
- •Пәннің мазмұны
- •1.Бөлім. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Жалпы ережелер.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандырудың түсінІгі, пәні, функциялары және түрлері
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың
- •2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны, қайнар
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар.
- •1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
- •2.Жасына байланысты зейнетақының түрлері.
- •3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.
- •Тақырыбы:асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар
- •Тақырыбы: әлеуметтік зейнетақылар .
- •Тақырыбы:әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрлемақылар
Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
1. Құқық нормалары.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі институттары.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы бөлімі.
4. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімі.
Әдебиеттер
Жұмағұлов Ғ.Б. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы А., 2005
Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы.
Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау» туралы заңы А., Юрист 2006
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы 1999 10 желтоқсан
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 17 шілде
Әлеуметтік камсыздандыру құқығының жүйесі туралы айтпастан бұрын, құқык саласының жүйесі, ғылым жүйесі, оқу пәнінің жүйесі, завдар жүйесі сияқты әртүрлі түсініктерді айқын ажыратып алған жөн.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұқығы, кез келген құқык саласы сияқ-ты, өзін құрайтын белгілі бІр завдылықгарға және әлементтерге негіздел-ген өз жүйесіне ие.
Әлеуметтік камсыздандыру құқығы, кез келген күқық саласы сияқ-ты, - коғамдық қатынастардың белгілі бір тобын реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Бүл құқыктык нормалар өзара белгілі бір байланыста болады және түрлі институттарды құрайды. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру қүқығының жүйесі - бұл белгілі бір, рғылы-ми негізделген кезектілікте орналасқан, объективті түрде өзара байла-ныста болатын кұқыктық институттар мен нормалардың жиынтығы. Бүл жүйенің әлементтері болып мыналар табылады: құқык нормасы, инсти-тутішілік құрылым, институт, кешенді малаинститут, салашық.
Құқьіқ нормалары жүйенің бастапқы құрамдас бөліктері болып табылады, өзіндік рішкі құрылымға ие және мынадай үш әлементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Гипотеза осы норманың қандай кездерде әрекет ететінін жағдайлардың тізімінен тұра-ды. Диспозиция жүріс-тұрыс ережелерінің мәні мен мазмұнын көрсе-теді. Санкция осы құқықгық норманың талаптарын орындау (немесе орындамау) кезіндегі қолайлы немесе қолайсыз салдарды көрсетеді.
Қүқық нормалары пәндік белгісі бойынша бірігеді және институт-тарды, институтішілік кұрылымдарды және кешенді институттарды құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұқығыныц негізгі институттары болып мыналар табылады: еңбек стажы, зейнетакылар, жәрдемақы-лар, жеңіддіктер, өтемакылар, әлеуметтік қызмет көрсету. Аталған ин-ституттар құкықгық нормалардың аса ірі бірлесулері болып табылады және, өз кезегінде, әлдеқайда ұсак құрылымдық бірліктерге - инсти-тутішілік кұрылымдарға бөлінеді. Мысалы, жәрдемақылар институты өз ішінде келесі құрылымдардан тұрады: балалары бар тұлғаларға берілетін жәрдемақылар, еңбекке уакытша жарамсыздығына байланы-сты жәрдемақы, жерлеуге байланысты берілетін жәрдемакы және т.б. Зейнетақы институты жасына байланысты зейнетақы, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы, әлеуметтік зейнетакылар және т.б. сияқгьі құрылымдардан тұрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұқығының кейбір институттары кешенді сипатқа ие, себебі олар әртүрлі кұқык салаларының нормаларын біріктіреді. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру құкығының кешенді институттарының қатарьша зейнетакылар институты жатады, себебі олар мыналардан тұрады: каржылык құқыққа жататын нормалардан
(зейнетақыларды төлеу мақсатында кұрылатын тиісті зейнетақы корла-рын қалыптастыруға қатысты катынастарды реттейді); әлеуметтік қам-сыздандыруға жататын нормалардан (картайғанда, асыраушысынан айырылғанда, мүтедектік жағдайында және зандарда көзделген өзге де жағдайларда халықты материалдық қамсыздандыруға қатысты каты-настарды реттейді); әкімшілік кұқыкка жататын нормалардан (зейнетақы-мен қамсыздандыруды басқаруға және ұйымдастыруға қатысты каты-настарды реттейді); азаматтық құкыққа жататын нормалардан (мемле-кеттік емес зейнетакы корларының шарттарын жасасу және орындауға қатысты қатынастарды ретгейді).
