеткіш;

- II топ мүгедектері үшін - 11 айлық есептік көрсеткіш;

- III топ мүгедектері үшін - 7 айлық есептік көрсеткіш.

Егер Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыкган және жинақтаушы зейнетакы корларынан төленетін жинакталған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиІсті санаты үшін белгіленген мүгедектігіне байланысты айлық зейнетақЬшың мөлшерінен аз болса, онда төлем мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мөлшерге косымша төлемдер косыла отырып төленеді.

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖЫЛДАРЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ

Енбек сінірген жылдары арнайы стаж ретінде

Еңбек сіңірген жылдары - бүл кызметкерлердің жекелеген санатта-рының арнайы еңбек стажының ерекше түрі, олар кәсіптік (жалпы емес) еңбекке кабілеттің жоғалуына және заңдарда белгіленген жаска дейін зейнетке шығуына байланысты түлғаға жеңілдетілген жағдайларда зей-нетакылык камсыздандыруға кұкык береді.

Еңбек сіңірген жылдарға да жалиы еңбек стажының сипатгары тән, алайда еңбек стажыньщ бұл түрінің өзінше бір ерекшеліктері де бар.

Еңбек сіңірген жылдарын есепке алу кезінде зейнетакы белгілі бір жаска толумен байланысты емес, ал кызметкерлердің кейбір жекеле-ген санаттарының белгілі бір уакыттан соң өздерінің кәсіптік касиет-терін жоғаліуына және белгіленген зейнетакы жасына дейін өз маман-дығы бойынша толыкканды жұмыс істей алмауына орай тағайындала-ды. Сол себепті, оларға зейнетакы мамандығы бойынша жоғалған кәсіптік еңбекке қабілетін ішінара өтеу ретінде тағайындалады.

Еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік зейнетакылык кам-сыздандыру бұрыннан бар. Еңбек стажының бұл түрі шамамен алі анда ХХ-ғасырдың 20-жылдарының ортасында, кәсіптік әскери кызмет пай-да болған кезенде енгізілген.

Қазіргі кездс норма-жеңілдік ретіндегі еңбек сіңірген жылдары кызметкерлердің көптеген санаттарына. алайда негізінен әскери кыз-метшілерге, кұкык корғау органдарының кызметкерлеріне және т.б. катысты колданылады. Бұл жөнінде гөменде толығырак айтып өтеміз.

Енбек сіңірген жылдары бойынша зейнетакы алу күкығына ие тұлғалар

Әскери кызметшілердің (мерзімді кызмет атқаратын әскери кызмет-шілерден баска), арнайы атактар беріліп, Қазакстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп колданылатын әскери кызметшілердің, ішкі істер органдары,

Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінін Қылмыстык аткару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке карсы кыз-мет органдары кызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейне-такы төлемдерін алуға кұкығы бар:

1) арнайы атактар беріліп, Қазакстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының кызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қол-данылатын әскери кызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазак-стан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстык аткару жүйесі комитетіндегі, каржы полициясы мен мемлекеттік өртке карсы кызмет органдарындағы кызметте кемінде 25 жыл болса, еңбек сіңірген қыз-метте түрудың Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жеткен;

2) арнайы атактар беріліп, Қазакстан Республикасының зандарымен ішкі істер органдарының кызметкерлері үшін белгіленген тәртіп кол-данылатын әскери кызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазак-стан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстык аткару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке карсы кызмет органдарындағы кызметте кемінде 25 жыл стажы болса, штаттың кыс-картылуы немесе денсаулык жағдайы бойынша босатылған;

3) арнайы атакгар беріліп, Қазақстан Республикасының зандары-мен ішкі істер органдарының кызметкерлері үшін белгіленген тәртіп колданылатын ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстык аткару жүйесі комитетінің, каржы полици-ясы мен мемлекеттік өртке карсы кызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, ага және жоғары басшы кұрамын-дағы адамдары, сондай-ак арнайы атақтар беріліп, Қазакстан Респуб-ликасының заңдарымен ішкі істер органдарының кызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қыз-меттен өтіп жүрген, әскери кызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кылмыстық атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы кызмет органдарында кызметте болудың Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты кыскар-ту немесе денсаулык жағдайы бойынша кызметтен босатылған, жиыр-ма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери кызмет және ішкі істер органда-рында кызмет аткарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зей-нетақы төлемдерін алуға кұкығы бар. Әскери кызметшілер, ішкі істер органдарының, Әділет ми-нистрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мем-лекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, каржы (салық) полиция-сы органдарынын, кеден органдарының, Қазакстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерді әскери (арнайы) атақ, сыныптык шен бере отырып, мем-лекеттік қызметке алганда зейнетакы төлеу кызметке тағайындалган күннен бастап токтатылады.

Енбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері

Орталықган толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен төленеді.

Орталықган толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының әр жылға шаққанда ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.

Зейнетақы төлемдері әскери кызметтегі, ішкі істер органдарындағы және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегі қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін екі процентке, еңбек стажының әр жылы үшін бір про-центке көбейтіледі.

Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жалпы мөлшерін акшалай қаражатгьщ алпыс бес процентінен асыруға болмай-ды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының завдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қол-данылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер оргавдарының, Қазақстан Республикасы Әділет миьшстрлігі Қылмыстык атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы мөлшерін тиісті каржы жылына арналған республикалык бюджет іуралы занда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшер-інен асыруға болмайды.

Ақшалай қаражат мөлшеріне лауазымдық айлық ақысы, әскери (ар-наулы) атағы бойынша айлыкақысы (косымша ақысы) кіреді.

Енбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы тағайындау және төлеу мерзімдері

Әскери кызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет ми-нистрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне тағайын-далған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебі-нен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімнен шығарьшған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай каражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет ми-нистрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбекакысы немесе басқа датабысы болу-ына қарамастан толық жүргізіледі.

Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет ми-нистрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебінен зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.

Әскери цызметшілерді, ішкі істер органдарыныц және Қылмыс-тыц атцару жүйесі комитетінің ңышеткерлерін зейнетацылъщ цам-сыздандыруды жүзеге асыратын органдар. Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің кызметкерлеріне зейнетакы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Рес-публикасының Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрілігі, Әділет министрлігі, Ұлттьщ кауіпсіздік комитеті және т.б. тиісті мемле-кеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған зейнеткерлер санатын жинакгаушы зейнетақы қор-ларына салынатын міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының «ҚР-да зей-нетақымен қамсыздандыру тураш» заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Лекция 10.