ІУІұндай кешенді институттардың болуы қүкық саласының күрылы-мына тек институттар мен институтішілік құрылымдар ғана емес, соны-мен катар, салашық сиякты қүкыктық нормалардың ірі бірлесулері де кіреді. Нақты айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру қүқығында зейнетакылық құкык сияқты салашық бөліп қарастырады.
Зейнетақымен камсыздандыру құқығы ғылымының жүйесі - бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласына кіретін қоғамдық құбылыстардың кешені туралы ғылыми білімдердің, көзқарастардың және ойлардың жүйесі. Ең алдымен, ғылым құкық саласының өзін кұкық жүйесі ретінде зерттейді. Екіншіден, ғылым осы саланың туындау тарихын және даму алғышарттарын зерттейді. Үшіншіден, халықаралық-құқыктык нормаларға ғылыми талдау жасау Қазакстан Республикасы немесе КСРО ратификациялаған не ратификацияламаған халықаралык конвенциялар-да, пактілерде, шарттарда, келісімдерде бекітілген әлеуметгік қамсыз-дандыру саласындағы халықаралық стандарттың деңгейі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, ғылым баска елдер-дегі әлеуметтік камсыздандыру жүйесінің қалыптасу және дамуының
жалпы зандылықтары мен бағыттарын және бұл мемлекеттердегі әлеу-меттік қамсыздандыруға катысты қатынастарды қүқықтық реттеудің ерекшеліктерін зерттейді. Бесіншіден, объективтік, шынайы тркырым-дар ретіндегі ғылыми зерттеу нәтижелері әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы және өзге салалардағы құкықтық ережелердің мазмұнын анықтауға бағытталған. Осылай, әлеуметтік камсыздандыру құқығы ғылымының пәні осы саланың пәніне қарағанда әддекайда кең екені туралы қорытынды жасауға болады.
Басқаша айтар болсақ, «Әлеуметтік .қамсыздандыру құқығы» оку курсьшың жүйесі - бұл үш бөліктен (жалпы, ерекше және арнайы) түра-тын қүқықгық нормалардың ғылыми негізделген түрлері және құры-лымы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы бөліміне әлеуметтік қамсыздандыру қүкығы саласының пәнін, әдісін және міндет-терін, құқык нормаларының уакыттағы, кеңістікгегі және тұлғалар шең-бері бойьшша күшін, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықгық қатынастарды, қүқықтық қатьшастардыңтуындау, өзгеру және тоқтаты-лу негіздерін, олардың объектілерін, әлеуметтік камсыздандыру құкығының қағидаларын, жүйесін және кайнар көздеріне сипаттайтын нормалар жатады.
Жалпы бөлім мыналарды көрсететін нормалардан тұрады:
• қағидалар мен міндеттер;
• азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі қүкықтары;
• мемлекеттің, зейнетакылык корлардың және жергілікті өзін-өзі баскару органдарының әлеуметтік қамсыздавдыруды қүкықтык реттеу-ге қатысты кұзыретін ажырату.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ерекше бөлімі осы кұкык саласының келесідей жекелеген институттарын зерттейді: еңбек стажы, зей-нетақымен қамсыздандыру, жәрдемақылармен қамсыздандыру, жеңіл-діктер, өтемақылар және т.б. Ерекше бөлім азаматтарға әлеуметтік қам-сыздандырудың әртүрлі түрлерін үсынудың жағдайлары мен тәртібін, олардың мөлшерін реттейді. Ерекше бөлімнің нормалары жекелеген институттарды күрайды (мысалы, жасына байланысты зейнетақылар -бір институт, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар -екінші институт және т.б.)- Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімінің кұрылымын келесідей кәрсетуге болады (инсти-туттар бойьщша):
• азаматтарды жасына карай әлеуметтік камсыздандыруға кұкыкта-рын қорғау және сактау;
• жасына байланысты зейнетакылар;
• мүгедектігі бойынша зейнетакылар;
• еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетакылар;
• әлеуметтік зейнетақылар;
• асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакылар:
• еңбек зейнетакыларын тағайындаудың, есентеудің және төлеудің гәртібі;
• карттарға және мүгедектерге әлеуметтік кызмет көрсету;
• жұмыссыздығына байланысты жәрдемакылар;
• еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар және
т.б.
Лекция 3